400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

«Ана – аса қымбатты жан»

Материал туралы қысқаша түсінік
«Ана – аса қымбатты жан»
Материалдың қысқаша нұсқасы



«Ана – аса қымбатты жан»

1.Жүргізуші: Сәлеметсіздерме құрметті қонақтар! Қымбатты қонақтар, сүйікті аналар,әжелер бүгін көктемнің алғашқы мерекесі 8 наурыз құтты болсын!

«Бар жақсылық, күллі әлемге тараған
Аналардың ақ нұрынан жаралған»
Құтты болсын мерекеміз бүгінгі,
Ардақты аналарған арналған
.

2.Жүргізуші:

Қараңдаршы далаға,

Күн жылынып келеді.

Бізге ең маңызды мереке келе жатыр,

Оны Күнің өзі қарсы алады.

Ән ырғағымен залға Күн кіреді.

1.Күн:Сәлеметсіңдер ме, балалар! Сендер мені таныдыңдарма? Дұрыс мен Күнмін!

Бүгін 8 наурыз мерекесімен аналарды, әжелерді және қыздарды құттықтауға келдім!

1.Жүргізуші:

Рахмет саған Күн !

Ал қазір балалардың аналарына арнаған тақпақтарын тыңдайық.

1.Айналайын дегені Азим.

Жанға рахат береді.

Қуанатын балаша

Анам менің тамаша.

2.Мәпелейсің мені анам. Айару.

Қолыңдағы құсыңдай

Құлпыра өсіп дем алам

Құшағыңда қысылмай.



3.Сенен өскен балалар

Батырлар мен даналар Алдияр.

Құттықтаймыз мейраммен

Құрметті біздің аналар!

.4.Анаң болса қасыңда,

Басқа бақыт не керек. Шыңғыс.

Аналардың жүрегі,

Мейірімді ғой керемет.

5.Ана өмір шырағы,

Ана өмір бұлағы, София.

Бесігімнің жыр әні.

Жүрегімде тұрады.

6.Анаң болса қасыңда,

Басқа бақыт не керек. Кемеңгер.

Аналардың жүрегі,

Мейірімді ғой керемет.

7.Анам мені күнім дейді.

Мен қуансам күлімдейді. Айлин.

2.Күн: Жарайсыңдар балалар! Қандай тамаша аналарға арнаған тақпақтарың! Мен ән айтудыда жақсы көремін! Сендер ән айтқанды жақсы көресіңдер ме?

1.Ақ анашым,анашым, Ділда.

Өзің жайлы тақпағым

Өзің жайлы әнім де,

Арнадым саған бәрін де.

2.Жүргізуші:: Ендеше қазір аналарға арнап, әдемі әнімізді орындап берейік!

Ән: «Ана туралы»

3.Күн:Жарайсыңдар балалар!

Әндіде, тақпақтыда керемет айтады екенсіңдер, ал енді қоштасуға кез келді.Мен аспанға қайтайын.

Балалар Күнмен қоштасаып, орындарына отырады.

2.Жүргізуші:Балалар, бізге тағы біреу мерекеге асығып келе жатыр?

«Маша мен Медведь»ертегісіндегі «Келді көктем»ән ырғағымен Маша ән айтып кіреді.

1.Жүргізуші:Сәлеметсіңбе Маша!

Маша: Сәлеметсіздерме! Сендер мұнда не істеп жатырсыңдар?

2.Жүргізуші:Біз бүгін 8 наурыз мерекесімен аналарымызды, әжелерімізді құттықтап жатырмыз!

Маша:Ой мен мерекелерді өте жақсы көремін.

Бір орында отыралмаймын, көңіл көтеріп,

билегенді жақсы көремін.

Мен сендерге бір-бір орамалдан таратып берейін, бәріміз бірге орамалмен би билейік балалар.

Біздің қыздар шетінен өнерлі, олар қазір әдемі би билеп береді.

Би: «Қыздар»

«Маша мен Медведь» ертегісіндегі ән ырғағына, Мишка кіреді.

Мишка: Менің орманымда не шу болып жатыр? Тағы сен Маша тентек.!

Маша: Мишка! Жоқ-жоқ! Біз балалармен бірге 8 наурыз мерекесімен аналарды және әжелерді құттықтап жатырмыз!

Мишка: А-а! Мереке ол жақсы! Ал қандай мереке тәттісіз өтеді?!

Балалар сендер әжелерің дайындайтын тосапты жақсы көресіңдер ме? Ендеше ең тәтті тосап дайындау үшін әжелерімізге жеміс-жидек жинап берейік.Ал ол үшін екі топқа бөлініп, бір себетке қыздар, екінші себетке ұлдар жеміс-жидек жинаймыз деп (Мишка себеттерді көрсетеді.)

Ойын: «Жеміс-жидек»

«Маша мен Медведь» ертегісіндегі «Варенья күні» ән ырғағына балалар себетке жеміс-жидек жинайды. Ән біткенсоң Мишка бағалайды.

Мишка: Жарайсыңдар, балалар! Көп жеміс-жидек жинадыңдар.Тәтті варенья болады!

1.Жүргізуші: Біздің балалар қазақ тіліндеғана емес, ағылшын тіліндеде тақпақ айту біледі.

Балалар менің естуімше сендер әнді жақсы айтады екенсіңдер, ал би билеу білесіңдер ме?

Балалар: Иә! «Гүлмен би».

Мишка: Қане көрсетіңдерш қалай билейтіндеріңді! Біз Маша екеумізде билейік.

Би орындалады:

Мишка: Жарайсыңдар! Әжелер туралы тақпақ білесіңдерме?

Балалар: Иә!

Мишка:Қане тындайық.

1.Аялаған саялаған,

Бар бақытым берекем Айша.

Апатайым құттықтаймын

Бүгін сенің мерекең.

3. Бізді өсірген апатай Даниэла.

Еңбегің де зор екен

Құтты болсын, апатай

Құтты болсын мерекең

1.Жүргізуші:Әр түрлі әдемі әндер көп, ал біз қазір әжелер туралы ән айтамыз.

Әжелер туралы ән.

Мишка:Қандай керемет ән! Жарайсыңдар, балалар!Сендер аналарыңмен әжелеріңді қатты жақсы көресіңдер!

Маша екеуміздің балаларға арналған сыйлықтарымыз бар, оны топта тәрбиешілеріңіз береді.

Сыйлық тарату : ал енді балалар 8-наурыз мерекесіне арналған, аналарымызға өз қолымызбен жасаған сыйлығымызды табыс етейік.

Мишка:Ал біз Маша екеуміз үйге қайтық, аналарымызға сыйлық дайындайық! Сау болыңдар балалар!

«Маша мен Медведь» ән ырғағымен шығып кетеді.

2.Жүргізуші:Осымен біздің мерекеміз аяқталды.

Қымбатты да аяулы аналар.

Сіздерді мерекелеріңізбен құттықтаймыз!

Әлемдегі ең әдемі,ең қамқоршы,ең мейрімді, адам ол осы отырған сіздер.

Деңдеріңіз сау, көңілдеріңіз шат,әр қашан аман болыңыздас.Сау болыңыздар.









Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
27 ақпан
344
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі