жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
«Ана - өмірдің гүлі!»
Тақырыбы:
«Ана - өмірдің гүлі!»
Мақсаты:
Балаларды мейірімділікке, аналардың
өлшеусіз еңбегін бағалай білуге үйрету.
Анасын сүю арқылы еліне, жеріне деген
сүйіспеншілігін арттыру. Өнерді тануға,
қызығушылыққа баулу, әдептілікке,
парасаттылыққа тәрбиелеу.
Жүргізіші:
Армысыздар,
ақ жаулықты әжелер, ардақты да аяулы
аналар, сымбатты да ару қыздар!
Көңілдеріңізге
көктем шуағындай сезім мен нұр құйып
сегізінші наурыз Халықаралық әйелдер
мерекесі де келіп жетті. Осындай көркем
мерекенің қай кезде де орны бөлек. Олай
болатыны аналарға ыстық сезім, алғыс
пен құрмет ешқашан сөнген емес. Олар
өмірдің гүлі, көңілдің жыры, әр отбасының
алтын діңгегі. Бүгінгі «Ана – өмірдің
гүлі!» атты ертеңгілігіміз сіздерге
арналады. Ендеше ортаға бүлдіршіндерімізді
шақырамыз.
Балалар ортаға билеп кіреді.
Жүргізіші: Дүниеде ең кеменгер дананы
Ана табады, аялайды бағады.
Сол үшін де құдіретіне бас иіп,
Құрметтейік қасиетті ананы.
Ертеңгілігімізді ашу үшін құттықтау сөз кезегі оқу ісінің меңгерушісі: З.Жұмабаеваға береміз.
Балалар,
бүгінгі тақырыбымызға байланысты мен
сендерге жұмбақ жасырғым келіп тұр.
Шешуін
таба аламыз ба?
Бала, бала, бала
деп,
Түнде шошып оянған.
Түн
ұйқысын төрт бөліп
Түнде бесік
таянған.
Бұл кім?
Балалар:
Ана, ана, ана.
Әрине,
бұл біздің аналарымыз. Ана - перзент
тәрбиелеуші. Ендеше осы асыл аналарымызға
арналған ән
мен биімізді тарту етейік.
Ән: «Ай дидарлы анашым!» орындайтындар:Мейіржан, Аяжан, Мейіржан, Анельия.
Жүргізуші: «Ананың әрбір сөзі жылылыққа толы. Ананың көз нұры тастай мұзы да жібітеді»- демекші, балаларымыздың аналарына арнаған тақпақтарын қабыл алыңыздар!
Тақпақтары:
Ұ.Мейіржан:
Ана біздің күніміз,
Ана
біздің гүліміз
Бізді
ана қуантып
Ұзақ өмір
сүріңіз.
Аяжан:
Апатайым анашым
Ақылы мол
данасың
Қамқоршысы баланың
Гүлі сенсің әр үйдің.
Жанболат:
Анам менің анашым
Сені
жақсы көремін
Мерекемен
бүгінгі
Құттықтаймын мен
сізді.
Нұрлыбек:
Жүзімізге қараңыз
Бал
күлкілі баламыз
Бізге
қымбат күн шуақ
Бізге
қымбат аналар!
Абдуллах: Сенен өскен балалар,
Батырлар мен даналар.
Құттықтаймыз мейраммен.
Құрметті аналар.
Жүргізуші:
-Балалар,
қазір жылдың қай мезгілі? (Көктем.)
-Көктемде
қандай құбылыстар болады? (күн жылынады
қар еріп,жер көктейді, бәйшешектер
шығады,құстар қайтып келеді, ағаштар
бүршік атады.)
- Қазір қандай ай?
(Наурыз.)
Адамдарға қуаныш сыйлайтын,
сиқыршы көктем. Олай болса мерекеге
көктемді шақырайық.
Музыка
әуенімен залға (Көктем) кіреді.
Көктем: Табиғатты оятым,
Бүкіл жерді көгертіп,
Сендерге мен асықтым,
Балаларды сағынып.
Сәлеметсіздер ме балалар,
Аяулы аналар-әжелер!
Мерекелеріңіз құтты болсын!
Шаңырақтарыңа бақ қонсын!
Жүргізуші: Сәлеметсіз бе! сиқыршы көктем балалар сізді асыға күтті, біздің шақыруымызды қабыл алып мерекемізге келгеніңізге рахмет.
Көктем: Балалар мен сендерге гүл жинап, алып келдім. Балалар ойын ойнағыларың келеме? Мен гүлдерді шашамын гүлдерді шапшаң жинап беріңіздер.
Ойын: «Гүл теру»
Жүргізуші: Көктем ханшайымы рахмет сізге балаларды ойнатып сергітіп тастадың, сізге арнап биші қыздарымыз гүлдер биін билеп береді.
Би: «Гүлдер»
-Көктем
келді!
-Күн болса зымырап бара
жатыр.
-Ал біздің ұл қыздарымыз
болса, күннен күнге құлпырып өсіп келе
жатыр.
Ән: «Наурыз көктем»
Көп
- көп рахмет балалар сендерге.
Көктем:
Балалар менің басқада жұмыстарым бар,
маған кету керек. Сау болыңдар.
Жүргізуші:
Жер
бетінің ғұмыры
Күн нұрымен
арайлы.
Біздің үйдің жылуы,
Анамыздан
тарайды – дей келе кезекті тақпақтарға
берелік.
Тақпақтары:
Мадияр:
Құтты
болсын анашым
Құтты болсын
мерекең
Әр кез саған тілеймін
Ұзақ өмір жолдарын
Арсылан: В ден 8 марта,
Мамочке подарки.
Бабушке цветочки,
От любимой внучки.
Дархан:
Менің әжем мейірбан,
Мені жақсы көреді.
Қажетіне жарасам,
Жас балаша күледі.
Айсезім: Очень мамочку мою,
Я давно уже люблю.
На 8 марта маме,
Я цветочки подарю.
Анельия:
Әр сөзімді жаттаған,
Жүрегімде сақтаған,
Анашым
деп мақтанам,
Айналайын
ақ мамам.
Бақберген: Әже деген көп шығар,
Әжемдей менің жоқ шығар.
Мейірімді бұл кісі,
Қандай ғажап күлкісі
Дауысына
сүйсініп тамсанайық.
Ерке ұл
қыздарымыздың талантына тәнті болып,
Уа,
халайық, жұмыла қол соғайық!
Ән: «Айналайын ақ мама» орындауында: Айсезім, Бақберген, Риза қарсы алайық.
Ойын: « Даусын ажырат»
Келесі кезекті балаларымыздың әдемі тақпақтарына берейік.
Тақпақтар:
Асанәлі: Назрыздың сегізі,
Сұлулықтың негізі.
Әдемі сөз баланың,
Анаға айтар лебізі.
Риза: Бізді өсірген анашым,
Еңбегіңіз зор екен.
Құтты болсын Анашым,
Құтты болсын мерекең.
Назерке:Мені жақсы көреді,
Күндей күліп келеді.
Көп ертегі біледі,
Маған айтып береді.
Аяна: Анам болса қасымда,
Басқа бақыт не керек.
Анашымның жүрегі,
Мейірімді ғой керемет.
Жүргізуші:
Аналар
ақ тілекті, сөз көп дейін,
Жылытар
жүрегіңді көз көп дейін
Аналар ақ
жаулықты бұл сіздерге
Қол соғып
қарсы алайық ұлдар
биін
Би: Джентльмен
Жүргізуші: Балаларымыздың аналарына арнаған тақпақтарын қабыл алыңыздар!
Тақпақтар:
Айжанарлым:
Аналарды сүйеміз
Ақылын ойға түземіз
Әжені де ардақтап
Әдеппен бас иеміз.
Т.Мейіржан:
Мамочка
красивая
Добрая
и милая.
С
8 Марта, мамочка
Самая
любимая!
Айбар: Бар мейірімділік анада
Ана деген бір жанды
Мейірімділік ананың
Болмас еш бір адамда.
Арайжан:
Бабушку
и маму
Сегодня
поздравляем.
В
День восьмого марта
Счастья
пожелаем.
Балнұр: Баланыңда тірегі,
Дананыңда тірегі.
Ауырмасын ешқашан,
Анамыздың жүрегі.
Жүргізуші:
Ана
деген – бастауы ұлылықтың.
Ана деген
- рәмізі сұлулықтың.
Ана деген - бір
жыр бар шырқалатын,
Асқақтатар биікке
ұрпақ атын әдемі ән сіздердің
құрметтеріңізге арналады.
Хор: «Анажаным»
Жүргізуші: Құрметті ақ жаулықты әжелер,ардақты аналар! Өмір сыйлаған сәбилеріңіз сіздерге тек қуаныш пен шаттық сыйласын дей отыра бүлдіршіндеріміздің сыйлықтарын қабыл алыңыздар.
Мерекені
қарсы алып,
Мәз болғанда барша
жұрт,
Гүл ұсынып қыздарға,
Сыйлық
бердім мен өзім - дей отырып қыздарға
арналған сыйлығымызды табыс етуге
рұқсат етіңіздер. (Ұлдар қыздарға
сыйлықтарын табыс етеді)
Жүргізуші:
Құрметтейік
,о адамдар аналарды,
Бізді өмірге
әкелген даналарды.
Себебі ана
деген асыл жан ғой,
Ойлауменен
істелік әр қадамды –дей келе ардақты
әжелерді, аяулы аналарды, ару қыздарымызды
шын жүректен құттықтай отырып, Келесі
көктем мерекесіне аман жетейік, көріскенше
күн жақсы болсын! Сау болыңыздар!

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген