Сабақ
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік
Әнұранымен ашылады, Қазақстан
Республикасының Мемлекеттік хаттамасына
сәйкес рәміздерге - Елтаңба, Туға
ресімдеуге қойылатын талаптар
орындалады.
Мұғалім
сөзі:
Маған жарық сыйлаған кім –
Анам! Жылатуға қимаған кім – Анам!
Жөргегімді ауыстырып құндақтап, Мен
деп жанын қинаған кім – Анам! Тілегімді
тілеген кім – Анам! Қателессем кешірген
кім – Анам! Анамдағы махаббатқа нанам,
Ең бірінші ана керек балаға, Ақ аналар,
жүріңіздер аман!!! – дей келе бүгінгі
тәрбие сағатымызды аналар мен қыздар
қауымына арнаймыз.
Әлемдегі
ең асыл жан ол – Ана десек , жүрегімізде
сүйікті жанға деген маххабат сезімі
оянады. Ана бұл аяулы да мейірімді
жан. Баланың тілі шыққаннан –ақ бірінші
сөзін ана деп айтады. Өмірдің есігін
ашқаннан соң осы өмірдегі өзіңнің жан
анаңды көресің.Осы бір «АНА» деген үш
әріптің аясында адамзат баласын қуаныш
сыйлар қаншалықты қасиет бар десеңші!
Ару-ана, Ару-асыл жар, Ару – көңілдің
гүлі.
Арсылан:
Адам
ең алдымен Ана алдында қарыздар. Ана
қарызы алтынға бөлеуді, ақ орда салуды
қаламайды.Ана баласының ер жетіп адал
болуын қалайды.Анаға осыдан басқа
артық тартутаралығының керегі жоқ.
Мұсылман қауымы анаңды Меккеге үш рет
арқалап апарсаң да парызынан құтылмайсың
деген екен.
Абылай:
Ананың
тілегі, ананың жүрегі, ананың махаббаты,
ананың ыстық құшағынан қасиетті ештеңе
жоқ. Ең ыстық күннің нұры да, ананың
шапағат мейіріміне жетпейді.
Мансұр:
Дүниеде
ана махаббатынан қасиетті нәрсе жоқ.
Оның алдында адамды ынтықтырушы өзге
дүниелер әлсіз келеді .
«Рахмет
сізге Анашым!» видеоролигі көрсетіледі.
Оқушылардың
пікірлері тыңдалады
Олжас:
Анама
алғыс!
Жанарымды
жайнатқан жөргектегі елде.
Еңсесі
түзу жан болар
ма едім?
Құба талды бесігін
тербетпегенде.
Түн ұйқысын тәркі
етіп тынымсыздыққа
Қуанышы тасыған
еңбектегенде.
Алижан:
Ана
дейміз бәріміз де аңқылдап.
Ана
дейді жас сәби де жарқылдап.
Ана
деген – бәйтерегі өмірдің
Ана
деген – алтын қазық, алтын бақ.
Нұртілек:
Маған қымбат адам жоқ бір анадан
Бар
жақсылық аналардан жаралған
Жер
бетіне өмір нәрін себуші
Аналарға
борышты ғой бар адам,
Мен
ананы шуағы толы күн деймін,
Анадан
зор құдіретті білмеймін.
Анам
аман-сау жанымда жүрсе егер
Бақытым
да әр лез бірге жүр деймін.
Ойын
«Жылы
сөздер»:
Оқушылар аналар мен қыздарға берілген
әріптерден басталатын жылы сөздер
айтады.
|