400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ана- біздің күніміз!

Материал туралы қысқаша түсінік
Аналарды құрметтеу тақырыбында өтілген ашық тәрбие сағатым.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақтың тақырыбы:Ана- біздің күніміз!

Сабақтың мақсаты:

Оқушыларды Ананың еңбегін ақтауға, анаға деген сүйіспеншілікке ,ананы құрметтеп, сыйлауға тәрбиелеу .8 наурыз Халықаралық әйелдер күні мерекесінің салтанатын сезіндіру. Анаға деген махаббаттарын арттыру.

Сабақтың көрнекілігі: . Ертеңгіліктің тақырыбы жазылған плакат. Суреттер, шар, гүл суреттері.
Сабақтың барысы:

Мұғалім сөзі:

Әке - өмірдің берік тірегі болса, ана - ағынды арнасы. Ана жаны сондай нәзік, ана жүрегі сондай ізгі, мейірімді. Нәресте шыр етіп дүниеге келгеннен бастап оны алақанына аялап, ақ сүт емізіп, әлпештеп баулитын - ана. Ананың асыл қасиеттерін аз ғана сөзге сыйғызу мүмкін емес. «Ана»деген сөздің қуаты дарияға тең. Ол сарқылмайды, ұмытылмайды, ескірмейді. Бала - ананың асыл арманы, алтын кені. Ендеше сол балаларыңыздың дайындаған шағын мерекелік сый тартуын қабыл алыңыздар. «Ақ жарқын - жан анам»атты сынып сағатын ашық деп жариялаймын.


1-жүргізуші: Құдайберген.

Армысыздар, аналар, ұстаздар, қыздар! Міне, жыл аралатып көктемнің алғашқы күндерімен келетін 8-наурыз Халықаралық әйелдер күні де келіп жетті. Жер бетіндегі тіршіліктің өзегін келешекке жалғаған, өсер ұрпағына құндақтағы шағынан ізгіліктің дәнін еккен аналар мерекесі бұл.

2-жүргізуші: Таңсұлу.

Қош келдіңіздер, құрметті аналар! 8-наурыз Халықаралық әйелдер күні мерекесі құтты болсын! Сіздерге әрқашан сыр бермес денсаулық, өмірдің шапағатын тілейміз. Бұл күні өздеріңізге бағытталған тілектер періштенің құлағына шалынсын. Әрдайым мейірім шуағын шашып жүре беріңіздер

 3-жүргізуші:Аружан.

Құтты болсын ардақты анам

Асыл анам мерекең

Құтты болсын алтын анам

Қуанышты берекең

4 жүргізуші:Бағлан.

Той пердесін ашайық

Аналарды құрметтеп

Ән маржанын шашайық

Ән .хор «Анажаным»

1.Нұрбек

Ардақты ана, аяулы ана, қымбаттым,

Тәтті ұйқыңды бөліп талай түн қаттың.

Өміріме нәрін берді ақ сүтің,

Кең құшағың аясындай гүл бақтың.

Ер жеткізіп елге берген баласын,

Ақылдысың, ардақтысың, данасың!

Қарайтыным қас-қабағың бір сенің,

Қайратыңнан қайта көрме, анашым.

2.Қарақат.

Әркімнің де өмірден аласы бар,

Аласы бар адамның анасы бар.

Мерекесін құттықтап аналардың,

Ән жолдайтын аналардың баласы бар.

3.Сатыбалды.

Аналарды сүйеміз,
Сөзін ойға түйеміз.
Әжені де ардақтап,
Әдеппен бас иеміз.
Ерлік, еңбек атқарған,
Еңбегімен мақтанған.
Ел сенімін ақтаған,
Айналайын ақ мамам.

4.Оралай.

Наурыз – сәуірдің егізі,

Наурыздың бүгін сегізі.

Ең қымбат гүл – адамның

Анаға айтар лебізі

Анасыз бір жоқ күнің.

Ұсынамыз біз бүгін

Жырдың сұлу шоқ гүлін.

5.Түркенбай Бекарыс.

Халқымызға билік айтар даналар,

Даналардың өзі анадан жаралар.

Жүрегінің бір бөлшегі бала үшін

Сізден жақын адам бар ма аналар?!

Балаға ең жақыны сіз ғой ана,

Сіздің ыстық құшағыңыз бізге пана.

Сіздерге теңестірер еш нәрсе жоқ,

Теңесе алар бір-ақ нәрсе Отан ғана!

6.Балауса.

Аяулысың, ауылымның асылдары,

Жайнасын көңілдердің жасыл бағы.

Сендер үшін ән менен күй, өлең мен би,

Сендер үшін мереке шашулары.

7.Елдос.

Барша ана құтты болсын мерекеңіз,

Әрқашанда ана сізбен берекеміз.

Ақтасақ ақ сүтіңді, асыл анам,

Сонда біз кісілікке теңесеміз.

8. Таңсұлу.

Санатқа кіріп баласы,

Сүйседе өзі немере,

Әлі де сәби көре ме,-

Алаңдар қайран анасы.


Миллиондарға баласы

Ұстаз боп тәлім берсе де,

Ақылдан гауһар терсе де,-

Алаңдар асыл анасы.


Абырой алып баласы,

Әлемге билік етсе де,

Ай- күнге қолы жетсе де,-

Алаңдар туған анасы.

9.Абдрахман Бекарыс.

Апам ыдыс жуады,

Мінезі оның биязы.

Ол барында тұрады

Жайнап үйдің жиһазы.

Желдеткішті ашады,

Мөлдір ауа кіргізіп.

Шұғыласын шашады,

Үйімізге күн күліп

10.Камала.

Аялаған баптаған,

Асыраған сақтаған.

Сақтандырып күнде еппен,

Айтып бәрін үйреткен

Анамызға мың алғыс!

11.Нұржан.

Апамызды сыйлайық

Үйдің ішін жинайық.

Бұрынғыдай егесіп,

Ерегісіп тұрмайық,

Қалмау үшін керісіп,

Кел алайық келісіп.

Атқарайық үйдегі

Жұмысты тең бөлісіп.

12.Сымбат.

Ерлік еткен біз үшін,

Еңбек еткен біз үшін,

Еркелеткен біздерді,

Еркіндеткен біздерді

Әжемізге мың алғыс!

13.Еркебұлан.

Кел, самаурын қайнатып,

Дастарханды жайнатып,

Отырайық бөлмеде

Бөпемізді ойнатып.

Гүлдерді де суарып,

Еденді де жуайық.

Шаршап келген кезінде,

Қалсын апам қуанып.

14.Қаракөз.

«Адал бол, - деп, - балдырған»,

Әділдікке баулыған

Жүрегінде махаббат,

Тілегінде марқабат

Апаларға мың алғыс

15.Бағлан.

Еркелесем, күлімдейтін.

Ұрысқаны білінбейтін,

Маңдайымнан иіскеп менің,

«Құлыншағым күнім»- дейтін,

Әлемдегі ақылды адам-

Бәрінен сол жақын маған!

Ол жанымда жүрсе мен де

Батырларша батылданам.

Жамандықтан сақтандырып,

Жақсы ісімді мақтан қылып,

Мәпелеген ақ мамамды

Жүрсем деймін шаттандырып.

16.Айсауле.

Мен гүлдерді жұлмаймын,

Торғайларды қумаймын.

Айтқан сөзін тыңдаймын.

Анашымды сыйлаймын!

17. Мәнсұр.

Сенен өскен балалар,
Сенен өскен даналар.
Құттықтаймыз мейраммен,
Құрметті асыл аналар.


Құрметтейік ,адамдар ,аналарды,

Бізді өмірге әкелген даналарды

Себебі ана деген асыл жан ғой

Ойлауменен істелік әр қадамды.

18.Гавхар


Анам мені: «Айым»- дейді,

Мен мұңайсым, уайым жейді,

Анам мені: «Күнім» -дейді

Мен қуансам күлімде


Әжем мені «Жаным «- дейді

Жан жүрегім балым дейді

«Сен үшін мен әлемдегі

Бар асылды алам» -дейді

19.Зинегүл.

Ақ сүтінен жаоалған,

Ақ сүтінен нәр алған,

Анаға бас иеміз!

Туған елдің тілі деп,

Туған жердің үні деп

Анаға бас иеміз.

20.Әлия.

Жан анам ,құттықтаймын мереке күніңмен,

Көктемнің құлпыра бер нар гүлімен

Өрлесін елдің берген бақыт бағы

Жазбасын шат көңілін ақ күнімен.

