Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ана – өмірдің шуағы

Материал туралы қысқаша түсінік
8 наурызға арналған ашық тәрбие сағаты
Материалдың қысқаша нұсқасы

1-Жүргізуші:

Армысыздар, аяулы аналар!

2-Жүргізуші:

Армысыздар, асыл әжелер!

1-Жүргізуші:

Армысыздар, апай, сіңлілер!

2-Жүргізуші:

Армысыздар, құрбы- құрдастар!

1- жүргізуші:

Өмірдің иесі сен, ғазиз Ана,

Келтірген дүниеге нелер дана,

Анасыз батыр да жоқ, ақын да жоқ,

Өмірдің алтын кілті сенде ғана –

дегендей Ана деген –дүниенің алтын кілті, әрбір адамның жарық дүниедегі ең жақын жанашыры, қадірлісі, қамқоршысы.

2- жүргізуші:

Ана ақ сүтін беріп аялаған, жанын да аямай, түн ұйқысын төрт бөлген ардақты да, асыл адам. «Ана» - үш әріптен тұратын жалғыз ғана сөз. Дегенмен, осы үш әріптің астарында қаншама ой, қаншама толғаныс, қаншама асыл сөздер жатыр десеңізші...

1- жүргізуші:

Ана – ешбір алтынмен де, күміспен де, тіпті әлемнің ешбір байлығымен алмастыруға келмейтін асыл да қасиетті ұғым.

2- жүргізуші:

Адам бойындағы барлық жақсы қасиет күннің нұрынан, ананың сүтінен таралған. Сондықтан құрметті аяулы асыл аналар, қадірлі Ұстаз - аналар, ару қыздар бүгінгі көктемгі күндей жарқырап, гүлдей құлпырған гүл мерекелеріңіз, күн мерекелеріңіз құтты болсын! «Ана – өмірдің шуағы» атты мерекелік кешімізге хош келдіңіздер!

Тұманбай Молдағалив «Ана» - Құдайберген Айбын

1-жүргізуші:Мың бұралып билеген
Аруды кім сүймеген .
Күміс көмей аруларға
Кімдер басын имеген-дей отырып келесі кезекті Арқат Дарияның орындауындағы «Самба» биіне береміз.

2-жүргізуші:

Көңілің Алатаудың ақ қарындай,
Мейрімің күннің шуақ шақтарындай.
Қалайша аяулы ана тына алармын,
Ән болып сағыныштан ақтарылмай,-деп абзал аналарымыздың құрметіне Нұрғожаева Аделяның орындауындағы «Оянғанда түнде » атты әнін қабыл алыңыздар.




Нұржас:Сен мені түнім демей, күнім дейсің,

Шаршатсам, дірілдемей, күлімдейсің,

Балбырап мен ұйқыға кетпейінше,

Анашым, көзіңді сен бір ілмейсің.

Ильянұр:Сенен өскен балалар,

Бақыттылар даналар,

Құттықтаймыз сіздерді

Құрметті әже, аналар!

Ұлан:Тілейсің аман-есен өскенімді,

Сатылап биіктерге көшкенімді.

Адаспай өмір атты дәу кеменің,

Ескегін ер жігіт боп өскенімді.

Құрмаш:Мейірімнен жаралған,

Күн нұрынан нәр алған.

Шуақ болып таралған,

Кім бар жақын анамнан.

Карина:Көзімді ашып өмірге

Алып келген – анашым.

Ақ періште көңілге

Жарық берген – анашым.

Нұрай:Аялы ғой сипаған алақаның анашым,

Еркелейді бір саған балапаның анашым.

Бір өзіңе арнайын тілегімді анашым,

Сен әйтеуір қашанда аман болшы анашым.

Інжу:Мамам менің ақ мамам,

Мен өнерлі жас балаң.

Өлеңге қосып атыңды

Асқақтата ән салам.

Даниэль:Бауыр еті баласын,

Аймалаған аялап.

Ақ көкірек анашым,

Сенсің – мәңгі сая бақ.

Алия: Әлпештеген баласын,

Ана – бақыт, ана – гүл,

Әркім сүйіп өзінің

Мақтан етер анасын.

НұрдаулетБүгін Наурыздың 8-і,

Сұлулықтың негізі,

Әдемі сөз адамның

Аналарға айтар лебізі.

Айбек: Аялаған, әлпештеген,

Ақ сүт берген апатайым.

Сәлем жолдап бүгін саған,

Мерекеңмен құттықтаймын!

1-жүргізуші:Осы айтылғандардың бәрі шындық, бәрі шын, аналар ажалдан күштірек, жапанға бір тоқтамсыз данышпандарды, ақындарды, ерлерді тауып беретін аналар. Барлық жақсылықты себетін де аналар. Ендеше сол аналар алдында бас иелік! 

Хор: «Мама»

2-жүргізуші:  Ана десем сезім билер тым ыстық
Жарасымды адамдарға туыстық.
Бар адамға берсе ананың мейірін,
Орнар еді бар әлемге тыныштық

Би: флешмоб

1-жүргізуші:Аяулысың, ауылымның асылдары,
Жайнасын көңілдердің жасыл бағы.
Сендер үшін ән менен күй, өлең мен би,
Сендер үшін мереке шашулары,- дегендей, алдарыңызда Ерболат Ақбілек пен Рысалы Нұржамалдың орындауындағы «Ертегілер әлемі» атты әнін қабыл алыңыздар!

Нұржас:Құрметті

Дария:Аналар

Айбек:Әжелер

Ильянур:Әпкелер

Нұрдаулет:Қыздар

Нұржамал: сіздерге

Айбын: зор денсаулық

Ақбілек: Мол бақыт

Құрмаш: Қажымас қайрат

Аделя: талмас қанат

Ұлан: риясыз күлкі

Алия:тілейміз

Құрмаш: Сіздерді

Карина: шын

Даниэль: жүректен

Нұрай:мерекелеріңізбен

Інжу: құттықтаймыз

Хор: құттықтаймыз

2-жүргізуші:

Ақ сүті оның өтеусіз жай қала ма?
Борышты оған небір дархан дала да.
Тірлік сеуіп келе жатқан дүниеге,
Ей, адамдар, жол беріңдер анаға!
О, аналар, осындайсың бәрің де,
Осындайсың жасың - дағы, кәрің де.
Сыйынатын болса өмірде құдірет,
Сиыныңдар, ана деген тәңірге.!
Осымен әдеби - музыкалық кешіміз аяқталды. Құрметті қонақтар, ұстаздар.қыздар сіздерді көктем мейрамы – Сегізінші Наурыз мерекесімен құттықтаймыз. Сіздерге бақыт, денсаулық. Шығармашылық табыс тілейміз!



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
14.02.2021
479
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12