400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

«Ана – аса қымбатты жан»

Материал туралы қысқаша түсінік
Мақсаты: -мерекелік көңіл-күйін құру; -ән және қозғалыс орындаушылық дағдыларын қалыптастыру; -балалардың назарын жалпы әрекетте қатысу тілегін қалыптастыруға эмоциялық қабылдауын ынталандыру; -өзінің жақын адамдарын қуанта білуге, мейірімділікке тәрбиелеу. Кейіпкерлер: Жүргізуші, «Кәмпит-Ханшайым». Ертеңгілік өткізуге қажетті құрал-жабдықтар: Безендірілген әсем зал, гүлдер, құмыра, сыйлықтар, әсем әндер жазылған үнтаспа, т.б
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы: «Ана – аса қымбатты жан» 
Мақсаты: -мерекелік көңіл-күйін құру;
-ән және қозғалыс орындаушылық дағдыларын қалыптастыру; 
-балалардың назарын жалпы әрекетте қатысу тілегін қалыптастыруға эмоциялық қабылдауын ынталандыру; 
-өзінің жақын адамдарын қуанта білуге, мейірімділікке тәрбиелеу. 
Кейіпкерлер: Жүргізуші, «Кәмпит-Ханшайым».
Ертеңгілік өткізуге қажетті құрал-жабдықтар: Безендірілген әсем зал, гүлдер, құмыра, сыйлықтар, әсем әндер жазылған үнтаспа, т.б 
Ертеңгіліктің барысы: 
Тәрбиеші: - Құрметті аналар, әжелер сіздерді әйел жанымен байланысты тамаша көктем мерекесі – 8 Наурызбен шын жүректен құттықтаймыз! Алғашқы көктем мерекесі Жер бетіне өмір сыйлаушы нәзік, ақылды, сымбатты, мейірімді жандарға арналғаны қандай тамаша мереке! Ана бұл аяулы да мейірімді жан. Олай болса, бүгінгі аналарға, әжелерімізге арналған «Балапан» тобының бүлдіршіндерінің «Ана - аса қымбат жан!» атты ертеңгілігіне қош келдіңіздер! «Балапан» тобының кішкентай бүлдіршіндерімізді қарсы алайық.
Барлық балалар хормен: Құттықтаймыз анашым, 8 - ші Наурызбен!
Тәрбиеші: 
Той пердесін ашайық, 
Тойға шашу шашайық. 
Аналарды құрметтеп, 
Ән маржанын шашайық. Бүгін балалар көктем мерекесі болып жатыр.Бізге көктем аруы қонаққа келмекші. Кәне бәріміз қошеметпен, көктем аруын шақырайық.

Көктем аруы: Сәлеметсіңдерме, балалар! Мен көңілді көктеммін, жылда келіп кетемін, суын ашып бұлақтың, түбіне тал егемін. Құрметті ақ жаулықты әжелер, аяулы аналар, сұлу кішкентай аруларымыз көктемнің шуақты күніндей мерекелеріңіз құтты болсын. Мерекелеріңіз мерекеге ұлассын. Сіздер бүгін 8-наурыз мерекесін тойлап жатырсыңдар ма?

Тәрбиеші: Иә, көктем аруы. Бүгін біз өте қуанышты көңіл күймен мерекені тойлап жатырмыз. Сіз қонақ болып, біздің кішкентай бүлдіршіндеріміздің өнерлерін тамашалыңыз.

Көктем аруы: Рахмет. Мен балалардың өнерлерін тамашалап көрейін.
Тәрбиеші: Бала, бала, бала – деп,

Түнде шошып оянған.

Түн ұйқысын төрт бөліп,

Түнде бесік таянған.

Ана сенің құрметіңе

Мен әсем ән айтам-деп балалардың орындауында ән:«Топ-топ балақан».
Тәрбиеші: - «Ананың әрбір сөзі жылылыққа толы. Ананың көз нұры тастай мұзы да жібітеді»- демекші, балаларымыздың аналарына арнаған тақпақтарын қабыл алыңыздар!

Тақпақ

Тәрбиеші: Анам болса қасымда
Басқа бақыт не керек.
Анашымның жүрегі,


Мейірімді ғой керемет-деп аналарымыздың көңіл-күйін көтеру үшін аналармен ойын ойнайық. «Ана мейірімі» ойыны.

Шарты: Ойынға 4 анамыз шықсын. Өз балаларыңызға бір қадам жасап, мейірімді жақсы бір тілектер айту. Мысалы: күнім, алтыным, айым т.б.

Тәрбиеші:
Аналар ақ тілекті, сөз көп дейін, 
Жылытар жүрегіңді көз көп дейін
Аналар ақ жаулықты бұл сіздерге 
Қол соғып қарсы алайық қыздардың «Балапан биін».

Өсірген мені аялап,

Арқа тұтқан панамсың.

Жаныңда жүрдім саялап,

Ардақты, асыл анамсың-деп ұлдар аналарымен ойынға шықсын. Ойын аты: «Анаммен бірге».

Шарты: 2 ұл бала анасымен шығады. Ұлдар орамалды алып, аналарына жылдам беріп, көмектесулері керек. Жіпке кім бірінші кір қыстырғышпен орамалды тез және әдемі іледі.Сол ана женімпаз болады.

Тәрбиеші: Көктемде көңілді,
Құстар кеп жатқанда.

Құлпыртып өңірді,

Гүл ектік бақтарға-деп бүлдіршіндеріміздің «Біз өмірдің сәніміз» әндерін қабыл алыңыздар.

Біз доспыз гүлдермен,

Текке оны жұлмаймыз.

Той күні бір-бірлеп,

Аналарға сыйлаймыз-деп аналарымызбен «Нарядная мама» ойынын ойнайық.

Шарты: Ойынға 7 анамыз шығады. Музыка ойнаған кезде үстелден айналып билеп, бір затты алып кию керек. Затты ала алмаған анамыз ойыннан шығып отырады.

Тәрбиеші: Балалар көктем аруының кетуі керек. Көктем аруымен қоштасайық балалар.

Көктем аруы: Ал балалар мерекелерің мерекеге ұлассын. Қандай өнерлі екенсіңдер, қандай әдемісіңдер, ару қыздарымыз шуақты болып жүре беріңдер. Мен енді мына гүл шоқтарын басқа да балабақшаларға апарып, көктемнің жылуын сол жерге де шашуым керек. Мен сендермен қоштасамын. Сау болыңдар.

Тәрбиеші: 
Мерекені қарсы алып, 
Мәз болғанда барша жұрт, 
Гүл ұсынып қыздарға, 
Сыйлық бердім мен өзім - дей отырып қыздарға арналған сыйлығымызды табыс етуге рұқсат етіңіздер. (Ұлдар қыздарға сыйлықтарын табыс етеді) 
Тәрбиеші: 
Бөбегіңнің сыйлығын,
Қабыл алшы анашым
Ұзақ өмір жүз жасап 
Ауырмашы анашым!
Бәріміздің де анамыз бар, әжеміз, әпкеміз бар, қарындастарымыз бар. Жылына бір рет келетін осы аналар мейрамында аналарымызға қандай сыйлық жасасақ та жарасымды. Өйткені, бізді өмірге алып келген, бізге әлемнің жарығын сыйлаған - анамыз емес пе? Олай болса, әр баланың өзі дайындаған аналарына сыйлықтары бар екен, соны табыс етсін!
Аналар, қалқып бақыт аралында, 
Лайым мұң қонбасын жанарыңа
Осымен кешімізді аяқтайық 
Гүл бітсін бәріңіздің қадамыңа – дей отырып бүгінгі «Ана – аса қымбат жан!» атты ертеңгілігіміз аяқталды. Ардақты аналар мейрамдарыңыз құтты болсын! Сау саламатта болыңыздар! 








































МҚКК «Айналайын» балабақшасы






Picture 40



Тақырыбы: «Ана – аса қымбатты жан» 





Дайындаған: Адылханова Г.М.








Аққу 2018 оқу жылы

МҚКК «Айналайын» балабақша

басшысы Г.Ж.Койтанова _______

ІІ кіші тобының балалар тізімі 2018 жыл

№

Аты-жөні, тегі

Туған жылы, күні,айы.

ЖСН

1

Берекелі Аңсар Алмазұлы

25.12.2014

141212503229

2

Сабыржан Сезім Даниярқызы

30.05.2014

140530604705

3

Сейтжан Гүлназ Дарханқызы

28.02.2014

140228600275

4

Толегенов Айхан Асетович

25.05.2014

140525501370

5

Еламан Ясмина Медетқызы

01.06.2014

140601603950

6

Еламан Айша Медетқызы

01.06.2014

140601603960

7

Рахметова Мерей Ризатовна

20.06.2014

140620603825

8

Оспанова Айнара Мухамеджановна

23.05.2014

140523601930

9

Талғат Сәуле Ермекқызы

10.08.2014

140810603898

10

Шамгунов Адиль Назымбекович

30.06.2014

140630504425

11

Құрмаш Амира Азатқызы

08.03.2014

140308604728

12

Мурзабек Әлинұр Бахытбекұлы

25.02.2014

140225504892

13

Болатов Самир Маратович

10.02.2014

140210505043

14

Джуламанов Алинур Рустемович

11.08.2014

140811504607

15

Ксенофонтова Ульяна Денисовна

28.08.2014

140828605139

16

Исайын Ернұр Айдынұлы

19.10.2014


17

Елеубай Самира Азатқызы

13.01.2014

140113602860

18

Серимова Айсана Қуанышқызы

06.09.2014

140906602188

19

Қатен Айзара Русланқызы

31.12.2014


20

Жәнібек Искандер Ғалымбекұлы

17.02.2014

140217500704

21

Ерен Досан Аманжолұлы

11.12.2014


22

Магауина Зере Нариманқызы

15.10.2014


23

Жумадилова Сара Сагындыковна



24

Әлімбек Нұрәлі



25

Ешмуратова Адель



15-қыз бала

10 -ұл бала


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
1 маусым
589
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі