Материалдар / Ана - тіршіліктің тірегі !
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ана - тіршіліктің тірегі !

Материал туралы қысқаша түсінік
Ана- тіршіліктің тірегі! аналар мерекесіне арналған 2 сынып сценарий
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
21 Желтоқсан 2017
603
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

« Жоламан орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен»

коммуналдық мемлекеттік мекемесі








Shape2


( Тәрбие сағаты 2 -сынып)









Бастауыш сынып мұғалімі:

Донгабакова Алтын Кахармановна






2017-2018оқу жылы


Shape3



Тәрбие сағатының мақсаты:

  • оқушылардың мерекелік көңіл – күйін құру;

  • ән және қозғалыс орындаушылық дағдыларын қалыптастыру;

  • өзінің жақын адамдарын қуанта білуге, мейірімділікке тәрбиелеу.



Алдарыңызда М.Мақатаевтың «Ана , сен бақыттысың» өлеңімен

1-оқушы: Қайролла Рыскүл

(Асылбек Еңсеповтың «Детство» күйі қосылып тұрады.)

Ана
Сен бақыттысың,
Жыламағын!
Жай түсіп жатқанда да құламадың
Тәңіріңнен мен едім ғой сұрағаның
Сондықтан жыламағын, жыламағын!

Бармын ғой
Тірімін ғой,
Қасыңдамын.
Өлмеймін, мен өзіңдей асылданмын.
Таусылып, өз-өзіңнен шашылмағын,
Байырғы берекеңді қашырмағын.

Мен сенің қанықпын ғой көз жасыңа
Өзім кепіл тот басып, тозбасыма.
Екі жыр жазсам саған бірін арнап
«Ана» деп жаздым ылғи сөз басына.

Тәңірім кеше көрсін кесірімді
Аспанға жазсам сенің есіміңді!!!
Ана,
Сен бақыттысың, тербете бер
Құба талдан иілген бесігімді…


(Өлең аяқталып болған соң, бірден көңілді әуен қосылып оқушылар ортаға шығып,

ай секілді дөңгеленіп тұрады).

Армысыздар, аяулы аналар, құрметті ұстаздар,

гүлдей құлпырған қыздар!

Барлығымыз асыға күткен көктемнің алғашқы күндерімен бірге 8 наурыз Халықаралық әйелдер күні де келіп жетті.

Күн жер бетіне молынан шуағын шашып, тіршілік ояна бастаған кезде Аналар мерекесі тойланады.

Адам бойындағы барлық жақсы қасиеттер күннің нұрынан, ананың сүтінен таралған. Сондықтан құрметті асыл аналар, қадірлі апалар, қызғалдақ қыздар бүгінгі мерекелік кешіміз сіздерге арналады.


Сіздерді төл мерекемен шын

жүректен құттықтаймыз!




Анам мені:«Айым» дейді,

Мен мұңайсам уайым жейді.

Анам мені: «Күнім» дейді,

Мен қуансам, күлімдейді,-деп абзал аналарымыз бен қырмызы қыздарымыздың құрметіне

«Анашым анажаным» атты әнін қарсы алыңыздар!

2-оқушы:

Анасыздар әр үйге панасыздар,

Бала десе от болып жанасыздар

Сәтті басса ұрпағың-мерей тасып,

Қыз күлкісін сусын қып қанасыздар.


3-оқушы:

Анасыздар – Ақ еділ, Жайықсыздар,

Жүзе алмайды өтінде қайықсыздар.

Маздадатын жүректе от лаулататын,

Әр үйдің Күні десе, лайықсыздар.


4- оқушы:

Сіздер – Күнсіз, аспанда жарқыраған,

Сіздер – өзен, тау суы сарқыраған,

Сіздер – ана, сіздер-жар, сіздер-қыздар,

Сіздер- жаңбыр, ақ нөсер сарқыраған.

5-оқушы:

Анасыздар , кең байтақ даласыздар,

Жаны жайсаң жеңімпаз данасыздар.

Көлеңке көңіліңде, қылауы жоқ,

Үлбіреген жауқазын баласыздар.

6-оқушы:

Өр десек те сіздерді – лайықсыздар,

Төр десек те сіздерді – лайықсыздар.

Ер десек те сіздерді – лайықсыздар,

Зор десек те сіздерді – лайықсыздар.

7-оқушы:

Барша ана құтты болсын мерекеңіз,

Әрқашан ана сізбен берекеміз.

Ақтасақ ақ сүтіңді, асыл анам,

Сонда біз кісілікке теңесеміз.



Мұғалім:

Болсаң егер жаман,

Ренжитін кім саған?

Сынып: Анам


Болар күнде алаң?

Жанашыр кім саған?

Сынып: Анам


Таң қалғандай ғалам,

Кім ең сұлу адам?

Сынып: Анам


«Боташым» дер саған,

Кім сүйікті адам?

Сынып: Анам


(Ана туралы бейнебаян көрсетіледі.)



Теңіздей тербетіле көл бетінде,

Бишілер билеп кетті тербетіле,

Аққудай қалықтаған,

Бишілер өнерлерін көрсетуде, - деп мың бұралған бишілеріңізді қарсы алыңыздар.


Би: «Наурыз тойы» қыздар тобы


Мұғалім:

Ана деген бастауы ұлылықтың,

Ана деген – рәмізі сұлулықтың.

Ана деген бір жыр бар шырқалатын,

Асқақтатар биікке ұрпақ атын. \


АShape4 на – жұмақ, мен – шуақ, саябағы,

Ана- шырақ, мен – сұрақ санадағы. Дастан

Ана – теңіз, мен қайық тербелген,

Ана – бұлақ, мен құрақ жағадағы.



АShape5 нам, анам, ақ анам,

Мен өзіңдей ақ балаң. Жоламан

Айтқан тіліңді аламын,

Жұмсағанда барамын.



ӘShape6 р сөзімді жаттаған,

Жүрегімде сақтаған.

Анашым деп мақтанам, Шыңғыс

Айналайын ақ анам.






БShape7 ізге қарап елжіреп,

Сүйсе беттен күнім деп,

Құшақ ашса келші деп, Шұғыла

Жүгіреміз күлімдеп.


СShape8 енен өскен балалар,

Батырлар мен даналар.

Құттықтаймыз мейраммен , Мейірлан

Құрметті жан аналар.


Shape9

Менің әжем нәр әжем,

Көп жасаған нар әжем

Ауырғанда мен үшін, Кәусар

Әр сүйгені дірң әжем.


ӘShape10 лпештеген баласын,

Ана –бақыт,ана – күн. Айсұлу

Әркім сүйіп, өзінің

Мақтан етер анасын.



Құлақтан кіріп, бойды алар,

Әсем ән мен тәтті күй.

Көңілге түрлі ой салар,

Әнді сүйсең, менше сүй,-деп Абай атамыз айтқандай қыздардың

орындауындағы «МАМА» әнін қарсы алыңыздар.


Ән: «Мама»

«Адамдар – әрқашан өз аналарының перзенттері. Ана болмаса ақын да, батыр да болмайды », - деген, орыс жазушысы Максим Горький:

Өміріміздің әрбір сәтін есімізде сақтап қалу мүмкін емес. Десе де, қазіргі заманда фотоаппараттың, ұялы телефонның көмегімен оны жүзеге асыруға болады. Назарларыңызға естеліктерді ұсынамыз.

(Алдын ала оқушылар мен ұстаздардың өмірінен, ата-аналармен бірге түскен суреттерден слайд жасалып қояды). Проектордың көмегімен слайд көрсетіледі.  
Слайд


Ортада «Қара жорға» биі


Тіршілікке нәр берген ана сүті қандай құдіретті. Әлемдегі жақсылық көзі, адамдық қасиет, ақ тілек мейірбандықтың бәрі ана деген сөзбен астасып жатыр. Ендеше жас журналистеріміздің сұрақтарына жауап беріп көріңіздер.

(Шанышқының басына қызыл алмаларды шаншып микрофон ретінде пайдаланды). Оқушылар кезек-кезек мұғалімдерге сұрақ қояды:



1. Мектептегі ең сүйікті оқушыңыз кім?

2. 8 наурыз мерекесіне қандай сыйлық алғыңыз келеді?

3. Жарыңыздың осы мерекеде сыйлаған ең алғашқы сыйлығы есіңізде ме?

4. Мектебіміздің ең-ең бұзық оқушысы кім деп ойлайсыз?

5. Осы мерекеде сізді кім ең бірінші құттықтады?

6. Бұл мереке біздің елімізде қай жылдан бастап атап өтіліп келе жатқанын білесіз бе?

1913ж Германияның Капенгаген қаласында Клара Цеткинның (1933ж 75-жас)

бастауымен жарияланды.

7. Осы мерекеде анаңызға қандай сыйлық жасадыңыз?

Біз ғана емес,

Қадір тұтқан бабалар.

 Ана деген – тіршіліктің тірегі,

Мерекеңмен қасиетті Аналар!

Ортаға «Тыңдаймыз ата - ананы» атты өлең жолдарымен ұл-қыздарымызды қарсы алыңыздар!


Ана десем шешек ашып жанары,
Өмірімнің бастау алар ажары.
Ана деген тіршілікке пана боп,
Әрбір үйде жұлдыз болып жанады, - дей отырып, алғашқы мерекелік құттықтау сөзді ____________________(апайға немесе ағайға) береміз.










































Shape11

Құрметті ұстаздар, оқушылар!

Сіздерді келе жатқан төл мерекеліңізбен құттықтаймыз.

«8 наурыз - Халықаралық әйелдер күніне» арнап

«Ана – тіршіліктің тірегі»

атты сынып сағатымызға шақырамыз.

Сыныбы: 1

Уақыты: 11.00

Өтілетін орны: 22 кабинет






























































































































































Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!