400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 30 материал табылды

Ана – аса қымбатты жан.

Материал туралы қысқаша түсінік
8 наурыз туралы сценари
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ана – аса қымбатты жан.



Ертеңгілік өткізуге қажетті құрал-жабдықтар: Безендірілген әсем зал, гүлдер, құмыра, сыйлықтар, әсем әндер жазылған үнтаспа, т.б

Ертеңгіліктің барысы:

Балалар залға қол ұстасып, жұптасып әдемі әуенде вальс ырғағында айналып, билеп өтеді.

Тәрбиеші:

Құрметті аналар, әжелер сіздерді әйел жанымен байланысты тамаша көктем мерекесі – 8 Наурызбен шын жүректен құттықтаймыз! Алғашқы көктем мерекесі Жер бетіне өмір сыйлаушы нәзік, ақылды, сымбатты, мейірімді жандарға арналғаны қандай тамаша мереке! Әлемдегі ең асыл жан ол – Ана десек, жүрегімізде сүйікті жанға деген махаббат сезімі оянады. Ана бұл аяулы да мейірімді жан. Баланың тілі шыққаннан – ақ бірінші сөзін «Ана» деп айтады. Өмірдің есігін ашқаннан соң осы өмірдегі өзіңнің жан анаңды көресің. Осы бір «АНА» деген үш әріптің аясында адамзат баласын қуаныш сыйлар қаншалықты қасиет бар десеңші!

Ару — ана, Ару — асыл жар, Ару – көңілдің гүлі, Ару — өмірдің жыры, тіпті айта берсең сөз жетпейді. Олай болса, бүгінгі аналарға, әжелерімізге арналған «Балауса» тобының бүлдіршіндерінің «Ана — аса қымбат жан!» ертеңгілігіне қош келдіңіздер!

Барлық балалар хормен:

Құттықтаймыз анашым, 8 — ші Наурызбен!

Тәрбиеші:

Той пердесін ашайық,
Тойға шашу шашайық.
Аналарды құрметтеп,
Ән маржанын шашайық.

Ән: «Анашым анам»

Тәрбиеші:

«Ананың әрбір сөзі жылылыққа толы. Ананың көз нұры тастай мұзы да жібітеді» — демекші, балаларымыздың аналарына арнаған тақпақтарын қабыл алыңыздар!

Бекжан

Ана біздің күніміз

Ана біздің гүліміз

Ұландарды қуантып

Ұзақ өмір сүріңіз

Амира

Анаң болса қасында

Басқа бақыт не керек

Аналардың жүрегі

Мейірімдігой керемет

Тәрбиеші:Ортамызға биші балаларымызды шақырамыз.

Тәрбиеші:

Бүгінгі мереке күні әжелерімізді де мерекелерімен құттықтаймыз. «Қариясы бар үйдің қазынасы бар» — деп бекер айтылмаған. Келесі әніміз сіздерге арналады құрметті әжелер.

Ән: «Әжем менің айдай»

Тәрбиеші: Келесі кезекті тақрақтарға береміз.

Дарина

Біз доспыз гүлдермен

Текке оны жұлмаймыз

Той күні бір бірден

Аналарға сыйлаймыз

Милана

Аялаған анашым

Мәпелеген анашым

Менің саған тілегім

Қартаймашы анашым

Әлинұр:

Әжемді жақсы көремін

Өлең айтып беремін

Үлкен болып өскенде

Бәрін алып беремін

Аисин

Аналарды сүйеміз

Сөзін ойға түйеміз

Әжені де ардақтап

Әдеппен бас иеміз

Ойын: «Гулдер жинау»

Тәрбиеші:

Мерекені қарсы алып,
Мәз болғанда барша жұрт,
Гүл ұсынып қыздарға,
Сыйлық бердім мен өзім — дей отырып қыздарға арналған сыйлығымызды табыс етуге рұқсат етіңіздер.

(Ұлдар қыздарға сыйлықтарын табыс етеді)

Тәрбиеші:

Бөбегіңнің сыйлығын,
Қабыл алшы анашым
Ұзақ өмір жүз жасап
Ауырмашы анашым!

Бәріміздің де анамыз бар, әжеміз, әпкеміз бар, қарындастарымыз бар. Жылына бір рет келетін осы аналар мейрамында аналарымызға қандай сыйлық жасасақ та жарасымды. Өйткені, бізді өмірге алып келген, бізге әлемнің жарығын сыйлаған — анамыз емес пе? Олай болса, әр баланың өзі дайындаған аналарына сыйлықтары бар екен, соны табыс етсін!

Аналар, қалқып бақыт аралында,
Лайым мұң қонбасын жанарыңа
Осымен кешімізді аяқтайық
Гүл бітсін бәріңіздің қадамыңа – дей отырып бүгінгі «Ана – аса қымбат жан!» атты ертеңгілігіміз аяқталды. Ардақты аналар мейрамдарыңыз құтты болсын! Сау саламатта болыңыздар!

Балалар хормен:

«Көктем келді әні»

Осымен ертеңгілігіміз аяқталды назарларынызға рахмет!





















Бекітемін:

42 «Айналайын» МКҚК Меңгеруші: Н.Г Шугаева

















Ана аса қымбатты жан

(Бөбек тобы)

















Дайындаған:Токкожина.М.Ж







Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
2 ұстаз жүктеп алған
3 мамыр
262
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі