"Ана -біздің күніміз" тақырыбында эссе

Тақырып бойынша 11 материал табылды

"Ана -біздің күніміз" тақырыбында эссе

Материал туралы қысқаша түсінік
Ана туралы эссе.
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Үміт» мектеп-интернатының 7-сынып оқушысы Асанқызы Арай

Ана -біздің күніміз



Наурыз айының басында,жерде әлі де қар жатады.Көктем де ызғарлы,бірақ көңілімізді көктемнің алғашқы мерекесі жылындырады. 8 Наурыз – халықаралық әйелдер күні.Бұл мереке жылдың басқа мерзімінде болуы қисынға келмейтіндей. Өйткені көктем секілді,әйелдер де адамзатқа өмір ,жылылық пен әсемдік сыйлайды емес пе ?

АНА... бұл сөз әрбір халықтың тілінде бар.Барлық тілде де бұл қасиетті сөз нәзік,мейірімді,жылы естіледі. «Ана» сөзі бізді елең еткізбей,жылылық пен шуақты сездірмей қоймайды.

Ана әрбір адамның жарық дүниедегі ең жақыны,жанашыры,қадірлісі, қамқоршысы,

ақ сүтін емізіп аялаған,жанын да аямаған ардақтысы.Мен ана деген сөзді қанша айтсам да жалықпаймын.Өйткені ол дүниедегі ең ардақты жан.Ана баланы тоғыз ай көтеріп, толғатып ай көтеріп,толғатып,дүниеге келтіріп қана қоймайды,оны көзінің қарашығындай қорғап,аялап өсіріп аяғынан тік тұрғызады.Өмір есігін жаңа ашқан баланың бойына елінің рухын сіңіретін,жылауын қойғызатын ана. Ана баланың амандығын бақытты,абыройлы болуын тілейді.Бойымыздағы ең жақсы қасиеттер бізге алдымен анадан тарайды.Қайран ана,өз перзентін әдемі не ұсқынсыз,ақылды не ақымақ,мейірімді не рақымсыз,кесір-қырсық болса да бәрібір шексіз сүйеді.

Ана – тіршіліктің гүлі,отбасының берекесі,бүкіл адамзаттың тәрбиешісі.

Ана – біздің күніміз

Ананың - біз гүліміз

Ұландарды қуантып

Ұзақ өмір сүріңіз.



Ардақты ана,аялы ана қымбаттым,

Тәтті ұйқыңды бөліп талай түн қаттың.

Өміріме нәрін берді ақ сүтің,

Кең құшағың – аясындай гүл бақтың.



Мен өзіңмен қайда болсам біргемін,

Махаббатың жүрегімде жүр менің.

Күн нұрындай жадырай бір күлгенің,

Қандай жақсы ортамызда жүргенің!



Ана өмір болашаққа сыйлайды екен,

Жатты да жамандыққа қимайды екен

Ананың құрсағына сыйған бала,

Даланың құшағына сыймайды екен.



Халқымызда билік айтар даналар,

Даналардың өзі аналардан жаралар.

Жүрегіңнің бір бөлшегі – бала үшін,

Сізден жақын адам ба ма аналар ?!


Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
22.02.2021
510
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Жариялаған:
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі