Материалдар / Ана алдында құрмет,Ата алдында қызмет Ашық тәрбие сағаты 5 сынып

Ана алдында құрмет,Ата алдында қызмет Ашық тәрбие сағаты 5 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
мұғалімге тәжірибе алмасуға
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
28 Сәуір 2021
1223
4 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Тақырыбы: «Ана алдында құрмет,Ата алдында қызмет»
Мақсаты:

а) Балалардың ата-анаға деген сүйіспеншілігін арттыру,олардың қадір-қасиетін бағалауды түсіндіру
ә) Ата-анасының берген жақсы тәрбиелерін нәтижелі етуге үйрету,қоғамға
жат қылықтардан сақтандыру, ата-ана алдындағы құрмет тұту сезімін
дамыту.

б) Бала бойына сүйішпеншілікті, жылылықты ұялату. Ата-анасын құрмет
тұтып,адал да парасатты ұл мен қыз болуға тәрбиелеу.

Тәрбие сағатының барысы:
1.Ұйымдастыру кезеңі
2. кіріспе сөзі

3.Тренинг гүл теру

4. «Жанұя»тренингі

5. Перзент парызы

6.Жалпылау

7. Балалар ата аналарына өз қолдарынан жасаған жүрекшелерін тарату.

8.Тамаша екен жаттығуы

9.Алғыс айту
10.Қорытынды
Кіріспе сөз:

Шіркін өмір! Неткен ғажап едің?! Өмір ол- достық, өмір-қастық, өмір- қуаныш, өмір- өкініш, өмір ол- сен, өмір ол- ата-анаң, өмір- достарың, өмір- аң-құстар. Бір сөзбен сені қоршаған орта. Осы бір өмірді сезінуге, танып білуге мүмкіндік берген, жарық сәуле сыйлаған ата-анамызға мың да бір алғыс. Шыр етіп дүниеге келген күннен бастап ақ сүт беріп аялаған анамызға алғыс. Әке, ана – сен қиналған сәтте арқа сүйер, қуанған күндеқуанышыға ортақтасатын жандар. Сенің табаныңа қадалған тікен , менің маңдайыма қадалсын дейтін қорғандарың. Қандай ата-ана өз баласына жамандық тілейді?! Балам өссе екен , ішше екен, қатарынан қалмаса екен дейді. Олардың біз үшін істеген жақсылықтары шексіз. Ата-ана алдындағы парыз дегенді әркім әрқалай түсінері сөзсіз. Жұмақтың кілті ананың табанының астында дейді. Анаңды Меккегежаяу арқалап барсаң да парызыңды өтемейсің. Осы ұлағатты сөздерден кейін-ақ ата-ана алдындағы парыз дегеннің қаншалықты қымбат екенін аңғаруға болады. Ата-ананың батасы дейді. Кез келген істе әке-шешеңнің оң батасын, рұқсатын алмай жасаған ісіңіздің алға баспайтынын сіз де, біз де жақсы білеміз. Қасиетті Құран Кәрімнің өзінде ата-ананың қадірінің қаншалықты биік биік деңгейде екені нақты айтылған. Мынау бір бескүндік жалған дүниеде , бір –бірімізбен  сыйласып, барынша мейірімді, адал болып өтуге тырысайық. Осы күніңе шүкіршілік ете біл. Болмашы бір дүниелер үшін ата-анаңа ренжудің мүлдем қажеті жоқ. Оларсыз күндері өтіп жатқан, әкесінің құшағын, анасының аяулы алақанын сезінуге бұйырмаған жандар да бар қоғамда. Дүние қолдғың кірі. Бүгін бармыз,ертең жоқпыз. Ертеңгі күні бармақ тістеп өкініп жүрмейік. Бұл өмірдегі ең асыл қазынамыз, Алланың бізге берген қымбат сыйын құрметтеп, қадірін түсіне білейік. Ең бастысы ата-ана алдындағы парыз олардың саған берген ризашылығынан басталатынын естен шығармайық . Өмір деген-  алма кезек. Әрбір істеген мейлі жақсылығың, жамандығың болсын алдыңнан шығары хақ. Тәубеге келейік достар. Әкешім-анашым сіздердің өмірімде бар болғандарыңызға, тілеуімді тілеп, бар тәттіні алдыма ұсынып жүргендеріңізге мың да бір алғыс! Сіздерді мәңгі қадірлеп өтемін.

3.Гүл теру. Пікірлесу
(Әуен ойналып тұрады, арнайы дайындалған гүлдер алқабына бару) Барлық ата - аналар орындарынан тұрып, гүл теруге шығады. Бір - бір гүлден алады. Сол гүлдерде сұрақтар жасырылған. Осы сұрақтар көлемінде пікірталас өрбиді.

·        Балаңызды еркелеткенде қандай сөздер айтасыз?

·        Балаңыз сізді ренжітті, сіздің іс - әрекетіңіз.

·        Сіздің бойыңызда, сіздің ойыңызша қандай жақсы қасиеттер бар?

•         Бала  тәрбиесі  үшін отбасы жауапкершілігі басым ба, әлде мектептің жауапкершілігі басым ба?

•         Балаларда  қызғаныш,  өзімшілдік  мінездің  қалыптасуы неден?

•         Балаларыңыз игілік істер істесе оларды қалай мадақтайсыздар?

•         «Өнегелі отбасы» дегенді қалай түсінесіз?

4. . «Жанұя»тренингі.Доп беру арқылы ата-ана жауап береді. Қызықты сұрақтар:
1.Балаңыздың туған күні 2.Сынып жетекшісінің аты-жөні 3.Балаңыз қандай өлшемде аяқ киім киеді 4.Балаңыздың парталас көршісі кім? 5.Бүгін қандай баға алды? 6.Балаңыздың сүйікті асы қандай? 7.Балаңыз қандай түсті жақсы көреді? 8.Балаңызды еркелетіп қандай сөз айтасыз? Баланы жастан қақпасаң, Жамандықтан қақпасаң Қадірден жұрдай қасқа боп Кешкені өмір босқа тек –дегендей,баланың ыстық суығына күймейтін,жақсылығына сүйінбейтін ата-ана жоқ шығар.Бүгінгі ұл-ертеңгі әке,ол әкеге қарап өседі.Бүгінгі қыз-ертенгі ана ол шешеге қарап өседі,бойын түзейді.Балаға білім,тәрбие беруде басты тұлға ұстаз болса,оны жалғастырушы,демеуші ата-ана.

5. Перзент парызы

Ата-аналармен балаларының вальсі

6.Жалпылау

Қимыл-қозғалыс жауап беру.

«Ия» десеңіздер-қолдарыңызды шапалақтаңыз.

«Жоқ» десеңіздер-аяқтарыңызды тарсылдатыңыздар.

1.Газет бетіндегі мақалалардан,теледидардағы бағдарламалардан тәрбиеге байланысты сұрақтарды тыңдап,қарап жүрсіз бе?

2.Балаға тәрбие беру кезінде үйде ата-ана бірдей ықпал жасай ма?

егер «жанұя» десе жымиыңыз.

егер «Қоршаған орта,қоғам»десеңіздер алға созамыз.

4.Бала тәрбиелеу жауапкершілігі кімде деп ойлайсыз?

егер «ана»десеңіздер,жымиыңыз.

егер «екеуі» десеңіздер,қолдарыңызды шапалақтаңыз.

7.Балалар ата аналарына өз қолдарынан жасаған жүрекшелерін тарату.

«Жүрек жылуы» жаттығуы
Қатысушыларға кішкене жүрекшелер таратылады.
Тренингке қатысушы аналар....
«Менің сіз сияқты керемет анаға,әкеге тілейтінім!». ..... деген ойды жалғастырулары керек. Бір-біріне деген жақсы лебіздерін білдіреді
.


8.«Тамаша екен!» жаттығуы
Ата-аналардан өз бойындағы жақсы қасиеттерін айту сұралады. Мысалы, мен ақкөңілмін, мен ақылдымын...... Бойындағы жақсы қасиетті атқаннан кейін «Тамаша екен!» деп айтып бір мезгілде бас бармағын көрсетіп, қолдарын жоғары көтереді.
Мұғалім: Өте жақсы! Осы және де басқа адамгершілік қасиеттеріңіз өз балаңыздың бойынан табылуына шын жүректен тілектеспін.

9.Алғыс айту
Біз бүгін сіздермен ең қымбатты бала жаны жайлы ой бөлістік. Ол маңызды,өйткені ол енді ғана өмір деген ұзақ жолға сапарын бастады. Бұл жол - оны рухани байлыққа бастайтын таза және негізгі жол. Бұл жолды барлық нәрсенің басы болып табылатын үлкен әріппен жазылған МАХАББАТТАН бастау керек.Бала ата-ана өмірінің жалғасы. Сол үшін ата-ана құдайдан перзент тілеген. Перзент көргенде, жүрегі жарылардай қуанған..
Өз кезінде Шал ақын былай деген екен:
Босағасын алтыннан соқсаң дағы
Перзент сүймей, адамның мейірі қанбас
Әсіресе, Ана тіршіліктің қайнар көзі, махаббаттың шуақ күні, мейірімнің кәусар бұлағы. Ана баланы тоғыз ай бойы көтеріп, толғатып, дүниеге келтіріп қана қоймайды, оны көзінің қарашығындай қорғап, аялап өсіріп, аяғынан тік тұрғызады. Өмір есігін жаңа ашқан нәрестенің бойына туған елінің рухын сіңіретін, балбыратып уілдететін, жылауын қойғызатын халықтың халықтығының басты нышаны - туған елінің тілін үйретіп, сазына қандыратын да - Ана. Ана жүрегін, оның жанарындағы шапағат пен тыныштықты бақыт пен қуанышты, алаңдаушылық пен мазасыздықты сезе біл!дей отыра тағыда балалары үшін бәріне дайын ортамызда ата-аналар қауымы бар.Сол ата-аналарға алғыс жариялағымыз келеді.Сөз кезегін тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Сарсенғалиева Ақмаржан Сағынқызына береміз.
11. Қорытынды.
Ата - анаға көз қуаныш,
Алдына алған еркесі,
Көңіліне көп жұбаныш.
Гүлденіп ой - өлкесі,- деп Абай атамыз ата - ананың қуанышы,  арманы тек перзент сүю, оны тәрбиелеу екен. Бала тәрбиесі ешқандай үзіліс, демалыс дегенді білмейді. Ендеше, ата - аналар, қолымыздағы алтынымызды жақсылап тәрбиелейік және біз оларға үлгі болар бейне екенімізді ұмытпайық.
Адам да өмір сияқты, күлмесе жайнап өспейді дейді. Сондықтан да мына жайттарды есімізге ұстайық: «Отбасында берілген тәрбие жігеріңді құм қылып, жерге қаратпасын десең балаға кішкентайынан түзу тәрбие бер»,- деп ата - бабамыз айтқандай, бала тәрбиесіне уақытыңда көңіл бөліп, еліміздің инабатты, адамгершілігі мол, білімді, саналы ұрпағын тәрбиелейік. Егер ата - ана мен балабақша өзара тығыз байланыста болса, балаларға бірдей талап қойып отырса, тәуелсіз еліміздің ұл - қыздары жан - жақты дамыған азамат болып шығары сөзсіз Адам өмірінің мәні мен сұлулығы, адамның келешегіне сенімділігі - баланың ата - анасын ардақ тұтып, өзінің перзенттік қарызын бір сәтке де есінен шығармауында. Бұл – жас ұрпақтың мәдениеттілігін, әдептілігінің ғана емес, ең алдымен, адамшылығының белгісі.
Бала – ата - ана өмірінің жалғасы. «Баламның табанына кірген шөңге менің маңдайыма кірсін» деп әлпештеп өсірген перзенті ауырып не басқа бір қатер төнгенде мойындарына бұршағын салып, «Өзімді алып, баламды аман қалдыр!» деп құдайға жалбарынған ата - аналарымыз аман - есен жүрсін деген тілекпен бүгінгі кешімізді аяқтаймыз. 
Ананың кезі бар ма кекті болған, 
Оқыста жүрек түсіп кетті қолдан. 
Ұмтылса, топырақта жатқан жүрек: 
«Құлыным,байқасаңшы»,- депті оған ... 
. Назарларыңызға көп- көп рахмет
























Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