Материалдар / Ана – өмірдің шуағы
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ана – өмірдің шуағы

Материал туралы қысқаша түсінік
Ашық тәрбие сағаты жетекшілерге арналған
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
28 Ақпан 2024
127
0 рет жүктелген
450 ₸
Бүгін алсаңыз
+23 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +23 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Ашық тәрбие сағатының тақырыбы:  Ана – өмірдің шуағы
Тәрбие сағатының
 мақсаты: Балалардың аналарына, бар адамзат анасына деген сүйіспеншілігін ояту. Оқушыларды білімге, адамгершілікке, ұстамдылыққа тәрбиелеу, ұстазға, ата-анаға деген құрмет сыйын арттыру. Ана еңбегін қадірлей білуге үйрету. Ананың еңбегін ақтауға, ардақтауға, құрметтей білуге тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі: Аналар мерекесіне арналған суреттер, репортаж, видео

Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі

2.Оқушы назарын аудару

Жүргізушілер: Ахет Мағжан

Закирова Сандуғаш


1-жүргізуші Сіздерді әйел жанымен байланысты тамаша көктем мерекесі – 8 – ші наурыз аналар мерекесімен шын жүректен құттықтаймын! Алғашқы көктем мерекесі Жер бетіне өмір сыйлаушы нәзік, ақылды, сымбатты, мейірімді жандарға арналғаны қандай тамаша мереке !

2-жүргізуші: Әлемдегі ең асыл жан ол – Ана десек, жүрегімізде сүйікті жанға деген маххабат сезімі оянады. Ана бұл аяулы да мейірімді жан. Баланың тілі шыққаннан – ақ бірінші сөзін ана деп айтады. Өмірдің есігін ашқаннан соң осы өмірдегі өзіңнің жан анаңды көресің. Осы бір «АНА» деген үш әріптің аясында адамзат баласын қуаныш сыйлар қаншалықты қасиет бар десеңші! Ару - ана, Ару - асыл жар, Ару – көңілдің гүлі,

Келесі кезекте Хор «Ана туралы жыр»

1-жүргізуші :  Ару — өмірдің жыры, тіпті айта берсең сөз жетпейді. Әйел бір қолымен бесік тербетсе, екінші қолымен әлемді тербетеді деген екен бір ғұлама. Қандай нақты айтылған ой десеңізші! Расында бар әйел қауымынсыз мына әлемді елестету мүмкін емес! Иә, Құдайдан кейін құдірет иесі – ана.

2-жүргізуші: Мына жарық дүниеге әкелген Ана алдында бәріміздің де бас иетініміз сондықтан десек, бүгінде ұрпақ өсірумен қатар, ел еңсесін көтеріле түсуіне өз үлесін қосып келе жатқан қазақ әйелдері қандайда болмасын құрметке лайық. Бүгінде қоғам өмірінің әйелдер араласпайтын саласы жоқ десе болады. Бірі ғалым , бірі саясаткер, енді біреулері дәрігер, кәсіпкер тізе берсең жалғаса береді. Солардың бірі аяулы ұстаздар. Аналар өмірдің барлық саласын меңгергеніне шүбә жоқ бас иеміз.


Ендігі кезекте репортаж «Аналар жайлы сыр шерту» Керімбай Зейнеп

1-жүргізуші:
Кез келген адамның әдептілігі мен жан-дүниесінің сұлулығы ең алдымен балаға ақ сүтін беріп, әлпештеп өсірген ана жүрегінің жылуынан басталады. Бала бойындағы ең жақсы қасиеттер де ең алдымен анадан тарайды. Әлемдегі ең кешірімді, ең мейірімді жан – ана.

Ендігі кезекті анаға арналған өлең жолдарына береміз

2-жүргізуші: Біздің аналарымыз бәрін өз қамқорлығына алады, олар барлық шаруаны бітіреді, сонымен қатар олар біздің әр ойымызды айтқызбай табады, бар сырымыз оларға әрқашан да белгілі. Олай болса, аяулы аналарымызды бір сынап көрелік.

Келесі кезекте « Жылы сөз» Ата аналармен жұмыс 1-жүргізуші:
Бәріміздің де анамыз бар, әжеміз, әпкеміз бар, қарындастарымыз бар. Жылына бір рет келетін осы аналар мейрамында аналарымызға қандай сыйлық жасасақ та жарасымды. Өйткені, бізді өмірге алып келген, бізге әлемнің жарығын сыйлаған -анамыз емес пе?

2-жүргізуші:

4. «Асылдың сөзі - ақылдың кені» (мақал-мәтел,қанатты сөздер)

1.Ақбота: В. Гюго: «Нәзіктік атаулының жиынтығы – ананың алақаны, сондықтан да ол - сәби үшін ең жылы ұя».
2. Әсем: .Б. Г. Белинский: «Ана өз баласын жанымен де, қанымен де сүйеді».
3. Тәңірберген: О. Бальзак. «Ана көрегендігінің теңдесі жоқ».
4.Іңкәр: В. А. Сухомлинский: «...Ана жүрегін сезе біл, оның жанарындағы шапағат пен тыныштықты, бақыт пен қуанышты, алаңдаушылық пен мазасыздықты, абыржу мен ренішті көре біл. Егер сен бала кезіңнен анаңның көзінен оның жан дүниесін көре білуді үйренбесең, адамгершілік жағынан өмір бойы тәрбиесіз болып қаласың».

Мақал – мәтелдердің жалғасын табу /Сиқырлы қоржын/

1. Анасы ащы алма жесе,
/Баласының тісі қақсайды./

2. Анасын көр де, /Қызын ал./

3. /Бала —/
Ананың бауыр еті, көз нұры.

4. /Ана сүтін / ақтамағанды
Ешкім мақтамайды.

5. Бала жетесіз болса,
/Ата-анасын жерге қаратады./
Бала жетелі болса,
Ата-анасын елге қаратады.

1-жүргізуші:

Өмірдің иесі сен, ғазиз Ана.
Келтірген дүниеге нелер дана
Анасыз батырда жоқ, ақында жоқ
Өмірдің алтын кілті сонда ғана.

2-жүргізуші:

Нұрын шашқан күнімсің ғой жан анам,
Бар шуағын баласына арнаған.
Бір өзіңнен қуат алып өмірде
Сенің салған сара жолды жалғағам.


Келесі кезек сергіту сәті «Аялы алақан»


1-жүргізуші:

Ана –ол өмірдің тірегі, перзенттің жүрегі, отбасының ұйтқысы. Қандай ана болмасын, ол мақтауға, марапаттауға, құрметтеуге лайық жандар!

Келесі кезекте жағдаяттық тапсырма /Оқушылармен жұмыс/

Сен кеше анаңмен спорт дүкеніне бардың. Дүкеннен жаңа спорттық костюм сатып алдың. Бірақ үйге келген соң, саған костюм ұнамай қалды. не істейсің?

Саған досың өкпелі.Неге екенін білмейсің.2күн болды сені көрсе қашқақтайды.Сен не істейсің?

Сен темекі шегіп тұрсың,артыңнан әкең келіп қалды да:

Ұлым мұның не?-деді. Сен не істер едің?

2-жүргізуші:

«Жұмақтың кілті анаңның табанының астында» деген сөздің мәнін ашу үшін анаңызды меккеге үш рет апару аздық етеді. Бір тағдырдың дүниеге әкеліп, бағып-қағып өсіру жауапкершіліктің үлкені.

Ендігі кезекте көрініс: «Не тәтті?

  1. Жиренше шешен - Жәңгір Рамазан

  2. Бала – Боран Қуаныш

  3. Бала – Убайдулла Рауан


1-жүргізуші: «Ана» деген сөз үш әріптен құралса да, мағынасы түпсіз тереңде жатыр. Дүниеде «ана» деген сөзге ештеңеде жетпейді ғой. Әлемнің қаншама сөзі үш әріпті «ана» деген сөздің орнын басып, алмастыра алмайды. «Ана» деген сөз құлаққа да, жаныңа да жағымды сөз ғой бұл. Бір керемет сиқырлы сөз деп те айтар едім. 

2-жүргізуші:

Шыр - пыр болып шырылдайсың,
Қанат қаққан құстардай.
Балаң үшін зымырайсың,
Жан берген сен кеудеме.

Ендігі кезекті концерттік бағдарламаға береміз

Қазақша би: «Қара жорға» Қыздар тобы

2 -жүргізуші

Барша аналар құтты болсын мейрамың,
Әрқашан да ойлап жүрер ел қамын.
Гүлдей жайнап, жадыранып жүздерің,
Сәттілікке толы болсын күндерің.


Келесі кезекте ән: Әміртағай Амангелді «Бекер – ай өмір Анаңсыз!»

жүргізуші:

1-жүргізуші:

Бал сезім баурап алды бүгін мені,
нұр шашып Күн де маған күлімдеді.
Дүние таңғажайып әнге айналып,
тұрғандай жүрегім де жүгіргелі.

Би вальс


2 – жүргізуші: Анам менің жасыл бағым жайнаған.

Сол бағында асыр салып ойнағам.

Пәк жүрекпен жыр жазады перзентің ,- демекші осымен        10 а сынып оқушыларының дайындаған «Ана – өмірдің шуағы» атты ашық тәрбие сағатымыз аяқталды. Көңіл бөліп келгендеріңізге көп- көп рақмет!


Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!