Тақырыбы:
«Ана
– аса қымбатты жан»
Мақсаты:
- мерекелік көңіл - күйін құру;
- ән
және қозғалыс орындаушылық дағдыларын
қалыптастыру;
- балалардың назарын
жалпы әрекетте қатысу тілегін
қалыптастыруға эмоциялық қабылдауын
ынталандыру;
- өзінің жақын адамдарын
қуанта білуге, мейірімділікке
тәрбиелеу.
Кейіпкерлер:
Жүргізуші,
«қуыршақ
- Лола»
Ертеңгілік
өткізуге қажетті құрал - жабдықтар:
Безендірілген әсем зал, гүлдер, сыйлықтар,
әсем әндер жазылған үнтаспа, т.
б
Ертеңгіліктің
барысы:
Балалар
залға қол ұстасып, жұптасып әдемі әуенде
вальс ырғағында айналып, билеп өтеді.
( «Тәттім - ау» әуенімен)
Тәрбиеші:
- Құрметті аналар, әжелер сіздерді тамаша
көктем мерекесі – 8 Наурызбен шын
жүректен құттықтаймыз! Алғашқы көктем
мерекесі Жер бетіне өмір сыйлаушы нәзік,
ақылды, сымбатты, мейірімді жандарға
арналғаны қандай тамаша мереке! Әлемдегі
ең асыл жан ол – Ана десек, жүрегімізде
сүйікті жанға деген махаббат сезімі
оянады. Ана бұл аяулы да мейірімді жан.
Баланың тілі шыққаннан – ақ бірінші
сөзін «Ана» деп айтады. Өмірдің есігін
ашқаннан соң осы өмірдегі өзіңнің жан
анаңды көресің. Осы бір «АНА» деген үш
әріптің аясында адамзат баласын қуаныш
сыйлар қаншалықты қасиет бар десеңші!
Ару - ана, Ару - асыл жар, Ару – көңілдің
гүлі, Ару - өмірдің жыры, тіпті айта
берсең сөз жетпейді. Олай болса, бүгінгі
аналарға, әжелерімізге арналған «Көбелек»
тобының бүлдіршіндерінің «Ана - аса
қымбат жан!» ертеңгілігіне қош
келдіңіздер!
Барлық балалар
хормен: Құттықтаймыз анашым, 8 - ші
Наурызбен!
Тәрбиеші:
Той
пердесін ашайық,
Тойға шашу
шашайық.
Аналарды құрметтеп,
Ән
маржанын шашайық.
Хор:
«
Анашым »
Тәрбиеші:
- «Ананың әрбір сөзі жылылыққа толы.
Ананың көз нұры тастай мұзы да жібітеді»-
демекші, балаларымыздың аналарына
арнаған тақпақтарын қабыл алыңыздар!
Тақпақтар
Жантөре
Анам
–өмір шырағы
Анам-өмір
бұлағы
Бесігімнің
жыр әні
Жүрегімде
тұрады.
Алима
Әр
сөзімді жаттаған,
Жүрегімде
сақтаған,
Анашым
деп мақтанам
Айналайын
ақ анам.
Ұлту
Ақ
қабақты анашым
Күн
сәулелі анашым.
Әлпештеген
баласын,
Айналайын
анашым
Ақгүл
Ақ
анашым, аппағым,
Өзің
жайлы тақпағым
Өзің
жайлы әнім де,
Арнадым
саған бәрін де.
Саина
Ақсүт
беріп аялап,
Өсірген
менің жан анам.
Түнде
оянып ұйықтатқан
Мені
ойлаған ақ анам.
Айбибі
Әжем
менің әйбат
Оған
ешкім жетпейді
Күні
бойы бірге ойнап
Жанымнан
бір кетпейді.
Тәрбиеші:
Аналар
ақ тілекті, сөз көп дейін,
Жылытар
жүрегіңді көз көп дейін
Аналар ақ
жаулықты бұл сіздерге
Қол соғып қарсы
алайық «Гүлдер биін»
Би:
«Гүлдер»
Тәрбиеші:
- Балалар мерекеге орай бізде аналарымызға
көмек көретейік.Аналарымыз бізді таза
жүру үшін біздің киімдерімізді жуады.
Сол киімдерді біз әдемілеп жайып берейік
кәне.
1
- тапсырма:
Ойын:
«Киімдерді жіпке тізу» жіпке киімдерді
жаяды балалар.
Тәрбиеші:-
Бүгінгі мереке күні әжелерімізді де
мерекелерімен құттықтаймыз. «Қариясы
бар үйдің қазынасы бар» - деп бекер
айтылмаған. Келесі биіміз сіздерге
арналады құрметті әжелер.
Қане
өнерімізді көрсетейік, би билеп
жіберейік.
Би:
«Әжелер биі»
ер балаларымыз билейді
Тәрбиеші:
енді сіз біздің балаларымыздың аналарына
дайындап келген тағы бір әнімізді
тыңдаңызшы.
Хор:
« Кап-кап »
2.Ойын. «Гүл теру» Балалар
жердегі жатқан гүлдерді теріп, себетке
жинайды.
Тәрбиеші:
Бәріміздің де анамыз бар, әжеміз, әпкеміз
бар, қарындастарымыз бар. Жылына бір
рет келетін осы аналар мейрамында
аналарымызға қандай сыйлық жасасақ та
жарасымды. Өйткені, бізді өмірге алып
келген, бізге әлемнің жарығын сыйлаған
- анамыз емес пе? Олай болса, балаларымыздың
Биін
тамашалайық.
Би:
«Жүрекшелер биі»
балалар қолдарына жүрек алып билейді.
Тәрбиеші:
Аналар,
қалқып бақыт аралында,
Лайым мұң
қонбасын жанарыңа
Гүл бітсін бәріңіздің
қадамыңа – дей отырып бүгінгі «Ана –
аса қымбат жан!» атты ертеңгілігіміз
аяқталды. Ардақты аналар мейрамдарыңыз
құтты болсын! Сау саламатта
болыңыздар!
Балалар хормен: «Анамызға
мың алғыс, баршаңызға мың алғыс!»
Қол
ұстасып, әуенмен топқа кіреді.
№ 42
«Айналайын» МДҰ «Bekzat & Co» ЖШС
Бекітемін
_____________
№ 42
«Айналайын» МДҰ
«Bekzat
& Co» ЖШС
Меңгерушісі
Н.М.Онгарбаевна
«Ана
– аса қымбатты жан
»
Тәрбиеші:
А.Қ. Төкешова
2019-2020
оқу жылдары