Тақырып бойынша 22 материал табылды

"Ана - біздің гүліміз" ертеңгілігі

Материал туралы қысқаша түсінік
Аналар мерекесіне арналған "Ана - бізідің гүліміз" ертеңгілігі. Мақсаты: Аналарды сыйлау, құрметтеу. Анамызға қамқорлықпен қарауға тәрбиелеу.
Материалдың қысқаша нұсқасы

АНАЛАР МЕРЕКЕСІ

Музыка. Заходят ведущие

АЛТЫНГҮЛ: Армысыздар, біздің балабақшамыздың сүйікті де сымбатты арулары, аяулы әжелеріміз, асыл жанды аналарымыз, мың құлпырып тұрған қыздарымыз;

ГҮЛБАҚЫТ: Бүгін «8 - Наурыз» әжелер, аналар, қыздар, тәтелер мерекесі құтты болсын. Құрметті ата-аналар, біздің балабақшамызға қош келіпсіздер!

ГҮЛБАҚЫТ:

Құтты болсын осы шаттық күніңіз,

Бақытты да ұзақ өмір сүріңіз.

АЛТЫНГҮЛ :

Қуанышты жүзіңізбен әрдайым,

Бұл өмірде күліп қана жүріңіз!

ГҮЛБАҚЫТ: Біздің бүлдіршіңдеріміздің «Көктемгі мереке» атты мерекелік концертімізге қош келдіңіздер.

АЛТЫНГҮЛ: Қанеки, қошеметпен ортаға шақырып, қарсы алайық.


МУЗЫКА ДЕТИ заходят. «АНА» биімен кіреді

Құтты болсын ақ анам,

Сегізінші наурызың.

Қасымда бол әрқашан,

Жансың жарық жұлдызың. ЗЕРЕ


Әр сөзімді жаттаған,

Жүрегімде сақтаған.

Анашым деп мақттанам,

Айналайын ақ анам.


Баланың да тірегі,

Ананың да тірегі.

Шаншымасын ешқашан,

Аналардың жүрегі. АРУЖАН


Музыка. Дети садятся


АЛТЫНГҮЛ: Балалар қалай ойлайсындар бүгін қандай мереке? (8-ші наурыз)

ГҮЛБАҚЫТ: Балалар ең асыл жан кім?\Ана\

А: Сонымен бүгін қандай мейрам? \Аналар\

Г: Осындай үлкен мейрамында аналардың жүзіне кішкене болса да қуаныш сыйлағымыз келе ме? \ Иә \

А. Біз сіздерге не сыйларымызды білмедік. Көп ойланып, біздің бүлдіршіндеріміздің өздері өсіріп, баптаған бір ғажайып гүлін сыйлағымыз келіп отыр.

Г: Көктемнің шұғылалы, арайлы бүгінгі күнінде осы гүліміз гүлденді. Сол гүлді барлығымыз бірге қарайық.

1,2,3 гүлімізді аш! (волшебная музыка)


АЛТЫНГҮЛ: Мына қызыл күлте махаббаттың белгісі, ананың балаға, баланың анаға деген шексіз махаббатындай.

ГҮЛБАҚЫТ: .

Қызыл күлтені алайық,

мерекені бастайық


Қандай қызық көктемде,

Күн шуағын төккенде.

Гүл тереміз алуан,

Шығып алып көк белге. АЙАРУ


Той пердесін ашайық,

Тойға шашу шашайық.

Аналарды құрметтеп,

Ән маржанын ашайық. ДАРИЯ


АЛТЫНГҮЛ:

«Көктем» өлеңі


ГҮЛБАҚЫТ: Сарғылт сары түс негізінен қуанышты, ынта мен көңілді білдіреді.

АЛТЫНГҮЛ;

Сарғылт сары күлтені алайық,

мерекемізді бимен жалғастырайық.


ГҮЛБАҚЫТ:

ТАНЕЦ: ПОЛЬКА


АЛТЫНГҮЛ: Сары түс – жеңілдік пен қуанышты, сабырсыздықты, нұр сәулені білдіреді. Адамға күлкі, қуаныш әкеледі, адамды болашаққа бағыттайды

ГҮЛБАҚЫТ:

Сары күлтені алайық,

Анаға тақпақ арнайық.


Мен анамды сүйемін,

Сөзін ойға түйемін.

Анашымды ардақтап,

Басымды оған түйемін АЙША


Аялаған, саялаған,

Бар бақытым, берекем.

Апатайым, құттықтаймын,

Бүгін сенің мерекең АСЫЛЫМ


Ана – бізідң гүліміз,

Ана біздің күніміз.

Аналардан тарайды,

Біздің ана тіліміз. ЖАНАЛИ


АЛТЫНГҮЛ:

ПЕСНЯ: АНАЖАН


ГҮЛБАҚЫТ: Жасыл түс – еркіндікке деген жігерлікті, табандылықты, мақсаткерлікті білдіреді, адамға сенімділік береді

АЛТЫНГҮЛ:

Жасыл күлтені алайық,

Әжеге тақпақ арнайық.


Әжемді жақсы көремін,

Өлең айтып беремін.

Үлкен болып өскенде,

Бәрін алып беремін, ЕРАСЫЛ


ГҮЛБАҚЫТ:

ПЕСНЯ: ЖАҚСЫ КӨРЕМ АТАМДЫ


АЛТЫНГҮЛ: Көгілдір түс адамды тыныштандырады, күштілікті, беріктілікті, арманға жетелеуді білдіреді

ГҮЛБАҚЫТ: Көгілдір күлтені алайық,

Енді ойын ойнайық.

АЛТЫНГҮЛ: (АНАЛАР)

Айман Шаймолдақызы

Инеш Қайсарқызы

Жұлдыз Тобылжанқызы


ИГРА: МОДНИЦА


ГҮЛБАҚЫТ: енді қыздармен ойнайық

ИРАДА, ДИАНА, ЛЕЙЛА

БАХТИЯР; АМИРХАН; НҰРАЛИ, ()


АЛТЫНГҮЛ:

Әкелеріңнің анасы кім?

Аналарыңның анасы кім?

  • ӘЖЕ

ГҮЛБАҚЫТ:

ПЕСНЯ: Ата мен ӘЖЕ АЙАРУ МЕН ЗЕРЕ



АЛТЫНГҮЛ: Көк түс – жан тыныштығын, молшылықты, татулықты, ашық аспанды білдіреді.

Көк күлтені алайық,

Анамызды құттықтайық.


Өнерлі боп өсеміз,

Өмір сырын шешеміз.

Өсіріп ой-сананы,

Қуантамыз ананы. САФИЯ


Өлең айьтып беремін,

Нан да алып келемін.

Өйткені мен анамды,

Өте жақсы көремін. ИСЛАМ


Ана біздің күніміз,

Ана біздің гүліміз.

Бізді ана қуантып,

Ұзақ өмір сүріңіз. АЛАН


ГҮЛБАҚЫТ: Соңғы біздің күлтеміз қандай түс? Күлгін түс - адамның тілегені мен қиялындағысы ақиқатқа айналады деген үміттің нышаны. Асыл арман мен көркем қиялдың түсі

Күлгін күлтені алайық,

Анамызға биді сыйлайық.


ТАНЕЦ: НАУЧИ МЕНЯ МАМА ТАНЦЕВАТЬ


АЛТЫНГҮЛ:

Күндеріңіз толсын гүлге, желекке

Отбасында болсын ырыс-береке

ГҮЛБАҚЫТ:

Құттықтаймыз шын жүректен сіздерді

Өмір-думан, бақ әкелсін мереке



МУЗЫКА: ДЕТИ И МАМЫ ВЫХОДЯТ; ДЕТИ ДАРЯТ ЦВЕТЫ



.

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
27.03.2022
229
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі