1-Жүргізуші:
Армысыздар,
аяулы аналар!
2-Жүргізуші:
Армысыздар,
асыл әжелер!
1-Жүргізуші:
Армысыздар,
апай, сіңлілер!
2-Жүргізуші:
Армысыздар,
құрбы- құрдастар!
1-
жүргізуші:
Өмірдің
иесі сен, ғазиз Ана,
Келтірген
дүниеге нелер дана,
Анасыз
батыр да жоқ, ақын да жоқ,
Өмірдің
алтын кілті сенде ғана –
дегендей
Ана деген –дүниенің алтын кілті, әрбір
адамның жарық дүниедегі ең жақын
жанашыры, қадірлісі, қамқоршысы.
2-
жүргізуші:
Ана
ақ сүтін беріп аялаған, жанын да аямай,
түн ұйқысын төрт бөлген ардақты да, асыл
адам. «Ана» - үш әріптен тұратын жалғыз
ғана сөз. Дегенмен, осы үш әріптің
астарында қаншама ой, қаншама толғаныс,
қаншама асыл сөздер жатыр десеңізші...
1-
жүргізуші:
Ана
– ешбір алтынмен де, күміспен де, тіпті
әлемнің ешбір байлығымен алмастыруға
келмейтін асыл да қасиетті ұғым.
2-
жүргізуші:
Адам
бойындағы барлық жақсы қасиет күннің
нұрынан, ананың сүтінен таралған.
Сондықтан құрметті аяулы асыл аналар,
қадірлі Ұстаз - аналар, ару қыздар бүгінгі
көктемгі күндей жарқырап, гүлдей
құлпырған гүл мерекелеріңіз, күн
мерекелеріңіз құтты болсын! «Ана
– өмірдің шуағы»
атты мерекелік кешімізге хош келдіңіздер!
Тұманбай
Молдағалив «Ана» - Құдайберген Айбын
1-жүргізуші:Мың
бұралып билеген
Аруды
кім сүймеген .
Күміс
көмей аруларға
Кімдер
басын имеген-дей отырып келесі кезекті
Арқат Дарияның орындауындағы «Самба»
биіне береміз.
2-жүргізуші:
Көңілің
Алатаудың ақ қарындай,
Мейрімің
күннің шуақ шақтарындай.
Қалайша
аяулы ана тына алармын,
Ән
болып сағыныштан ақтарылмай,-деп абзал
аналарымыздың құрметіне Нұрғожаева
Аделяның
орындауындағы «Оянғанда түнде » атты
әнін қабыл алыңыздар.
Нұржас:Сен
мені түнім демей, күнім дейсің,
Шаршатсам,
дірілдемей, күлімдейсің,
Балбырап
мен ұйқыға кетпейінше,
Анашым,
көзіңді сен бір ілмейсің.
Ильянұр:Сенен
өскен балалар,
Бақыттылар
даналар,
Құттықтаймыз
сіздерді
Құрметті
әже, аналар!
Ұлан:Тілейсің
аман-есен өскенімді,
Сатылап
биіктерге көшкенімді.
Адаспай
өмір атты дәу кеменің,
Ескегін
ер жігіт боп өскенімді.
Құрмаш:Мейірімнен
жаралған,
Күн
нұрынан нәр алған.
Шуақ
болып таралған,
Кім
бар жақын анамнан.
Карина:Көзімді
ашып өмірге
Алып
келген – анашым.
Ақ
періште көңілге
Жарық
берген – анашым.
Нұрай:Аялы
ғой сипаған алақаның анашым,
Еркелейді
бір саған балапаның анашым.
Бір
өзіңе арнайын тілегімді анашым,
Сен
әйтеуір қашанда аман болшы анашым.
Інжу:Мамам
менің ақ мамам,
Мен
өнерлі жас балаң.
Өлеңге
қосып атыңды
Асқақтата
ән салам.
Даниэль:Бауыр
еті баласын,
Аймалаған
аялап.
Ақ
көкірек анашым,
Сенсің
– мәңгі сая бақ.
Алия:
Әлпештеген
баласын,
Ана
– бақыт, ана – гүл,
Әркім
сүйіп өзінің
Мақтан
етер анасын.
НұрдаулетБүгін
Наурыздың 8-і,
Сұлулықтың
негізі,
Әдемі
сөз адамның
Аналарға
айтар лебізі.
Айбек:
Аялаған,
әлпештеген,
Ақ
сүт берген апатайым.
Сәлем
жолдап бүгін саған,
Мерекеңмен
құттықтаймын!
1-жүргізуші:Осы
айтылғандардың бәрі шындық, бәрі шын,
аналар ажалдан күштірек, жапанға бір
тоқтамсыз данышпандарды, ақындарды,
ерлерді тауып беретін аналар. Барлық
жақсылықты себетін де аналар. Ендеше
сол аналар алдында бас иелік!
Хор:
«Мама»
2-жүргізуші:
Ана
десем сезім билер тым ыстық
Жарасымды
адамдарға туыстық.
Бар
адамға берсе ананың мейірін,
Орнар
еді бар әлемге тыныштық
Би:
флешмоб
1-жүргізуші:Аяулысың,
ауылымның асылдары,
Жайнасын
көңілдердің жасыл бағы.
Сендер
үшін ән менен күй, өлең мен би,
Сендер
үшін мереке шашулары,- дегендей,
алдарыңызда Ерболат Ақбілек пен Рысалы
Нұржамалдың орындауындағы «Ертегілер
әлемі» атты әнін қабыл алыңыздар!
Нұржас:Құрметті
Дария:Аналар
Айбек:Әжелер
Ильянур:Әпкелер
Нұрдаулет:Қыздар
Нұржамал:
сіздерге
Айбын:
зор денсаулық
Ақбілек:
Мол бақыт
Құрмаш:
Қажымас қайрат
Аделя:
талмас қанат
Ұлан:
риясыз күлкі
Алия:тілейміз
Құрмаш:
Сіздерді
Карина:
шын
Даниэль:
жүректен
Нұрай:мерекелеріңізбен
Інжу:
құттықтаймыз
Хор:
құттықтаймыз
2-жүргізуші:
Ақ
сүті оның өтеусіз жай қала ма?
Борышты
оған небір дархан дала да.
Тірлік
сеуіп келе жатқан дүниеге,
Ей,
адамдар, жол беріңдер анаға!
О,
аналар, осындайсың бәрің де,
Осындайсың
жасың - дағы, кәрің де.
Сыйынатын
болса өмірде құдірет,
Сиыныңдар,
ана деген тәңірге.!
Осымен
әдеби - музыкалық кешіміз аяқталды.
Құрметті қонақтар, ұстаздар.қыздар
сіздерді
көктем мейрамы – Сегізінші Наурыз
мерекесімен құттықтаймыз. Сіздерге
бақыт, денсаулық. Шығармашылық табыс
тілейміз!