400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

«Ана - өмірдің шуағы»

Материал туралы қысқаша түсінік
«Ана - өмірдің шуағы» ашық тәрбие сағаты, сынып жетекшілеріне көмек
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Ана - өмірдің шуағы»


Көрнекілігі:

Зал мерекеге сай әсем безендірілген.Әр сынып шығарған қабырға газеттері,шармен безендіру,нақыл сөздер, оюлар, гүлдер, аналар туралы нақыл сөздер:


1. «Дүниеде ана махаббатынан қасиетті нәрсе жоқ. Оның алдында адамды ынтықтырушы өзге дүниелер әлсіз келеді».

3. Әлемде өзгермейтін үш - ақ зат бар, ол ананың ақ сүті, күннің нұры, сәбидің күлкісі. М.Горький


  1. жүргізуші

Ардақты да аяулы аналар, құрметті ұстаздар сіздерді 8- Наурыз Халықаралық әйелдер күнімен құттықтаймыз. Сіздерге зор денсаулық ұзақ өмір , еңбекте табыс және де жанұяларыңызға бақыт тілейміз. Енді өздеріңіздің балаларыңыз дайындаған «Ана - өмірдің шуағы» атты ашық тәрбие сағатымызды тамашалаңыздар .


  1. жүргізуші

Ана , Ана, Ана! . . . .

Не деген мейірлі, не деген шапағатты сөз еді. Осынау үш әріптен құралған қасиетті сөздің түп төркінінде қаншама ұлы сезім жатыр десеңізші . Сезім мен қасиетті бар махаббат пен шапағатты сыйдырып тұрған ұлы ана сезімін қадірлемейтін жан бар ма екен өмірде? Жақсылық атаулының барлығы да ананың сүтінен жаралған. Олай болса, бүгінгі тәрбие сағатының тақырыбы да осы қасиетті ана есімі болмақ. Бүгінгі айтылатын ақ тілек,жылы сөз,күмбірлеген күй,шырқалатын ән сіздерге арналмақ.

Қабыл алаыңыздар: Аяулым орындайды


1 жүргізуші

Ана есімін ауызға алмайтын адам баласы жоққа тән.

Бұл есім жер шарындағы күллі адамзатқа тиесілі.

Жердің өзіне де Жер-Ана деп теңеу айтып жүрген жоқ па?

Ана халқына ғұлама атаулының бәрі де жүректерінен жарып шыққан асыл сөздерін қалдыруы сондықтан.

Құрметтейік,о адамдар,аналарды,

Бізді өмірге әкелген даналарды.

Себебі ана деген асыл жан ғой,

Ойлауменен істелік әр қадамды. деп Расул екеуіміздің сіздерге тарту -әнімізді қабыл алыңыздар.


2 -жүргізуші

-Бүгінгі күн,жер бетіндегі барлық аналардың қуаныш,шаттық мерекесі . Адамзат ең алдымен ана алдында қарыздар.Ана қарызы алтынға бөлеуді,ақ орда салуды қаламайды,ана баласының ер жетіп,адам болуын қалайды.Анаға одан артық тартудың қажеті жоқ.

Балаларыңыздың дайындаған көріністерін тамашалаңыздар

1-жүргізуші

Сенен өскен балалар,

Батырлар мен даналар.

Құттықтаймыз мейраммен,

Құрметті, жан аналар! деп Әлібектің орындауында ___________ қабыл алыңыздар


1 жүргізуші

-Ана баласының ғана қорғаушысы емес,ол адамзат атаулының амандығын тілеп,сол үшін күреске шығады. Сондықтан дүние жүзілік ойшылдары 8-наурызды-халықарылық әйелдер күні деп белгіледі. Жақсы,жақсы тілек айтамыз.Күн сайын айтсақ та,қуантсақ та,көңілің жарасар еді.

Келесі кезекті ана жайлы өлең- жырларға берейік.

1.М.Мақатаев:«Шеше сен бақыттысың»өлеңінен үзінді

Шеше! .Сен бақыттысың,жыламаған,

Жай түсіп жатқанда да құламадың.

Тәңіріңнен мен едім ғой сұрағаның.

Сондықтан жыламаған,жыламағын.

Бармын ғой.

Тірімін ғой.