21.Нұрсұлу.

Ана десем,алғыс алам халқымнан,

Ана десем,теңіз болсан шалқыған

Ана десем,ашылады қабағым,

Ана десем әділдікті ұғынам

Өмірде ана бақыт,ана пана

Өмірді өркендетер ана ғана

Өсірген талай шешен ,талай көсем

Талай ер талай дана,талай ақын.

22.Сәбина.

Ана деген адамға Атамекен

Әр адам анаменен адал екен

Бір өзіңе көрсеткен жақсылығым

Бір күні тәтті ұйқыдай садағы екен

Жасынын сүйіп өскен балапаның

Бір сәтке ұмытамын қиындықты

Сипаса маңдайымнан алақаны.

23.Құдайберген.

Бәрі де, ана, бір өзіңнен басталды

Сен деп жаздым алғаш өлең-дастанды

Қуандым ба, өзің бар деп қуандым,

Жыладым ба, өзің жоқ деп жас тамды.

Бәрі де, ана бір өзіңнен басталды.

Жанарыңнан көрдім алғаш аспанды

Еркелесем, бір өзіңе еркелеп,

Жасқандым ба, тек өзіңнен жасқандым


24.Дамира.

Дүниедегі ең кемеңгер дананы

Ана тауып, аялайды, бағады.

Сол үшін де құдіретіне бас иіп,

Құрметтейік қасиетті ананы.

25.Аружан.

Хадистерімізде Мұхаммед Пайғамбарымыз: «Жәннәт-аналардың аяғының астында» деп айтқан екен. Ислам діні әйелдерді ерекше құрметтейді. Егер де бір үйде қыз бала дүниеге келсе, береке, молшылық, бейбітшілік болады, ата-анасына қуаныш әкеледі дейді.


Аққу биі. Қадырбек Таңсұлу.


Ән .Бердібек Мәнсұрдің орындауында. «Анашым»



Көрініс "Ата мен бала"

Автор:Ерте, ерте, ертеде, ешкі жүні бөртеде, көденің көгерген жасыл кезінде, жерден қар кетіп, жердің түрі түрленіп тұрған уақытта, күннің сәулесі көктен қыздырып, жер – ананың денесі бусанған шақта, көңілді «Көктем» атты патшалық болыпты.
Бұл патшалыққа да жадырап «Наурыз» айы келді. Дүние жаңарды. Көк жетіліп, әлем құлпырды.Осы құлпырған, көңілді патшалықты еліне сыйлы, ақылды хан басқарыпты. Ол ханның қайсар да қайратты 4 ұлы, ай десе аузы, күн десе көзі бар 4 қызы болыпты.
«Көктем» патшалығы қандай үлкен болса, сол зәулім ғимараттың іші мейірім мен шапағатқа толы үлкен махаббаттан тұрады екен.
Сол патшалықты басқарған хан өз ұлдарының ішінен мұрагерін іздейді. Сөйтіп оларды сынамаққа бел буды.
Әкесі.Ұлдарым мен қыздарым! Мен қартайдым, сендерге қояр талабым бар. Соны орындағандарың менің мұрагерім боласыңдар. Кімнің өнері мен ақылы көркіне сай болса, сол менің мұрагерім болып, осы патшалықты басқарады.
Әкесі :Балам, үйдегі алтын қазық кім?
1-ші баласы:Үйдегі алтын қазық – бала. Ол – мен.
Әкесі:Жоқ балам, үйдегі алтын қазық сен емес, ол – ана. Ана ақылды болса, бала дана болады.

Әкесі:Балам, жоқты бар, ашты тоқ ететін кім?
2-ші бала: Ата ашты тоқ, жоқты бар ететін мейірімді әке.
Әкесі: Жоқ, балам! Әке қанша мейірімді болса да, ананың жөні бөлек. Жоқты бар, ашты тоқ ететін – ол ана. Анасыз бала ұйықтамайды. Қатықсыз айран ұйымайды.
Әкесі: Жоқ, сендердің жауаптарыңа менің көңілім толмады.

3-ші бала:Әке, не бұйырасыз?
Әкесі :
Өнеріңді көрсет.

Бала: Ана! Ана! Не деген қастерлі, қасиетті сөз едің. Осынау үш әріптен тұратын ұлы сөздің түбірінде қаншама ұлы сезім, ұлы құдірет жатыр десеңізші. Ананың ыстық алақаны жүрекке жылы тиіп, әр сөзі адамзат баласына өшпес нәр береді. Дүниеде ана қадірлі.

Автор: Осы патшалықтағы аяулы ана алыста тұратын бауырының үйінде болатын. Үйге бір аптадан кейін оралды. Үйге кірісімен қыздары бірінен соң бірі аналарын қалай сағынғандарын айта бастады.

1 - қыз: Анашым, мен сені күн сәулесін күткен көкнәр гүліндей сағындым.
2 - қыз: Анашым, мен сені бір тамшы суды аңсаған шөл даладай күттім.
3 - қыз: Мен енесін сағынып шырылдаған кішкентай балапандай болып жыладым.
4 - қыз: Мен сенсіз гүл таппаған ара сияқтымын.

Ана: Балапандарым, мен сендерге бір жұмбақ айтамын, сендер соны шешіңдер. Сендердің бәріңді 9 ай абақтыға жапса, одан шыққан соң ауызыңа өкпе тықса, арқанды ағашқа таңса, сол адамға не істер едіңіздер?
1-ші бала:Мен оның басын балтамен шабар едім.
2-ші бала:Мен оны мылтықпен атып тастар едім.
3-шібала:Оның мұрнын бұзар едім.
Кенже ұл: Жоқ, ана, мына үшеуінің жасайтындары ақымақтың ісі. Ал мен болсам, ол адамды аялап, өлгенше алақаныма салып бағар едім. Ол мені жарық дүние әкелуші адам. ол – асыл ана. Сіз бізді 9 ай көтердіңіз, бізге жарық дүние сыйладыңыз. Қырқынан шығардыңыз, ағаш бесікке бөледіңіз. Міне жұмбағыңыздың шешуі осы.
Ана: Жарайсың, кенжетайым!
Әкесі:Әй, кенже ұлым! Көркіңе ақылың сай болып өсіпсің. Анаң екеуіміздің көңіліміз толды. «Көктем» атты патшалықты өзіңе сеніп тапсырамын.
Әкенің батасы:Ізетті, инабатты, иманды ұл - қыздарым! Бауырларыңды тыңдаңдар, бірлік пен татулықты серік етіңдер! Ана сыйлағанды Алла жарылқайды, аналарыңды сыйлаңдар!
Автор: Сонымен, хан жарлығы екі болмайды. Кенже ұл ата тағына отырып, көңілді «Көктем» патшалығын басқарыпты. Көңілді патшалық адамдарға нұрын шашып «Ана – өмір шуағы» деп жадыраған, жайдары бір күнін асыл аналарымызға арнаған екен.


Ата-ананы құрметтеу!видио.(интерактивті тақтада)


Мақал мәтелдер. Ана туралы.


Ұлдар биі. «Жігіттер »


«Ана туралы жыр» хор.


Қыздар биі.


Ән. Нұрлы көктем. Бердібек Мәнсұрдің орындауында.


Ақ мамам.Мұратхан Бағланның орындауында.


Аялы алақан ойыны

Аналардың көзін байлап, оқушылардың ішінен өз балаларының қолдарын ұстай отырып , тапқызу


Қорытындылау.

Мұғалім сөзі:Бәріміздің де анамыз бар, әжеміз, әпкеміз бар, сіңілілеріміз бар. Жылына бір рет келетін осы аналар мейрамында аналарымызға қандай сыйлық жасасақ та жарасымды. Өйткені, бізді өмірге алып келген, бізге әлемнің жарығын сыйлаған – анамыз емес пе? Олай болса, әр оқушының өзі дайындаған аналарына сыйлықтары бар екен. Соны табыс етсін.

Аналар, қалқып бақыт аралында,

Лайым мұң қонбасын жанарыңа.

Осымен кешімізді аяқтайық

Гүл бітсін бәріңіздің қадамыңа – дей отырып бүгінгі «Ана- біздің күніміз!» атты кешімізді жабық деп жариялаймыз. Ардақты аналар мейрамдарыңыз құтты болсын! Сау саламатта болыңыздар!


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
27 желтоқсан
535
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі