жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Ана - өмірдің шуағы.
Тақырыбы:
Ана -
өмірдің шуағы.
Мақсаты:
Ана - өмірдің
шуағы, ана - өмір гүлі, анаға тек ұлылық тән екенін ұғындыру. Анаға
деген бала махаббатын ояту: Анасын сүю арқылы еліне, жеріне деген
сүйіспеншілігін арттыру. Оқушыларды аналардың еңбегін бағалай,
құрметтей білуге тәрбиелеу.
Көрнекілігі:
көріністер,
әндер, суреттер, ойынға қатысты көрнекіліктер, буклет. Плакатқа
жазылған нақыл сөздері.
Барысы:
Ұйымдастыру
кезеңі: Оқушыларды
сахна төріне тұрғызу.
Иса:1-
жүргізуші. Құрметті асыл аналар, әжелер мен
қыздар!
Сіздерді көктемнің алғашқы айында еліміздің
барлық жерінде
тойланатын
8 - наурыз әжелер, аналар, қыздар мейрамымен
шын жүректен
құттықтаймыз.
Нұрай
:2 – жүргізуші. Сіздерге әлемнің нұрын,
өмірдің гүлін, көктемнің шуағын тілейміз. Мына жарық дүниенің мәні
де, сәні де
сіздерсіздер!
Иса:1 – жүргізуші. Ананың тілегі, ананың жүрегі,
ананың махаббаты, ананың ыстық құшағынан қасиетті ештеңе жоқ. Ең
ыстық күннің нұры да, ананың шапағат мейіріміне
жетпейді.
Нұрай
:2 – жүргізуші. Анаңды Меккеге үш рет арқалап
барсаң да, қарызын өтей
алмайсың.
Иса:1 – жүргізуші. Иә, дұрыс айтасың. Біздің
әрқайсымыз үшін өмірдегі ең жақын, ең әзиз жан ол –
анамыз.
Нұрай:
2 – жүргізуші. Бүгінгі 8 - наурыз – аналар
мерекесіне арналған «Ана - өмірдің
шуағы» атты мерекелік кешімізді ашық деп жариялауға
рұқсат етіңіздер! Барлық өнеріміз аналар сіздер
үшін.
Иса:1 – жүргізуші. Бүгінгі мейрамда көктемдей
көңіл сыйлайтын оқушыларымыздың аналарға арнаған өлең шумақтарын
қабыл алыңыздар.
Данел
Сенен өскен
балалар,
Батырлар мен
даналар.
Құттықтаймыз
мейраммен,
Құрметті, жан
аналар!
Кеңесбек
Алихан
Ана дейміз бәріміз де
аңқылдап.
Ана дейді жас
сәби де жарқылдап.
Ана деген –
бәйтерегі өмірдің
Ана деген –
алтын қазық, алтын бақ.
Айым
Ана деген асыл
жандар болаттай,
Ана деген
мөлдір жандар бұлақтай.
О, адамдар
қадірлей біл ананы,
Жат қылыққа
ақыл ойды тонатпай.
Нұрланұлы
Мүсілім
Ана десем шешек
ашып жанары,
Өмірімнің
бастау алар жанары.
Ана деген
тіршілікке пана боп,
Әрбір үйде
жұлдыз болып жанады.
Нұрай:2 –
жүргізуші.
Көңілің Алатаудың ақ
қарындай,
Мейірімің күннің шуақ
шақтарындай.
Қалайша аяулы ана тына
алармын,
Ән болып сағыныштан ақтарылмай, — деп абзал
аналарымыз бен қырмызы қыздарымыздың
құрметіне Арысбай
Исаның орындауында
«Анашым»
атты әнін қабыл
алыңыздар!
Нұрай:
2-жүргізуші.
Алақаны жылылықтан
балқыған,
Бір күлкісі бар әлемді
шарпыған.
Бұл сезімге ие болған барша
жұрт,
Әрқашан да мол байлықта шалқыған, – дей
отырып ұл-қыздарыңыздың жүрекжарды тілектерін қабыл
алыңыздар!
Жалғас
Ана деген
ақылшың,
Анаң барда
батырсың.
Қасыңда кім болса
да,
Тек анаңа
жақынсың.
Алдияр
Ақыл құйған
санама,
Күннен артық,
расында.
Күн алыста, ал
анам,
Ылғи менің
қасымда.
Әділхан
Шалқып, тасып
әніміз
Жадырасын
жанымыз,
Ана сені
құттықтап,
Әндетеміз
бәріміз.
Сандуғаш ана туралы тақпақ.
Иса: 1- жүргізуші.
Мерекеге арналады бүгін
билер.
Көтерілсін, қанекей, көңіл
күйлер.
Алдарыңызда қазіргі үнді
биі,
Таң қалдырып қанекей би билеңдер, – демекші,
ендігі кезекте «Үнді биі», қабыл
алыңыздар!
«Үнді
биі» (Алуа)
Ойын: «Жылы сөздер». Аналар өз балаларына берілген әріптерден басталатын жылы сөздер айтады.
Иса:
1 - жүргізуші: Ана ол біздің елде ардақты
адам,
Кішісі де, үлкені де
ардақтаған.
Өзінің аяулысы да Отанын
да,
«Ана» деп біздің халық текке айтпаған, – деп
кезекті көрініске
береміз.
Көрініс «Әжесі мен
немересі» «Дүниеде не
қымбат?»
Немересі: - Әже деймін,
әже,
Сұрақ қойғым келеді
сізге.
Мен түсінбейтін бір жәйт
бар.
Түсіндірші соны
бізге.
Бірінші сұрағым
сізге:
Дүниеде не
қымбат?
Әжесі: - Адам қымбат,
қалқам.
Немересі: - Адамға не
қымбат?
Әжесі: - Бала қымбат,
қалқам.
Немересі:- Балаға не
қымбат?
Әжесі: - Ана қымбат,
қалқам.
Немересі: - Иә, десеңші
әже!
Түсінбеппін осы
жайды.
Тағы бір сұрағым бар
сізге,
Қатты мен жұмсақ
жайлы.
Әжесі: - Сұрай ғой, қалқам. Не сұрасаң да
жауап берейін.
Немересі: - Әже дүниеде не
тәтті?
Әжесі: Ананың сүті
тәтті.
Немересі: - Дүниеде не
қатты?
Әжесі: - Атаның жүрегі
қатты.
Қарағым, сауал қойдың көп
маған.
Бір ақыл айтайын
саған
Тату болса – ағайын
жақын,
Ақылшы болса - апайың
жақын.
Бауырмал болса - інің
жақын,
Алдыңа тартқан адал
асың,
Қимас жақын
қарындасың.
Немересі:- Түсіндім, әже. «Дүниеде не қымбат
екенін?» енді мен
айтайын:
Алтын ұяң - Отан
қымбат,
Құт берекең - атаң
қымбат.
Аймалайтын - анаң
қымбат.
Мейірімді - әжең
қымбат.
Асқар тауың - әкең
қымбат.
Бәрінен де ұят пенен ар
қымбат!
Нұрай :2 – жүргізуші.
Теңіздей тербетіліп көл
бетінде,
Биші қыз билеп кетті
тербетіле.
Аққудай қалықтаған
теңіздегі,
Биші қыз өз өнерін көрсетуде, — дей отырып
келесі кезекті мың бұралған бишімізге
береміз. Сахнада
«Снежинки» биі қабыл
алыңыздар.
(би Мадиана).
Маман Айсана
: Ана деген
адамға Атамекен.
Әр адам
анаменен адам екен.
Бір өзіңе
көрсеткен жақсылығым
Бір күнгі тәтті
ұйқыдан садаға екен.
Асылхан:
Ана деген — асыл жандар
болаттай,
Ана деген — мөлдір жандар
бұлақтай.
О, адамдар, қадірлей біл
Ананы,
Жат қылыққа ақыл-ойды
тонатпай.
Дәулет:
Ана дейміз бәріміз де
аңқылдап,
Ана дейді жас сәби де
жарқылдап.
Ана деген бәйтерегі
өмірдің,
Ана деген — алтын қазық, алтын
бақ.
Иса: 1 - жүргізуші:
Құлақтан кіріп, бойды
алар,
Әсем ән мен тәтті
күй.
Көңілге түрлі ой
салар,
Әнді сүйсең, менше сүй, – деп, Абай атамыз
айтқандай Есентұр
Алуаның орындауындағы
«Әже»
әнін қабыл
алыңыздар.
Санжар:
Мереке құтты болсын,
аналарым,
Мәпелеп,еркелеттің,аяладың
Лебізіңе алғысты айта
келе
Ән жырымды қабыл ал
аналарым!
Қайролла
Алихан: Дүниедегі ең ардақты асыл
жан,
Анам менің мәпелеген
жасымнан
Мен қуансам қуанады ол
бірге
Мен қиналсам табылады
қасымнан.
Арыстан:
Маған қымбат жан жоқ сірә
анадан,
Бар жақсылық аналардан
тараған
Жер бетіне өмір нәрін
себуші
Ана алдында борышты ғой бар
адам.
Шапағат
: Ана десем – шешек атып
жанары
Өмірімнің бастау алар жаңа
әні
Ана деген тіршілікте пана
боп
Әрбір үйде жұлдыз болып
жанады.
Айбек: Аналарды ардақтаған халқымыз
Ертендерге жалғанады салтымыз
Аналардың , арулардың қызығы
Құтты болсын 8- ші наурызыңыз.
Аян: Сіздер барда жүректерде жылу бар
Көктемдегі гүлдей жайнап тұрыңдар
Құтты болсын мерекесі көктемнің
Құтты болсын тойларыңыз аналар!
Нұрай: 2 - жүргізуші:
Теңіздей тербетіліп көл
бетінде,
Бишіміз билеп кетті
тербетіле.
Аққудай қалықтаған
теңіздегі,
Бишіміз бар өнерін көрсетуде, — дей отырып
келесі кезекті мың бұралған бишімізге
береміз.
(Би Аянат)
Иса: 1- жүргізуші.
Ана деген жан
екен,
Ана деген ән
екен.
Ұстаз-ана,
әжелер,
Үстем болсын мерейің, – деп ортаға аналарды
шақырып, келесі кезекті «Тапқыр бала» ойынына
береміз. 3 ана,
3бала жетеді
(Оқушылар көзін орамалмен байлаймыз. Өз аналарын табуы керек).
Нұрай:
2 -
жүргізуші:
Дүниедегі ең кемеңгер
дананы
Ана табады, аялайды,
бағады.
Сол үшін де құдіретіне бас
иіп,
Құрметтейік қасиетті ананы,-деп ақын
ағаларымыз жырлағандай биге назарымызды
аударайық.
(Жанел
би)
Абдурахман
Достықты біз
ойлаймыз,
Бірге күліп
ойнаймыз.
Қыздарды да
құттықтап,
Мерекесің
тойлаймыз.
Иса:1-жүргізуші. Ал ендігі кезекте, біздің
сыныптың ер жігіттері қыздарды құттықтап жіберсек
дейміз.(Би
ұлдар)
Нұрай:2 - жүргізуші: Ардақты, аналар, әжелер мен
апалар! Сіздерге осынау мерейлі мереке тек қана игі жақсылықтар
әкелсін.
Иса:1 - жүргізуші: Деңдеріңізге саулық,
бала-шағаларыңызға амандық тілейміз. Жүздеріңізден күлкі қуаныш пен
шаттықтың нұры кетпесін. Еңбектеріңіз табысты болып,
шаңырақтарыңызға құт – береке
дарысын!
Екеуі бірге:
Аспанымыз ашық, мемлекетіміздің іргесі берік болсын!
Мұғалім: Құрметті аналар енді біздің қыздар мен ұлдардың сіздерге арнап дайындаған сыйын қарсы алыңыздар!

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген