400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ана - өмірдің шуағы, Қыз - өмірдің қызғалдағы

Материал туралы қысқаша түсінік
сынып жетекшілерге
Материалдың қысқаша нұсқасы



1-жүргізуші: Армысыздар, аяулы аналар, құрметті ұстаздар, гүлдей құлпырған қыздар! Барлығымыз асыға күткен көктемнің алғашқы күндерімен бірге 8 наурыз Халықаралық әйелдер күні де келіп жетті. Бұл - бір қолымен бесікті, екінші қолымен әлемді тербеткен аналар мен нәзік жанды қыздар қауымының төл мерекесі.

2- жүргізуші Ана, Ана! Не деген мейірлі, не деген шапағатты сөз еді. Осынау үш әріптен құралған қасиетті сөздің түбінде ұлы сезім жатыр десеңізші! Сезім мен қасиетті, бар махаббат пен шапағатты сыйдырып тұрған ұлы ана сезімін қадірлейтін жан бар ма екен өмірде?! Жақсылық атаулының барлығы да ананың сүтімен жаралған.


1-ж. Сенен өскен балалар,

Батырлар мен даналар.

Құттықтаймыз мейраммен,

Құрметті, жан аналар!

Біздің бүгінгі тәрбие сағатымыз екі бөлімнен тұрады.Біріншісі «Ана – өмірдің шуағы» - оқушылар сіздерге ән-жырдан шашу шашады, екінші бөлім – «Қыз – өмірдің қызғалдағы», яғни ару қыздардың өнер-сайысын тамашалайтын боласыздар.

Ән. ?

1-жүргізуші: Ана деген сөзге лүпіл қақпайтын жүрек, мөлдіремейтін жанар жоқ. Әрбір ана отының өшпеуін, бақытының көшпеуін, шаңырағының құламауын, сәбиінің жыламауын, сұм соғыстың болмауын тілейді.Ана — тіршіліктің гүлі, отбасының берекесі, бүкіл адамзаттың тәрбиешісі. «Ат биеден, алып анадан туады» дейді халқымыз. Дүниеде анасыз адам жоқ. Қаламы жүйрік жазушы да, данышпан ғалым да, ел бастаған көсем де, сөз бастаған шешен де ана көкірегінен нәр алып өскен.

2-жүргізуші: Ана — барлық өмірдің бастауы. Ол өз сәбиін мәпелеп өсіреді, жақсы болуын қалайды. Адам бойындағы барлық асыл қасиеттер күннің нұрынан, ананың ақ сүтінен дариды. Ана — ұлы адам, қасиетті жан. Тіпті айта берсең сөз жетпейді. Ана бір қолымен бесікті тербетсе, бір қолымен әлемді тербетеді деген. Расымен, анасыз өмірді, әлемді елестету мүмкін емес. Әрбір жұмыр басты пенде бұл өмірге келгені үшін анасына қарыздар. Құдайдан кейінгі құдірет иесі — Ана. Сондықтан мына жарық дүниеге әкелген ана алдында бәріміз басымызды иеміз.

Көрініс. Ақсақ Темір мен Ана.

2-Ж. Қазірет пайғамбарға бір адам келіп:

-Мен бір зор күнә істедім. Енді мен үшін тәубе ету мүмкін бе?-деп сұрайды.

Сонда пайғамбар:

-Анаң бар ма? -деп сұрайды.

-Бар,-дейді әлгі адам.

-Онда анаңа қызмет көрсет, - деген екен пайғамбар. Олай болса балаларыңыздың аналар жайлы өлеңдерін тыңдайық.

Оқушылар өлеңдері.

Көрініс. Алдарыңызда «Атасы мен немересі».

1-Ж. Халық арасында ананы қадірлеу, ананың орны туралы даналық сөздер көп. «Кімде-кім ата-анасының ризалығын алған болса, соның өмірі ұзартылады», «Жұмақтың кілті — ананың табанында». Менің ойымша, Ерасыл, осы сөзден кейін есі бар, жер басып жүрген бүкіл адамзаттың анаға бас иіп, тағзым етпеуі үлкен қателік болар еді.

 Тілектер:

Оқушы: Аналар сіздерге рахмет!

Оқушы: Жарық дүниеге әкелгеніңіз үшін

Оқушы:Ақ сүт бергеніңіз үшін

Оқушы:Мейіріміңіз үшін

Оқушы: Қамқор болғаныңыз үшін

Оқушы:Ауырғанда уайымдағаныңыз үшін

Оқушы:Түнде бөлінген ұйқыңыз үшін

Оқушы: Алғашқы сөзіме қуанғаныңыз үшін

Оқушы:Алғашқы қадамыма қуанғаныңыз үшін

Оқушы:Әрбір сәтіме қуанғаныңыз үшін

Оқушы:Мені ойлап уайымдағаныңыз үшін

Оқушы:Мен деп бетіңізге түскен әжім үшін

Оқушы:Үйдегі татулық үшін

Оқушы:Үйдегі береке үшін

Оқушы: Тәлім –тәрбиеңіз үшін

Оқушы:Мен деп ағарған шашыңыз үшін

Оқушы:Маған қорған болғаныңыз үшін

Оқушы:Рахмет сізге!

Оқушы:Рахмет сізге!

Рахмет сізге, Анашым! - барлығы бірге айтады.


Қабыл алыңыздар. Хор. Ана туралы жыр.


Жүргізуші: Енді «Қыз – өмірдің қызғалдағы» атты арулар сайысын бастайық.

1-Жүргізуші:
Мен қазақ қыздарына қайран қалам,
Жанары жаны жаздай жайраңдаған.
«Қыз өссе елдің көркі» деген сөзді,
Қапысыз қалай айтқан қайран бабам.
(Қыздарды таныстырып, ортаға шақыру)


2-Жүргізуші:
Мың бұралған арулар билей басып,
Келеді міне ортаға толқып тасып.
Аруларын сыйлаған халқым менің,
Көңілді қошеметпен қарсы алсын!

1-Жүргізуші:  Шалқытып мерекеде ән салайық, 
Өнерпаз өрендерге тамсанайық.
Әділдікпен шындықты арқа тұтқан,
Әділқазы алқасымен танысайық.

Ендігі сәтте бүгінгі сайысымыздың кезеңдерімен таныс болыңыздар.
1-кезең – «Сәлем – сөздің атасы» – деп аталады, әр ару өзін таныстырады.
Екінші – «Өнерлі өрге жүзер», әр ару өз өнерлерін көрсетеді.
үшінші кезең  Қиялдан туған образ. Арулар өз қолдарынан шыққан киім үлгісін

ұсынады.4. Ою ойғанның ойы ұшқыр

5. «Білімді мыңды жығар» әртүрлі сұрақтар 

6. Қонақ күте білеміз бе? немесе жас аспаз


Құрметті қатысушылар, әділқазы  алқасының  алдынан нөмір алайық та таныстыруды бастайық.

1-Ж. (I кезең.Таныстыру)
Гүл көңілің қуаныштан өрілді,
Жанарыңнан жалын нұры төгілді.
Жыр ұшқындап тұр ғой әне үніңнен,
Көпшілікке таныстыршы өзіңді.

2-Ж (II кезең. Өз өнерін көрсету.)
Ал, кімнің өнері бар қаншалықты,
Би билеп, ал біреулер ән салыпты.
Бүгінгі қыз сынынан бәйге алуға
Арулар аянбай-ақ жан салыпты.

1-Ж ( III  кезең. Сән үлгісі)
Ал, халайық ықыласпен демейік,
Арулардың сән үлгісін көрейік.
Сыры менен сымбатына қарап біз,
Әділдікпен бағаларын берейік.

2-Ж IV кезең. «Ою ойғанның ойы ұшқыр» кезеңі. Берілген ою үлгісін ару қыздарымыз қағазға қиюы керек.

1-Ж V кезең. «Білімді мыңды жығар» (сұрақ-жауап)
Жас ару жас ғұмырдың талғамысың,
Қуантқан әрбір үйдің арманысың.
Дәл бүгін қанат қомдап, сыналарда,
Сан сұрақтан сүрінбей, самғап ұшқын. 

2-Ж. КЕЛЕСІ КЕЗЕҢДЕ АРУЛАР ӨЗ ҚОЛДАРЫНАН ШЫҚҚАН ТАҒАМНЫҢ ҚАЛАЙ ЖАСАЛҒАНЫН АЙТЫП ТҮСІНДІРЕДІ.
 
1-Ж. КЕЛЕСІ «Сұрақ - жауап» кезеңі
Ақылдылық қыздарға жарасады,
Көзі ашықпен бәрі де санасады.
Келесі сұрақ – жауап сайысында
Сыналар білімі мен парасаты – дей отырып, келесі кезекте сұрақтарға жауап берейік.

1-Жүргізуші: Ана әрбір адамның жарық дүниедегі ең жақыны, жанашыры, қадірлісі, қамқоршысы, ақ сүтін емізіп аялаған, жанын да аямаған ардақтысы. Мен ана деген сөзді қанша айтсам да жалықпаймын. Өйткені ол дүниедегі ең ардақты жан. Ана баланы тоғыз ай көтеріп, толғатып, дүниеге келтіріп қана қоймайды, оны көзінің қарашығындай қорғап, аялап өсіріп аяғынан тік тұрғызады. Өмір есігін жаңа ашқан баланың бойына елінің рухын сіңіретін жан – ана. Дүниеде ананың көз жасынан салмақты, одан ауыр таразы басын басатын ештеңе жоқ. Өйткені ананың көз жасы өзінің киесімен ауыр. Ана – тіршіліктің гүлі, отбасының берекесі, бүкіл адамзаттың тәрбиешісі. Анасы жоқ балалар да аз емес. Олар ананың мейірімін, аялағанын ешқашан сезген емес. Ендеше, аналарымызды сыйлап, құрметтейікші!

2-Жүргізуші: Иә, дұрыс айтасың, досым. Қазағым «Қыз –ұлттың жаны» демекші, арулар, ата-аналардың аяулысы, құрбы-құрдастарыңыздың қадірлісі мен қымбаттысы , даламыздың гүлі, өміріміздің  сәні бола беріңіздер.
Өнеріміз сайыста,
Жетелейді алысқа.
Бүгінгі күннің жеңісі,
Достық болып қалуда.
Баршаңызды тағы да 8 наурыз халықаралық әйелдер мерекесімен құттықтай отырып, сайысымызды аяқтаймыз.

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
3 ұстаз жүктеп алған
2 наурыз
720
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі