жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Ана - әлем шуағы
Сабақтың тақырыбы: «Ана – әлем шуағы...»
Сабақтың
мақсаты:
1. Жанұядағы ана мен бала арасындағы қарым –
қатынасты нығайту. Анаға деген бала махаббатын
ояту.
2. Балаларды ұятқа тән жақсы қасиеттерді
білуге, үйренуге және олардың логикалық ой – өрісін, тіл байлығын,
сөздік қорын, ойлау қабілеттерін бала бойындағы өнері мен
дарындылығын дамыту.
3. Балаларды мейірімділікке, аналардың
өлшеусіз еңбегін бағалай білуге, анасын сүю арқылы еліне деген
сүйіспеншілікке тәрбиелеу.
Сабақтың
көрнекілігі: Суретті плакаттар,
қабырға газеттері, нақыл сөздер,
гүлдер.
Сабақтың
барысы:
І. Ұйымдастыру
кезеңі:
Оқушыларды сахна төріне
тұрғызу. (оқушылардың қолындағы жүректерге төмендегі сөздер
жазылады)
1-оқушы: Ана-жарық өмір
сыйлаушы.
2-оқушы: Ана- өмірдің бастауы.
3-оқушы: Ана-ақылшы.
4-оқушы: Ана-қамқоршы.
5-оқушы: Ана-пана
6-оқушы: Ана-дос
7-оқушы: Ана-ұстаз
8-оқушы: Ана-әлемдегі ең сұлу адам.
9-оқушы: Ана-аяулы жан.
Мұғалімнің кіріспе
сөзі: Құрметті ұстаздар, аяулы аналар, көктем
күніндей құлпырған қыздар! Сіздерді 8 - Наурыз халықаралық әйелдер
мерекесімен құттықтаймын. Дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға
амандық, еңбектеріңізге табыс тілеймін.Адам бойындағы барлық жақсы
қасиет, күннің нұрынан, ананың сүтінен жаралған. Сондықтан құрметті
аналар, қадірлі апайлар, қызғалдақ қыздар бүгінгі көктемгі күндей
жарқырап, гүлдей құлпырған мерекелеріңіз құтты болсын! Ендеше,
біздің 4 «Ә»класы оқушылары дайындаған «Әлемнің жарығын сыйладың
сен маған» атты ашық класс сағатымызға хош
келіпсіздер!!!
1-Жүргізуші: : Ана адамзат мекен еткен жер
шарының әр түп жерінде, әр үйде мейірім мен мерейдің достық пен
туысқандықтың туын тіккен адам. Адамзат ең алдымен ана алдында
қарыздар. Алақаныңмен су берсеңде, ана борышын өтей алмайсың. Ана
көңілі алтынға бөленуді, ақ орда салуды қаламайды, ана перзентінің
ержетіп, бойжетіп, өмірде өз орнын қалыптастыруын
тілейді.
2-жүргізуші: Тарихымыз да Домалақ Ана, Айша
Бибі сияқты аналар болған. «Шығыстың қос шынары» атанған Әлия мен
Мәншүкті де құрмет тұтып, барша аналарға басымызды
иеміз.
1-жүргізуші: Мади, менің таң қалатыным,
анам үйде барлық тірлікті істеп, одан қала берсе жұмысқа да барып
үлгереді ғой.
2-жүргізуші: -Иә, мен мектептен келсем,
тамағым да дайын , үй де жинаулы мұның бәріне қалай үлгереді
екен?
1-жүргізуші: Біздің аналарымыз бәрін өз
қамқорлығына алады, олар барлық шаруаны бітіреді,сонымен қатар олар
біздің әр ойымызды айтқызбай табады, біздің бар сырымыз оларға
әрқашан да белгілі.
2-жүргізуші: Ана көрегендігінің теңдесі
жоқ. Ана мен баланың арасын көзге көрінбейтін тылсым сырлы жіп
жалғап тұрады. Міне, сол арқылы бала көңіліндегі қылаудай мұң ана
жүрегіне жетеді, сол арқылы ана баласының титтей қуанышын бар
болмысымен сезінеді.
1 – бөлім. Көрініс "Ата мен
бала"
Автор:
Ерте, ерте, ертеде, ешкі жүні бөртеде,
көденің көгерген жасыл кезінде, жерден қар кетіп, жердің түрі
түрленіп тұрған уақытта, күннің сәулесі көктен қыздырып, жер –
ананың денесі бусанған шақта, көңілді «Көктем» атты патшалық
болыпты.
Бұл патшалыққа да жадырап «Наурыз» айы келді.
Дүние жаңарды. Көк жетіліп, әлем
құлпырды.
Осы құлпырған, көңілді патшалықты еліне
сыйлы, ақылды хан басқарыпты. Ол ханның қайсар да қайратты 7 ұлы,
ай десе аузы, күн десе көзі бар 7 қызы
болыпты.
«Көктем» патшалығы қандай үлкен болса, сол
зәулім ғимараттың іші мейірім мен шапағатқа толы үлкен махаббаттан
тұрады екен.
Сол патшалықты басқарған хан өз ұлдарының
ішінен мұрагерін іздейді. Сөйтіп оларды сынамаққа бел
буды.
Хан: Ұлдарым мен
қыздарым! Мен қартайдым, сендерге қояр талабым бар. Соны
орындағандарың менің мұрагерім боласыңдар. Кімнің өнері мен ақылы
көркіне сай болса, сол менің мұрагерім болып, осы патшалықты
басқарады.
Автор: Хан ұлдарын
қасына жинады.
Хан: Балам, үйдегі
алтын қазық кім?
Баласы: Үйдегі алтын
қазық – бала. Ол – мен.
Хан: Жоқ балам,
үйдегі алтын қазық сен емес, ол – ана. Ана ақылды болса, бала дана
болады. Ана тәрбиесі – қызға үлгі. Ана сыйламағанның ақылы кем.
Ананың мейірімі – көзінде, ақылы –
сөзінде.
Патшаға абыз
қария келеді.
Қария: Дат,
тақсыр!
Хан: Датың болса,
айт!
Қария: Менің айтпағым
балаларыңда. Балам, жоқты бар, ашты тоқ ететін
кім?
Бала: Ата ашты тоқ,
жоқты бар ететін мейірімді әке.
Қария: Жоқ, балам! Әке
қанша мейірімді болса да, ананың жөні бөлек. Жоқты бар, ашты тоқ
ететін – ол ана. Анасыз бала ұйықтамайды. Қатықсыз айран
ұйымайды.
Хан: Жоқ, сендердің
жауаптарыңа менің көңілім толмады. Ханзаданы
шақырыңдар!
Бала: Алдияр әке, не
бұйырасыз?
Хан: Өнеріңді
көрсет.
Бала: Ана! Ана! Не
деген қастерлі, қасиетті сөз едің. Осынау үш әріптен тұратын ұлы
сөздің түбірінде қаншама ұлы сезім, ұлы құдірет жатыр десеңізші.
Ананың ыстық алақаны жүрекке жылы тиіп, әр сөзі адамзат баласына
өшпес нәр береді. Дүниеде ана
қадірлі.
Автор: Осы
патшалықтағы аяулы ана алыста тұратын бауырының үйінде болатын.
Үйге бір аптадан кейін оралды. Үйге кірісімен қыздары бірінен соң
бірі аналарын қалай сағынғандарын айта
бастады.
1 - қыз:
Анашым, мен сені күн сәулесін күткен көкнәр гүліндей
сағындым.
2 - қыз:
Анашым, мен сені бір тамшы суды аңсаған шөл даладай
күттім.
3 - қыз: Мен
енесін сағынып шырылдаған кішкентай балапандай болып
жыладым.
4 - қыз: Мен
сенсіз гүл таппаған ара сияқтымын.
5 - қыз: Сен
менің түсімде раушан гүлінің түсіне енген шық тамшыларындай болып
көріндің.
6 - қыз: Шие
бағын іздеген бұлбұлдай мен сенің жолыңды қараумен
болдым.
Автор: Жетінші қызы
үндеген жоқ. Ол анасының қолын жуу үшін су әкеліп берді. Анасының
асын даярлап, алдына ас қойып, шәй құйып
берді.
Ана: Қыз –
қызғалдақтарым менің! Бәрінен де мені ең кіші қызым қатты
сағыныпты.
Мади: Бізге осы жарық
дүниені сыйлаған кім?
Бәрі:-
Ана.
Бекарыс:Түн ұйқысын
төрт бөліп, бөбегін бөлеген кім?
Бәрі: – Ол –
мейірімді ана.
Мади: Құрметті де
ардақты, аналар! адамға өмір нәрін себуші құдірет иесі сіздер! Біз
мәңгілік сіздердің алдарыңызда борыштармыз. Бүгінгідей мерекеде
балапандарыңыздың қызметін, құрметін қабыл алыңыздар! Бүгінгі ән,
би, бәрі де сіздер үшін.
Бекарыс: Құттықтаймын мейрамыңмен
аналар,
Әр күлгенің бізге бақыт саналар.
Еңбегінді еш етпейтін өмірде,
Елің, жұртың, ұл мен қызың бағалар.
Деп кезекті біздің әншілеріміз Диана мен Ақжүніс "Әлемнің жарығын сыйладың сен маған" әнімен сіздердің назарларыңызда!
Бекарыс: Аналарға арналған
Өнерлерін көрейік
Ынта қойып тыңдаңыз
Тақпаққа кезек берейік.
Ақжүніс
Бәрі де, Ана, бір өзіңнен басталды.
Сен деп жаздым алғаш өлең дастанды.
Қуандым ба, өзің бар деп қуандым.
Жыладым ба, өзің жоқ деп жас тамды.
Бәрі де, Ана, бір өзіңнен басталды.
Жанарыңнан көрдім алғаш аспанды.
Еркелесем, бір өзіңе еркелеп,
Жасқандым ба, тек өзіңнен жасқандым.
Алғашқы дәм, ол да сендік сүт еді,
Ақ сүт берген қашанда үміт күтеді,
Отанымның өзі сенен басталып.
Жауларыма жеткен жерден бітеді.
Алдияр:
Ана деген кім десе,
Шуақ шашқан күн дер ем.
Сәбиі үшін ұйықтамай, арпалысқөан түнімен,
Ана үні өмірде, ең мейірімді үн дер ем.
Тірілткен қайта су алып қалған бұлақты.
Қуарып қалған аққайың мекен құрақты,
Сырлы да жырлы, сазды да назды шуақты,
Жасай бер, жайна, Аяулым көктем сияқты.
Рада
Мен ана деп ән саламын
Мен
ана деп билеймін
Мен ана деп гүл теріп
Терген гүлді сыйлаймын
Терген гүлім қызғалдақ
Қызғалдақты сыйладым
Қолы жұмсақ мақпалдай
Менің анам жан анам
Әлішер:
Диана:
Жүрегі – күн, жаны – нұр, жүзі шапақ.
Ана – мақтан, ана – өмір, ана – атақ.
Ана – дәуір, ана – абырой, ана – жауһар
Олармен күн кешудің өзі ғажап!
Аналар шаңырақтың сәулеті ғой!
Ана деген баршаның дәулеті ғой!
Адамды адам еткен ақ сүт беріп,
Жан бағыштап өмірге жетелеген.
Нұрсұлтан:
Адамдықтың ашқан соң қақпасын кеп,
Туған елің сүйсіне мақтасын деп.
Пәк сезіммен тілеймін адамдардың,
Анасының ақ сүтін ақтасын деп.
Аружан:
Жеткізбес шегі айтылар саған тілектің,
Сен жүрген жерге келеді менің гүл еккім.
Үйдің сәні, түздің де сәні өзіңсің,
Сен тіпті үлкен әлемге мынау тірексің.
Маған қымбат адам жоқ бір Анадан,
Бар жақсылық аналардан жаралған.
Жер бетне өмір нәрін себуші,
Аналарға барышты ғой бар адам
Ислам:
Айдана:
Мен ананы шуағы толы, күн деймін,
Анадан зор құдіретті білмеймін.
Анам аман – сау жанымда жүрсе егер,
Бақытым да әр кез бірге жүр деймін.
Дүниедегі ең ардақты Асыл жан,
Анам менің мәпелеген жасымнан.
Мен қуансам қуанады ол бірге,
Мен қиналсам табылады қасымнан.
Мөлдір
Аслан:
Ардақты анам, асыл анам,
қымбаттым
Тәтті ұйқыңды талай бөліп үн қаттың
Әлпештедің, аяладың, өсірдің
Кең құшағың аясындай гүл бақтың
Мен өзіңмен қайда жүрсем біргемін
Күн нұрындай жадырай бір күлгенің
Асыл сөзің жүрегімде жүр менің
Қандай бақыт ортамызда жүргенің
Гүлназ:
Ана - деген адамзаттың данасы,
Ана - деген сәбилердің панасы.
Ана - деген жарық жұлдыз шырағың,
Ана - деген қайнар ыстық бұлағың
Ана - деген өмірдегі қамқорың,
Ана - деген сүйенерің, жан құрбым.
Алихан:
Шынар:
Аялаумен ер жеткізген
баласын
Ақылдысың, ардақтысың, данасың
Қажымашы, шаршамашы, анашым
Қарайлаймын кірбің шалса қабағың
Адалдыққа баулыдың әуел бастан
Сақтадың оттан, судан, тау мен тастан
Ақ ботаңды демей гөр, жан анашым
Үлкен өмір жолында аяқ басқан
Зарина:
Ана! Ана! Ана!
Не деген мейірлі, не деген шапағатты сөз еді. Жақсылық атаулының барлығы да ананың сүтінен жаралған. Шырылдап жерге түскеннне – ақ сенің ең бір жақының, ең бір досың, ұстазың бар. Ол – Ана! Қара жердә баспай жатып, есіңді білмей жатып, тырмысыпбауырына жабысатының, шырылдар уанбай, жылап сенің іздейтінің – Ана. Ана – деген сөздің өзі ыстық. Балаға анадан артық, анадан қымбат жан жоқ.
Дархан:
«Сөзжұмбақ»
Ең сүйікті адам ...
Ананың аяулысы ...
Әке – асқар ...
Бала жағасындағы - ...
Әдемі жан ...
...тің көзінен өткендей.
Мақалдың жалғасын табу.
1.Ананың көңілі балада ....
2.Анасы сүйгеннің ...
3.Ана алдында құрмет ...
4.Ана сүтін ақтамағанды ...
5.Атасы жоқ – қас жетім, ...
6.Баласыз ана - ...
7.Ана сүті – бал ...
8.Ағайын алтау, ...
«Кім көп біледі?» ойыны
Кімнің ойы ұшқыр болса, сол жұмбақты тез шешеді.
Екі жағым «Н» болса,
Қасиетті тағаммын.
Екі жағым «А» болса,
Ел қадірлер адаммын.
(нан - ана)
Даладай
Кімнің кең пейілі?
Данадай
Кімнің мол мейірімі?
(ана)
Апам үшін қам жеген,
тозаң жұтып, шаң жеген.
Жатыр үйде айдаһар,
Ондай мешкей қайда бар?
(шаңсорғыш)
Отансыз, сусыз піскен ас
Адамның бәрі ішкен ас (ана сүті)
«Балам өнерлі болсын десең, өнегенді көрсет»
Оқушылар аналарына және келген қонақтарға сыйлық жасайды.
Бекарыс: Құрметті аналар және қонақтар сіздердің назарларыңызда біздің мың бұралған биші қыздарымыз Зарина мен Томиристің орындауындағы биді қабыл алыңыздар!
Би «Қамажай»
«Өзіңді сына»
Өлеңді жалғастытырып көр. Авторы кім?
Көргенше алаңмын,
Аңсаймын толға анам
Қабыл ал балаңның
Сәлемін жолдаған.
(«Анаға сәлем» Е. Хасанғалиев)
Күлімдеген көзіңнен
Күн мейірімі сезілген
Бұл жалғанда балаңа
Жақын жан жоқ өзіңнен.
(«Ақ мамам» Ә. Дүйсенбиев)
Есейіп кетсемде
Мен саған сәбимін.
Көңілді көктемдей
Көзіңнен танимын.
(«Ана туралы жыр» Ш. Қалдаяқов)
Мади: Ендеше біздің класымыздың оқушыларының орындауындағы «Ақ мамам» хорын қабыл алыңыздар!
Алмас Темірбай «Рахмет саған ана» класс оқушылары хормен орындайды.
«Балам өнерлі болсын десең, өнегенді көрсет»
Оқушылар аналарына және келген қонақтарға сыйлық жасайды.
Бекарыс: Балалар ұлы ақынды да, ойшыл данышпанды да, ел басқарған ел ағасын да, ғалымды да өмірге әкеліп, әлпештеп өсірген, ақ сүтімен нәр берген ол -ана. Ананың көзінен нұр төгіліп, жан жағына шуақ төгеді. Осы шуақпен жылынып, асыл ананың құшағында мейір алып жүрген біздер ананы мәңгі қастерлеп, бағалап өтейікші. Ана құдіретінің алдында бәріміз бас иейік!- дей келе бүгінгі ашық класс сағатымызды аяқтаймыз!
Мади: Келесі кездескенше хош – сау болыңыздар!

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген