Мерекелік іс-шараның тақырыбы: «Ана- үйдің алтын
қазығы»
Мақсаты:
Балаларға алғашқы көктем айының басында келетін 8-наурыз
Халықаралық әйелдер күні туралы түсінік бере отырып, аналар жайында
дүниетанымдарын дамыту; отбасындағы ананың орнын,анаға деген
құрметті ұғындыру,аналарды сыйлауға, қадірлеуге, құрметтеуге
тәрбиелеу.
Көрнектілігі: Бөлме мерекелік көңілге сай
безендірілген,шарлар,гүлдер, ана туралы қанатты
сөздер.
Тәрбиелік шараның өтілу барысы:
Кіріспе сөз:
Біз ғана
емес, қадір тұтқан бабалар
Аналардан
туған небір даналар.
Ана деген
тіршіліктің тірегі,
Армысыздар, қасиетті аналар!
Қош,
келдіңіздер! Аяулы аналар, қызғалдақ қыздар, қадірлі ұстаздар!
Көңілдеріңізге көктем шуағындай сезім мен нұр құйып, 8 – наурыз
Халықаралық әйелдер мерекесі де келіп жетті. Осынау көркем
мерекенің қай кезде де орны бөлек. Олай болатыны, аналарға ыстық
сезім, алғыс пен құрмет ешқашан сөнбек емес. Олар - өмірдің гүлі,
көңілдің жыры, әр отбасының алтын діңгегі. Мынау тынымсыз тіршілік
пен кең дүниенің өзі тек аналар мен ажарлы таңмен бірге әрбір сәби
жүрегі өзің деп соқса, бүгінгі «Ана – гүл, ана – жыр, ана – өмір
шуағы» - атты ертеңгілігіміз сіздерге арналады.
Кезекті
балаларға береміз.
1-
оқушы:
Жиналыппыз бүгіне,міне, бәріміз де,
Үлкен-кіші жасымыз, кәріміз де.
Қош
келдіңіздер, қадірменді аналар,
Гүл-гүл
жайнап біздің мынау кешімізге!
2-
оқушы:
Шуақты
көктем келді гүлін алып,
Көктемнің
мерекесі бүгін анық.
Өмірдің
көктемі де, гүлі – аналар.
Ана деп бас иеді күллі
халық!
3 -оқушы:
Ана деген – жарық жұлдыз
шырағың.
Ана деген –қайнар ыстық
бұлағың.
Ана деген - өмірдегі
қамқорың.
Ана деген – сүйенерің, жан
құрбым.
4 -оқушы:
Біз ғана емес қадір тұтқан
балалар,
Аналардан туған небір
даналар,
Ана деген тіршіліктің
тірегі.
Армысыздар, қасиетті
Аналар!
5-оқушы:
Анашым, ортамызға келсең
күліп,
Болады Алатаудай еңсем
биік.
Мен сенің қарызыңды өтеймін
бе?
Әлемнің жақсылығын, берсем
жиып.
Ән.
«Анашым»
6 –оқушы:
Аяулы да алтын нұрлы
анашым,
Жүрегіммен мәңгі бірге
боласың.
Сен асқарсың, сен аспансың
биіксің,
Сен дархансың.
Сен жомартсың,
данасың!
7 –оқушы:
Құтты
болсын осы шаттық күніңіз,
Бақытты
да ұзақ өмір сүріңіз.
Қуанышты
жүзіңізбен әрдайым,
Бұл
өмірде күліп қана жүріңіз.
8
–оқушы:
Өмірде
қымбат екен ана деген,
Өмірі гүл
жаратын баламенен,
Біздерді
ақ гүліндей аялаған,
Мен оның жалғасы боп қала
берем.
9 –оқушы:
Анам
менің аялаған,
Құшағыңнан сая табам.
Қанша
жақсы болса- дағы
Сендей
ана қайда маған.
10
–оқушы:
Ана тұрса
құшаққа алып баласын,
Бақыт,
шаттық белгісіндей жарасым.
Қабағыңды
кірбің шалмай өмірде,
Қуанышқа
кенеле бер, Анашым!
Көрініс : «Кім күшті?»
11
–оқушы:
Ана
дейміз бәріміз де аңқылдап,
Ана дейді сәбиі де
жарқылдап.
Ана деген бәйтерегі
өмірдің,
Ана деген алтын
қазық,
алтын бақ!
12 –оқушы:
Құтты болсын, ардақты
анам,
Асыл анам,
мерекең.
Құтты болсын теңдік
алған
Қуанышты мерекең!
13 –оқушы:
Анамды
мен жақсы көрем,
Айтқан
тілін алып жүрем.
Қасымда
анам жүргенде,
Шаттанып
ойнап- күлем!
14
–оқушы:
Ұмытпаңдар аналардың әлдиін,
Сол әлдиден басталады
ән-күйің.
Суытпаңдар елжіреген жан
күйін,
Ардақтаңдар,ардақтаңдар
ананы!
15 –оқушы:
Ана десем сезім билер тым
ыстық,
Жарасымды адамдарға
туыстық.
Бар адамға берсе ананың
мейірімін.
Орнар еді бар әлемде
тыныштық.
16 –оқушы:
Ана деген-асылы ғой
даланың,
Ана деген- сағынышы
баланың.
Бұл өмірге қуанышпен нұр
төккен,
Бас иеміз алдында біз
ананың!
17 –оқушы:
Сүрінсем сүйеп,
болатын тірек,
Сол үлкен жүрек.
Сен екен жалғыз,
Жан-Ана!
Б а р л ы ғ
ы:
Ақ сүтінен
жаралған,
Ақ сүтінен нәр
алған,
Анаға бас иеміз!
Ән: «Құттықтаймын, мама,
туған күніңмен!»
18-оқушы
Анаң болса
қасыңда,
Басқа бақыт не
керек
Аналардың
жүрегі,
Мейірімді ғой
керемет.
19-оқушы
Аспандағы
айымсың,
Бақытыма
балаған.
Құтты
болсын мерекен,
Айналайын, жан
анам.
20-оқушы
Ана-өмір шырағы,
Ана-өмір бұлағы.
Бесігімнің жыр
әні,
Жүрегімде тұрады.
21-оқушы
Мәпелейсің мені
анам,
Қолыңдағы
құсындай.
Құлпыра өсіп
демалам,
Құшағыңда
қысылмай.
22-оқушы
Мен
гүлдірді жұлмаймын,
Торғайларды қумаймын.
Айтқан
сөзді тыңдаймын.
Анашымды сыйлаймын.
Ойын:
«Гүл жинау»
Аналарға сұрақтар:
1)
Қызыңыздың ең жақын досы?
2)
Қызыңыздың ұнататын сабағы?
3) Қандай
мультфильмді жақсы көреді?
4) Қандай
ойынды ұнатады?
5) Қандай
тағамды жақсы көреді?
6) Қандай
түсті киімдерді ұнатады?
7)
Өскенде кім болғысы келеді?
8) Қандай
фильмді көруді ұнатады?
9)
Қызыңызды сипаттап беріңіз
10)
Қызыңыз бос уақытында немен айналысады?
11) Қыз
балаларға арналған қандай мақалдар білесіз?
12) Бесік
жырынан үзінді айтып беріңіз
Қыздарға сұрақтар:
1) Анаң
қандай тағамды дайындауды ұнатады?
2) Бос
уақытта не істейді?
3)
Анаңның туған күні қашан?
4)
Ұнататын кинофильмі қалай аталады?
5) Қандай
түсті киімдерді ұнатады?
6)
Анаңның сырғасының түсі қандай?
7) Анаң
не сатып алғысы келеді?
8) Анаң
қандай әнді жақсы көреді??
9) Анаң
сені қалай еркелетеді?
10)
Аналар мейрамы қай күні болады?
11) Аналар мейрамында ең көп сыйланатын
не?
12)
Дүниеде не тәтті?
Ән:
Асыл әже
Байқайдың жеңіпаздарының
тақпақтары
Гүлхан
Перизат
Ұлболсын
Ән:
«Ана туралы жыр». Ұлболсын
Мұғалім:
Әйел –
Ана, Әйел – тіршілік өзегі. Өмір бесігінде сәби тербетіп, адамзат
баласына ұрпақ сыйлар ұлы құдірет иесінің есімі әрқашан да
қастерлі, сөзі - өсиет, тұғыры биік. Көңіл шуағына мейірім төгілген
аяулы жанның өмірден алар несібе жемісі – алтын босағасы мен
сүйкімді перзенті. Ана құдіретін айтып жеткізу мүмкін емес. Сөзімді
ақын Баязиевтің «Ана туралы ой» деген өлеңімен аяқтағым
келеді.
Халқымызға билік айтар даналар,
Даналардың өзі аналардан жаралар.
Жүрегінің
бір бөлшегі бала үшін,
Сізден жақын адам бар ма,
аналар?!
Балаға ең жақыны сіз ғой
ана,
Сіздің ыстық құшағыңыз бізге
пана.
Сіздерге теңестірер еш нәрсе
жоқ,
Теңесе алар оған Отан
ғана.
Аналарды құрметтейміз
елейміз,
Аспандағы ай мен күнге
теңейміз.
О, аналар сіздерді үлгі
тұтып,
Бақыт пенен денсаулықты
тілейміз, - дей келе, құрметті асыл аналар, қазір балаларыңыздың өз
қолдарымен жасаған сыйлықтарын қабыл алыңыздар!
Тағы да мейрамдарың құтты
болсын!
Ән :
Анашым
Құттықтау сөз
Қызылжар орта мектебі
Ашық тәрбие
сағаты
Тақырыбы: «Ана-күннің
шуағы»
Класы: 4 ә
Өткізген: Ерлепесова. А