400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

"Ана - тіршілік тірегі!" ашық тәрбие сағаты.

Материал туралы қысқаша түсінік
8 наурыз аналарға арналған өлең, жыр, би, концерттік бағдарлама
Материалдың қысқаша нұсқасы



Сапарбекова Назым Адилхановна

Алматы облысы

Кербұлақ ауданы

Алтынемел орта мектебі МДШО КММ-сі





Тәрбие сағат тақырыбы: Ана – тіршілік тірегі.


Мерекелік кештің басты мақсаты: Нәзік жанды аруларымыздың

қоғамдағы рөлінің айтарлықтай

екендігін дәлелдеп, оларға қуаныш

сыйлау. Оқушылардың оларға деген ізгі

ниеттерінкөрсету.

Тәрбие сағат көрнекіліктері: тақырып жазылған плакат. Суреттер, шар, гүл суреттері.


Өтілу барысы:

Ана туралы аудио ойнатылады, ұл балалар қолдарында гүл, ортаға шығады.

Ортаға екі жүргізуші шығады. Көңілді музыка ойнайды.

1-жүргізуші : Сәлеметсіздер ме, құрметті қонақтар, ақ жаулықты әжелер, асыл да, аяулы аналар, ұстаздар, ару қыздар! Сіздерді 8 - Наурыз халықаралық аналар күнімен құттықтаймыз! 

«Ана – тіршілік тірегі » атты концерттік бағдарламамызды ашық деп жариялаймыз!

2-жүргізуші: Армысыздар, аяулы аналар, құрметті ұстаздар, гүлдей құлпырған қыздар! Барлығымыз асыға күткен көктемнің алғашқы күндерімен бірге 8 - наурыз Халықаралық әйелдер күні де келіп жетті.Әлемде өзгермейтін үш-ақ зат бар, ол-ананың сүті, күннің нұры, сәбидің күлкісі. Ана дегеніміз-әлемнің жаң дүниесі.  
Бекзат:Бұл - бір қолымен бесікті, екінші қолымен әлемді тербеткен аналар мен нәзік жанды қыздар қауымының төл мерекесі.
Шалқып, тасып әніміз,

Жадырасын жанымыз,

Ана, сізді құттықтап,

Гүл сыйлайық бәріміз. 

( көңілді әуенмен ұлдардың гүл сыйлауы.)

Айжан:

Ана десем шешек ашып жанары,

Өмірімнің бастау алар ажары.

Ана деген тіршілікке пана боп,

Әрбір үйде жұлдыз болып жанады, - дей отырып, алғашқы мерекелік құттықтау сөзді .................................................................. береміз.

Бекзат:
Барша ана құтты болсын мерекеңіз,

Әрқашан ана сізбен берекеміз.

Ақтасақ ақ сүтіңді, асыл анам,

Сонда біз кісілікке теңесеміз,-дей отырып  келесі сөз кезегін ...................................................................... береміз.

Бекзат:

Дүниенің жарық күні анамыз,

Дана болсақ анаменен данамыз.

Тыңдаңыздар, көңіл қойып ағайын,

Анаға арнап өлең-жырлар жазамыз!

Әдеби монтаж. Оқушылардың тақпақтары, музыка ойнауымен.

«Шеше, сен бақыттысың! »

оқушыларының тақпақтары.

Бекзат:

Құлақтан кіріп, бойды алар,

Әсем ән мен тәтті күй.

Көңілге түрлі ой салар,

Әнді сүйсең, менше сүй, – деп, Абай атамыз айтқандай  « Менің анам –алтын » әнін .............................. орындауында қабыл алыңыздар.

Айжан: Мұхаммед пайғамбар айтқан: «Жәннәт-аналардың аяғының астында» деп. Ислам діні әйелдерді ерекше құрметтейді. Егер де бір үйде қыз бала дүниеге келсе, береке, молшылық, бейбітшілік болады, ата-анасына қуаныш әкеледі дейді.
Бекзат: Орыс жазушысы Максим Горький: «Адамдар-әрқашан өз аналарының перзенттері. Ана болмаса ақын да, батыр да болмайды»,- деген..........................................орындауында

« Перзент парызы » әнін қабыл алыңыздар.

Айжан:

Ана-өмір қолдаушысы әлемнің,

Шаңырақтың шаттығы мен шуағы.

Сейілмесін жанарынан ананың,

Тіршілікке төккен нұрлы шуағы.

Бекзат:

Аялайық аналарды әрдайым,

Қуанышқа бөлейікші өздерін.

Әжелердің,аналардың,қыздардың,

Мұң шалмасын күлім қаққан көздерін.

Би: «...........» би тобының орындауындағы «Чарльстон» биін тамашалаңыздар.

Айжан:

Көңілің Алатаудың ақ қарындай,
Мейірімің күннің шуақ шақтарындай.
Қалайша аяулы ана тына алармын,
Ән болып сағыныштан ақтарылмай, - деп абзал аналарымыз бен қырмызы қыздарымыздың құрметіне ............................
орындауындағы "Аяулы ана" әнімен сахна төріне шақырамыз.

Бекзат:

Теңіздей тербетіліп көл бетінде,
Бишілер билеп кетті тербетіле.
Аққудай қалықтаған теңіздегі,
Бишілер өнерлерін көрсетуде, - дей отырып келесі кезекті
«Еркеназ» тобының «Құстар » биіне береміз.

Айжан:

Әркімнің де өмірден аласы бар,
Аласы бар адамның анасы бар.
Мерекесін құттықтап аналардың,
Өнерлі Диас деген баласы бар.

...................................... « Ана мен сәби » әнін тыңдаңыздар.

Бекзат:

Ана деген – бастауы ұлылықтың.
Ана деген - рәмізі сұлулықтың.
Ана деген - бір жыр бар шырқалатын,
Асқақтатар биікке ұрпақ атын.
Айжан:
Олай болса ортаға қарсы алайық.
Сұлуларға сүйсініп тамсанайық.
Ерке қыздың биіне тәнті болып,
Уа, халайық, жұмыла қол соғайық!

«Айару» би тобы «Қазақ аруы » биімен.

Бекзат:

Десек те уақытпенен жарыспайды,
Қияға қиялменен қарыштайды.
Мейрамбектейұлдарыңыз тебіреніп,

Өз әнін аналарға бағыштайды, — дей келе, ортаға ......................... «Ай дидарлы анашым » әнімен ортаға шақырайық.

Айжан:

Күнінде гүл көктемнің нұрын шашып,
Жасқанбай әр қадамын нық — нық басып,
Биімен көрерменді тәнті ететін
Арулар келді міне толқып, тасып. Ортада
«Кішкентай жұлдыздар »биін қарсы алыңыздар!

Бекзат:

Әкешім - жол сілтейтін ақылшымсың,

Анашым - ұл-қыз таптың батырсың шын.

Құрметтеп өздеріңді сыйламасам,

Өмірде перзент деген атым құрсын.
«Әке -ана» әнімен ..................................................
Айжан:

Өзіңсің өмірдегі бар ардағым,
Жыр жаздым, тұңғыш саған ән арнадым.
Әке, ана айтарым көп тіл жетпейді.
Бір сендердей асыл адам таба алмадым 

Бекзат:

«Әке – асқар тау, ана- баурайындағы бұлақ, бала-жағасындағы құрақ » демей ме, Айжан, бүгінгі кешіміз аналарға арналғанымен жанында қамқорымыз, панамыз болып бірге жүретін әкелерді де естен шығармау керек.

Айжан:

Дұрыс айтасың, Бекзат.

Әкең мен анаң,

Әкелген адам,

Бәріңді мына өмірге!

Ажарың болып,

Базарын көріп,

Отырсын жайнап төріңде! Аман болсын әкелер мен аналар.

Бекзат:

...................................... орындауында «Қос бәйтерек » әні.

Айжан:

Аяулысың, ауылымның асылдары,
Жайнасын көңілдердің жасыл бағы.
Сендер үшін ән менен күй, өлең мен би,
Сендер үшін мереке шашулары,-деп алдарыңызда «Айжұлдыз » би тобы

« Қазақ биі».

Бекзат:

Ана – барлық қиындықты жеңетін сарқылмайтын күш, тіршіліктің қайнар бұлағы. қазақ әйелінің дастарханы тоқ, қонағы ырза, дүниесі түгел. Олар үшін бірінші орында отбасының берекесі тұрады.

Айжан:
Бір өзіңнен бастап өмір жолдарын,
Жүрегіңе, жүрегімді жалғадым.
Өзің мына сыйға берген өмірде
Ақ сүтіңді ақтап өту - арманым.

Бекзат:

Маған қымбат адам жоқ бір анадан,

Бар жақсылық аналардан жаралған.

Жер бетіне өмір нәрін себуші,

Аналарға борышты ғой бар адам.

Айжан:

Мен ананы шуағы толы күн деймін,

Анадан зор құдіретті білмеймін.

Анам аман-сау жанымда жүрсе егер,

Бақытым да әркез бірге жүр деймін.

Бекзат:

............................................ орындауындағы әнді тыңдай отырып, үнемі сұлу, көңілді, жас шақтарыңыздан ажырамаңыздар, құрметті біздің сұлу аналар, қыздар, әжелер мен жеңгелер!

Айжан:

Аналар, қалқып бақыт аралында,

Лайым мұң қонбасын жанарыңа.

Осымен кешімізді аяқтайық,

Гүл бітсін бәріңіздің қадамыңа – дей отырып бүгінгі «Ана – тіршілік тірегі!» атты кешімізді жабық деп жариялаймыз.


Ардақты аналар мейрамдарыңыз құтты болсын! Сау саламатта болыңыздар!
































































Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
01.04.2019
1419
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі