400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

"Ана - өмір шуағы!" 8 - наурыз

Материал туралы қысқаша түсінік
тәрбиешілерге керек сабақ болуы мүмкін
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ана - өмір шуағы!


Мақсаты: Адамгершілік қасиеттерін бір - біріне деген сүйіспеншілікті нығайтып, ана мен бала арасындағы тәрбиені одан әрі дамыту,. Отанын, тілін, қазақы салт - дәстүрді құрметтей білуге үйрету. Қыздарды халқымыздың ізгі қасиеттері: имандылық, инабаттылық, ізеттілік, ісмерлік т.б. негізінде тәрбиелеу.
Әр қыз баланы парасатты, әсемдік, сұлулық әлемін түсінуге тәрбиелеу. Табиғат сыйлаған қасиеттерінің ашылуына көмектесу.


Байқаудың шарттары төмендегідей: (5кезеңнен тұрады).
1. «Мен қазақтың қызымын» таныстыру
(қатысушылар өздерін осы сөзбен, өлеңмен, әнмен таныстырады)
2.
«Қыз еркем – кестесімен көркем»
(Әр қыз өзінің қолынан келетін бір ісмерлік өнерін көрсетеді)
3.
«Өнер»
(Ән айту, би билеу, күй тарту)
4.
«Сұлулық сыры»
(Музыка ырғағымен сәндік киім және шаш үлгісін көрсету)
5.
«Зерделінің ойы озық»
(Лездік сұрақтарға жауап беру)

Жүргізуші: : Қымбатты әжелер, сүйікті аналар, апалар, құрметті ұстаздар! Бүгін біз жыл мезгіліндегі ең тамаша, шуақты мейрамдардың бірі – 8 наурыз аяулы да ардақты аналар мерекесіне жиналып отырмыз. Мерекелеріңіз құтты болсын, сүйікті аналар! Адам үшін ең аяулы, ең қастерлі жан – ана. Баласын дүниеге әкелген күнінен бастап өзінің жұмсақ алақаны, жылы жүзі, ыстық құшағы мен мейірімін, махаббатын бере білген аналар үшін бір күнді мейрам етіп белгілеген. Ол 8 – наурыз мерекесі. Бұл мерекенің жылдың басқа мезгілінде болуы мүмкін емес. Өйткені көктем секілді, біздің аналарымыз адамзатқа өмір сыйлаған.Ананың әрбір сөзі жақсылыққа толы. Ананың көз нұры тастай мұзды суды да жібітеді. Қазақ қызы десе ашық, бірақ жүзінде ұяңдық бар, әдепті, инабатты жан елестейді. Бүгінде сол әдепті де әдемі, инабатты да мейірімді ару қыздарымыз сынға түскелі тұр.


Мың бұралған арулар аңдап басып,
Келеді міне ортаға толқып тасып
Аруларын сыйлаған, халқым менің,
Көңілді қошеметпен қарсы алайық!
(Арулар ортаға шығады)

Ал, халайық, аруларға тамсанайық,
Қыз қылықты дегенге ән салайық.
Атына заты сай аруларға
Тағы да бір қол соғып қарсы алайық.

1. топ: Балауса – Айдана

2. топ: Раяна – Күнсүлу

3. топ: Райля – Ләйля

Жүргізуші:

Уа, арулар, арулар! Ешкімің жоқ алалар.
Ару болу үлкен сын, оны қазың бағалар. – деп

әділ – қазылар алқасымен таныс болыңыздар.
1. Балабақша меңгеруші – Айтолқын Ғариполлақызы

2. Балабақша әдіскері – Жанар Айбарқызы

3. Шаруашылық меңгеруші – Зухра Сәйпеденова

(Қатысушылар әділ - қазылардың алдынан номер суырады)


Жүргізуші:

Бойжеткен арулар келіп жетті танытуға,
Бойындағы бар дарынды дарытуға.
Қорықпастан сахнаға келіп жетті,
Әдеппен, ізетпенен танысуға.

Бұл сайыста үзеңгі қағыстырып,
Көрейік, ару қыздарды жарыстырып.
Бұл залда білетін бар, білмейтін бар,
Әрбір ару көрсін өзін таныстырып.

Байқаудың І кезеңі «Мен қазақтың қызымын».
Таныстыру бөлімі бойынша ару қыздарымыз өздерін осы сөзбен бастап, өлеңмен, әнмен таныстырады.


Жүргізуші:

2.Өнері өрге жүзер, таңғалмаңыз!
Таланты талмай ұшар, таңғалмаңыз!
Таңғажайып әлемі - өнер аты,
Шарпып өтсін лебімен, таңғалмаңыз!
Аруларымыз көрермендерді қолөнерлерімен таңғалдыруға асығады.
Байқаудың ІІ кезеңі
«Қыз еркем – кестесімен көркем»
Бұл кезеңде Әр адам өзінің қолынан жасаған өнерін көрсетеді және қалай жасалғаны туралы әңгімелейді.


Балалардың тақпағы:

Аманжан

Ананың біз гүліміз,

Ана – біздің күніміз,

Ұландарды қуантып,

Ұзақ өмір сүріңіз!

Борсик

Әлпештеген баласын

Ана бақыт, ана күн

Әркім сүйер өзінің

Мақтан етер анасын


Хасан

Аналарды сүйеміз

Сөзін ойға түйеміз.

Әжені де ардақтап

Әдеппен бас иеміз.


Нұржігіт

Күлімдеген көзі,

Күннің нұрындай,

Ұлым деген сөзі,

Ақын жырындай.

Ғ.Райяна

Жарқын жүзді жан анам,

Сендей болсын бар адам.


Данабек

Мерекесі бүгін

Алтын анамның,

Сыйлайыншы гүлін,

Жарқын даламның.


Жүргізуші:

3.Кедеймін деп қысылма,
Өнерің болса қолыңда
Өнерлінің ырысы
Жарқырап жатыр жолында.
Сайыста ән салайық, би билейік,
Өнермен өрге басып кідірмейік.

ІІІ кезең «Өнер» Бұл кезеңде арулардың өнері тамашаланады
(Ән айту, би билеу, күй тарту)


Балалардың тақпағы:


Абдуллаһ

Сенен өскен балалар,

Батырлар мен даналар.

Құттықтаймыз мейраммен,

Құрметті, жан аналар!


Исламбек

Нұрын шашқан күнімсің ғой жан анам,

Бар шуағын баласына арнаған.


Амир

Бөбегіңнің сыйлығын,

Қабыл алшы анашым.

Ұзақ өмір жүр жасап.

Ауырмашы анашым


Асылназ

Асыл анам, ақ анам, алтын анам,

Маңдайының күні боп жарқыраған


Алмас

Өлең, айтып беремін,

Әдепті боп жүремін.

Өткенімен анамды,

Өте жақсы көремін


Әбдіраһман

Әр сөзіңді жаттаған,

Жүрегіңде сақтаған.

Анашым деп мақтанам.

Айналайын ақ мамам


Абдулхамит

Ана деген ақылшың,

Анаң барда батырсың.

Қасыңда кім болса да,

Тек анаңа жақынсың.



Жәния

Баланың да тірегі

Дананың да тірегі

Шаншымасын ешқашан

Аналардың жүрегі


Жүргізуші:
4.Адамның сыртқы түріне, киіміне қарап та қандай адам екендігін айыруға болады. Қазіргі талғамға, өзінің жас ерекшелігіне, эстетикалық талғамына сай жарасымды киінген, сыпайы да үлгілі қылығымен, мәдениеттілігімен ерекшеленген қыздарды көргенде көңілің толады. «Жастықтың өзі жастығымен әдемі» деген бар емес пе? Жас қыздардың өздері-ақ қырдың қызыл гүліндей әдемі ғой. Табиғат берген көркі – жастығынан артық не бар?
Қыздарға әсемдік жарасады,
Ай көркі биіктерге таласады.
Болмаса сұлу қыз, ару әйел
Табынып еркіндікпен санасады –
Сұлу қыздар, ару қыздар
Шашты кеспей күтіп оны қараңдар.
Қыздың көркі шаш екенін түсініп,
Өріп қойып шаш үлгісін жасаңдар, - деп олай болса
«Сұлулық сыры» кезеңінде аруларымыз музыка ырғағымен сәндік киім және шаш үлгісін көрсету бойынша сынға түседі.

Жүргізуші:
5.«Ә» дегенше соңғы сайысымызға да келіп жеттік. «Зерделінің ойы озық» – деп, аталатын бұл кезеңде. Әр аруға 10 сұрақтан қойылады. 1 минут ішінде 10 сұраққа жауап беруі тиіс. 1 дұрыс жауап 1 ұпаймен бағаланады.
V. «Зерделінің ойы озық»
(Лездік сұрақтарға жауап беру)

1-ші арудың сұрақтары.
1. Қозы Көрпештің серігі? (Баян Сұлу)
2. Ананың анасы сізге кім болады? (Нағашы әже)
3. Еттен жасалатын тағам? (Бесбармақ).
4. Мойынға тағатын әшекей бұйым (алқа)
5. Қазақстанның бұлбұл әншісі атағына ие болған әнші анамыз? (Б. Төлегенова).
6.Абай Құнанбаевтың анасы? (Ұлжан)
7. Білім, оқу, жазуды үйретуші адам? (Ұстаз).
8. «Фариза, Фаризажан Фариза қыз» кімнің өлеңі (Мұқағали)
9. Қошақанның анасы? (қой).
10. Қыз бала туралы бір мақал айтыңыз.


2-ші арудың сұрақтары.
1. Төлегеннің серігі? (Жібек)
2. Ананың сіңлісі сізге кім болады? (Нағашы апа)
3. Сүттен жасалатын тағам? (Көже, айран, ірімшік,қаймақ,май).
4. Аллада не жоқ? (бауыр)
5.
Аққуда не жоқ? (сүт)
6. Әйгілі күйші – анамыз? (Дина Нүрпейісова).
7. Науқас адамдарға көмек беруші, емдеуші адам? (Дәрігер).
8. Тіршілік иелерінің моторы (жүрек)
9. Тай, құлынның анасы? (Бие).
10. Ана туралы бір мақал айтыңыз.


3-ші арудың сұрақтары.
1. Еңліктің серігі? (Кебек)
2. Апа сіңлінің балалары (бөле)
3. Қамырдан жасалатын тағам? (Бауырсақ, нан).
4. «Ана тілі – арың бұл»кімнің өлеңі? (Қ. Мырза Әли)
5. Ең зор байлық (денсаулық)
6. Абай Құнанбаевтың әжесі? ( Зере).
7. Ас пісіруші маман адам? (Аспаз).
8. Әнші Роза … ( Рымбаева)
9. Ботаның анасы? (түйе).
10. Бала туралы бір мақал айтыңыз.


Жүргізуші:
Енді әділқазы алқаларынан барлық ұпай сандарын санап, жеңімпаздарды анықтауларын сұраймыз. Ұпай сандары әзір болғанша кезекті балапандарымыздың «хор» әніне берелік.


Хор - «Айналайық ақ мама»


Қорытынды сөз әділқазы алқаларына беріледі, марапаттау рәсімі.
балабақшамыздың меңгерушісі Айтолқын Ғариполлақызына сөз кезегін жолдаймыз.

«Балапан» тобының тәрбиешілері мен тәрбиеленушілерінің атынан естелік ретінде Балабақшамыздың меңгерушісіне қол өнеріміз бар еді қабыл алыңыз.


Абдуллаһ

Құтты болсын, 8 - наурыз мерекеңіз

Үйіңізде болсын бақыт берекеңіз!


VI. Қорытынды:
Қыз баланы ізетті, инабатты асыл жан етіп, ісіне көркі сай тәрбиелеу, қыз сыйлау халқымыздың қанына сіңген қасиет, олардың айналадағы адамдармен қарым – қатынас жасай білуіне көңіл бөле отырып, оларға нәзіктік пен сүйкімділік қасиеттерін бере білген.
«Қыз емес қыздың аты қызыл алтын,
Көрінер толған айдай жүзі жарқын,
Үлкеннің алдын орап сөз сөйлемес,
Халқының сақтай білген ізгі салтын» - дегендей, қыздарымыз аналарының өнегелі істерін өз бойларына дарытып өссе екен дейміз. Қыздарымыз ата-бабаларымыздың ықылым заманнан келе жатқан салт-дәстүрін, әдет-ғұрып сөндірмей жалғастыратын өнерлі де ибалы боп өссе дейміз.
Осымен байқауымыз өз мәресіне жетті. Ару қыздарымызға рахмет айтамыз. Мерекелеріңіз құтты болсын!


















Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
18 ақпан
355
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі