№60
жалпы білім беретін орта мектеп
«Ана
- өмірдің шуағы»
Дайындаған
және өткізген:
мектепалды
даярлық 0«Г» топ тәрбиешісі
Утешева
Гулбану Жалгасбековна
Ана
- өмірдің шуағы.
Мақсаты:
Ана - өмірдің шуағы, ана - өмір гүлі, анаға
тек ұлылық тән екенін ұғындыру. Анаға
деген бала махаббатын ояту: Анасын сүю
арқылы еліне, жеріне деген сүйіспеншілігін
арттыру. Оқушыларды аналардың еңбегін
бағалай, құрметтей білуге
тәрбиелеу.
Ұйымдастыру
кезеңі: Оқушыларды
сахна төріне тұрғызу.
1-жүргізуші:
Біз
ғана емес, қадір тұтқан бабалар.
Аналардан
туған небір даналар.
Ана деген
тіршіліктің тірегі,
Армысыздар,
қасиетті аналар!
Кеш
жарық, қымбатты ұстаздар, аналар, арулар!
Көңілдеріңізге көктем шуағындай сезім
мен нұр құйып, тағы да 8 наурыз халықаралық
әйелдер күні келді. Осынау көркем
мерекенің қай кезде де орны бөлек. Олай
болатыны, аналарға деген ыстық сезім,
алғыс пен құрмет ешқашан сөнбек емес.
Олар – өмірдің гүлі, көңілдің жыры, әр
отбасының алтын діңгегі. Мынау тынымсыз
тіршілік пен кең дүниенің өзі тек
аналармен ажарлы. Бүгінгі арайлап атқан
нұрлы таңмен бірге әрбір сәби жүрегі
өзің деп соқса, бүгінгі мерекелік
«
Ана – өмірдің шуағы» атты кешімізді
ашық деп жариялаймын! Қош келдіңіздер!
1-жүргізуші:
Ақ
тілекті ағытып бір тастайық,
Аналардың
мерекесін бастайық.
Көздеріңнен
көрем шаттық арайын,
Өтсін солай
әрбір күнің, әр айың, – дей келе құттықтау
сөз кезегі :
1-жүргізуші:
Десек
те уақытпенен жарыспайды,
Қияға
қиялменен қарыштайды.
Шәкірттер
шын жүректен тебіреніп
Өнерлерін
анаға бағыштайды, - дей келе ортаға
...сынып оқушыларының сіздерге арналған
тартуларын қабыл алыңыздар. 8 бала жаттау
айтады.
1-жүргізуші:
Көңілің
Алатаудың ақ қарындай,
Мейірімің
күннің шуақ шақтарындай.
Қалайша
аяулы ана тына алармын,
Ән болып
сағыныштан ақтарылмай, - деп абзал
аналарымыз бен қырмызы қыздарымыздың
құрметіне орындауында «Біздер үйдің
гүліміз» атты әнін қабыл алыңыздар! Хор
1-жүргізуші:
Ару
- Ана өмірдің асылдары,
Жайнасын
көңілімнің жасыл бағы.
Сендер үшін
ән мен жыр шырқалуда,
Сендер үшін
мереке шашулары, дей отырып сіздерге
арналған өлең жолдарын қабыл алыңыздар.
1-жүргізуші:
Ана
деген жан екен,
Ана деген ән
екен.
Ұстаз-ана, әжелер,
Үстем
болсын мерейің, – дей
келе, Айдананың орындауында «Тәй-тәй»
әнін қабыл
алыңыздар.
(
Көрініс
қою)
1-жүргізуші:
Ана
дейміз бәріміз де аңқылдап.
Ана
дейді жас сәби де жарқылдап.
Ана
деген – бәйтерегі өмірдің
Ана деген
– алтын қазық, алтын бақ – дей отырып
сіздерге арналған өлең жолдарын қабыл
алыңыздар.
1-жүргізуші:
Ару
- Ана өмірдің асылдары,
Жайнасын
көңілімнің жасыл бағы.
Сендер үшін
ән мен жыр шырқалуда,
Сендер үшін
мереке шашулары - дей отырып келесі
кезекті Қадырбектің орындауында әсем
әнге береміз.
1-жүргізуші:
Теңіздей
тербетіліп көл бетінде,
Бишілер билеп
кетті тербетіле.
Аққудай
қалықтаған теңіздегі,
Бишілер
өнерлерін көрсетуде, - дей отырып ұлдардың
«Бабушки» биін қабыл алыңыздар.
1-
жүргізуші.
Әркімнің
де өмірден аласы бар,
Аласы бар адамның
анасы бар.
Мерекесін құттықтап
аналардың,
Өнерлерін жолдайтын баласы
бар,- дей отырып «Анашым ана жаным» атты
әсем әнді қарсы алыңыздар! Хор
1-жүргізуші:
Ана
баланың амандығын, бақытты, абыройлы
болуын тілейді. Бойымыздағы ең жақсы
қасиеттер бізге алдымен анадан тарайды.
Ендеше, анамызды сыйлап, құрметтейікші!
Осымен бүгінгі «Ана- өмірдің шуағы»
атты мерекелік кешіміз аяқталды. Көңіл
қойып тамашалағандарыңызға көп - көп
рахмет! Келесі кездескенше аман-сау
болыңыздар!
8
наурыз құтты болсын! Тағы да мерекелеріңізбен!