400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ана - өмірдің шуағы

Материал туралы қысқаша түсінік
ана туралы эссе
Материалдың қысқаша нұсқасы





Білдірмесова Асылназ Арсланбекқызы

1 Шұбарқұдық мектеп-гимназиясы

7 «б» сыныбы

Жетекшісі: Амангелді Айғаным Амангелдіқызы

«Ана - өмір шуағы»

Эссе













Ана үш әріптен құралған киелі де қастерлі сөз. Әркімнің анасы бар. Сол аналарды құрмет тұтып, қастерлеу біздің борышымыз. Ана түн ұйқысын төрт бөліп біздерді әлпештеп өсіреді. Біздерді басқа балалардан кем болмасын деп алдымызға барын тосады. Біздер аналарымыздың қадірін білуіміз керек. Ана сүтін ақтамағанды ешкім мақтамайды. Ана бір қолымен бесікті тербетсе, енді бір қолымен әлемді тербетеді. “Алып анадан туады , ат биеден туады” демекші біздің елбасымыз да, елге белгілі әншілеріміз де, жұдырығы балғадай палуандарымыз да, қайтпас қайсар спортшыларымыз да анадан жаралған. Бұл айтылған тұлғалардың барлығы дерлік қанаттыға қақтырмай, тұмсықтыға шоқтырмай өсірген аналарының арқасында осындай дәрежеге жетіп отыр.
Ана деген сөзді естігенде елең етпейтін жан жоқ шығар,сірә?!Ана баласының бақытын,қуанышын аңсайтын жан.Сәбиді өмірге әкелгеннен бастап,түн ұйқысын төрт бөліп,дамылсыз қамын жасап жүреді.Баласының тезірек аяққа тұрып,адам болып кеткенін тілейді.Ал,біз осыншама бақытқа баулып жүрген ананы сыйлап жүрміз бе? Кейбір жасөспірім балалар анасыз шетел жағалап жүргені өтірік емес.Ананың жылы алақанына зәру.Ал,ананың жылы алақанына бөленіп,аяғына тұрған соң,кейбір адамдар анасын тыңдамай,енді бірі анасын бағуға шамасы келмей қарттар үйіне жіберіп жатыр.Бұл не сұмдық.Кезінде , ана,шамасы келмеседе,өсіріп,баққан еді ғой.Ал,біз кімбіз сонда? Міне,ананың шексіз махаббатына осыншама мысал қарастырдық.Ана өмірдегі шексіз бақыт иесі.Ана – бәріне лайық.Ал,біз ананы құрметтеуіміз керек. Ана – мен үшін ең керемет,асыл жан.

8 наурыз – барша әйелдер қауымының күні.Аналар,ұстаздар ,әйелдер күні.Ол күні барша мұсылман халқы әйел адамды құрметтейді.Мен де осы күні анама шын жүректен сыйлық жасаймын.Анам бір қуанып қалады.Анамның осы жүзін көріп,мен де қуанып қаламын.
Ш. Қалдаяқовтың: «Сыйлар ем ай мен күнді, қолыма түспеді»,-деген әні еріксіз еске түседі. Ай мен күнді сыйласаң да артық болмас еді-ау.

Міне, қаншалықты қадірлі жан екені осыдан да көрініп тұрған жоқ па?

Өз парызыңды өтеу, бұл – ана алдындағы парызды өтеу.Қаншама байлық иесі болсаң да, әлемге әйгілі адам болсаң да, анаңды, оның саған жасаған жақсылығын ұмытпау – сенің өмір бойындағы борышың. Қай адам қолынан келген сый – құрметін жасамады десеңші, шіркін! Дүниенің нұры, өмірдің гүлі, қызықтың қызығы – ананың қолында. Ана бір қолымен бесік тербетсе, екінші қолымен әлемді тербетеді. 

Халықта: «Анаңды меккеге үш рет арқалап апарсаң да, қарызыңнан құтыла алмайсың» деген керемет нақылға айналған бұл сөзді, ешуақытта есімнен шығармай келемін.

Иә, мен анам алдында әрқашанда қарыздармын.

Өмірде мен ұқсағым келетін бірде бір жан болса- ол менің анам.

Қорыта айтқанда, барлық адам ана алдындағы парызын өтеп, ақ сүтін ақтап, ананың шашына ақ түсірмей, тек осы киелі жандардың бақытты болуын ойлау керек. Себебі ең бақытты адам – анасы бар адам. Жер бетіне жақсылық нұрын себетін аналарымыз аман болсын!

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
09.03.2021
474
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі