«Ана – аса қымбатты жан»

Тақырып бойынша 31 материал табылды

«Ана – аса қымбатты жан»

Материал туралы қысқаша түсінік
Тақырыбы: «Ана – аса қымбатты жан» Мақсаты: -мерекелік көңіл-күйін құру; -ән және қозғалыс орындаушылық дағдыларын қалыптастыру; -балалардың назарын жалпы әрекетте қатысу тілегін қалыптастыруға эмоциялық қабылдауын ынталандыру; -өзінің жақын адамдарын қуанта білуге, мейірімділікке тәрбиелеу. Білімділік: Балалардың ертегі туралы түсініктерін бекіте отырып, ойын тапсырмаларын дұрыс орындауға үйрету. Дамытушылық мақсаты: Аналар мерекесін қызықты қарсы алуға достық қарым – қатынас орнату. Ой-өрісін, тілдерін дамыту. Тәрбиелік мақсаты: Балаларға 8-Наурыз мерекесін қызықты жақсы көңіл күй сыйла,көңілді өткізу бірлескен ойындар ойнат,, достыққа, сыпайылыққа, мейірмділікке, ұқыптылыққа тәрбиелеу. Кейіпкерлер: Жүргізуші, «Көктем-Ханшайым» Ертеңгілік өткізуге қажетті құрал-жабдықтар: Безендірілген әсем зал, гүлдер, құмыра, сыйлықтар, әсем әндер жазылған үнтаспа, т.б Ертеңгілік барысы:: Балалар залға қол ұстасып, жұптасып әдемі әуенде кіреді.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Бекітемін:

«Успех- GOLD-8» ЖШС

«Асыл бесік» балабақшасының

меңгерушісі

_________А. Т. Мамырбаева

«___» __________2024 жыл









Тақырыбы: «Ана – аса қымбатты жан»

«Құлыншақ» ересек тобы











Тәрбиешілер: Даңғыл Зирагүл

Тилейхан Катила














Өскемен қаласы

2023-2024 оқу жылы

Тақырыбы: «Ана – аса қымбатты жан»

Мақсаты: -мерекелік көңіл-күйін құру;

-ән және қозғалыс орындаушылық дағдыларын қалыптастыру;

-балалардың назарын жалпы әрекетте қатысу тілегін қалыптастыруға эмоциялық қабылдауын ынталандыру;

-өзінің жақын адамдарын қуанта білуге, мейірімділікке тәрбиелеу.

Білімділік: Балалардың ертегі туралы түсініктерін бекіте отырып, ойын тапсырмаларын дұрыс орындауға үйрету.

Дамытушылық мақсаты: Аналар мерекесін қызықты қарсы алуға достық қарым – қатынас орнату. Ой-өрісін, тілдерін дамыту.

Тәрбиелік мақсаты: Балаларға 8-Наурыз мерекесін қызықты жақсы көңіл күй сыйла,көңілді өткізу бірлескен ойындар ойнат,, достыққа, сыпайылыққа, мейірмділікке, ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Кейіпкерлер: Жүргізуші, «Көктем-Ханшайым»

Ертеңгілік өткізуге қажетті құрал-жабдықтар: Безендірілген әсем зал, гүлдер, құмыра, сыйлықтар, әсем әндер жазылған үнтаспа, т.б

Ертеңгілік барысы::

Балалар залға қол ұстасып, жұптасып әдемі әуенде кіреді.

Жүргізуші: - Құрметті аналар, әжелер сіздерді әйел жанымен байланысты тамаша көктем мерекесі – 8 Наурызбен шын жүректен құттықтаймыз! Алғашқы көктем мерекесі Жер бетіне өмір сыйлаушы нәзік, ақылды, сымбатты, мейірімді жандарға арналғаны қандай тамаша мереке! Ару - ана, Ару - асыл жар, Ару – көңілдің гүлі, Ару - өмірдің жыры, тіпті айта берсең сөз жетпейді. Олай болса, бүгінгі аналарға, әжелерімізге арналған «Құлыншақ» тобының «Ана - аса қымбат жан!» ертеңгілігіне қош келдіңіздер!

Жүргізуші: Ендеше балалар,Аналарымызды мерекелерімен құттықтай отырып,кеш шымылдығын Анамызға арналған әнмен бастайық.Оған дейін біз асыға күткен қонағымызда келіп қалады

Ән: «Көп жаса Анашым»

Тәрбиеші: - «Ананың әрбір сөзі жылылыққа толы. Ананың көз нұры тастай мұзы да жібітеді»- демекші, балаларымыздың аналарына арнаған тақпақтарын қабыл алыңыздар!

Дария:

Анам болса қасымда

Басқа бақыт не керек.

Анашымның жүрегі,

Мейірімді ғой керемет



М.Мариям

Сенен өскен балалар,

Батырлар мен даналар,

Құттықтаймын мерекеңмен,

Құрметті Аналар!

Ерасыл:

Наурыздың сегізі,

Сұлулықтың негізі.

Әдемі сөз баланың,

Анаға айтар лебізі.

Дамир:

Аналарды сүйеміз

Ақылын ойға түземіз

Әжені де ардақтап

Әдеппен бас иеміз

Мухаммеджан:

Бәрімізге анамыз

Біз үшін күн боп жанасың

Құтты болсын мерекең

Құттықтаймын анашым!

Әли:

Мәпелейсің мені анам

Қолыңдағы құсыңдай

Құлпыра өсіп дем алам

Құшағыңда қысылмай

Тәрбиеші: -Балалар қандай жыл мезгілі келді?

Балалар:Көктем мезгілі

Жүргізушы:Дұрыс айтасыңдар балалар,ал көктем мезгілінде қандай өзгерістер болады?

Балалар:Көктем күн жылынады,анамыздай бізге мейірімін төгеді

-Дұрыс айтсыңдар,Көктемде табиғат жанарады.Айналамыз көркейеді.

Көктем демекші,біздің көптен күткен қонағымызда келіп қалған сияқты.Алыстан біреудің келе жатқаны естіледі. (әсем әуенмен залға Көктем –Ханшайым мен Күн қол ұстасып кіреді)


- Көктем -Ханшайым:

- Сәлеметсіздер ме қонақтар, балалар!

Мен көңілді көктеммін.

Былтыр келіп кеткенмін.

Нұр боп көктен төгілем.

Шуағым төгіп әлемге

Қуатын күннің әкелем

Табиғаттың төсіне,

Тіршілігін әперем

Сәлем,балалар. Сендерді көруге қалай асыққанымды білсеңдер ғой. Мен жалғыщ келген жоқпын..Жаныма досымды ертіп келдім. Және біз құр қол келген жоқпыз.Аруларымыздың мерекесі болғандықтан,аруларымызға арналған сыйлығымды да өзімізбен ала келдік.Бірақ сыйлықты,мен сендердің өнерлеріңді тамашалағаннан кейін ғана берсем бе деймін!

Күн: Мен жарқырап төбеде

Нұрын төгіп тұрамын.

Шуақ шашып бәріне

Бала жанын ұғамын.Балалар,көктем мен жазды менсіз елестету мүмкін емес.Көктем Ханшайымын жалғызсыратпай менде бірге келейін деп шештім.Мағанда өнерлеріңді көрсетесіңдер деген үміттемін.

Жүргізуші: - Қош келдіңдер,Көктем -Ханшайымы мен Көңілді күн. Балаларда сендерді асыға асыға күтті. Балалардыңда сендерге арнаған өнердері бар.Оны ертеңгілік барысында байқайтын боласыңдар

Ендеше қыздарымыздың аналарымызға арнаған биін тамашалайық

Би:Қызғалдақтар

Тәрбиеші: -« Көктем -Ханшайым» , енді сіз біздің балаларымыздың дайындап келген тақпақтарын тыңдаңызшы.


Томирис:

Көктем келді жадырап

Күн нұрымен таласып,

Жайнай берші жарқырап

Жаны жайсаң аналар!

Димаш:

Еркелесем күлімдейтін

Ұрысқаны білінбейтін

Маңдайымнан сипап мені

Құлыншағым күнім дейтін

Галима

Апатайым анашым

Ақылы мол данасың

Қамқоршысы баланың

Гүлі сенсің әр үйдің.

Халид

Анам менің анашым

Сені жақсы көремін

Мерекемен бүгінгі

Құттықтаймын мен сізді.

Амир

Құтты болсын анашым

Құтты болсын мерекең

Әр кез саған тілеймін

­­­­­Ермек

Бізді өсірген анашым

Еңбегіңіз зор екен

Құтты болсын Анашым

Құтты болсын мерекең!

Жүргізуші:Бүгінгі мереке күні әжелерімізді де мерекелерімен құттықтаймыз. «Қариясы бар үйдің қазынасы бар» - деп бекер айтылмаған. Келесі әніміз сіздерге арналады құрметті әжелер.

Ән: «Әжетайым» Авторы:Нұрлан Шапатов

Күн:Балалар тақпақтыда, биді де керемет айтады екен.Бірақ балалардың мағанда тақпақ арнап,би билегендерін қалаймын.(бұртияды)

Жүргізуші:Қорықпа, Көңілді күн. Біздің өнеріміз әлі біткен жоқ.Балалардың сағанда арнаған ташпақтары бар.


Батырхан

Жанымызды жайнатқан

Өзіңіз ғой аналар

Зор денсаулық, мол бақыт

Тілейміз біз балалар.

Малика

Қуанамыз сыйлаймыз

Қуаныштың мың гүлін

Аналарды құттықтап

Жырдан шашу арнаймыз.

Сафия

Жүзімізге қараңыз

Бал күлкілі баламыз

Бізге қымбат күн шуақ

Бізге қымбат аналар!

Айсултан.М

Баланың да тірегі

Дананыңда тілегі

Ауырмасын ешқашан

Анамыздың жүрегі.

Айсултан.С

Ана біздің күніміз

Ананың біз гүліміз

Балаларды қуантып

Ұзақ өмір сүріңіз.

Көктем-Ханшайым:Міне көрдіңбе,балалар бар өнерлерін көрсетіп,біздің көңіл-күйімізді көтерді.Енді сыйлықтарын беретін уақыт келген секілді.

Күн:Жо-жооқ, мен бір келгенімде балалармен ойнамай кеткім келмейді.Кәне балалар,менің одан сайын жарқырай түсуім үшін,әсем әуенмен ойын ойнап көңіл-күйімізді көтерейік

Жүргізуші:Ойнаймызба балалар?

Балалар:Иә

Ойын:«Кім жылдам»

Мақсаты:Балаларлы шапшаңдыққа баулу.Көңіл-күйлерін көтеру.

Ойын шарты:Ортаға 4 орындық,4 қыз,5 ұл шығады.Қыздар отырады.Ұлдар әсем әуенмен билеп,музыка тоқтағанда үстел үстіндегі гүл шоқтарын қыздарға беру керек.Орындыққа отырып үлгермеген бала,өзімен бірге бір қызды алып ойыннан шығады.

Би:Джентельмен

Жүргізуші:

Мерекені қарсы алып,

Мәз болғанда барша жұрт,

Гүл ұсынып қыздарға,

Сыйлық бердім мен өзім - дей отырып қыздарға арналған сыйлығымызды табыс етуге рұқсат етіңіздер. (Ұлдар қыздарға сыйлықтарын табыс етеді)

Көктем Ханшайым: Өздерің өнерлі, әдемі, тәртіпті екенсіңдер, мен сендерге ризамын. Мен сендермен қоштаспаймын.Досым екеуміз әлі алда келе жатқан мерекелерде келетін боламыз! Аман-сау болыңдар!



Жүргізуші:

Аналар, қалқып бақыт аралында,

Лайым мұң қонбасын жанарыңа

Осымен кешімізді аяқтайық

Гүл бітсін бәріңіздің қадамыңа – дей отырып бүгінгі «Ана – аса қымбат жан!» атты ертеңгілігіміз аяқталды. Ардақты аналар мейрамдарыңыз құтты болсын! Сау саламатта болыңыздар!


Тексерді:

«Успех-GOLD-8» ЖШС

«Асыл бесік»

балабақшасының әдіскері:

Еркешева Ж.К.__________





































«Ана – аса қымбатты жан» атты ертеңгілік

«Құлыншақ» ересек тобы 4-5 жас

2023-2024 оқу жылы

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
27.04.2025
119
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Жариялаған:
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі