400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

"Ана -өмірдің шуағы"

Материал туралы қысқаша түсінік
8 НАУРЫЗ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ӘЙЕЛДЕР КҮНІНЕ АРНАЛҒАН АШЫҚ ТӘРБИЕ САҒАТЫ
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақтың тақырыбы: «Ана - өмірдің шуағы»

Мақсаты:Оқушы бойында ізгілік,инабаттылық,адамгершілік,

қасиеттерді қалыптастыру.

Оқушыларды ананың еңбегін ақтауға, анаға деген сүйіспеншілікке, ананы

құрметтеп, сыйлауға тәрбиелеу .

Сабақтың көрнекілігі: Нақыл сөздер,бейне материалдар,интерактивті тақта.

Сабақтың барысы:

1-жүргізуші: Армысыздар, аяулы аналар, құрметті ұстаздар, гүлдей құлпырған

қыздар! Барлығымыз асыға күткен көктемнің алғашқы күндерімен бірге 8 наурыз Халықаралық әйелдер күні де келіп жетті. Бұл - бір қолымен бесікті, екінші қолымен әлемді тербеткен аналар мен нәзік жанды қыздар қауымының төл мерекесі. Сенен өскен балалар, Батырлар мен даналар. Құттықтаймыз мейраммен, Құрметті, жан аналар!

2-жүргізуші: Қош келдіңіздер, құрметті аналар мен мектебіміздің ұстаз, қыздары! Бүгінгі мерекелеріңіз құтты болсын! Сіздерге сарқылмайтын денсаулық, ұзақ ғұмыр тілейміз. Осы күні өздеріңізге бағытталған тілектер періштенің құлағына шалынсын. Әрдайым біздердің жанымызда жүре беріңіздер.

Бейне клип:       ˝Ана туралы аңызˮ

1-жүргізуші:Сәби өмірге алғаш келгенде өз сезімін гуілдеген үнімен білдірсе, өсе келе ерекше сезімін әнмен жеткізгісі келеді.

Ән: Илясова З.

2-жүргізуші: Наурыз мейрам  жүректерге нұр сепкен Маңдайымнан сүйіп жатыр нұр көктем Жарығыңмен шуағыңмен күн ана Алып келдің  жер бетіне гүл көктем -Ана- барлық өмірдің бастауы. Ол адамды өмірге әкеледі, оны тәрбиелейді,өсіреді. Адам бойындағы барлық асыл қасиет күннің нұрынан, ананың ақ сүтінен дариды. Ана -ұлы адам, Ана-құдіретті жан ,ендеше бүгінгі мерекелеріңіз құтты болсын, Аяулы аналар!!! Арулар!

І жүргізуші: Той пердесін ашайық Аналарды құрметтеп Ән маржанын шашайық ІІ жүргізуші: Құтты болсын ардақты анам Асыл анам мерекең Құтты болсын ұстаздарым Қуанышты берекең

 І жүргізуші: 1910 жылы Данияда Копенгаген қаласында революционер әйелдердің халықаралық конференциясы өтті. Мінбеге Клара Цеткин шықты. Ол ақ шашты қара көзді орта жастағы адам еді. Біз күреспен қол жеткізген осы мерекені жыл сайын 8 наурыз күні атап өтейік. Бұл барша әйел қауымының мерекесі болсын деген ұсыныс айтты. Ұсыныс бір ауыздан қабылданып, 8 наурыз халықаралық әйелдер күні болып қабылданды.

1-оқушы:

Өзіңе еліктеп өсермін Борышты өтермін қалайда Тым нәзік, жұтаңдау жырымды Жүректе жылытшы, жарай ма?

 2-оқушы Азамат қуат алар ақ сүтіңнен, Мәпелеп әлдилеген пейілі кең. Аналық махаббатың кәусәр-бұлақ, Сөнбейтін ақ жүрегің мәңгі шырақ.

 3-оқушы: Дүниенің жарық күні анамыз Дана болсақ анаменен данамыз Тыңдаңыздар, көңіл қойып ағайын Анаға арнап тағы бір ән саламыз

4оқушы:   Ардақты Ана, аяулы ана, қымбаттым Тәтті  ұйқыңды бөліп талай үн қаттың Өміріме нәрін берді ақ сүтін Кең құшағың аясындай гүл бақтың

5-оқушы: Ана деген,ана деген бұл өмірдің  тірегі Аналардын мөп-мөлдір ғой тілегі Құлыным  шырылдаған ,ешбір тыным таппаған, Ауырмасын, ауырмасын ,аналардың жүрегі.

6-оқушы: Құттықтаймын мейрамыңмен ,аналар, Әр күлгенің бізге бақыт саналар. Еңбегіңді еш етпейді өмірде Елің ,жұртың ,ұл мен жұртың бағалар.

7-оқушы Маған қымбат адам жоқ бір анадан Бар жақсылық аналардан жаралған Жер бетіне өмір нәрін себуші Аналарға борышты ғой бар адам,

8-оқушы Мен ананы шуағы толы күн деймін, Анадан зор құдіретті білмеймін. Анам аман-сау жанымда жүрсе егер Бақытым да әр лез бірге жүр деймін.



9-оқушы

Дүниедегі еңардақты асыл жан, Анам мені мәпелеген жасымнан Мен қуансам қуанады ол бірге Мен қиналсам табылады қасымнан

10-оқушы:

Сәл еңкейген нұр жүзіңнен әл тайып, Қуат кешіп бара жатыр қартайып Отбасында бала-шаға қасында Жетпістер мен сексендер жүр Алғыс естіп қолбаңдайды баладай Ниеті ақ,пейілі кең даладай

11-оқушы:

Қыздарды жігіттерден көп дейді, Ойбай-ойбай бола берсін көп мейлі, “Қыз”деген оләдемі ғой әдемі, Әдемілік бізге көптік етпейді.

12-оқушы:

Анасыздар, әр үйге панасыздар, Бала десе от болып жанасыздар. Сәтті басса ұрпағың,- мерей тасып, Қыз күлкісін сусын қып қанасыздар.

13-оқушы:

Анасыздар — Ақ Еділ, Жайықсыздар - Жүзе алмайды өтінде қайықсыздар. Маздататын, жүректе от лаулататын, Әр үйдің Күні десе, лайықсыздар.

14-оқушы:

Анасыздар, кең байтақ даласыздар. Жаны жайсаң жеңімпаз данасыздар. Көлеңке жоқ көңiлінде, қылауы жоқ, Үлбіреген жауқазын баласыздар.

15-оқушы:

Сіздер — Күнсіз, аспанда жарқыраған, Сіздер — өзен, тау суы сарқыраған, Сіздер — ана, сіздер — жар, сіздер — қыздар, Сіздер —  жаңбыр, ақ нөсер сарқыраған.

16-оқушы:

Біз сіздерсіз тіршілік ете алмаймыз. Дегенге де сіздерсіз жете алмаймыз.

Айнала ұшып сіздерді көбелек боп,

Өртеніп қастарыңнан кете алмаймыз. 

Ән: «Ананың тілі.» Салдарбек Ержігіт

 ІІ жүргізуші:— Оқушыларды өздерінің шығарған өлеңдерін оқиды. Қабыл алыңыздар.

 І жүргізуші:— менің таң қалатыным, анам үйде барлық тірлікті істеп, одан қала берсе жұмысқа да барып үлгереді ғой.

 ІІ жүргізуші:-Иә, мен мектептен келсем, тамағым да дайын , үй де жинаулы мұның бәрін қалай үлгереді екен?

І жүргізуші:-Біздің аналарымыз бәрін өз қамқорлығына алады , олар барлық шаруаны бітіреді,сонымен қатар олар біздің әр ойымызды айтқызбай табады, біздің бар сырымыз оларға әрқашанда белгілі.

І жүргізуші: Ән де шырқап, ойын да ойнап жатырмыз. Асыл ана бәрі осының сіздің ғана арқаңыз.

Асылбек Еңсеповтың «Детство» күйі қосылып тұрады. Мұқағали Мақатаевтың «Ана» атты өлеңі және Қадыр Мырза Әлінің « Ана» атты өлеңдері оқылады.

«Ана»

Ана Сен бақыттысың, Жыламағын!

Жай түсіп жатқанда да құламадың

Тәңіріңнен мен едім ғой сұрағаның

Сондықтан жыламағын, жыламағын!

Бармын ғой Тірімін ғой, Қасыңдамын.

Өлмеймін, мен өзіңдей асылданмын.

Таусылып, өз-өзіңнен шашылмағын,

Байырғы берекеңді қашырмағын.

Мен сенің қанықпын ғой көз жасыңа

Өзім кепіл тот басып, тозбасыма.

Екі жыр жазсам саған бірін арнап

«Ана» деп жаздым ылғи сөз басына.

Тәңірім кеше көрсін кесірімді

Аспанға жазсам сенің есіміңді!!!

Ана, Сен бақыттысың, тербете бер

Құба талдан иілген бесігімді…

«Қадыр Мырза Әлі – Ана»

Бәрі де, Ана

Бір өзіңнен басталады.

Сен деп жаздым алғаш өлең – дастанды.

Қуандым ба,

Өзің бар деп қуандым.

Жыладым ба,

Өзің жоқ деп жас тамды.

Бәрі де, Ана,

Бір өзіңнен басталды.

Жанарыңнан көрдім алғаш аспанды.

Еркелесем, бір өзіңе еркелеп,

Жасқандым ба,

Тек өзіңнен жасқандым.

Алғашқы дәм, ол да сенік сүт еды,

Ақ сүт берген қашан да үміт күтеді.

Отанымның өзі сенен басталып.

Жауларыма жеткен жерден бітеді.

Би: Қазақ биі

ІІ жүргізуші:-Ерте заманның бірінде қазақ даласына шабуыл жасаған дұшпанның қалың қолы бір қаланы қоршап алады. Қалаға келетін ауыз суды тоқтатып қорғаннан өте алмаған жау халықтың берілуін күтіпті. Бірнеше күн өтсе де, қала берілмепті. Сонда дұшпанның әскер басы мынадай бұйрық шығарыпты.

Қаладан көтергенше жүк алып, әйелдердің кетуіне рұқсат етемін,- дейді. Әйелдер бір-бір қапшық арқалап қаладан шығып кетеді. Дұшпан қалаға кіріп қараса, бір де бір еркек жоқ. Әйелдер ер азаматтарын қапқа салып көтеріп кетіпті. Кішкене қыздар ұл балаларды,кемпірлер шалдарды көтеріп қаладан шығып кетіпті.

І жүргізуші: -Осылай бір халықты әйелдер аман алып қалған екен. Кішкене қыздар ұл балаларды көтеріп шығарыпты. Сен осылай жасай алар ма едің?

 ІІ жүргізуші: — Мүмкін мен тек біреуін ғана алып шығар ма едім?

І жүргізуші: -Ол бақытты жан кім екен ?

 І жүргізуші:— Білмеймін. Тек күшімнің келері сол болар дегенім ғой.

 ІІ жүргізуші:— Аналарымыз қандай өнерлі десеңші!

 І жүргізуші:— Өздері мерген. Өздері бір үлкен адамды да көтеріп кететіндей күштерін қалай сынасақ екен?

 ІІ жүргізуші: -Олардың шешендігін сынап көрелік.

 І жүргізуші: Сөз тапқанға қолқа жоқ ойыны

Аналарды ортаға шақырып, бір санды таңдатамыз. Таңдаған сандарының сұрақтарына жауап береді. Бір сан 5 сұрақтан тұрады. Егер аналарымыз сұраққа жауап бере алмаса ұл – қыздары көмектеседі.

Аналарды ортаға шақырамыз

 І жүргізуші: құрметті аналар,  бүгінгі мейрамда көктемдей көңіл сыйлайтын  балаларыңыздың  Сіздерге  арналған  жүректен шыққан тілектерін  қабыл алыңыздар.

Әділжан: Әр адам жарық дүниеге келгенде мейірімді, жүрегі жылы жанды көреді. Ол — Ана. Балапанын қанаттыға қақтырмай, тұмсықтыға шоқтырмай бауырына басып, біз үшін жанұшыра шырылдайтын да — Ана.

Шұғыла: Ана деген сөзге лүпіл қақпайтын жүрек, мөлдіремейтін жанар жоқ. Әрбір ана отының өшпеуін, бақытының көшпеуін, шаңырағының құламауын, сәбиінің жыламауын, сұм соғыстың болмауын тілейді.

Асан: Ана — тіршіліктің гүлі, отбасының берекесі, бүкіл адамзаттың тәрбиешісі. «Ат биеден, алып анадан туады» дейді халқымыз. Дүниеде анасыз адам жоқ. Қаламы жүйрік жазушы да, данышпан ғалым да, ел бастаған көсем де, сөз бастаған шешен де ана көкірегінен нәр алып өскен.

Зәуре: Ана — барлық өмірдің бастауы. Ол өз сәбиін мәпелеп өсіреді, жақсы болуын қалайды. Адам бойындағы барлық асыл қасиеттер күннің нұрынан, ананың ақ сүтінен дариды. Ана — ұлы адам, қасиетті жан. Тіпті айта берсең сөз жетпейді.

Арайлым: Ана бір қолымен бесікті тербетсе, бір қолымен әлемді тербетеді деген. Расымен, анасыз өмірді, әлемді елестету мүмкін емес. Әрбір жұмыр басты пенде бұл өмірге келгені үшін анасына қарыздар. Құдайдан кейінгі құдірет иесі — Ана. Сондықтан мына жарық дүниеге әкелген ана алдында бәріміз басымызды иеміз.

Нұрасыл: Халық арасында ананы қадірлеу, ананың орны туралы даналық сөздер көп. «Кімде-кім ата-анасының ризалығын алған болса, соның өмірі ұзартылады», «Жұмақтың кілті — ананың табанында». Осы сөзден кейін есі бар, жер басып жүрген бүкіл адамзаттың анаға бас иіп, тағзым етпеуі үлкен қателік.

Әліби: Анашым — отбасымның тірегі. Барлығы, тіпті әкем де, жасы үлкен-кіші туыстарым да бір іс бастарда, басқа да жағдайларда анаммен ақылдасады. Ол барлық мәселенің шешімін тауып, реттейді, кеңес береді.

 ІІ жүргізуші: Адам ең алдымен Ана алдында қарыздар. Ана қарызы алтынға бөлеуді, ақ орда салуды қаламайды.Ана баласының ер жетіп адал болуын қалайды.Анаға осыдан басқа артық тартуларының керегі жоқ. Мұсылман қауымы анаңды Меккеге үш рет арқалап апарсаң да парызынан құтылмайсың деген екен.

1-жүргізуші: Еркелігімізді көтеріп, туған анамыздай маңдайымыздан сипай білген ұстаздарымызға айтар алғысымыз шексіз. Олардың еңбегі ұлан-асыр мұхитпен тең. Сабақтарды әрдайым қызықты өткізіп, ойын ойнататындарыңыз әлі де есімізде. Сол себепті бүгін біз сіздерді ойнатамыз.

2-жүргізуші: Тіршілікке нәр берген ана сүті қандай құдіретті. Әлемдегі жақсылық көзі, адамдық қасиет, ақ тілек мейірбандықтың бәрі ана деген сөзбен астасып жатыр. Ендеше жас журналистеріміздің сұрақтарына жауап беріп көріңіздер. (Шанышқының басына қызыл алмаларды шаншып микрофон ретінде пайдаланды). Оқушылар кезек-кезек мұғалімдерге сұрақ қояды:

1. Мектептегі ең сүйікті оқушыңыз кім?

2. 8 наурыз мерекесіне қандай сыйлық алғыңыз келеді?

3. Жұбайыңыздың осы мерекеде сыйлаған ең алғашқы сыйлығы есіңізде ме?

4. Мектебіміздің ең бұзық оқушысы кім деп ойлайсыз?

5. Өлең айтып бере аласыз ба?

6. Әріптестеріңізді құттықтап 4 жол өлең шығара аласыз ба?

7. Осы мерекеде сізді кім ең бірінші құттықтайды?

8. 8 наурыз мерекесі қайдан шықты?

9. Бұл мереке біздің елімізде қай жылдан бастап, атап өтіліп келе жатқанын білесіз бе?

10. Осы мерекеде анаңызға қандай сыйлық жасайсыз?

11. Ұл –қыздарыңыздың сізді қуантқан сыйлығы болды ма?

Хор: Әрқашан күн сөнбесін

1-2 жүргізуші:

Құрметтейік, о адамдар, аналарды Бізді өмірге әкелген аналарды.

Міне бұл тек аналарға деген ерекше құрмет. Осындай хақ діннің заңына бағынған халқымның салт-дәстүрін құрметтеген адам аналарын құрметтеуі тиіс. Әрқашан да аналар беделі биік болсын!-дей отыра ашық тәрбие сағатымызды аяқтаймыз.



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
28.03.2019
652
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі