400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

"Ана - біздің күніміз!"

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл 8 Наурыз аналар мерекесіне арналған сценарий. бұл сценарий балабақша тәрбиешілеріне көмегі тиеді деп ойлаймын, себебі сценарийді өзім жазғанмын.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы: «Ана – біздің күніміз!»

Мақсаты: Балаларға көктем туралы, 8-наурыз мерекесі туралы түсінік бер, отбасындағы ананың орнын, анаға деген құрметті ұғындыру, ана мен баланың арасындағы байланысты барлық жанрлар бойынша көрсету. (ана жайлы тақпақтар айту, мақал –мәтел, өлең ән айту,би билеу). Көктем мезгілінің құбылыстарынан, анаға қалй көмектесетіндері жайында өз ойларын жеткізу арқылы байланыстырып сөйлеуге талпындыру, сөздік қорларын жетілдіру, ойын арқылы ой – өрісін дамыту, қолайлы орта ұйымдастыру арқылы қызығушылығын, белсенділігін арттыру, көңіл – күйлерін көтеру. Аналар мен ару қыздарды, әжелерді мерекемен құттықтау, балаларды мейірімділікке тәрбиелеу, тәрбиешіге, ата – анаға деген құрмет сыйын арттыру, ана еңбегін қадірлей білуге үйрету.

Заттың дамытушы ортасы: әнтаспа, сахна шарлармен, гүлдермен безендірілген.

Балалар музыка ырғағымен залға кіреді.

Би: «Ана жүрегі»(жалпылама ортақ би)

Жүргізуші: Қош келдіңіздер аяулы аналар, қымбатты әжелер, қызғалдақ қыздар, құрметті әріптестер! Көңілдеріңізге көктем шуағындай сезім мен нұр құйып, тағы да 8 – наурыз Халықаралық әйелдер мерекесі де келіп жетті! Осынау көктем мерекесінің қай кезде де орны бөлек. Олай болатыны, аналарға деген ыстық сезім, алғыс пен құрмет ешқашан сөнбек емес. Себебі, ана – өмірдің гүлі, көңілдің жыры, әр отбасының алтын діңгегі. Мынау тынымсыз тіршілік пен кең дүниенің өзі тек аналармен ажарлы. Бүгінгі арайлап атқан нұрлы таңмен бірге әрбір сәби жүрегі өзің деп соқса, бүгінгі мерекелік ертеңгілігіміз де аналарға арналады.

Армысың мейірімді аналарым,

Мейірбан ашық көңіл даналарым,

Гүл көктемнің алғашқы мейрамымен,

Құттықтайды сіздерді балаларың.


Айару: Анам болса қасымда

Басқа бақыт не керек

Аналардың жүрегі

Мейірімді ғой керемет


Нұрдәулет: Шалқып тосып, әніміз

Жадырасын жанымыз.

Ана сені құттықтап

Әндетеміз бәріміз!


Самина: Моя мамочка родная,

Всех нежнее и добрей

И улыбки не скрывая

Обниму тебя скорей


Осман: Май диа, диа мамми

Ай лав ю соу мачь

Ай уант ю ту би хаппи

Он зе 8зе оф марч

Жүргізуші: Ару ана өмірдің асылдары

Жайнаған көңілімнің жасыл бағы

Сіздер үшін ән мен би, өлең мен күй

Сіздер үшін мереке шашулары


Жүргізуші: Балалар, қазір жылдың қай мезгілі?

Балалар: Көктем мезгілі

Жүргізуші: Дұрыс айтасыңдар, балалар. Көктем мезгілінде неше ай бар?

Балалар: Үш ай бар. Наурыз, сәуір, мамыр. Қазір наурыз айы.

Жүргізуші: Дұрыс айтасыңдар, балалар. Көктем мезгілінде қар еріп, күн жылынады.

Олай болса асыл аналар, ақжаулықты әжелер мерекелеріңіз құтты болсын.


Жер әлемді жайнатып,

Әнші құстарды сайратып,

Гүлге бөлеп даланы

Әнге бөлеп қаланы

Көрікті көктем келді.


Балалар, жаңбырдың дыбысы естіледі, кім келе жатыр екен?


(Ортаға музыкамен көктем ханшайымы кіреді. Жаңбыр дыбысы естіледі.)


Көктем ханшайымы: Мен көңілді көктеммін

Былтырда келіп кеткенмін,

Құшағым гүлге толсын деп,

Нөсерімді төгемін.

Сәлеметсіздер ме, балалар, ата – аналар! Сендердің алғашқы көктем мерекесін тойлап жатқандарңды естіп, сонау алыстан келе жатырмын. Барлықтарыңызды көктем мерекесімен құттықтаймын.


Жүргізуші: Ару көктем, қош келдің, төрге шық. Сенің көктемгі жаңбырыңның арқасында айналамыз әсемдікке кенелді. Кең байтақ даламыз гүлге бөленді. Сондықтан ару көктем біз саған ризамыз.

Біздің халық өнерпазға бай тегі,

Әнші депте, күйші деп те айт оны

Күлімдеген көктемге ана жайлы

Жақсылап бір ән шырқасақ қайтеді.

Аналар, Сіздерге арналған әнімізді қабыл алыңыздар.


Ән: «Айналайын ақ мамам!»


Көктем ханшайымы: Гүлдердің сан алуан,

Түрлерін мен білемін

Сол гүлдерді өсіріп

Аялаумен келемін


(Гүлдер орындарынан тұрып, ортаға шығады)


Айару: (Бәйшешек) Көктем гүлі бәйшешек

Мен боламын қараңдар

Наурыз сәуір айында

Мен шығамын жайқала



Самина: (Қызғалдақ) Қырқалардың төрінде

Қаулап көзге ұрамын

Құлпыра жайнап өңірде

Қып – қызыл бор тұрамын


Бөрте: (Раушангүл) Әдемімін сұлуын,

Менен қай гүл аса алған

Мен боламын раушангүл

Гүл патшасы атанған


Каусар, Інжу: (Жауқазын) Жауқазынбыз жайқалған

Сұлу гүлміз жайнаған

Көктемде біз гүлдесек

Құлпыра кетер айнала


Жүргізуші: Жарайсыңдар гүлдей жайнаған біздің қыздар! Көктем ханшайымы, өзіңізбен бірге бізге қандай сыйлық алып келдіңіз?


Көктем ханшайымы: Кең даламды хош иісімен, сұлулығымен жайнатқан менің әсем гүлдерім аналарымызға қуаныш сыйлап, би билеп берейік.


Би: «Гүлдер» биі. (Самина, Айару, Бөрте, Інжу, Кәусар)


Жүргізуші: Жарайсыңдар, қыздар. Рақмет сізге Көктем ханшайымы. Ардақты асыл аналар, мінекей күлімдеген көктем келіп айналамыз құлпырып кетті. Көөктем ханшайымы, сенің бізге басқа да алып келген сыйлықтарын бар ма?


Көктем ханшайымы: Әрине, бар. Мен өзіммен бірге биден бөлек, ойынды да ала келдім. Сонау алыстан келе жатып, менің екі әсем гүлдерімді қасымдағы көбелегім мен бал арам жерге құлатып, сындырып алды. Сол екі гүлімді екі қорапшаға салып келдім. Соны мына балалар құрыстырып берсе деймін. Балалар маған көмектесесіңдер ме?


Балалар: Иә, көмектесеміз.


Көктем ханшайымы: Балалар бұл ойында менің көбелегім мен бал арам сендерге көмек береді.


(Көбелек пен ара екі қорапшаны алып келіп ортаға қояды. Гүлдерді жерге қойып, балалармен бірге құрастырады.)


Көктем ханшайымы: Жарайсыңдар, балалар! Өздерің расыңда да еңбексүйгіш, өнерлі, шапшаң балалар екенсіңдер! Осындай мерекелі күні сендерге берер сыйлығым бар. Менің қолымдағы гүл қарапайым емес сиқырлы. Аналар мерекесін қызықты өткізуге осы гүлдің көп көмегі тиеді. Егер бұл гүлді айналдырсаң болғаны, кімді қаласаң сол қонаққа келеді. Ал мен қайтайын, сау боолыңдар, балалар! Сау болыңыздар, ата –аналар!


(Гүлді тәрбиешіге беріп, залдан шығып кетеді)


Жүргізуші: Рақмет, Көктем ханшайымы! Балалар біздің мерекеге арналған тақпақтарымызды айтайық. (Осман, Шахназар, Ақылжан, Ерасыл)

Осман: Анам менің анашы

Сені жақсы көремін

Мерекемен бүгінгі

Құттықтаймын мен сізді


Шахназар: Әр сөзімді жаттаған

Жүрегінде сақтаған

Анашым деп мақтанам

Айналайын ақ мамам


Ақылжан: Бізді өсірген анашым

Еңбегіңіз зор екен

Құтты болсын анашым

Құтты болсын мерекең!


Ерасыл: Баланың да тірегі

Дананың да тілегі

Ауырмасын ешқашан

Аннамыздың жүрегі


Жүргізуші: Балалар, біз анамызды жақсы көреміз, ал әжемізді де жақсы көреміз бе? Иә, әжемізді де қатты жақсы көреміз. Олай болса, әжелерімізді құрметіне ән орындап берейік.


Ән: «Әжемнің шайы» (Хор)


Жүргізуші: Жарайсыңдар, балалар! Балалар мен мына сиқырлы гүді айналдырып көрейін. Мерекеге қандай қонақ келеді екен?


(Гүлді айналдырған кезде залға Карлсон келеді)


Карлсон: Кіргізіңдер мені. Сәлеметсіңдер ме, балалар! Алаңды босатыңдар, мен қазір қонамын. Не танымадыңдар ма? Мен Карлсонмын. Әлемнің еркесімін. Мен сендердің мерекелеріңе, әжелерің мен аналарыңды, тәрбиешілерінді құттықтауға келдім.


(Басын иіп, бір құшақ гүлді аналарға лақтырады)


Жүргізуші: Сәлеметсің бе, Карлсон! Деміңді бас! Біздің жігіттердің биін тамашала.


Би: «Біздің жігіттер» (Ұлдар биі)


Жүргізуші: Жарайсыңдар, балалар! Ана әрбір адамның жарық дүниедегі ең ақын жанашыры,ақ сүтін беріп аялаған, жанын да аямаған ардақтысы олай болса аяулы аналарға деген құттықтауымызды ары қарай жалғастырамыз.


Балалар тақпаақтар айтады:


Бөрте: Қуанамыз сыйлаймыз

Қуаныштың мың гүлін

Аналарды құттықтап

Жырдан шашу аарнаймыз



Нұрали: Аналардыы сүйеміз

Сөзін ойға түйеміз

Әжен де ардақтап

Әдеппен бас иеміз



Інжу: Менің әжем мейірбан

Мені жақсы көреді

Қажетіне жарасам

Жас балаша күледі.


Кәусар: Ана бізздің күніміз

Ананың біз гүліміз

Балаларды қуантып

Ұзақ өмір сүріңіз


Карлсон: Жарайсыңдар, балалар! Менімен дос боласыңдар ма?

Балалар: Иә

Карлсон: Ал сендерде тәттілер бар ма, менің қарным ашып тұр?

Жүргізуші: Бізде тәттілер бар,бірақ ол тобымызда ғой.

Карлсон: Ой, мен ауырып қалдым ғой деймін, қызуым көтіріліп тұрған сияқты.

Жүргізуші: Сізге жедел – жәрдем қажет қой.

Карлсон: Жоқ, маған шоколад, мармелад, тосап қана көмектеседі. Ондай бар ма сендерде? Ой, жағдайым нашарлап барады. (Еденге жатады)

Жүргізші: Жақсы Карлсон, мен сізге тәттілер әкеліп беремін. Бірақ мен әкелгенше сіз кішкене демалып, тағы да ұлдарымыздың биін тамашалай тұрыңыз.

Карлсон: Жақсы, тамашаласақ тамашалайық. Бірақ сіз маған тәтті беруді ұмытп кетпеңіз.


Би: «Саксафон биі» (Ұлдар биі)


Жүргізуші: Сиқырлы гүлімізді айналдырып, залға қонақ шақырсақ қайтеді? (Залға үлкен қорапшаны көтеріп көбелек пен бал арасы келеді)


Көбелек пен бал арасы: Бізді Көктем ханшайымы жіберді. Карлсонның тәтті жегісі келіп тұрғанын көктем құстарынан естіп, сыйлық беріп жіберді. Қабыл ал, Карлсон. Жақсы, сау болыңыздар. Бізді көктем ханшайымы күтіп қалды.


Карлсон: Рақмет айта барыңыздар.


Жүргізуші: Карлсон сыйлықты ашып көрсеңші.


(Карлсон үлкен қорапшаны ашады, ішінен Кәмпит – ханшайымы шығады)


Кәмпит – хашайымы: Сәлеметсіздер ме балалар, қонақтар! Карлсон сәлеметсіз бе, сіз мені жеп қоймайсыз ба?


Карлсон: Мен сізді қалай жеймін, өзіңіз үлкен екенсіз. Аузыма сыймайсыз ғой.


Жүргізуші: Сәлеметсің бе, Кәмпит – ханшайымы! Сені көргенімізге өте қуаныштымыз. Кел төрге шық, сенде бізбен бірге мерекені тамашала.


Кәмпит – ханшайымы: Жақсы, рақмет. Аяулы аналар, қыздар мерекелеріңіз құтты болсын!


Жүргізуші: Аналарға арнап тағы да тақпақтарын айтамын деген ұдарымз бар. Қабыл алыңыздар. (Нұрмұхаммед, Нұрасыл, Ақберен, Бауыржан)

Нұрасыл: Аппақ мамам, ақ мамам,

«Ақ мама» деп шаттанам

Түн ұйқыңды төрт бөліп

«Бөпешім» деп жатпаған

Нұрмұхаммед: Наурыздың сезігі

Сұлулықтың негізі

Әдемі сөз баланың

Анаға айтар лебізі


Бауыржан: Мен анамды сүйемін

Құшағына енемін

Мәпелеген анамды,

Қуантсам деп келемін


Ақберен: Мені жақсы көреді

Күндей күліп жүреді

Көп ертегі біледі

Маған айтып береді.


Жүргізуші: Жарайсыңдр, балалар!


Кәмпит – ханшайымы: Мына өнерлі балаларды көріп, сондай жақсы демалып отырмын. Мен де мерекеге өзімнің үлесімді қосып, өнерімді көрсетейін. Ол үшін маған менің кішкентай кәмпит-ханшайымымдарым көмектеседі.


Би: «Кәмпиттер» биі (Қыздар биі)


Кәмпит-ханшайымы: Рақмет сендерге кішкентай ханшайымдар! Мерекелеріңіз өте қызықты өтіп жатыр. Бірақ менің кетуім керек. Сендердің арқаларыңда мен жақсы демалып қалдым. Сау болыңдар, балалар! Сау болыңыздар, ата – аналар!


Карлсон: Нағыз мырза болып сізді шығарып салайын. Балалар бүгінгі мереке үшін, жақсы көңіл күй сыйлағандарың үшін сендерге көп рақмет. Сау болыңдар, балалар! Сау болыңыздар ата – аналар!


Жүргізуші: Сау болыңыздар! Тағы да келіп тұрыңыздар! Балаларға жақсы көңіл - күй сыйлағандарыңызға көп рақмет!

Мерекені қарсы алып,

Мәз болғанда барша жұрт,

Гүл ұсынып қыздарға

Сыйлық бердім ме өзім

дей отырып қыздарға арналған сыйлығымызды табыс етуге рұқсат етіңіздер.


(Ұлдар қыздарға сыйлықтарын табыс етеді)


Аналар қалқып бақыт аралында

Лайым мұң қонбасын жанарыңа

Осымен кешімізді аяқтайық

Гүл бітсін бәріңіздің қадамдарыңызға – дей отырып бүгінгі «Ана – бізің күніміз!» атты ертеңгілігіміз аяқталды. Ардаақты аналар мейрамдарыңыз құтты болсын! Сау саламатта болыңыздар!


Хор: «Анамызға мың алғыс, баршаңызға мың алғыс!»

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
22 қаңтар
451
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі