«Өрмекші торы»
әдісі
Мұғалімнің
нұсқауы:
Барлықтарың ортақ шеңберге
тұрыңдар. Мен сендерге өте қызық бір ойынға қатысуды ұсынғым келіп
отыр. Біз қазір бір-бірімізді біріктіретін үлкен бір түсті
өрмекшінің торын құрамыз. Әрқайсысың жіптерді бір-бірлеріңе
табыстай отырып, аналарыңның бойындағы жақсы қасиеттерді
айтасыңдар.
Ойынның
шарты:
Оқушылар ортада тұрып шеңбер
құрады. Жіпті бір-біріне лақтыру арқылы, өрмекші торын жасап,
анасының бойындағы жақсы қасиеттерді атап
шығады.
Ықтимал
жауаптар
-Менің анам – сабырлы
жан.
-Менің анам – сүйкімді
жан.
-Менің анам – ақылды
жан.
1 –
жүргізуші:
Мен қазақ қыздарына қайран
қалам,
Жанары, жаны жаздай
жайраңдаған.
«Қыз өссе елдің көркі» деген
сөзді,
Қапысыз қалай айтқан қайран
бабам!
2 –
жүргізуші: Аналар мерекесі кезінде
табиғат жадырап, күн күліп, дархан даламыздың барлық өңірі
жылылыққа бөленеді! Осындай мерекелі күнде жылы лебіздер айтқанға
не жетсін!
Ұстаздар қауымын, аяулы
аруларымызды, мектеп – ұжымын бүгінгі мерекемен құттықтау үшін сөз
кезегі мектеп директорына беріледі.
Музыкалық номер: «Анашым»
әні. Орындайтын:
...............
«Қолшатыр »
әдісі
Мұғалімнің
нұсқауы:
Сіздерді ҚОЛШАТЫР әдісімен
таныстырамын. Қолшатырда ілініп тұрған жаңбыр тамшылырында сұрақтар
ілулі тұр. Соған жауап беріңдер.
Қолшатырдағы
сұрақтар:
-Өз отбасыңның мүшелерін атап
бер.
-Сенің анаң қайда
жұмыс істейді?
-Әжең бар
ма?
-Әпкең қайда
оқиды?
-Қарындасың
(сіңілің) қайда барады?
- Ана туралы тақпақтар
білесіңдер ме?
Балалардың
тақпақтары айтылады.
-
Анам менің – аялаған ақ
гүлім Анам менің – бақытым мен
шаттығым “Анашым” – деп балаң жырын
арнаған Неге ғана естімеген тәтті
үнін
-
Анам менің – өмірдегі
тірегім Анам менің – кеудемдегі
жүрегім Егер менің қасымда сен
болмасаң Бұл өмірде қалай ғана
жүремін.
-
Ана дейміз бәріміз де
аңқылдап Ана дейді жас сәби де
жарқылдап Ана деген - бәйтерегі
өмірдің. Ана деген – алтын қазық, алтын
бақ.
-
Ана деген - асыл жандар
болаттай Ана деген - мөлдір жандар
бұлақтай. О, адамдар қадірлей біл
ананы Жат қылыққа ақыл - ойды
тонатпай.
-
Мәңгі жарық күн сыйлаған
маған Бір адам бар ол өзіңсің
ана Мейірімге бір өзіңнен
қанам Жылуды да жүрегіңнен
алам Ардақты ана, аяулы
мама
-
Суық күнде тоңбады ма
деп Әлде жолы болмады ма
деп Жалғызсырап қалмады ма
деп Мені ойлап қам жемеші
мама
-
Саған тартқан менің
күлгенім Сенің арқаң шалқып
жүргенім Қасыңдамын, әркез
біргемін Мені ойлап қам жемеші
мама Мені ойлап қам жемеші
ана
-
Сен қуансаң мен бірге
қуанам Саған ғана сенемін,
жұбанам Аспандағы ай - күнімсің
маған Баға жетпес байлығымсың
ана Ардақты анам, аяулы
мама
-
Суық күнде тоңбады ма
деп Әлде жолы болмады ма
деп Жалғызсырап қалмады ма
деп Мені ойлап қам жемеші
мама
-
Саған тартқан менің
күлгенім Сенің арқаң шалқып
жүргенім Қасыңдамын, әркез
біргемін Мені ойлап қам жемеші
мама Мені ойлап қам жемеші
ана
1 –
жүргізуші: Нәзік жандарға арналған «Гүлдер» биін
тамашалаңыздар. Орындайтын: Бастауыш сынып
оқушылары
2 –
жүргізуші: Сіздердің назарларыңызға
оқушылардың орындалуында «Ана жүрегі» көрінісін ұсынамыз. Қабыл
алыңыздар!
Көрініс. «Бір уыс
мақта» атты Ыбырай Алтынсариннің әңгімесін
сахналайды.
1 –
жүргізуші:
«Балам – бақытым,
болашағым» мерекелік ойын. Бұл ойынға оқушылардың
аналары қатысады.
1. Балаңыздың атының
қойылу себебін түсіндіріңіз?
2. Балаңыз қандай
ойынды жақсы көреді?
3. Балаңыздың ең
алғаш айтқан сөзін еске түсіріңіз?
4. Балаңыздың сізге
ең алғаш берген көмегі қандай?
5. Өз балаңызды
қалай мақтайсыз немесе қандай жетістіктерімен мақтана
аласыз?
6. Балаңызды алғаш
мектепке кім әкелді?
7. Балаңыздың
парталасы көршісі кім?
8. Балаңыздың
сүйікті асы не?
9. Сынып
жетекшісінің толық аты кім?
10. Балаңыздың
болашақта кім болғанын қалайсыз?
2 –
жүргізуші:
Құрметтейік,о
адамдар,аналарды,
Бізді өмірге әкелген
даналарды
Себебі ана деген
асыл жан ғой
Ойлауменен істейік
әр қадамды
«Егер мен...»
ойыны. Балалар қатысады.
Әр топтағы оқушылар
берілген сөйлемдегі ойды аяқтайды.
• Егер мен анамның
қөңілін қалдырсам, онда...
• Егер мен жаман баға
алып қалсам, онда анама...
• Егер мен кітабымды
жыртып алсам, онда апайыма...
• Егер мен үй
тапсырмасын орындамай келсем, онда
апайыма.
1 – жүргізуші:
«Ұшқыр ой» ситуациялық сұрақ
Ата-аналар өз
пікірлерін айтады.
1-жағдаят
(анаға)
Балаңыз аулада ойнап
жүрген. Жолдасының таспен ұрғанын
айтып
шағымданып келді. Не
істер едіңіз?
2-жағдаят
(анаға)
Сіз жұмысқа кетейін
деп жатырсыз. Балаңыз жарысқа
баратынды-
ғын кеше айтуды
ұмытып кеткен. Мектепте мүсін жасаудан
жарыс
болады. Соған бала
да қатысқысы келді де мектепте қалып
қойды.
Сіз оны күтіп
отырдыңыз. Не істер едіңіз?
3-жағдаят
(анаға)
Кешкі ас ішіліп
болған кезде ас үйде ыдыс жуылмай
қалды.Кино
басталып кетті.Кино
аяқталған кезде балаңыз: ыдысты
таңертең
жуа салайыншы
деді.Сіз не істер едіңіз?
Музыкалық
номер
|