Материалдар / "Ана- өмір шуағы" мерекелік ашық тәрбие сағаты
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

"Ана- өмір шуағы" мерекелік ашық тәрбие сағаты

Материал туралы қысқаша түсінік
Аналар мерекесіне арналған мерекелік ашық тәрбие сағатының сценарийі
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
03 Маусым 2024
129
0 рет жүктелген
450 ₸
Бүгін алсаңыз
+23 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +23 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

«Ана- өмірдің шуағы» атты мерекелік тәрбие сағаты

Мақсаты: Оқушыларды аналарды құрметтеуге, ана еңбегін ардақтауға баулу,қыздарды әрдайым сыйлап жүруге тәрбиелеу; Эстетика-этикалық әдептерді жетілдіру.

Сабақтың көрнекілігі: Сабақтың тақырыбы безендірілген плакатқа жазылып, тақтаға ілінеді; үнтаспа; 8 наурыз мерекесіне арналып жасалған қабырға газеті; түрлі-түсті шарлар;

Сабақтың барысы:

1 - жүргізуші:

Біз ғана емес, қадір тұтқан бабалар.

Аналардан туған небір даналар.

Ана деген тіршіліктің тірегі,

Армысыздар, қасиетті аналар!

Қайырлы күн, қымбатты ұстаздар, аналар, арулар! Көңілдеріңізге көктем шуағындай сезім мен нұр құйып, тағы да 8-наурыз халықаралық әйелдер күні келді. Осынау көркем мерекенің қай кезде де орны бөлек. Бүгінгі «Ана- өмірдің шуағы» атты мерекелік тәрбие сағатымызды ашық деп жариялаймыз! Қош келдіңіздер!

2 - жүргізуші:

Десек те уақытпенен жарыспайды,

Қияға қиялменен қарыштайды.

Шәкірттер шын жүректен тебіреніп

Өнерлерін анаға бағыштайды, - дей келе ортаға сыныбымыздың оқушысы Нәбиева Ағленнің орындауында Абзал ана әнін қабыл алыңыздар.


1 - жүргізуші:

Ақ тілекті ағытып бір тастайық,

Аналардың мерекесін бастайық.

Көздеріңнен көрем шаттық арайын,

Өтсін солай әрбір күнің, әр айың



2 - жүргізуші:

Көңілің Алатаудың ақ қарындай,

Мейірімің күннің шуақ шақтарындай.

Қалайша аяулы ана тына алармын,

Ән болып сағыныштан ақтарылмай, - деп абзал аналарымыз бен қырмызы қыздарымыздың құрметіне Успанов Алдиярдың орындауында Секіртпе " күйін қабыл алыңыздар!



1 - жүргізуші:

Әлемдегі ең ақылды, дана боп,

Нұрын шашар жақсыларға пана боп.

Кім - кім болсын сені алақанында,

Мейірлене ешкім сүймес ана боп.

2 - жүргізуші:

Алақаны жылылықтан балқыған,

Бір күлкісі бар әлемді шарпыған.

Бұл сезімге ие болған барша жұрт,

Әрқашан да мол байлықта шалқыған, – дей отырып ұл - қыздарыңыздың өнерлерін қабыл алыңыздар! (Вальс)

1 - жүргізуші:

Құтты болсын осы шаттық күніңіз

Бақытты да ұзақ өмір сүріңіз

Қуанышты жүзіңіз бен әрдайым

Бұл өмірде күліп қана жүріңіз



2 - жүргізуші:

Ана деген - бастауы ұлылықтың

Ана деген - рәмізі сұлулықтың

Ана деген - бір жыр бар шырқалатын

Асқақтатар биікке ұрпақ атын, -дей келе аналарымызбен шағын ғана ойын ойнауға рұқсат етіңіздер.Ойын шарты суретте көрсетілген кейбір балаларыңыздың жазған хаттарынан жазуына қарап немесе мазмұны арқылы әр ана өз баласының хатын табуы керек.

1 - жүргізуші:

Әркімнің де өмірден аласы бар,

Аласы бар адамның анасы бар.

Мерекесін құттықтап аналардың,

Өнерлерін жолдайтын апалардың баласы бар деп сыныбымыздың оқушылары н ортаға шақырамыз. Кезекте поэзия әлемі. (өлең оқылады)



2 - жүргізуші:

Ару - Ана өмірдің асылдары,

Жайнасын көңілімнің жасыл бағы.

Сендер үшін ән мен жыр шырқалуда,

Сендер үшін мереке шашулары, - дей отырып сіздерге кезекті сергіту сәтін ұсынамыз .Ортаға аналарымызды шақырамыз,парта үстіндегі көз жанарлардан әр ана өз баласының көзін тауып алуы қажет.




1-жүргізуші:

«Бала, бала, бала» деп,

Бізді өсірген анашым.

Гүлге толып, құшағың,

Бақытты бол, анашым.

2 - жүргізуші:

Қыз өссе - елдің көркі, гүл өссе – жердің көркі демекші - 8 наурыз мерекесі, қыздарымыздың да, мерекесі.

Қыз емес қыздың аты қызыл алтын

Көрінер толған айдай жүзі жарқын

Үлкеннің алдын орап, сөз сөйлемес

Халқының сақтай білген, ізгі салтын – демекші, сүйкімді қыздарымызды құттықтап, жігіттердің орындауында «Қызыл Раушан» әнін қабыл алыңыздар

1 - жүргізуші:

Ана – барлық қиындықты жеңетін сарқылмайтын күш, тіршіліктің қайнар бұлағы. Қазақ әйелінің дастарханы тоқ, қонағы ырза, дүниесі түгел. Олар үшін бірінші орында отбасының берекесі тұрады. Бөбегін бесікке бөлеп, әлдилеп аялаған ана бақыт құшағында емес пе?!

2 - жүргізуші:

Аяулысың, ауылымның асылдары,

Жайнасын көңілдердің жасыл бағы,-дей келе кезекті «Алло,Анашым» атты ойынға кезек берейік.Ойын шарты ортаға аналарымызды шақырамыз,аналарымыз артқа қарап тұрған уақытта балаларымыз Алло,Анашым деп айтады.Осы кезде өз баласының дауысын естіген анамыз артқа қарап бұрылады.

1 - жүргізуші:

Жанұяның жылуын суытпай, тал бесікті тербей отырып, тебірене толғар бесік жыры арқылы аңыз ертегілері мен жақұт жырлары арқылы ұрпағының бойына адамдық қасиеттерді дарытып отырған аналарымыз.



2 - жүргізуші: Күнінде гүл көктемнің нұрын шашып,

Жасқанбай әр қадамын нық - нық басып,

Биімен көрерменді тәнті ететін

Арулар келді міне толқып, тасып. «Қазақ биін » қарсы алыңыздар!

1 - жүргізуші:

Барша ана, құтты болсын мерекеңіз

Әрқашанда ана сізбен берекеміз.

Ақтасақ ақ сүтіңді, асыл анам.

Сонда біз кісілікке теңесеміз береміз,-дей келе кезекті сынып оқушыларына берейік. (Өз қолымен жасаған сыйлықтарды ұсыну)


1- жүргізуші:

Көңілің Алатаудың ақ қарындай,

Мейірімің күннің шуақ шақтарындай.

Қалайша аяулы ана тына алармын

Ән болып сағыныштан ақтарылмай,- деп абзал аналарымыз бен ардақты арнап дайындаған әнімізді қабыл алыңыздар.Хор- «Аяулы,анашым»


2 - жүргізуші:

Кең кеудеңе гүл болып тағыламын,

Жұлдызындай көгінде жағыламын.

Алыс кетсем аңсаймын сағынамын,

Анам менің, асылым, лағыл әнім. Келесі тілек кезегі аналарымызға беріледі


1 - жүргізуші:

Жарқыраған қызыл гүлдей

Болсын әсем өміріңіз

Сәуле шашқан әсем күндей

Көтерілсін көңілдеріңіз – деп сіздерге отбасылық бақыт, дендеріңізге саулық, осы мерейлі мереке тек қана игі жақсылықтар әкелсін.

Осымен бүгінгі «Ана-өмір шырағы» атты мерекелік кешіміз аяқталды. Көңіл қойып тамашалағандарыңызға көп - көп рахмет! Келесі кездескенше аман – сау болыңыздар! 8 наурыз құтты болсын! Тағы да мерекелеріңізбен!

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!