Алматы
қаласы, Алатау ауданы КМҚК «№ 95
бөбекжай-балабақшасы»
Ертеңгілік:
«Ана
- бақыт, ана – күн!»
Тобы:
«Балдырған» ортаңғы тобы
Тәрбиешісі:
Сатова А.Т.
Музыкалық
жетекшісі: Дүйсебаева Л.
Алматы:
2020 ж
Жүргізуші:
Қымбатты да ардақты, аяулы аналар,
апайлар сіздерді 8-наурыз мейрамымен
шын жүректен құттықтаймыз!
Балалардың
орындауында өздеріңізге арналған әнді
қабыл алыңыздар
Ән:
«Ай дидарлы анашым»
Әли
Ақ
анашым, аппағым.
Өзің жайлы тақпағым.
Арналады
сіздерге.
Бар
баланың тақпағы.
М.
Алинұр Бәрімізге анасың
Бізге
күн боп жанасың,
Құтты
болсын мейрамың
Құттықтаймын
анашым.
Құралай
Бізді өсіріп баптаған,
Жақсы
болсаң шаттанған.
«Алтыным»
деп мақтаған,
Айналайын
ақ мамам.
Алғыс
Үн қатасың бал тілмен
Еркелеймін
әр күн мен,
Құттықтаймын
анашым
Сегізінші
наурызбен.
Жүргізуші: Бишілердің
аяғы
Би
дегенде тұра алмас,
Мың
бұралып билеп берсе
Қандай
қонақ қуанбас.
Би:
« Көктем аруы»
Нұрахмет
Айналайын анашым
Әлпештеген
баласын,
Еміп
өскен бөбекпіз
Маматайдың
мамасын.
Амина
Дананың да тірегі,
Баланың
да тірегі.
Шаншымасын
ешқашан
Аналардың
жүрегі
Т.Аңсар
Біздер доспыз гүлдермен,
Текке
оны жұлмаймыз.
Мереке
күні бір-бірден
Аналарға
сыйлаймыз.
Үміт
Бәрімізге анашым,
Біз
үшін күн боп жанасың.
Құтты
болсын мейрамың,
Аман
–сау бол анашым.
Жүргізуші: Әжелер
ғой, немересін аңсаған,
Сағынышы сары ормандай
самсаған.
Немереге жанын берер өмірде,
Сол әжелер аман болсын бұл күнде-
демекші, асыл әжелерімізге арналған
«Әжемнің
шәйі»
әнін қабыл алыңыздар.
Ән:
«Әжемнің шәйі»
Алихан
Келді
көктем күнің,
Күлімдейді
гүлің,
Алтын ойлы
Анам
Мерекеңіз бүгін!
Елсұлтан
Мен анамды сүйемін
Құшағына
енемін,
Мәпелеген
анамды
Қуантсам
деп келемін
Мөлдір
Әжем менің асыл жан
Жақсылыққа
үйретіп,
Жамандықтан
шектейді
Әжеме
ешкім жетпейді.
Хансұлтан
Ана – өмір жарығы
Ана
– өмір бұлағы,
Бесігімнің
жыр әні
Жүрегімде
тұрады.
Би:
«Ұлдар шляпа»
Бекжан
Аялап алақан
Әлпештеп
өсірген
Аяулы
жан анам
Қатемді
кешірген.
Інжу
Анашым жүрегім,
Өмірлік тірегім
Аман боп жүрші тек,
Алладан тіледім
Ән
:
«Гүл
сыйлаймыз анаға»
Жүргізуші: Көктем
келді табиғатты оятып,
Күн
күркірі, нөсерімен тоя түп.
Ағаштардың
тамырына қан жүрді,
Жапырағын
жасыл түске боятып.
Ару
Көктем: Мен
көңілді көктеммін
Былтыр
келіп кеткенмін,
Көзін
ашып бұлақтың
Түбіне
тал еккенмін.
Жүргізуші:
Қош келіпсіз, Ару көктем!
Ару
Көктем:
Сендердің көңілді дауыстарың, сыңғырлаған
күлкілерің, мені осы жерге жетелеп
әкелді. Мен өзіммен бірге аналар мейрамын
ала келдім .Ал сендердің аналар мейрамына
қандай сыйлықтарың бар?
Ойын:
«Гүл
тереміз»
Аңсар
Апатайым анашым
Ақылы мол
данасың,
Қамқоры сен сәбидің
Гүлі
де сен әр үйдің.
Ханшайым
Аналарды
сүйеміз,
Сөзін
ойға түйеміз.
Әжені
де ардақтап
Әдеппен
бас иеміз.
Ерсұлтан Барған
жайын қонаққа
Кәмпит
алып келеді,
Әжем
мені өйткені
Өте
жақсы көреді.
Рамазан Әжем
менің ақ әжем
Ақыл
беріп үйреткен,
Аппақ
әжем, пәк әжем
Мейіріммен
тербеткен.
Алинұр Менің
әжем ақ әжем
Шуағы
мол нұр әжем,
Ақ
таяққа сүйеніп
Аман-есен
жүр әжем.
Айсүгір Құрт
пен майын жинаған
Балаларға
сыйлаған,
Бұл
әжемнің өмірі
Таусылмайтын
жыр маған
Жүргізуші: Көктем
күні ерекше
Толы
қуаныш күндерге,
Соның
бірі бүгінгі
Аналардың
күнінде,
Мың
бұралып би билейді
Біздің
топтың ұл-қыздары
Би:
Ару
Көктем:
Ал, балалар сендердің бүгінгі аналар
мейрамына арналған өнерлерің қатты
ұнады, өте өнерлі екенсіңде . Сау болыңдар!
Жүргізуші:
Сау
бол, Ару Көктем!
Жүргізуші:
Қадірлі қонақтар, аналар, апалар сіздерге
арналған «Ана-бақыт,
ана-күн»
атты ертеңгілігіміз аяқталды . Келесі
кездескенше сау болыңыздар!