жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
«Ана – аса қымбатты жан»
Ата – аналар сайысы
Мақсаты: Балабақшамен ата –аналар арасындағы ынтымақтастық орната отырып,ата-ана мен бала арасындағы мейірімділікті,адалдықты,ізеттілікті қалыптастыру. Ата-аналар мен балаларды сайысқа қатыстыра отырып, олардың отбасылық тәрбие туралы білімдерін кеңейту, тәрбиенің үздік үлгілерін насихаттау. Балаларға мерекелік көңіл-күй сыйлау.
Жүргізуші: Альфия
Армысыздар аяулы аналар!
Армысыздар мейірімді әжелер!
Армысыздар қызғалдақтай құлпырған қыздар!
Ана десем сезім билер тым ыстық,
Жарасады адамдарға туыстық.
Бар адамға берсе ананың мейірімін,
Орнар еді бар әлемде тыныштық.
Барша қонақтарға 8 - наурыз мерекесі құтты болсын!
Жүргізуші: Зульфия
Құрметті Аяулы аналар, әжелер, қадірлі ұстаздар, қызғалдақ қыздар, құрметті балабақша қызметкерлері! Сіздерді әйел жанымен байланысты тамаша көктем мерекесі – 8 Наурызбен шын жүректен құттықтаймыз! Алғашқы көктем мерекесі Жер бетіне өмір сыйлаушы нәзік, ақылды, сымбатты, мейірімді жандарға арналғаны қандай тамаша мереке! Әлемдегі ең асыл жан ол – Ана десек, жүрегімізде сүйікті жанға деген махаббат сезімі оянады. Ана бұл аяулы да мейірімді жан. Баланың тілі шыққаннан – ақ бірінші сөзін «Ана» деп айтады. Өмірдің есігін ашқаннан соң осы өмірдегі өзіңнің жан анаңды көресің. Осы бір «АНА» деген үш әріптің аясында адамзат баласын қуаныш сыйлар қаншалықты қасиет бар десеңші! Ару - ана, Ару - асыл жар, Ару – көңілдің гүлі, Ару - өмірдің жыры, тіпті айта берсең сөз жетпейді. Олай болса, бүгінгі аналарға, әжелерімізге арналған «Балапан» тобының және де «Ботақан» тобының ата – аналармен бірлесе өтетін «Ана - аса қымбатты жан!» сайысымызға қош келдіңіздер!
Жүргізуші: Альфия
Бүгінгі мерекелік сайысымызды ашу үшін балабақша меңгерушісі - Айтолқын Ғариполлақызына сөз береміз.
- Ендеше «Ана - аса қымбат жан!» атты мерекелік сайысымызды бастауға рұқсат етіңіздер.
Сайысқа қатысушы сайыскерлерімізді қошеметпен ортаға шақырамыз «Қызғалдақ» тобы және «Ботақан» тобы.
Қара қылды қақ жарар,
Сайысты әділ бағалар.
Бүйректі еш бұрмайтын,
Әділқазы алқалар – деп бүгінгі сайысқа төрелік жасаушы қазылар алқасымен таныстыру.
1. Балабақша меңгерушісі -Айтолқын Ғариполлақызы
2. Балабақша әдіскері - Жанар Айбарқызы
3. Бейіндеу жетекшісі – Нұрлыгүл Қадыржанқызы
4. Шаруашылық меңгерушісі: Зухра Сайпеденқызы
Ендеше, құрметті көрермендер қатысушыларымызға сәттілік тілей отырып, алдымен топтың қайсысы бірінші болып шығатынын анықтап алайық. Ол үшін әділқазы алдындағы гүлді алуларыңыз сұралады.
Аналар бар өнерін салары анық,
Өнегелі тәлімді алған қанып.
Ал ендеше таныстырып өтейін мен,
Бөлімдерін сайыстың бөліп жарып.
Сайыс бағдарламасы алты бөлімнен тұрады:
1-бөлім. «Топты таныстыру» (ұран)
2-бөлім. «Өз өнерін көрсету» (ән, би, көрініс)
3-бөлім. «Шебер қол»
4-бөлім. «Ас - адамның арқауы»
5-бөлім. «Салт дәстүрім – өмірім»
6-бөлім. «Ертегілер елінде»
Ал, ендеше ата – аналар дайын болсақ, сайысымызды бастаймыз. Ата – аналарға сәттілік тілейміз.
Жүргізуші: Альфия
1-бөлім. «Топты таныстыру» (ұран)
Өнер қуып аналар өтер деймін,
Бір басына өнерлері жетер деймін.
Бәсекеге түскен аналар кезектесіп,
Таныстырып өздерін өтер деймін – деп кезекті таныстыруға берейік. Әр топ өздерін таныстыру.
«Қызғалдақ» тобы – Кім білмес қыр аруы қызғалдақты,
Өң беріп көркейтеміз әрбір бақты.
Сәні деп өмірінің, көңілінің,
Сый етіп, мені жігіт қызға арнапты.
Жүргізуші: Альфия
2-бөлім. «Өз өнерін көрсету» (ән, би, көрініс)
Біздің халық өнерпазға бай халық,
Әнші деп те биші деп те айталық.
Талаптарын таудай екен бүгінгі,
Өнерлеріңді көрсетсеңдер қайтеді - дей отырып біздің сайыскерлерімізді өз өнерлерімен ортаға шақырамыз.
«Қызғалдақ» тобы – Пародия «Орда» тобы
Әділқазылар әділ бағасын берсеңіздер.
Жүргізуші: Зульфия
«Ою ойғанның - ойы ұшқыр», «Қағаз гүлдер солмайды» -
деп аталатын келесі кезеңімізді таныстырып өтейін.
Ою - өрнекке қарасаң,
Өңкей мүйіз тігілген.
Қайсысын қаласаң,
Қиып ал сызған ізімнен.
Қию оңай демеңдер,
Оған да өнер ой керек.
Бос мақтанып жүрмеңдер,
Қиюға пысық қол керек – дегендей (Қағазға әр түрлі ою –
өрнектер мен гүлдерді ойып, таныстыру)
Жүргізуші: Зульфия
4-бөлім. «Ас - адамның арқауы».
Келесі «Ас - адамның арқауы» сайысымызда аналар салат жасап, аттарын айтады.
Жүргізуші: Альфия
5-бөлім. «Салт дәстүрім – өмірім»
Бәріміз салт – дәстүрімізді қадірлеп, қастерлеген қазақпыз.
Атадан балаға мұра болар осы салт – дәстүр. Олай болса, 2 топ салт – дәстүрден бір үзіндікөрініс көрсетеді, әрі оған түсінік береді.
«Қызғалдақ» тобы – «Баланы қырқынан шығару»
Жүргізуші: Зульфия
6-бөлім. «Ертегілер елінде»
Ерте, ерте ертеде деп әр баланы анасы, әжесі ұйықтар алдында әр түрлі қызықты ертегілер айтады. Олай болса 2 топ гүлді таңдап, сол бойынша балалар ертегісінен сұраққа жауап береді.
1 – Гүл сұрақтары:
1.
Қазақ
ауыз әдебиетінің кейіпкері, ақылды
айлакердің, зерделі қудың жиынтық
бейнесі. Ол өзінің асқан айлакерлігі
арқылы мұратына жетіп отырады.Оның
мақсаты – сараң байды, пайдакүнем
саудагерді, озбыр ханды, т.б. әжуа етеді.
Ол кім?
(Алдар
көсе)
2 – Гүл сұрақтары:
2.
Шұнақтарым, Шырақтарым,
есікті аш, Енең
келді көріңдер, Бауырына
еніңдер! Қандай
ертегідегі, қай
кейіпкердің
сөзі? («Қасқыр
және 7 лақ» ертегісіндегі
қасқырдың
сөзі)
3 - Гүл сұрақтары:
3.
Әңгімелерде
бұл кейіпкер бірде қу,
бірде
аңқау, бірде өткір тілді қалжың бас
бейнесінде сипатталады.
(Қожанасыр)
4 - Гүл сұрақтары:
4.
Қасқыр өте аш болатын. Ол
алдымен
қыздың
әжесін
жеп, сосын қызды
әжесінің үйінде күтіп алып, оны да жеп
қояйын деп ойлады. Сондықтан ол қыздың
әжесінің үйіне ең қысқа жолмен жорта
жөнелді. Қасқырдың жегісі келген қызы
кім еді? Бұл ертегі қалай аталады?
(«Қызыл
телпек» ертегісі)
Жүргізуші: Зульфия
Сайыстың қорытындысымен таныстыру үшін әділқазы төрайымы балабақша меңгерушісі - Айтолқын Ғарифполлақызына сөз береміз.
Жүргізуші: Альфия
Бөбегіңнің сыйлығын,
Қабыл алшы анашым
Ұзақ өмір жүз жасап
Ауырмашы анашым!
Бәріміздің де анамыз бар, әжеміз, әпкеміз бар, қарындастарымыз бар. Жылына бір рет келетін осы аналар мейрамында аналарымызға қандай сыйлық жасасақ та жарасымды. Өйткені, бізді өмірге алып келген, бізге әлемнің жарығын сыйлаған - анамыз емес пе? Олай болса, әр баланың аналарына сыйлықтары бар екен, соны табыс етуге рұқсат етіңіздер!
Жүргізуші: Зульфия
Той пердесін ашайық,
Тойға шашу шашайық.
Аналарды құрметтеп,
Ән маржанын шашайық.
Хор: «Ақ мамам»
Аналар, қалқып бақыт аралында,
Лайым мұң қонбасын жанарыңа
Осымен кешімізді аяқтайық
Гүл бітсін бәріңіздің қадамыңа – дей отырып бүгінгі
«Ана – аса қымбат жан!» атты сайысымыз аяқталды. Ардақты аналар мейрамдарыңыз құтты болсын! Сау саламатта болыңыздар!

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген