400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ән өнерінің тәрбиелік мәні

Материал туралы қысқаша түсінік
Өнер болсын музыка немесе ән болсын оның мақсаты адамдардың көңіл күйіне әсер етіп оларға рухани қорек беру.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ән өнерінің тәрбиелік мәні

Абдолданова Эльмира Ерболгановна,

Алматы қаласы,

Түрксіб ауданы,

№6 оқушылар үйінің эстрадалық вокал үйірмесінің

ұстазы, ұйымдастырушы педагог

Ән- поэзиялық және образдардың бірлігінен туған вокалдық музыка. Сан ғасырлар тарихы бар, халық арасында молынан тараған жанр. Ғасырлар елегінен өткен әндер әрленіп, музыка өнерінің інжуіне, асыл қазынасына айналған.

Қазақ халқының тарихындағы күрделі оқиғалар ән жанрында өз көрнісін тауып отырды.

Эстетикалық тәрбиенің аса маңызды құралы өнер болып табылады. Өнер өмірді көркем образда бере отырып, тұлғаның оны танып білуіне, рухани баюына, дүниетанымының қалыптасынуына септігін тигізеді. Көркем мәдениеттің құрамдас бөлігі ретінде өнер оның ішіндегі әр өнері тұтас алғанда рухани мәдениеттің өзегі болып саналады. Ән, күй, музыка, Қазақ халқының өмірі мен тұрмысынан берік орын алып, сенімді серігіне айналған дүниелер. Өнер болсын музыка немесе ән болсын оның мақсаты адамдардың көңіл күйіне әсер етіп оларға рухани қорек беру. Қазақ халқы әнге бай. «Маған бүкіл қазақ даласы ән салып тұрғандай көрінеді» деп, қазақ халқының әдибеті мен өнерін зерттеген Шоқан Уалихановтың досы Г.Потанин айтқандай, қазақта әнсіз өмір жоқ. «Тойбастар» айтқан жігіт, кешкі ауыл сыртында алтыбақан тепкен қыз-бозбала, шілдехана күткен жас, кәрі, «жар-жар» айтқан екі топ елінен еріксіз ұзатылып бара жатқан қыз, өлген жұбайын жоқтаған жесір, түйеге мініп әр үйдің сыртында қақсаған жарарапазаншы, ақ киім киіп, өгізге ауыл аралаған дуана, «жынын» шақырып, зікір салған бақсы – бәріде әндетеді. Бәріде жай сөзбен айтқанда жетпейтін сезім тасқынын ән арқылы шығарады.

Әннің аса қасиеті қазақ халқы; «Жігітке өнер де өнер, өлеңде өнер», «Ақылың болса жыр тыңда» деген сөздер арқылы жақсы айтып өткен. Ал, ұлы Абай:

Туғанда дүние есігін ашады өлең

Өлеңмен жер қойнына кірер денең

Деген жолдарына әннің өмірдегі орнын нақ суреттеген.

Әнші-өз жанынан ән шығармайтынын, бірақ халықтың, халық композиторларының ән шығармашылығын жұртшылық арасында кеңінен насихаттайтын орындаушы. Мысалы: Әміре Қашаубаев, Ғ.Айтбаев, Ж.Елебеков т.б. әнші-композиторларының вокалдық шығармаларын, әнші- артистер К. Бәйсеитова, Р. Абдулин, З. Қойшыбаева, М. Ержанов, Б.Төлегнова, Ә. Дінішевтер кейінгі ұрпаққа жеткізуде орасан зор еңбек етті.

Демек, әншілік, вокалдық өнер музыканы әншінің дауысыпен орындауы, музыкалық шығарманың образды идеялық мазмұнын әнші дауысының мәнер-күшімен жеткізу, ашу өнері. Ән өнерінің жеке ансамбльдік және хор түрлері де бар. Ән өнерінің ансамбльдік түріне екі дауысты дуэт, үш дауысты трио, төрт дауысты квартет т.б жатады. Қазақтың ұлы композиторларының барлығыда дауыс реңіне аса бай, диапозоны кең дауыстың иесі болған, өз әуендеріне осы ерешеліктерді ескеріп, өзіндік композиторлық, вокалдық мүмкіндіктер тудырған. Ақынның күшті дауысымен сұлу тембірі, жүйеленген айту үрдісімен мәнерлі орындаушылығы, кең тынысты вокалдық техникалық шеберлігі – қазақ даласында қалыптасқан жоғарғы кәсіби әншілік мектептің болғанын дәлелдей түседі. Бұл үрдіс Біржан, Ақан, Әсет, Балуан Шолақ, Естай, Мәди, Майра сияқты әнші – ақындардың шығармаларында көрініс тапқан. Сонымен қатар дәстүрлі әнші, эстрада әншісі жеке дауыстағы әншілердің репертуарларында аталған композиторлардың шығармалары берік орын алды.

ХХ – ғасырдың алғашқы жартысында Қазақстанда Ән өнерінің ішіндегі эстрада өнері жан-жақты өркендеп өсуіне кең жол ашылды. Эстрада өнердің шағын түрі деп те аталады. Эстрада әртістері жасаған сахналық бейнелер психология жағынан күрделі болмағанымен, олар ашық та жарқын болуға әрекеттенеді. Бүгінде халық мақтанышына айналған Р.Бағланова, Б.Төлегенова, С.Тыныштығұлова, Р. Рымбаева, М. Жүнісова, Н. Есқалиева т.б. қазақ ән өнерімен қазақ эстрадасының өркендеуіне елеулі үлес қосып келеді. Эстрада бойынша ұйымдастыру жұмыстары «Қазақконцерт» және облыс филомониялары арқылы жүргізіледі. Қорта келгенде, осындай әншімен әндерді туғызған халықымыз өз өнерін қадірлеп, құрметтеп, мәдени – рухани мұраны ұрпақтан – ұрпаққа мирас етіп отырған. Қазақтың ән өнері дәстүр жалғастырғанда қазақ музыка мәдениетінің жанрларының қайнар көзі болып табылады. Біз келешек ұрпақты осы мәдени-рухани құндылығымызды сақтай отырып тәрбиелеуге борыштымыз.



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
25 желтоқсан
1292
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі