400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

"Ана – өмір шырағы!" ертеңгілік

Материал туралы қысқаша түсінік
тәрбиешілерге арналған
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ана – өмір шырағы!

Мақсаты: Балаларға 8 – наурыз халықаралық мейрамы екенің ұғындыра отырып, аналарына деген сүйіспеншілік сезімдерін арттыру, сыйлай білуге, қолғанат болуға, әрқашан құрметтей білуге тәрбиелеу, балалардың бойындағы жеке қабілеттері мен таланттарын дамыту, адамгершілікке, ізгілікке, достықты қастерлей білуге тәрбиелеу.


Жүргізуші: Қымбатты балалар, сүйікті аналар, құрметті әріптестер!

Бүгін біз көктемнің алғашқы мерекесі күні әсем залға 8 - наурыз аналар мерекесін тойлауға жиналып отырмыз. Мерекелеріңіз кұтты болсын!


Бала, бала, бала деп,

Түнде шошып оянған

Түн үйқысын төрт бөліп,

Түнде бесік таянған.

Қаймақты сүттей қалқытқан...

Қолын қатты тигізбей,

Иісін жүпар аңқытқан

Бұл кім?

Балалар: Ана, ана, ана!

Аналарымызға арналған ән «Ақ мамам»

Жүргізуші:

Бүгін наурыздің 8 - і

Сүлулықтың негізі

Әдемі сөз адамның

Анаға айтар лебізі.

Тақпақтар:

Әмірбек Таң қалғандай ғалам

Кім сұлу адам? Ол менің анам


Ясинна Анам менің сүйіктім

Тек өзіңе табынам.


Көркем Мен анамды сүйемін

Құшағына енемін.


Орынғали Олжас «Боташым» дер саған

Кім сүйікті адам

Ол - менің анам.


Диасыл Құтты болсын, анашым,

Құтты болсын мерекең!


Фархат Анам менің «Күнім» дейді

Мен қуансам күлімдейді


Алихан Ақ анашым, аппағым,

Өзің жайлы тақпағым,

Өзің жайлы әнім де,

Арнадым саған бәрін де.


Жанила Анам менің «Айым»дейді

Мен мұңайсам «уайым» жейді.


Тәрбиеші: Қыздарымыздың орындауында «Қуыршақтар » биі


Есік қағылып көк көйлек киген Ару көктем кіріп келеді.


Ару көктем:

Мен көңілді көктеммін,

Былтыр келіп кеткенмін.

Көзін ашып бұлақтын,

Түбіне тал екенмін.

Гүл боп қырда егілем,

Дән боп жерге себілем.

Жаңбыр болып жауам да,

Нұр боп көктен төгілем.

Шуағын төгіп әлемге.

Жылуын күннің әкелем.

Табиғаттың төсіне тіршілігін сыйлаймын.


Жүргізуші. Амансың ба, Ару көктем? Ұлан - байтақ жерімізге қош келдіңіз! Шуағыңды шаттандырып, нұрыңды мол төге бер.


Көктем: Мынау менің құшағым толы қыр гүлін, гүлдей жайнаған қыздарға сыйлағым келіп отыр.- деп гүлдерді таратады. Осы гүлдей, құлпыра беріңдер, аяулы аналар, әжелер, мерекелеріңіз құтты болсын!


Жүргізуші: Ал, Ару көктем біздің балаларымыздың өзіңе арналған өлеңдерін қабыл ал.

Ән «Нұрын төккен маған»

Ойын «Кім тез гүл тереді? »

Тәрбиеші: « Қариясы бар үйдің – қазынасы бар» деп бекер айтылмаған. Бүгінгі мереке күні әжелерімізге де арналған тақпақтарымыз бар.


Рамазан: Мені жақсы көреді,

Күндей күліп жүреді,

Көп ертегі біледі,

Маған айтып береді.

Бегайым: Әлпештеген аялаған

Ақ сүт берген апатайым.

Сәлем жазып бүгін саған,

Мейрамын мен құттықтаймын.

Өтеп Олжас: Менің әжем мейірбан,

Мені жақсы көреді.

Қажетіне жарасам,

Жас балаша күледі.

Нұргүл: Әр сөзімді жаттаған,

Жүрегінде сақтаған,

Анашым деп мақтанам,

Айналайын ақ мамам.

Мариям: Ақ қабақты анашым,

Күн сәулелі анашым.

Әлпештеген баласын,

Айналайын анашым.

Аянат Әже деген көп шығар,

Әжемдей жоқ шығар.

Мейірімді бұл кісі,

Қандай ғажап күлкісі.

Айкөркем Менің әжем жыр әжем,

Шуағы мол, нұр әжем.

Тәрбиеші: Ортада ер балалардың орындауында би «Джентльмен»

Жүргізуші: Ананың әрбір сөзі жылылыққа толы. Ананың көз нұры, мейірімі тастай мұзды да жібітеді. Сүйікті аналар, сіздерге деген балаларымыздың жылы лебіздерін қабыл алыңыздар.

Тақпақтар:

Амира Шашымды өріп тараған,

Қабағыма қараған

Үлкен кіші демейді,

Сыйлайды оны бар адам.

Сибель Сенен өскен балалар,

Батырлар мен даналар

Құттықтаймыз мейраммен

Құрметті аналар.

Айллана Қуанышы баланың

Бізді өсірген анашым

Музыка шығады:

Тәрбиеші: Балалар бүгін біздің мерекеге тағы бір қонақ келе жатқан сияқты.

Көңілді музыка ырғағымен Сайқымазақ кіріп келеді.

Сайқымазақ:

Жан - жағыма қарасам,

Қонақтар өте көп екен.

Ұлдар да көп, қыздар да көп

Апайларда мұнда көп

Мен сайқымазақпын,

Ақылыма көркім сай.

Ұнаймын жұрттың бәріне

Үлкенге де, кішіге.

Келіп қалдым мен бүгін,

Құттықтауға сіздерді.

Аналарды, қыздарды

Сүйікті әжелерді.

Тәрбиеші: Рахмет, саған Сайқымазақ!

Сайқымазақ: Мен билегенді жақсы көремін. Кім менімен билейді?

(Балаларды билету) Би: «Барбарики»


Ойын «Кір жаю»

Шарты: Балалар шелектен жуылған бет орамалдарды алып беріп тұрады, ал әкелер жіпке іледі. Бірінші болған топ шелектерін қолдарына алып орындыққа отырады.

Ата - аналарға құттықтау сөз кезегін беру


Тәрбиеші:

Сүйкімді ғой балалар

Өнерлі ғой баршасы

Міне, осындай қойылым

Көрсетті «Балбұлақ» шағын орталығы!


Құрметті аналар мен әжелер! Сіздерді ІІ кіші топ бүлдіршіндері атынан шын жүректен құттықтаймыз. Аяулы аналарымыз, ардақты әжелеріміз, сүйкімді балаларымыз әрқашан аман болсын!




Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
01.04.2019
466
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі