«Ана – гүл, ана – өмір шуағы» мерекелік ертеңгілік сценариі.
(№7 «Қүлыншақ» кіші тобы)
Мақсаты: 8 наурыз мерекеге байланысты көңіл күйді сезінуге үйрету; балалардың музыкалық қабілеттерін дамыту;анаға, әжеге сүйіспеншілікті тәрбиелеу. Ана жайлы тамаша сөздер, өлеңдер, әндер арқылы аналарды мерекемен құттықтау, балаларды мейірімділікке тәрбиелеу, ұстазға ата-анаға деген құрмет сыйын арттыру, ана еңбегін қадірлей білуге үйрету.
1) Әндер: «Құттықтаймын мама туған күніңмен», «Мен апамның баласымын»
2) Билер: «Аралар», «Балапандар», «Қуыршақ»
3) Ойындар: «Түсіне қарай гүлдерге көбелектерді орналастыр», «Саңырауқұлақтарды себетке жинау».
Қош келдіңіздер! Құрметті қонақтар, қызғалдақ
қыздар, қадірлі
тәрбиешілер!
Көңілдеріңізге көктем шуағындай сезім мен нұр
құйып сегізінші наурыз Халықаралық әйелдер мерекесі де келіп жетті.
Осындай көркем мерекенің қай кезде де орны бөлек. Олай болатыны
аналарға ыстық сезім, алғыс пен құрмет ешқашан сөнген емес. Олар
өмірдің гүлі, көңілдің жыры, әр отбасының алтын діңгегі. Бүгінгі
«Ана – гүл, ана - өмір шуағы» атты ертеңгілігіміз сіздерге
арналады.
Жүргізуші: Балалар қараңдаршы айнала қандай әдемі , қазір жылдың қай мезгілі?
Балалар: Көктем мезгілі.
Жүргізуші: Дұрыс балалар, көктем мезгілінде күн жылынып, қар еріп, жылы жақтан құстар ұшып келеді, ағаштар бүршік жарады, табиғат сұлулана түседі.
Жүргізуші:Көктем мезгілінің алғашқы мерекесі қалай Аналар күні!
Балалар қар еріп, құстар ән салып, алғашқы
гүлдер шығуда. Адамдарға қуаныш сыйлайтын сиқыршы көктем. Олай
болса мерекеге көктемді
шақырайық.
Музыка әуенімен залға (Көктем)
кіреді.
Көктем:
Дала гүлге
бөленеді.
Қуанышқа
кенеледі.
Орман, торғай,
бақтарда
Өйткені мен
көктеммін
Құстар сайрай
жөнеледі.
Шұғыламды
төккенмін.
Барлықтарыңызды мерекелеріңізбен
құттықтаймын. Денсаулық, қуаныш, сұлулық
тілеймін.
Жүргізуші: Көктем,қош келдің,төрлет Көктем! Біз сені көп күттік! Біздің балалардың көктемнің алғашқы мерекесіне қалай дайындалғандарын тамашала!
Жүргізуші: Құтты болсын осы шаттық күніңіз,
Бақытты да ұзақ өмір сүріңіз.
Қуанышты жүзіңізбен әрдайым,
Бұл өмірде күліп қана жүріңіз!
Жүргізуші: - Ал енді біздің балапандар аналарға арнап өз өнерлерін көрсетсін.
Ән: «Құттықтаймын мама туған күніңмен» әні.
Жүргізуші:
- Ал
балалар!
Ойнайық та
күлейік.
Кәне енді
бұрылып
Би билеуге
тұрайық.
Би:
«Аралар»
биі.
Жүргізуші: Қандай тамаша би! Рахмет.
Енді бір ойын ойнайық.
Ойын: «Түсіне қарай гүлдерге көбелектерді орналастыр»
Жүргізуші: Жақсы балалар! Ал біз мерекемізді әрі қарай жалғастырайық. Балалар, тыңдаңдар – бұл кім туралы тақпақ?
Таусылмайды өлеңі,
Күнде айтып береді.
Барған сайын бір жаққа,
Кәмпит алып келеді.
Балалар: Әже!
Жүргізуші: Дұрыс айтасыңдар, ол, әрине, әже. Олай болса, Әже туралы әнімізді айтайық!
Жүргізуші: Қандай керемет балалар рахмет.
Жүргізуші: Балалар бізге қонаққа Шұбар тауық келіпті, қане қарсы алайық.
Шұбар тауық: Құт-құт-құт-құт, балалар сендер шуылдап менің мазамды алдыңдарғой,балалар.Шуылдағаннан менің жұмыртқаларым шашылып қалды.
Ал енды маған кім көмектеседі,жұмыртқамды жинауға?
Жүргізуші: Ал енді балалар көмектесемізбе Шұбар тауыққа,жұмыртқаларын жинап беруге?
Шұбар тауық: Жақсы балалар көп рахмет сендерге.
Жүргізуші: Балалар Шұбар тауықтың жұмыртқасының түсі қандай екен?
Балалар: Ақ.
Шұбар тауық: Жарайсыңдар балалар,жүмыртқаның түсін жақсы біледі екенсіңдер,енді менімен қонақтарға бір билеп берейікші!
Би: «Балапандар» биі.
Жүргізуші: Жарайсыңдар балалар!
Қане балалар, олай болса тағы бір ойын ойнайық!
Ойын: «Саңырауқұлақтарды себетке жинау».
Жүргізуші:Ойыншыларға ду қол шапалақ! Рахмет сіздерге.
Жүргізуші: Мерекеге арналады бүгін билер ,
Көтерілсін канекей,көңіл күйлер
Алдарыңызға қазір қыздар биі
Қол соғып демеу берер көрермендер
Би: «Қуыршақ» биі.
Жүргізуші: Қандай тамаша би! Рахмет балалар.
Жүргізуші: Ал балалар бүгінгі ертеңгілікке сендер жақсы дайындалып, жақсы өнерлеріңді көрсеттіңдер,қонақтарға керемет көңіл күй сыйладыңдар,сендерге көп рахмет!
Жүргізуші: Аналарға арнайы жасалған сыйлық.
Күндеріңіз толсын гүлге, желекке
Отбасында болсын ырыс-береке
Құттықтаймыз шын жүректен сіздерді
Өмір-думан, бақ әкелсін мереке - дей отыра бүгінгі мерекеге арналған ертеңгілігіміз аяқталды, Қымбатты аналар,қонақтар! Мерекелеріңіз құтты болсын! Әлемдегі ең сұлу, ең мейірімді, ең қамқор адам осы отырған сіздер. Дендеріңіз сау, көңілдеріңіз шат болсын, әрқашан аман болайық! Келіп тамашалағандарыңызға рахмет! Сау болыңыздар!
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Ана -гүл,ана-өмір шуағы

шағым қалдыра аласыз