Қасыңдамын.

Өлмеймін,мен өзіңдей асылданмын.

Таусылып өз-өзіңмен шашылмағын,

Байырғы берекеңді қашырмағын.

Мен сенің қанықпын ғой көз жасыңа.

Өзім кепіл тот басып тозбасыңа,

Екі жыр жазсам саған арнап,

«Шеше»деп жаздым ылғи сөз басына,

Тәңірім кеше көрсің кесірімді,

Аспанға жазам сенің есіміңді,

Шеше!

Сен бақыттысың,тербете бер,

Құба талдан иілген бесігімді.


2.Халықта батыр да өткен,бағлан да өткен,

Ел едік ата текті мақтан еткен.

Жеті атасын білген ер азамат деп.

Бабалар өсиет қып айтып кеткен.

Бұл пәниден жақсы да,жаман да өткен.

Жиын той болмап па еді бізде көптен.

Қол соғып ел-жұртым демеп отыр.

Сөз қозғайық аналарға ізгі ниетпен.


3. Нұрын шашқан күнімсің ғой жан анам,

Бар шуағын баласына арнаған.

Бір өзіңнен қуат алып өмірде

Сенің салған сара жолды жалғағам.



Айымсың ғой жарық қылар түнімді,

Жұлдызымсың сәнді еткен көгімді.

Бір Алладан саулығыңды тілеумен

Атқызамын әрбір ғажап күнімді.



Қымбат жансың, мен үшін ең асылсың!

Аллам сенен жамандықты қашырсын.

Әкемменен мәңгі шалқып бақытқа

Жастарыңды жүзден дағы асырсын!



Тілегімнің бастауы да бір өзің,

Мейiрiмге толы мынау нұр жүзің.

Сен жанымда болған кезде әр сәтім

Жаздай жайлы қысым менен сұр күзім.



Бақытымсың, жаным анам, жан анам,

Мен өзiңдi періштеге балағам.

Ауырмашы, қартаймашы ешқашан.

Мақсатыңа жетші әр кез қалаған.



Өзіңсің ғой өмірімнің тірегі.

Аман жүрсең - маған сол гой керегі.

Бақытты бол, ауырма деп тілейді

Сәбиiңнiң жұдырықтай жүрегі!


2 жүргізуші

-Біз мәңгілік сіздерге,аналар борыштармыз дегім келеді.Сіздерге балалық жүректен мыңда бір алғыс. Мерекелеріңіз құтты болсын!



3.

Бойыңа бар сұлулық жиналғандай,

Мүсінің ақ мәрмәрдан құйылғандай.

Жарқ етіп шыға келген ел алдында,

Биші қыз ғажап еді биің қандай! – деп келесі кезекті биге береміз.

Флешмоб



6. Алатаудың ақ қарындай,

Мейірімнің күннің шуақ шақтарындай.

Қалайша аяулы ана тына алармын,

Ән болып сағынышым ақтарылмай – деп

Асыл мен оның достарының сіздерге тартуы -----------әнін қабыл алыңыздар


7.  Арулар-аяулылар,ардақтылар.

Өмірдің жылуы боп қалмақ бұлар.

Арулар-тіршілікке күре тамыр.

Өмірді бір-бірімен жалғап тұрар.


Қарызбын қашанда ақ сүтіңе ,

Қиындық көрсем де табынатын

Анашым, ақылшым бір өзіңе

Алғашқы әнімді де арнадым – деп аналарымызды , қыздарымызды құттықтауға рұқсат етіңіздер!

Аналарға сұрақ

1. Балдан тәтті не? (бала)

2. Қара шаңырак иесі кім? (кенже ұл) 

3. Балаға кім сыншы?  (ата)

4. Әкеден балаңа берілетін зат (мұра)

5. Үйдегі алтын адам кім?  (ана)

6. Тәрбие мен білімнің ордасы ( мектеп)

7. 18 жасқа толмаған адам ( бала)

8. Екі адамның бір-біріне деген адалдығы ( достық)

9. Бес асылды атаңыз  (талап, еңбек, терең ой, қанағат, рақым)

10. Үш арсызды ата? ( ұйқы, тамақ, күлкі)



« Анаға үй шаруасында қажет зат» ойын








Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
20 наурыз
646
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі