400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ана - өмірдің гүлі

Материал туралы қысқаша түсінік
оқушыға тәрбиелік қызықты
Материалдың қысқаша нұсқасы

Болашақ ауылдық округінің №10 орта мектебі









Shape1



Тақырыбы: «Ана – өмірдің гүлі»





Дайындаған: Алибаева Н.Т.

Сынып: 2 «А»сынып

Күні: 07.03.2019ж















2019 оқу жылы



Күні: 07.03.2019ж

Тақырыбы: «Ана – өмірдің гүлі»

Мақсаты: Ана жайлы тамаша сөздер, өлеңдер, әндер арқылы ардагер, ұстаз-аналар мен аруларды мерекемен құттықтау, оқушыларды мейірімділікке, ұстамдылыққа тәрбиелеу, ұстазға ата-анаға деген құрмет сыйын арттыру, ана еңбегін қадірлей білуге үйрету.

Көрнекілігі: деапроектр , гүлдер, плакаттар, нақыл сөздер, шарлар және т.б.

Мұғалім: Адам бойындағы жақсы қасиет күннің нүрынан, ананың ақ сүтінен жаралған.Сондықтан құрметті асыл аналар, қадірлі әжелер бүгінгі «Ана- өмірдің гүлі» атты мерекелік кешіміз сіздердің құрметтеріңізге арналады.


Жүргізуші:

Қош келіпсіз, құрметті ата-аналар,

Жүздеріңнен мейіріммен нұр тамар.

Алдарыңда жауқазындай құлпыраған.

Балғын шақты біз бақытгы балалар!

Мереке құтты болсын, аналарым,

Мәпелеп,еркелеттің,аяладың

Лебізіңе алғысты айта келе

Ән-жырымды қабыл алғын аналарым!

Армысыздар, мұғалімдер, әз жандар,

Білім іздеп, инемен құдық қазғандар.

Құшақ жая қарсы аламыз сіздерді,

Би-биленіп, ән де бүгін шырқалар!

- Келесі кезекті оқушылардың аналарына арналған тақпақтарына кезек берейік....

Жүргізуші:Біз жыл көлемінде түрлі мерекелерді атап өтуді әдетке айналдырдық. Сондықтан, бүгін де біз осы жерге ерекше күнді, Көктем мерекесі, Аналар, арулар, қыздар мерекесін атап өту үшін жиналдық. Бір сөзбен айтқанда, 8 наурыз Халықаралық әйелдер күнін тойлайық деп жатырмыз. 1857 жылы АҚШ тоқыма өнеркәсібінің жұмысшы әйелдері жалақының төмендігі мен жұмыс жағдайының нашарлығына байланысты ереуілге шықты. Ал, 1910 жылы Дания атты шағын мемлекеттің астанасы, Копенгаген қаласында, Клара Цеткин бастаған күрескер әйелдер жиналып,


әйелдер мерекесін 8 наурыз күні тойлауды ұсынды. 1913 жылы Ресейде бұл күн алғаш рет атап өтілді. Ол күн Петербург қаласында ғылыми конференция ретінде өткізілді.Осы мерекені 100 жылдан астам атап өтуімізге себепші болған осы ержүрек, батыл әйелдерге алғысымыз шексіз .


Жүргізуші: Құрметтейік,о адамдар,аналарды,

Бізді өмірге әкелген даналарды.

Себебі ана деген асыл жан ғой,

Ойлауменен істелік әр қадамды.

Адам бар ма ана сүтін татпаған,

Алуан-алуан ауыр сынды аттаған,

Адалдықты ар-намысты сақтаған

Мен ананың сонысына мақтанам.

 Ән: «Апатайым анашым» әнімен


 Жүргізуші:

Тамызып мақал тілінің

Білімді болсаң жарарсың.

Ұшқыр ой, талап, біліммен

Әлемді жаулап аларсың, — дей келе келесі кезек мақал-мәтел жарысында.

Мақалдарды жалғастырыңдар.

  1. ________ қылығыменкөркем. (қыз)

  2. _______ көңілі балада. (ананың)

  3. 1. Жақсы сөз .(жарымырыс)

  4. Балаға өз тіліңмен сөйлеме, ( өз тілімен сөйле.)

  5. ....бар үйдің жеңгесі сүйкімді. (Қызы)

  6. Өле жегенше, (бөле же)

  7. Ағаш тамырымен мықты, (Адам досыменмықты)

Жүргізуші: -Біз мәңгілік сіздерге,аналар борыштармыз дегім келеді.Сіздерге балалық жүректен мың да бір алғыс. Мерекелеріңіз тағы да құтты болсын!

Жан анам,құтықтаймын мереке күніңмен.

Көктемнің құлпыра бер нар гүлімен.

Өрлесін елдің берген бақыт бағы.

Жазбасын шат көңілін ақ күніңмен

деп орындауындағы «Тока - тока»биін қабыл алыңыздар.


Жүргізуші: Анам менің аялап, әлдилеген



Түн ұйқысын төрт бөліп мәпелеген

Дәмің кетпес ақ сүтің аузымдағы

Қалайша ұмытамын бал татыған

 Анашым алдыңызда қарыздармын

Өтеуден оны ешқашан қашпағанмын

Ананың баласына махаббаты

Мәңгілік алаулаған шам-шырағы.


Жүргізуші: Әр ана мен баласының арасында, көзге көрінбейтін жіппен байлап қойған сияқты, байланыс болады дейді. Келесі кезекте аналарымызға арналған жұмбақ сайыс ұсынғымыз келеді. Нағыз ана өз баласын көзін жұма тауып алады деп сенеміз. Сондықтан, құрметті анлар, тақтаға назарларыңызды аударуларыңызды сұраймыз! (Интерактивті тақтада балалардың мүшелері ғана көрсетілген презентация көрсетіледі. Әр ана өз баласын тауып алуы тиіс). 

Жүргізуші: Көріп отырғанымыздай сіздер бұл тапсырманы керемет орындадыңыздар. Ендеше келесі кезекті «Қазақ биіне» кезек берейік.


Көрініс:   «Қарт пен бала әңгімесі»

 

Баласы: -Ата,ата, маған сұрақ қойыңызшы.

Атасы: -Балам, үйдің алтын қазығы кім?

Баласы: - Ата, үйдің алтын қазығы-бала.

Атасы: -Жоқ балам, үйдің алтын қазығы-ана. Ана ақылды болса, бала дана

болады.Ана тәрбиесі-қызға үлгі, әке тәрбиесі-ұлға үлгі. Ана-ақылшың, әке-

қамқоршың, аға-қорғанышың, інің-сүйенішің, қарындасың-қанатың екенін

ұмытпа.

Атасы: -Балам , жоқты бар, ашты тоқ ететін кім?

Баласы: -Ата, жоқты бар, ашты тоқ ететін-мейірімді әке.

Атасы:-Жоқ,балам, әке қанша  мейірімді болса да ананың жаны бөлек. Ашты тоқ,

жоқты бар ететін ол-ана. Анасыз бала ұйықтамайды, қатықсыз айран

ұйымайды.

Атасы:      Ал, балам, өмір сүруүшін не қажет?

Баласы: — Ата, өмір сүру үшін алтын, ақша, мал қажет.

Атасы: — Жоқ, балам, өмір сүру үшін су,от, тұз, қыз, ақыл қажет.

Су-тіршіліктің нәрін

береді, от-өмірге жалын береді, тұз-астың дәмін келтіреді, қыз-өмірдің сәнін

келтіреді, ақыл-өмірдің мәнін келтіреді.





Пікірталас сұрағы: Балалар бұл көріністен не байқадыңдар?

Жүргізуші: Келесі кезекті «Ұлдар биіне» берейік.

Жүргізуші: Ана деген адамға Атамекен.

Әр адам анаменен адам екен.

Бір өзіңе көрсеткен жақсылығым.

Бір күнгі тәтті ұйқыдан садаға екен.

Жүргізуші: Ата – анамен ойын

Жүргізуші: Аналар мерекесінде барлық аналарға құрмет көрсетіп, тағзым ете отырып, кешімізді аяқтаймыз.

 Таң шуақ тәуелсіздік елімізде,

Бақ- дәулет шалқи берсін жерімізде.

Аман-сау болайықшы көріскенше

Көк байрақ, желбірей түс көгімізде!

Оқушылар аналарына арнап жасаған ашық хаттарымызды табыстайқ

 

 






Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
04.04.2019
719
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі