Ана-ару, ана-жыр, ана-бақыт әлемде

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ана-ару, ана-жыр, ана-бақыт әлемде

Материал туралы қысқаша түсінік
Алғыс айту күні мен аналар мерекесіне орай өткізілген іс -шара
Материалдың қысқаша нұсқасы



Жүргізуші: Армысыздар, аяулы аналар, құрметті ұстаздар, гүлдей құлпырған қыздар! Барлығымыз асыға күткен көктем алғашқы күндерінен-ақ мерекеге толы . Атап айтсақ, Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев талай тағдырлардың басын өз шаңырағының астына біріктіріп, қанатымен су сепкен қарлығаштай, қамқорлығына алған Қазақстанда 1 наурыз адамның адамға құрмет көрсететін күні және де барлық ұлттың бір-біріне, қазақ халқына алғыс айту күні деп бекітті.Сонымен қатар Елбасы «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында «Біз- ұлы даланың ұрпағымыз. Бұл даланы біздің ата-бабамыз бізге қалдыру үшін қанын төгіп қорғаған. «Қазақстан» деген атаумен қатар, «Ұлы Дала елі» атауы да қолданылса дұрыс болады деп ойлаймын» деп айтқанындай, «Ұлы Дала елінің» ұрпақтары бүгінгі күні барша аналар қауымына өз алғыстарын білдірмекші.

1 наурызды «Алғыс айту күні» десек, ізінше бір қолымен бесікті, екінші қолымен әлемді тербеткен аналар мен нәзік жанды қыздар қауымының төл мерекесі де аталып өтіледі. Ендеше «Ана-ару, ана-жыр, ана-бақыт әлемде» атты мерекелік кешке қош келдіңіздер!

Аллаға әуелі рахмет!
Тірлікті мынау жаратқан.
Анаға шексіз рахмет!
Ақ сүт берген, толғатқан.
Әкеге айтам мың алғыс!
Ұрпақтар жібін тарқатқан.
Бауырға туған рахмет!
Қолдаған, сүйген, жұбатқан.
Ұстазға ұлы рахмет!
Нәрімен білім сусатқан-дей отырып , ортаға
өзінің анаға деген ыстық ықыласты өлеңімен поэзияға жаны құмар, Махамбет, Шерхан оқуларының облыстық жеңімпазы, «Мұқағали оқулары» байқауының облыстық, республикалық жеңімпазы атанған мектебіміздің мақтанышы Нұржасар Асланды шақырамыз.

Ана десем шешек ашып жанары,

Өмірімнің бастау алар ажары.





Ана деген тіршілікке пана боп,

Әрбір үйде жұлдыз болып жанады, - дей отырып, алғашқы мерекелік құттықтау сөзді қазіргі таңда ауданымыздың көркеюі үшін талмай еңбектеніп, өз үлестерін қосып жүрген бір топ белді азаматтарымыз:-------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------береміз. Келесі құттықтау сөзді бейнеролик арқылы тамашалайық.

Анаға – өмір сыйлағаны үшін,
Әкеге – қорған болғаны үшін,
Далаға – гүлдері мен көк шалғыны үшін,
Сөзге – жанды жылытатыны үшін,
Күнге – шуағы мен назары үшін,
Жұлдызға – қараңғы түндегі жарығы үшін,
Досқа – құшағы мен иығы үшін,
Әжеге – ыстық алақаны үшін,
Суға – тіршілік көзі болғаны үшін,
Жерге – махаббаты мен бар болғаны үшін,
Отқа – жылу
сыйлағаны үшін!-алғысымыз шексіз дей отырып, ортаға

Желтоқсан құрбандарына тағзым ету мақсатында «Атадан мұра» қорының ұйымдастыруымен өткен «Ұлы дала ұрпағы» атты республикалық байқаудың жеңімпазы Тұрғынбек Елдосты шақырамыз.

Еңбек етсем, ертеңгі бақытыма сенемін. 
Масқатыма жеткізер уақытыма сенемін. 
Достық іспен қасты да жеңеріме сенемін, 
Ақыл, сана білім мен өнеріме сенемін. 
Арым- таза, ақ көңіл адалдыққа сенемін 
Абыройлы, ақ ниет адамдыққа сенемін! –демекші, қазіргі таңда өз істерін абыройлы атқарып жүрген кәсіпкер ағаларымызға өз алғысын білдіру үшін ауыл әкімі Қосубаев Олжабек ағамызды және -----------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------

---------------------------------------------------------шақырамыз.

Келесі кезекте, облыстық «Махамбет оқулары» байқауының жеңімпазы Сабыржан Әділетті шақырамыз.

Бүгінгі біздің кешімізге :

 Ісім оңсын десеңіз,

  Сол істің маманы болыңыз.

  Даңқым шықсын десеңіз,

Көпшіліктің адамы болыңыз-демекші, өз ісінің маманы, көпшіліктің адамы болып жүрген бір топ қонақтарымыз келіп отыр, келесі құттықтау сөзді-----------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------бермекшіміз.

Өр десек те сіздерді — лайықсыздар.

Төр десек те сіздерді — лайықсыздар.

Ер десек те сіздерді — лайықсыздар.

Зор десек те сіздерді — лайықсыздар,- дей отырып, елі үшін елеулі еңбек етіп жүрген әйел азаматшаларымызды да , атап айтқанда------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------бүгінгі мерекесімен құттықтаймыз.



Барша ана құтты болсын мерекеңіз,

Әрқашан ана сізбен берекеміз.

Ақтасақ ақ сүтіңді, асыл анам,

Сонда біз кісілікке теңесеміз,-дей отырып, кеше ғана ата-анасының үкілеген қызы болып, бүгінде босаға аттап, түскен жерін бақытты ету үшін жаңа өмірге қадам басқан жас келіндерімізді шақырамыз.

( жас келіндер сәлемі)

Жас келіндердің сәлемі түзу, қадамы құт болсын дей отырып, сіздерге ана болу бақытын, әйел бақытын тілейміз.

Қазіргі орындалар «Әйел бақыты» әні сіздер үшін!Қабыл алыңыздар!

Біздің мерекелік кешіміз Елбасы Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында баса айтылған «Туған жер» бағдарламасын қолдап, елжанды, жұртын сүйген азаматтарымыздың бірі , жерлесіміз Әріпбай ағамыздың «Туған жерге тағзым» мерекелік концерттік бағдарламасына ұласпақшы.  



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
07.11.2018
501
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі