жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
«Ана – гүл, ана – жыр , ана – өмір шуағы»
«Дәстүр » балабақшасы
«Ана – гүл, ана – жыр , ана – өмір шуағы»
«Тұлпар» ересек тобы
Тәрбиеші: Содықова С.Б
«Аналар» мерекесі!!
Балалар музыка әуенімен безендірілген залға кіреді.
Жүргізуші: Ақ тілекті ағытып бір тастайық
Аналардың мерекесін біз бастайық
Көздеріңнен көрем шаттық арайын
Өтсін солай әрбір күнің, әр айың – деп
Сәлеметсіздер ме! Құрметті қонақтар!Ақ жаулықты аналар, асыл да аяулы аналар, балабақшамыздың ұстаздары, ару қыздары сіздері 8 – наурыз халықаралық аналар күнімен құттықтаймыз!
Бүгінгі «Тұлпар» тобының сіздерге арналған «Ана – гүл, ана – жыр, ана – өмір шуағы» атты мерекелік ертеңгілігін ашық деп жариялауға рұқсат етіңіздер.
Жұлдызбек:
Мерекеде келіп, қалды.
Бізде әлі дайындық.
Қазір қыздар келеді
Сазайынды береді.
Алиасқар:
Айттымғой мен сендерге
Үлгермейміз қазір біз.
Бәріне қыздар кінәлі
Өлең айтып болғаны.
Абдулахад:
Ұлдар-ұлдар ұрыспаңдар.
Әне өздеріде келіп тұр.
Көңілдірек қарсы алайық
Біздің қыздар келіп тұр.
Жүргізуші:Алдарыңызда «Гүлдер» биі
Жүргізуші: Аялаймыз ананы
Құрметтейміз бағамыз.
Сіздер үшін аналар.
Шырқап әнге саламыз. – деп балалардың орындауында хорды қабыл алыңыздар. «Алғысым көп анама»
Жүргізуші: Сүйікті аналар сіздерге деген балаларыңыздың жылы лебізін қабыл алыңыздар. Ортаға:
Азель,
Анель:
Той пердесін ашайық
Тойға шашу шашайық
Аналарды құрметтеп,
Ән маржанын ашайық
Абдулахад:
Еркелесем күлімдейтін,
Ұрысқаны білінбейтін
Маңдайымнан сипап мені
Құлыншағым күнім дейтін.
Ана десем шешек ашып жанары,
Өмірімнің бастау алар ажары
Ана деген тіршілікке пана боп,
Әрбір үйде жұлдыз болып жанады.
Д.Амина:Үш әріптен құралған
Қасиетті есімсің
Дүниеде жаоғыз жан.
Анашым бір өзіңсің.
Ана деген асыл сөз
Ана деген ғаламат
Жер бетінде анаға,
Табынар барлық адамзат.
Сайықмазақ: Сәлеметсіздерме қонақтар! Сәлеметсіңдерме балалар!Менің атым Тили Вили мен сендерге сонау,Америкадан құттықтауға келдім.Хелоу! Хелоу! Хелоу!(Балалармен амандасады) Мен бүгін мерекеге орай сендерді күлдіріп,көңіл-күйлеріңді көтеремін.Ал қазір мен сендерге акробатикалық номерімді көрсетемін (Сайықмазақ басына тұрамын деп құлай береді)
Жүргізуші: Сәлеметсіңбе сайықмазақ! Қой қоя ғой Тили Вили , сен мойныңды сындырарсың,оданша кел біздің жігіттердің дайындаған өнерін тамашала.Алдарыңызда «Таеквон- до жаттығулары»
Сайықмазақ:Қандай жақсы жаттығулар.Мағанда үйретесіңдерме?
Балалар: Ия
Жүргізуші: Балалар қазір жылдың қай мезгілі: «Көктем» қараңдаршы бізге көктем қонаққа келіпті.
Көктем музыка әуенімен топқа кіреді.
Салем,салем, балақайлар
Әзиз әже назды апайлар.
Қуаныңдар алақайлап.
Құстар әнін ала келдім.
Жерге кілем жаба келдім
Жан бітірткен табиғатқа
Гүлдерімді жаба келдім.
Сәлеметсіңдерме балалар,сәлеметсіздерме қонақтар.Менің Көктем аруымын.Бұл жерде қандай мереке өтіп жатыр?
Жүргізуші: Сәлеметсіңбе Көктем аруы!Біз бүгін аналар мерекесіне арнап,мерекелік ертеңгілік өтіп жатырмыз.Бізде ән де айтып, би де биленіп,ойын да ойналады.Ендеше біздің балалардың жылы лебізін қабыл ал.
Ортаға:
Жұлдызбек,
Кім сендерді балалар сүйетұғын.
Қуанышыңа қуанып,қайғыңа күйетұғын
Түн ұйқысын төрт бөліп,кірпік қақпай,
Анаң байғұс дамылсыз журетұғын
Бүгінгі көктем күнінде,
Барлық адам қуанар,
Аналарды мейраммен.
Құттықтайды балалар.
Ажар:
Күн жетпейді алаң боп.
Кітап оқи бастасам.
«Шаруам көп,шамам жоқ»..
Демейді анам ешқашан
Бізді бағып-қағады
Қайдан мұрша табады?!
Алпамыс
Ана дейміз бәрімізде аңқылдап,
Ана дейді жас сәбиде жарқылдап
Ана деген бәйтерегі өмірдің
Әр сөзімді жаттаған
Жүрегінде сақтаған
Анашым деп ән салам.
Сайықмазақ: Балалар менің билегім келіп тұр. Не істесем екен?
Жүргізуші: Ендеше біздің балалардың «Вальс »биін тамашалап билеп алсаңда болады.
Сайықмазақ: Қандай тамаша би балалар.
Жүргізуші: Қандай бала болмайық
Анамызға балдаймыз
Көтерейікші көңілін
Ән салайық бәріміз – дей отырып балаларымыздың «Ай лав ми мами» әнін қабыл алыңыздар!!
Жүргізуші: Рахмет балалар!Ал енді балаларымыздың әжелеріміз туралы өлең- шумақтарына құлақ түрейік.Ортаға:
Зере:
Аналарды сүйеміз
Ақылын ойға түйеміз
Әжені де ардақтап,
Әдеппен бас иеміз!
Таусылмайды өлеңі
Күнде айтып береді
Барған сайын бір жаққа
Кәмпит алып келеді.
Әжем менің өйткені,
Өте жақсы көреді.
Хажар:
Әже деген көп шығар
Әжемдей менің жоқ шығар
Мейірімді бұл кісі
Қандай ғажап күлкісі
Шалқып тасып әніміз
Жадырасын жанымыз
Әже сізді құттықтап
Әндетеміз бәріміз!
Азамат:
-Іше ғой!Жей ғой !Тоя ғой...
Жылама , көкем! Қоя ғой...
Тойлардан сарқыт тасыған
Шықпайсың әже қасымнан
Дастархан болып жайылған.
Әжеңдей кім бар мейірбан?!
Малика:
Өскенде мен енді
Аралаймын әлемді.
Сыйлық әкеп әжеме.
Таң қалдырам бар Елді!
Өте жақсы көремін.
Өйткені мен әжемді.
Менің әжем,бұл әжем
Айтқан сөзі дәл әжем
Аман болса көреді,
Қызығымды әлі,әжем.
Жүргізуші: Аналар мерекесіне орай біздің жігіттеріміздің даярлаған киімдерін көрсетуге рұқсат етіңіздер.Алдарыңызда «Көктем киім үлгілері» қарсы алыңыздар!!!
Жүргізуші: Аяулы анашым,ардағым.
Жанымда жүрші сен әрдайым.
Құлпырған гүлімдей жайнай бер.
Биімді саған арнаймын – дей отыра біздің кішкентай ханшайымдарымыздың орындауында «Испан» биін қарсы алыңыздар.
Көктем аруы: Балалар ертеңгіліктерің өте жақсы өтуде Сайықмазақ екеуміз кетейік,біз басқада балабақшаларға баруымыз керек сау болыңдар.
Жүргізуші: Ал енді балаларымыздың жыр-шумақтарын тыңдайық.Ортаға:Қ.Амина:
Алақаны ақ самал
Мәпелеген жан ана
Көкте күнім батса да
Өзің күнсің балаңа
Әр бір ана сүйеді
Өз баласын үнемі
Одан асқан жоқ деп,
Жер бетінде, біледі.
Нұрасыл:
Ақ мамамды әрқашан,
Сағынамын,сыйлаймын.
Мейрам сайын мен оған,
Түрлі сыйлық сыйлаймын.
Бізге қарап елжіреп...
Сүйсе беттен күнім деп,
Жүгіреміз күлімдеп.
Нұрмұхаммед:
Бар өмірдің жүрегі
Өзің алтын ордасың
Тірлігімнің тірегі
Уайымың болмасын
Балалардың да тірегі
Дананың да тірегі
Шаншымасын еш қашан
Аналардың жүрегі.
Жүргізуші: Мерекені қарсы алып,
Мәз болады барша жұрт,
Гүл ұсынып анаға,
Бердім өзім ән салып.- дей отыра, балалардың орындауында «Солнечный круг» әнін қарсы алыңыздар.
Жүргізуші:
Дүниеде ең кемеңгер дананы
Ана табады аялайды,бағады.
Сол үшін де құрметіне бас иіп.
Құрметтейік қасиетті ананы – деп ортаға:
Омар:
Бала,бала,бала деп.
Мені өсірген анашым
Гүлге толсын құшағың.
Бақытты бол анашым!
Ақ анашым аппағым
Өзің жайлы тақпағым
Өзің жайлы әнімде
Арнадым саған бәрінде.
Б.Ажар:
Рахмет саған,Ана!
Кінәм болса, кешіргенің үшің,
Ауыр бейнет кешіргенім үшін.
Ауырмайтын аман-сау
Адам қылып өсіргенің үшін!
Рахмет,саған , Ана!
Сенің әрбір жылағаның үшін,
Жоқтан барды құрағаның үшін!
Бақыты үшін балаңның,
Барлығына шыдағаның үшін!
Рахмет,саған,Ана!
Ұрпағың үшін үнемдеп
Қымбат киім кимегенің үшін
Біздерді ойлап,шырылдап,Бар өміріңді арнағаның үшін!
Алиасқар:
Рахмет,саған,Ана!
Мені тастап кетпегенің үшін.
Жетім бала етпегенің үшін!
Тектілігіңді жоғалтпай,
Темекіде шекпегенің үшін!
Рахмет,саған,Ана!
Жаман жолға түспегенің үшін,
Адал еңбек істегенің үшін!
Балаңды ойлап болашақ,
Арақ-сыра ішпегенің үшін!
Рахмет,саған ,Ана!
Маған бәрін әпергенің үшін!
Мінезімді көтергенің үшін!
Он екі мүшемді сау қылып,
Дүниеге әкелгенің үшін!
Рахмет,саған,Ана!
Болашақ менің баламның атынан
Бұрынғы ата-бабамның атынан.
Он сегіз мың ғаламның атынан.
Жеті миллиард адамның атынан.
Рахмет,саған, Ана!
Жүргізуші:Балалар гүлдеріңді аналарыңа сыйға тартсаңдар болады.Құрметті аналар,қонақтар осымен біздің ертеңгілігіміз аяқталды,келесі кездескенше күн нұрлы болсын!!!

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген