400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

"Ана - өмірдің шуағы" тәрбие сағатының қмж-сы

Материал туралы қысқаша түсінік
Тәрбие сағатының қысқа мерзімді жоспары
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тәрбие сағаты бойынша қысқа мерзімді жоспар



Тәрбие сағатының тақырыбы

«Ана – өмірдің шуағы»

Күні


Сынып жетекшісі


Сынып


Оқу мақсаты

Тіршілікті жалғастырушы аналардың өмірі, олардың қасиет, құдіреттілігі неде екенін түсіндіру. Ананы сыйлай, құрметтей білуге, аналардың өлшеусіз еңбегін бағалай білуге, сол арқылы еліне, жеріне деген сүйіспеншілігін арттыру. Дүниедегі жақсылық атаулының бәрі күннің нұрынан, ананың мейірімімен тарайтынын ұғындыру. Сол арқылы оқушы бойына инабаттылық , сыпайылық қасиеттерді қалыптастыру.

Құндылықты дамыту

Ар-ұят, ұлттық мүдде.

Пәнаралақ байланыс

Қазақ әдебиеті

Өткізілу формасы

Сайыс сабақ, әңгімелесу, пікірталас

Күтілетін нәтиже

Аналарды құрметтеуді үйренеді.Аналардың өлшеусіз еңбегін бағалай біледі.Еліне , жеріне деген сүйіспеншілігі артады.Инабаттылық , сыпайылық қасиеттері қалыптасады.

Көрнекілігі

Қанатты сөздер, шарлар , гүлдер

Тәрбие сағатының өту барысы:

Тәрбие сағатының жоспарлы кезеңдері

Мұғалім әрекеті

Оқушы әрекеті

Ресурс

Ұйымдастыру бөлімі

5 мин

Саламатсыздар ма , оқушылар.Бүгінгі тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер

(Сынып жетекші тәрбие шарасының тақырыбымен , оқу мақсатымен және күтілетін нәтижемен таныстырады)

Олай болса , ортаға аналарымызды және қыздарымызды үлкен құрмет қошеметпен ортаға шақырамыз.

Фанфары қосылады.


Оқушылар сынып жетекшімен амандасады.Тәрбие сағатының тақырыбымен , оқу мақсаты мен және күтілетін нәтижемен танысады.

Ортаға аналар қыздарымен шығады.

Фанфары

Шарлар

Гүлдер









Негізгі бөлім

35 мин

Сынып жетекші:

-Ана әрбір адамның жарық дүниедегі ең жақыны ,жанашыры , қастерлісі , қамқоршысы , ақ сүтін емізіп аялаған , жанын да аямаған ардақтысы.Мен АНА деген сөзді қанша айтсамда жалықпаймын.Өйткені ол әлемдегі ең ардақты жан.Ана баланы тоғыз ай көтеріп , толғатып дүниеге келтіріп қана қоймайды, оны көзінің қарашығындай қорғап , аялап өсіреді.Ана әрқашан өз баласының амандығын тілеп отырады. Баласының әр жетістігіне марқайып , қуанып , шаттанып жүреді.Адам баласының бойындағы қасиеттері алдымен анадан дариды.Қайран ана , өз баласының жағымсыз қасиеттеріне қарамастан , өз баласын шексіз сүйеді.

Ана- тіршіліктің гүлі , отбасыынң берекесі, бүкіл адамзаттың тәрбиешісі.Олай болса , Аналар мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз.


Ендеше , ұл-қыздарыңыздың дайындаған әдеби – сазды монтажына назар аударайық.





















































































Ән : «Анаым»

Олай болса, негізгі кезеңімізге кезек берейік.

1.Таныстыру.

2. Сұрақ - жауап

3.Мақал – мәтелдер

4.Қол өнер

5. «Ас – адамның арқауы»











Мақал -мәтелдер

Ананың көңілі балада,

Баланың көңілі далада.


Жалғыз баласы атқа шапса,

Атасы ауылда тұрып

Тақымын қысады.


Баланың бас ұстазы — ата-ана.


Ата-ананың сөзі —

Айдын жолдың өзі.

Ақылдының сөзі —

Ақ дарияның өзі.


Бала жетесіз болса,

Ата-анасын жерге қаратады.

Бала жетелі болса,

Ата-анасын елге қаратады.


Қала — халқының салтанаты,

Бала — ата-ананың қолқанаты.



Ата-ананың қадірін

Балалы болғанда білерсің;

Ағайынның қадірін

Жалалы болғанда білерсің.




































«Ана» Фариза Оңғарсынова
Ана үлкен , биік құдірет,
Анасыз өмір өтер , жөні бөлек.
Өмірдегі балалар дүниеде,
Арқасында сол ананың ғанибет.
«Ана» сөзі үш әріптен құралған,
Үш әріпте жатыр ғой бар арман.
Сол арманым орындалып кетсе егер,
Аналарға өмірім, арналып кетер ойлаған.
Есіңде болсын ұлдар, қыздар,
Өз анаңа боласың сен қарыздар.
«Кешіріңдер,құрметті аналар» -
Деп өтеді түсінетін адамдар.

«Жаз дидарлы жас ана» Қасым Аманжолов

«Жаз дидарлы жас ана» ,
Жаныңды тос әр күйге.
Жасара түс жасара,
Бөбегіңді әлдиле.
Шіркін ана қыз туып,
Күн өсірген күн құрсын.
Нұр үстіне нұр жауып,
Өз күніміз құлпырсын.
Теңдік атты терең күй,
Бізден басқа қай елде?
Дүние бүгін басыңды и
Еркін азат әйелге.
Көктен, жерден, теңізден
Жұлдыз емес қыз көрдік.
Ерке сәби емізген,
Айдай ана біз көрдік.
Сұлулық пен махаббат
Не?- деп әркім таласар,
Бақыты бар басы азат,
Адамға олар жарасар. .


«Анама» Мағжан Жұмабаев.
Өмірімнің қап қараңғы түнінде
Еш не білмес, өңім бе, я түсім бе?
Оң менен сол , от пенен су айырмас ,
Күшсіз, әлсіз есім білмес күнімде,--
Құшағыңа алдың сүйдің сен, анам,
Ренжу жоқ, барлық сөзің: «Жан анам!»,
Ыстық-суық , желге – күнге тигізбей,
Асырап, сақтап, болдың, анам, баспанам.
Түнде тұрып, түн ұйқыңды төрт бөлдің,
Тыныш ұйықтасын деп аз сөйлеп, аз күлдің.
Ыңырансам, я қарным аш, я тоңған
Екенімді ойламастан тез білдің.
«Жаным – дедің,-- қарашығым,құлыным,» --
Сүйдің, қыстың, дедің: «Тәтті қылығың!»--
Қаз-қаз тұрсам,езу тартсам,құласам,
Я жыласам – Бәрі жақты қылығым.
Жаным анам – жібек тілді, ақ көңіл,
Жазу болып, шегер болсам ұзын жол,
Шет жерлерде теріс жолдан сақтарға,
Жан балаңа ақ батаңды бере көр!..


Оқушылар хормен ән айтады.


1.Анасы мен қызының таныстыруы

2. Сұрақ-жауап :

-Сіз балаңызды қалай еркелетесіз?

-Балаңызды ұйқыдан қалай оятасыз?

-Сізді балаңыз тыңдпһамаса сіз не істейсіз?

-Балаңыз сізге көмектесе ме?

-Бала тәрбиесіне қатысты қандай қазақы тәрбиені дұрыс деп есептейсіз?

-Қазақтың ырымдарының бала тәрбиесіне қандай пайдасы бар деп есептейсіз?


3. Мақал -мәтелдердің жалғасын табу.


4.Қол өнер.

5. «Ас – адамның арқауы»






Тәрбие сағатының соңы

5 мин

Рефлексия «Жүректен жүрекке»

Соңында аналары мен қыздарына номинациялар арқылы бағалайды.

Аналары мен қыздары тәрбиелік шарадан алған әсерлерін білдіреді.

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
63 ұстаз жүктеп алған
03.05.2024
796
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі