400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

«Ана- өмірдің шуағы.»

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушыларға ата-ана алдындағы парыз бен қарыздары туралы түсінік беру.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы: «Ана- өмірдің шуағы.»
Ма
қсаты: Оқушыларға ата-ана алдындағы парыз бен қарыздары туралы түсінік

беру. Мейірімділікке, сый-құрметке тәрбиелеу, ұлтка тән жақсы

қасиеттерді қалыптастыру.
Көрнекілік: Сынып бөлмесі мерекеге лайық безендіру, даналық сөздер жазылған

плакаттар.
Түрі: тәрбие сағаты

Барысы:


Жүргізуші: Саламатсыздарма, құрметті ұстаздар, қыздар сіздерді келе жатқан 8-наурыз халқаралық әйелдер күнімен қуттықтаймын, сіздерге зор денсаулық, мол бақыт зор денсаулық тілеймін.

         Ана, Ана, Ана!... не деген мейірлі, не деген шапағатты сөз еді осынау үш әріптеу құралған қасиетті сөздің түп төркінінде қаншама ұлы сезім жатыр десеңізші. Сезім мен қасиетті, бар махаббатпен шапағатты тудырып тұрған ұлы ана сезімін қадірлемейтін жан бар ма екен бұл өмірде? Жақсылық атаулының барлығы да ананың сүтінен таралған. Сондықтан да құрметті асыл аналар, қадірлі апайлар, қызғалдақ қыздар бүгінгі «Ана-өмірдің шуағы» атты тәрбие сағатымызды сіздердің құрметтеріңізге арнаймыз.

 

Сынып іші: Данияр терең ойда, сынып ішінде ерсілі-қарсылы жүр.Сол кезде Айдос кіріп келіп:
Айдос: -Данияр, неге к
өңілсіз жүрсің?
Данияр: -Е-е, Айдос, мен келе жат
қан 8 наурыз мерекесін қалай өткізсек екен деген ойдамын.
Айдос: -Онда т
ұрған не бар? Тақпақ айтып, өлең айтып, би билеп, құттықтаймыз аналар мен қыздарды! Мен, міне би билеп берейін, сен тақпақ айт……
Данияр:-Жо-о,жоқ! Жарамайды.Жыл сайын би билеп, тақпақ айта береміз бе? Биыл басқаша, өзгеше құттықтау керек!
Айдос :-Сен қызықсың, тақпақ айтпай болмайды. Ана туралы ең әсем, ең жылы сөздер ақындардың өлеңдерінде. Балалар да дайындалып жүрген, оларды шақырып кімде қандай тақпақ бар екенін білейік.

Данияр: -Иә, бәріміз аналарымызды құттықтағымыз келеді.
Айдос: -То
қтаңдар, тоқтаңдар! Қазір, нақты «Ана» туралы ән айтайық.


«Анашым» әні орындалады.


Индира:            Бүгін –наурыздың сегізі Анасыз жоқ бір үнің,
С
ұлулықтың негізі! Әжесіз жоқ бір күнің,
Әдемі сөз- Ұсынамыз бүгін
Адамны
ң Сөздің сұлу шоқ гүлін.
Ана
ға айтар лебізі.


Ана дейміз бәріміз де аңқылдап,

                            Ана дейді жас сәби де жарқылдап

                            Ана деген бәйтерегі өмірдің

                            Ана деген – алтын қазық, алтын бақ

                            Ана деген – асыл жаңдар бұлақтай

                            О адамдар қадірлей біл ананы

                            Жат қылыққа ақыл-ойды тонатпай

 

Ана десем сезім білер тым ыстық

                            Жарасымды адамдарға туыстық

                            Бар адамға берсе ананың мейірін

                            Орнар еді бар әлемге тыныштық

 

Айдос:               Бүгін – наурыздың сегізі

                            Сұлулықтың негізі

                            Әдемі сөз – Адамның

                            Анаға айтар лебізі

 

Жүргізуші: Мама – бұл сөз әр бір халықтың тілінде бар. Барлық тілде мейрімді, жылы естіледі. Ана дегеніміз әлемнің жан дүниесі. Ол тіршілік үлкен тағдыр. Ана сөзі біздің елең еткізбей жылылық пен шуақты сездірмей қоймайды.

 

Үміт:                Ойлы қызы халқымның

                            Отаным деп туады

                            Бас жібермей әр күні

                            Ана жолын құады.

                            Қанаттанса балапан,

                            Қалайынша ұшпайды

                            Әр бір қыз, әр бала.

                            Мамасына ұқсайды.

 

Елшат:         Ана десем, алғыс алам халқымнан,

                            Ана десем, теңіз болам шалқыған

                            Ана десем, ашылады қабағым

                            Ана десем, әділдікті ұғамын

 

Айналайын Анашым

                            Әлпештеген мамашым

                            Еліп өскен бөлеміз

                            Маматайдың мамасын

 

 Гүлзат:        Өзіңсің сүйікті ана, құдіретім

                            Жанымды жадыратып күлдіретін

                            Сендегі маған деген махаббатты

                            Нұр толы қос жанарың білідіретін

                            Бар ана туған елдің гүлі дер ем

                            Анажан қайғың болса күңіренем

                            Таусылмас тау суындай ақылың бар

                            Сен барда менің әр бір күнім өлең


Жүргізуші: Әр бір ана өз баласының сүйікті досы, мақтанышы. Бізге әсіресе ананың еңбегі мен ерлігі мақтаныш. Ана махабаты адамға қанат бітіреді, күш береді, ерлікке рухтандырады.

 

«Асыл әжем» әні орындалады.

 

Данияр:            Бас қосты бүгін жиынға

                            Аналардың қауымы

                            Таусылмасын әрдайым

                            Отбасының сауығы

  Ана өмірдің қуанышы, тірегі

                            Бала – оның жұбанышы, жүрегі

                            Ана алдында ел жауы да бас иген

                            Олар дәйім тыныштықты тіледі.


Айгерім: Анаға арнап ақ тілектер айтар күн,

Әкеге арнап, марапатты бастар күн.

Бүгінгі күн мәңгі есте сақтар күн.

Бүгінгі күн есінде мәңгі жастардың.


Жаңагүл: Дүниенің ең қымбаты ана екен,
Ананы
ң ең тәттісі бала екен.
Т
үн ұйқысын төрт бөліп тәрбиелеген,
Ананы
ң орыны бөлек дара екен
Бала
ға ана еңбегі парыз деймін,
Е
ңбегін өтеу бізге қарыз деймін.
Меккеге апарсада
өтелмеген,
Ұрпаққа бұл өсиет аңыз деймін,
Ана мерекесі
құтты болсын.

1.  «Ассосация» әдісі


Shape1

Мейірімді


Shape2

Ардақты



Shape3

Асыл жан



Shape4

АНА





Shape5

Сыпайы


Shape6

Инабатты




Shape7

Қамқоршы




2. Сұрақ-жауап

1. Ата –ананың ақысы немен өлшенеді?

2. «Ата-анаңа не қылсаң алдыңа сол келер» дегенді қалай түсінесің?


Жүргізуші: Ана адамзат мекен еткен жер шарының әр түп жерінде, әр үйде мейрім мен мерейдің достық пен туысқандықтың туын тіккен адам. Адамзат ең алдымен ана алдында қарыздар. Алақаныңа қуырдақ қуырып берсеңде, ана борышын өтей алмайсың. Ана парызы алтынға бөлеуді, ақ орда салуды қаламайды, ана баласының ер жігіт, адам болуын қалайды. Анаға осыдан артық тарту таралғанның жоқ.


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
22 желтоқсан
412
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі