400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

«Ана – деген теңдесі жоқ ұлылық»

Материал туралы қысқаша түсінік
Даналық жобасы аясында өтілген іс-шара
Материалдың қысқаша нұсқасы

Түркістан облысы

Отырар ауданы

«Т.Ибрагимов атындағы жалпы білім беретін мектеп» КММ



















Тақырыбы:

«Ана – деген теңдесі жоқ ұлылық»









Дайындаған: 6 «А»-сынып жетекшісі

Омар Шәрипа Түзелбекқызы




Арыс ауылы-2026 жыл

«Даналық мектебі» жобасы


Тақырыбы: «Ана – деген теңдесі жоқ ұлылық»


Мақсаты:

Аналардың даналығын, өмірлік тәжірибесін дәріптеу

Ұлттық құндылықтарды қолөнер арқылы насихаттау

Ана мен бала арасындағы байланысты нығайту

Шығармашылық қабілетті дамыту

Жүргізуші:

«Құрметті аналар, қыздар, қонақтар! «Даналық мектебі» жобасы аясында : «Ана – деген теңдесі жоқ ұлылық» атты іс-шарамызға қош келдіңіздер! Сіздерді келе жатқан көктем мерекесі 8-наурыз Халықаралық әйелдер күнімен құттықтай отыра, бүгінгі іс-шарада біз аналардың ұлағатты тәжірибесі мен ұлттық қолөнерімізді біріктіру арқылы жас ұрпаққа өмірлік сабақтар береміз. Ана – қоғамның негізі, ұрпақтың тәрбиесі анадан басталады. Бүгінгі күннің басты мақсаты – ананың даналығын дәріптеу және қолөнер арқылы ұрпаққа ұлттық құндылықтарды насихаттау.»

Бүгінгі іс-шарамызды ашып беру үшін, мектебіміздің директоры Т.Едигееваға сөз кезегін береміз.

Бүгінгі шараның барысында:

1.Танысу тренингі: «Жүрек жылуы»

2. Қолөнер шеберлік сағаты, яғни бірге қолөнермен айналысамыз

3. «Ана даналығы» сұрақ-жауап алаңы

4.Сергіту сәті

5. «Аналарға арнау»

6.Қорытынды.

Қазір біз сіздермен танысып, бір-бірімізбен жүрек жылуына толы бір сәт өткіземіз.

Жүргізуші:

1. Танысу тренингі: «Жүрек жылуы»

Бүгінгі іс-шараға келген әр қонақ өзі туралы таныстырып, өз аналарыңыздан алған бір тәрбиелік өсиетті, немесе ұрпаққа айтатын жақсы кеңестеріңізбен бөліссеңіздер.

Жүргізуші:

2. Қолөнер шеберлік сағатына кезек берелік.

. Бұл шеберлік сағатының мақсаты – ұрпақтан ұрпаққа жалғасқан қазақтың ұлттық қолөнерін насихаттау, әрі аналар мен қыздар арасында бір-біріне деген құрметті нығайту.


Біз төмендегі қолөнер түрлерінің бірін жасаймыз:

Құрақ құрау: Әрқайсымыз киімдерден қалған ұсақ түйірлерден бір-бір көрпе немесе кілемше құраймыз.

Киізден тұмарша жасау:Бүгінгі қолөнерімізде ұлттық нақышта тұмаршалар жасауды үйренеміз.

Білезік тоқу: Шағын білезіктер тоқып, оларды ұлттық ою-өрнектермен әшекейлейміз.


Шеберлік сағаты барысында, аналар мен қыздар бір-біріне көмектесіп, өздерінің іс-тәжірибелерімен бөліседі. Қолөнер жасау барысында, аналар өмірден алған сабақтарын айтып, қыздармен ой бөліседі.


Жүргізуші:

3. «Ана даналығы» сұрақ-жауап алаңы

Ана мен бала арасындағы тәрбиелік байланыс, ұлттық тәрбие туралы ой бөлісейік..

Талқылау сұрақтары:

Бүгінгі ананың басты міндеті қандай?

Қыз тәрбиесінде ең маңыздысы неде?

Ұлттық тәрбиені қалай сақтаймыз?

Қазіргі қоғамда ананың ролі қандай?

Қатысушылар әр сұраққа жауап беріп, ой бөліседі. Әсіресе аналардың даналық сөздері тыңдаушыларға үлкен тәрбие береді.

Жүргізуші:

4. Сергіту сәті: құндылыққа негізделген сұрақтарға жауап берейік. https://wordwall.net/ru/resource/67410270

5.«Аналарға арнау» оқушылардың сіздерге арналған арнауларға кезек берейік.

Жүргізуші:

5. Қорытынды:

Құрметті аналар, қыздар! Бүгінгі іс-шараға келіп,белсене қатысқандарыңыз үшін үлкен рақмет! Сіздерден «Бір ауыз сөз» түйінді сөз сұраймын.

Бүгінгі «Даналық мектебі» жобасы аясында : «Ана – деген теңдесі жоқ ұлылық» тақырыбында өткен іc-шарасы өз мақсатына жетті деп ойлаймын. Сіздерге тек қана сәттілік тілеймін, отбасыларыңызға тыныштық, бақыт және береке тілеймін!



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
03.04.2026
5
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі