400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ана - өмірдің шуағы

Материал туралы қысқаша түсінік
Сынып сағаты арналған материал
Материалдың қысқаша нұсқасы


Тақырыбы: Ана – өмірдің шуағы.

Мақсаты: Оқушылар бойына 8 наурыз мейрамын құрметтеу, қастерлеу

сезімін дамыту. Оқушыларды мейірілімділікке, аналардың

аналардың өлшеусіз еңбегін бағалай білуге тәрбиелеу. Анасын

сүю арқылы еліне, жеріне деген сүйіспеншілігін арттыру.

Дүниедегі жақсылық атаулының бәрі ана күшінің нұрынан,

ананың мейірімінен тарайтынын ұғындыру. Жалпы барлық

аналарға деген, қыздарға деген сыйластыққа тәрбиелеу.

Оқушылардың бойындағы өнері мен талабын артыра түсу.

Көрнекілігі: Жалаушалар, шарлар. Ана, бала, отбасы жөнінде нақыл сөздер

жазылған плакаттар: «Анасыз үй – сусыз диірмен»,

«Анаң – асыл қазынаң, әкең – асқар тау»,

«Ана алдында – құрмет, ата алдында - ізет».

Жүргізуші: Адам баласы үшін ең аяулы, ең қастерлі сөз – ана. Бала дүниеге келген күннен бастап өзінің жұмсақ алақаны, жылы жүзі, ыстық құшағы, мейірім толы көзқарасы арқылы барлық сүйіспеншілігін, мейірімділігін, махаббатын бере білген аналар үшін жер дүниені мекендеген адамзат қауымы бір күнді мейрам етіп белгілеген. Ол – 8 наурыз мерекесі.

Армысыңдар, ардақты да қадірлі, аяулы да сымбатты біздің аналар, ұстаздар, ару қыздар. Өздеріңізге арналған мерекелік сынып сағатымызға қош келдіңіздер! Мерекелеріңіз құтты болсын, ардақты аналар!

1-оқушы :

Халқымызға билік айтар даналар,

Даналардың өзі анадан жаралар.

Жүрегінің бір бөлшегі – бала үшін,

Сізден жарқын адам бар ма, аналар!?

Балаға ең жақыны сіз ғой, ана,

Сіздің ыстық құшағының бізге пана.

Сіздерге теңестірер еш нәрсе жоқ,

Теңесе алар бір-ақ нәрсе – Отан ғана!

2-оқушы:

Мен өзіңмен қайда болсам біргемін.

Махаббатың жүрегімде жүр менің.

Күн нұрындай жадырай бір күлгенің,

Қандай жақсы ортамызда жүргенің!

Ер жеткізіп, елге берген баласын

Ақылдысың, ардақтысың, данасың!

Қарайтыным – қас-қабағың бір сенің,

Қайратыңнан қайта көрме, анашым!

3-оқушы:

Шын жүрек, ақ көңілмен,

Алғашқы көктемнің күлімдеген

Құттықтаймыз 8 наурыз мерекесі

Халықаралық әйелдер күніменен!

4-оқушы:

Наурыз – мейрам, жүректерге нұр сепкен,

Маңдайымнан сүйіп жатыр күн көктем.

Жарығыңмен, шуағыңмен, Күн-Ана,

Алып келдің Жер бетіне гүл көктем!

Оқушылардың аналарына арнаған бейнежазбасын тамашалайық.

5-оқушы:

Бәрі де, ана, бір өзіңнен басталады,

Сендер жазған ақындар жыр дастаны.

Сендер жазған әндері самғай түсіп,

Жүрегіне із тастар әр адамның.

6-оқушы:

Табиғат тауып келісім,

Жүректің мұзы ерісін.

Қуаныш кернеп ел ішін,

Аналар күні тойлансын!

Өлең «Анашым, ана жаным»

7-оқушы:

Жадырап тұр бүгінде берекеміз,

Бір тамшы білімді көл етеміз.

Еңбегіңіз әрдайым жемісті боп,

Құтты болсын бүгінгі мерекеңіз!

8-оқушы:

Армысың, ару қыздар, абзал ана!

Анаға тең келетін бар ма дана?!

Мерекең бүгінгі күн құтты болсын!

Қуанышпен құшақтарға көңіл толсын!

9-оқушы:

Тіршілік шыққан күннен нәр алады,

Ананың ақ сүтінен жаралады.

«Анама» деп салған әні

Аналар, бір сіздерге арналады.

Жанары жалын, жүзі гүл,

Жүрегі толған мейірім, нұр.

Еңбекте асып, жүлде алған,

Өнерде озып, жыр жазған.

10-оқушы:

Теңдесі жоқ данасың,

Арқа тұтар панасың.

Еңбегіңді ақтайын,

Аман болшы, анашым!

Бар өмірдің жүрегі,

Өзің алтын ордасың

Тілегімнің тірегі,

Уайымың болмасын!

Мақалды жалғастыр ойыны

1.Алып анадан туады, Ат биеден туады.

2.Батамен ер көгерер, Жаңбырмен жер көгерер.

3.Қыз өссе елдің көркі, Гүл өссе жердің көркі.

4.Ана алдында құрмет, Ата алдында қызмет.

5.Ананың ізін қыз басар, Атаның ізін ұл басар.

6.Отан отбасынан басталады.

7.Анаңа ауыр сөз айтпа, Атаңа ауыр жүк артпа.

8.Әдепті бала – арлы бала.

9.Анадан артық дос бар ма?

Ашудан жаман қас бар ма?

10.Ананың көңілі балада, Баланың көңілі далада.

11.Ата – баланың қорғаны.

12.Анасыз өмір - сөнген көмір.

11-оқушы:

Алақаны – ақ самал,

Мәпелеген, жан ана.

Көкте күнім батса да,

Өзің күнсің балаңа!

12-оқушы:

«Ана» дейміз бәріміз де аңқылдап,

«Ана» дейді жас сәбиде жарқылдап.

Ана деген – бәйтерегі өмірдің,

Ана деген – алтын қазық, алтын бақ.

Ана деген – асыл жандар болаттай,

Ана деген – мөлдір жандар бұлақтай.

О, адамдар, қадірлей біл Ананы

Жат қылыққа ақыл-ойды тоқтатпай!

Өлең «Туған ел»

13-оқушы: Анамызға деген біздің көңіліміз, мейіріміміз ұшан теңіз. Анамыздың көңілі шат, жүзі жарқын, дені сау болуын әрқашан тілейміз. Сіздерді аналар мерекесіен шын жүректен құттықтаймыз!

14-оқушы: Ардақты аналар, апа-қарындастар! Сіздерге осына ау мерейлімереке тек қана игі жақсылықтар әкелсін. Дендеріңізге саулық, бала-шағаларыңызға амандық тілейміз!Жүздеріңізден қуаныш пен шаттықтың нұры кетпесін. Еңбектеріңіз табысты болып, шаңырақтарыңызға құт береке дарысын!



Жүргізуші: Осымен өздеріңізге арналған мерекелік кешіміз аяқталды. Қош, сау болыңыздар. Мерекелеріңіз құтты болсын, ардақты аналар!




Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
03.04.2019
378
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі