400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

«Ана - гүл, ана - жыр, ана - өмір шуағы»

Материал туралы қысқаша түсінік
бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған тәрбие сағаты
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы: «Ана - гүл, ана - жыр, ана - өмір шуағы»

Мақсаты: Әр адам үшін басты тұлға – Ана туралы түсіндіру.

Балалардың тілдерін, ойлау қабілетін дамыту.

Аналарын сыйлауға тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Шарлар, қанатты сөздер, плакат, техникалық құрал.


Мұғалім:- Қош, келдіңіздер, аяулы аналар, қадірлі ұстаздар! Көңілдеріңізге көктем шуағындай сезім мен нұр құйып, 8 – наурыз мерекесі де келіп жетті. Осынау көктем мерекесінің қай кезде де орны бөлек. Олай болатыны, аналарға ыстық сезім, алғыс пен құрмет ешқашан сөнбек емес. Олар – өмірдің гүлі, көңілдің жыры, әр отбасының алтын діңгегі. Мынау тынымсыз тіршілік пен кең дүниенің өзі тек аналар мен ажарлы таңмен бірге әрбір сәби жүрегі өзің деп соқса, бүгінгі «Ана - гүл, ана - жыр, ана - өмір шуағы» атты ертеңгілігіміз сіздерге арналады. Енді балаларымыздың өнерін тамашалаңыздар.


  1. Оқушы:

Аналарды ардақтаған бабалар

Аруларды құрмет тұтқан даналар

Құтты болсын мерекесі көктемнің

Сіздер барда жүректерде жылу бар

Көктемдегі күндей болып жайнаңдар

Құтты болсын мерекеңіз арулар

Құтты болсын тойларыңыз аналар!
2-оқушы:

Ана – дейміз бәрімізде аңқылдап,

Ана – дейді жас сәби де жарқылдап.

Ана – деген бәйтерегі өмірдің,

Ана – деген алтын қазық,алтын бақ.

Ана десем, ұшқын атып жанары,

Өмірімнің бастау алар жаңа әні.

Ана деген тіршілікте пана боп,

Әрбір үйде жұлдыз болып жанады

3-оқушы:

Баланың да тірегі

Даланың да тірегі.

Шаншымасын ешқашан

Аналардың жүрегі.

Бәріңіз де анасың,

Біз үшін күн боп жанасың.

Құтты болсын, мейрамың,

Құттықтаймын анашым!


4-оқушы:

Анамды жақсы көрем, сағынамын

Айтқанынан шықпаймын бағынамын

Ол – көзімнің қарасы болса егер

Мен – оның жанарының ағынанмын


5-оқушы:

Айналдым «ана» деген асыл аттан

Шуағын бар әлемге шашыратқан

Ойнап жүрген құлынын даладағы

Үйде отырып даусынан ажыратқан


Хормен барлығы; Жанымызды жайнатқан

Сіздерсіз ғой аналар

Зор денсаулық мол бақыт

Тілейміз біз балалар!

(Балалар орындыққа отырады)


Ән: Ақ мамам


6-оқушы:


Анам менің панам ғой,

Содан қорған табам ғой.

Асықпа анам, ертең ақ

Отын болып жанам ғой.

Анам менің асыл жан,

Құшағы нұр шашылған.

Күн секілді күледі

Сипап ылғи басымнан.


7-оқушы:

Құтты болсын, ардақты анам,

Асыл анам мерекең!

Құтты болсын теңдік алған

Қуанышты мерекең!

Мұрат, мүлде, мақсатым

Жақсы күн мен жақсы түн.

Нағыз бақыт ананың

Ақтау дер ем ақ сүтін.


8-оқушы:

Дүниедегі ең кемеңгер дананы

Ана табады, аялайды, бағады.

Сол үшін де құдіретіне бас иіп,

Құрметтейік қасиетті ананы


9-оқушы:

Құтты болсын, ардақты ана

Асыл анам, мерекең

Құтты болсын кенді алған

Қуанышты берекең


10-оқушы:

Өмірдің иесі сен ғазиз ана

Келтірген дүниеге нелер дана

Анасыз батырда жоқ, ақында жоқ

Өмірдің алтын кілті сонда ғана


11-оқушы:

Адамзат қуат алар ақ сүтінен

Мәпелеп әлдилеген пейілін кең

Аналық махаббаттың кәусар бұлақ

Сөнбейтін ақ жүрегін мәңгі шырақ


12-оқушы:

Алтын анам жасынан аялаған

Мен үшін игілікті аямаған

Сабақтан шаршап үйге келгенімде

Бал сөзі жаным деген сая маған


Ойын: «Балаңды таны»


13-оқушы:

Әжемді мейрамымен құттықтаймын,

Айтатын ән, беретін гүлім дайын.

«Әжетай сені жақсы көремін» деп

Ақырын құлағыңа сыбырлаймын.


14-оқушы:

Өзің мені өсірген,

Айналайын, ақ әжем.

Тентек болсам кешірген

Шөлдедің бе, дана әжем.

Шай қайнатып берейін,

Шекер салып жан әжем.

Өзім құйып берейін,

Балдай тәтті бал әжем.



15-оқушы:

Айналайын анашым,

Көкте күн боп жанасың.

Ет жүрегің елжіреп

Құшағыңа аласың.

Сыйлаған маған өмірді

Анашым менің аялы.

Жүрегі жұмсақ көңілі

Күн шуақты саялы.


16-оқушы:

Ерлік еңбек атқарған,

Еңбегімен мақталған,

Ел сенімін ақтаған,

Айналайын, ақ анам!

Бізді өсіріп баптаған,

Жақсы болсақ шаттанған,

«Алтыным» деп мақтаған,

Айналайын, ақ анам!


17-оқушы:

Бар ана туған жердің гүлі дер ем,

Анажан, қайғың болса күңіренем.

Таусылмас тау туындай ақылың бар.

Сен барда менің әрбір күнім өлең.


18-оқушы

: Ана десем – шешек атып жанары

Өмірімнің бастау алар жаңа әні

Ана деген тіршілікте пана боп

Әрбір үйде жұлдыз болып жанады.

Шуақты көктем келді гүлін алып

Көктемнің мерекесі бүгін анық.

Өмірдің көктемі де, гүлі де өзі

Ана деп бас иеді күллі халық.


19-оқушы: Аналарды ардақтаған халқымыз

Ертендерге жалғанады салтымыз

Аналардың , арулардың қызығы

Құтты болсын 8- ші наурызыңыз

Сіздер барда жүректерде жылу бар

Көктемдегі гүлдей жайнап тұрыңдар

Құтты болсын мерекесі көктемнің

Құтты болсын тойларыңыз аналар!


Мұғалім: Қыз өссе - елдің көркі, гүл өссе – жердің көркі демекші - 8 наурыз мерекесі, қыздарымыздың да, мерекесі.

Қыз емес қыздың аты қызыл алтын

Көрінер толған айдай жүзі жарқын

Үлкеннің алдын орап, сөз сөйлемес

Халқының сақтай білген, ізгі салтын – демекші, сүйкімді қыздарымызды құттықтап, ұлдар тобының орындауында ----------- әнін қабыл алыңыздар.


Би: флешмоб


Бүгінгі «Ана - гүл, ана - жыр, ана - өмір шуағы» атты кешімізді аяқтаймыз. Ардақты аналар мейрамдарыңыз құтты болсын! Сау саламатта болыңыздар!

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
03.04.2019
601
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі