«8- наурыз Халықаралық әйелдер күні»
мерекесіне арналған
ертеңгіліктің сценариі
Ән – күй жетекшісі:
Қойшыбай А.Қ
Ана – сен бақыттысың!
Мақсаты: -мерекелік көңіл-күйін
құру;
-ән және қозғалыс орындаушылық дағдыларын қалыптастыру;
-балалардың назарын жалпы әрекетте қатысу тілегін қалыптастыруға
эмоциялық қабылдауын ынталандыру;
-өзінің жақын адамдарын қуанта білуге, мейірімділікке
тәрбиелеу.
Кейіпкерлер: Қызыл телпек, қасқыр, әже, аңшы.
Балалар вальс әуенімен кіреді
Жүрг: «Бар жақсылық, күллі әлемге
тараған
Аналардың ақ нұрынан жаралған»
Құтты болсын мерекеміз бүгінгі,
Ардақты аналарған арналған.
Ән «Айналайын ақ мамам!»
(әннен соң балалар орындарына отырады)
Әуенмен Қызыл Телпек келеді.
Қызыл Телпек: Сәлеметсіңдер ме балалар, сәлеметсіңдер ме қонақтар, сендер мені таныдыңдар ма ? Менің атым Қызыл Телпек , менің сүйікті анашым маған мына керемет телпекті, жаңа көйлекті сатып әперді, тәтті самса пісіріп , әжені 8 наурызбен құттықтауға жіберді, бірақ мен жолда адасып кеттім, енді мен не істеймін, жақын жерде ашулы Қасқыр жүр дейді.
Жүрг:Қызыл Телпек, қорықпа, сені ешкімге ренжітуге бермейміз, бізбен бірге қал, біз аналар мерекесін тойлаймыз, біздің балалар өздерінің аналарын құттықтағысы келеді.
Тақпақтар
Қасқырдың әуені ойнайды.
Қызыл Телпек: ( тыңдап тұрады) Осында Қасқыр келе жатыр ғой деймін. Енді не істеймін?
Жүрг: Қорықпа , біз сені жасырып қоямыз. ( ҚызылТелпекті жасырады )
Әуенмен Залға Қаскыр келеді.
Қасқыр: Қызыл Телпектің ізі ғой. Дайын болды түскі тамақ!
Ең бастысы, оның ізін аңшымен ауыстырып алмайын.
(Иіскейді)Мынау міне аңшының ізі, ал мынау Қызыл Телпектің ізі, ол жақын жерде жүр ,балалар сендер оны көрген жоқсыңдар ма?
Жүрг: Кімді?
Қасқыр: Қызыл телпек киген қызды көрдіңдер ме? Анау, қолында себеті бар.
Жүрг: Жоқ, жоқ, жоқ, ешкімді де көрген жоқпыз,ешкімді де білмейміз.
Қасқыр: Сендер білесіңдер ме, ол қыздың себетінде қырық самса болды ,( сыбырлап айтады) бәрімізге жетеді .
( Қызыл Телпек Қасқырдың өтірігіне шыдай алмай , тығылған жерінен жүгіріп шығады. )
Қызыл Телпек : Өтірік айтады , оған сенбеңдер!Бір, екі, үш, төрт, бес , тағы біреу, сонымен алты самса !
Қасқыр: Пай-пай,қандай әдемі қызсың,пай-пай,телпегің қандай керемет, жүзің қандай сұлу еді , қайда бара жатырсың?
Қызыл Телпек:Әжеме асығып бара жатырмын, оны 8 Наурыз мейрамымен құттықтағым келеді.
Қасқыр: Менде асығып тұрмын , әжені мейраммен құттықтағым келеді.
Қызыл Телпек: Сен Қасқыр мына жолмен бара бер, ал мен болсам ана жолмен барамын.
Қасқыр: Ал, мен онда кеттім! Маған асығу керек .
Қасқыр кетеді.
Қызыл Телпек: Енді не істеймін ? Қасқыр әжені жеп қояды ғой.
Жүрг: Аңшыны шақыру керек, бірақ ол бізді естімейді ғой,ол орманда аң аулап жүр , балалардың көңілді билері керек, кәне ұлдар өзіміздің көңілді биімізді билеп берейік.
Би «Джентельмен»
Аңшының музыкасы ойнайды.
Жүрг: Мында Аңшы келе жатыр, міне ол бізге міндетті түрде көмектеседі.
Аңшы келеді
Аңшы: Мен қатты ойнаған музыканы естідім, сосын сендерге асығып келдім.
Қызыл Телпек: Аңшы , сенде мылтық бар ғой,орманның шетінде менің әжем тұрады , Қасқыр әжемді жеп қояды, өтінемін көмектесші маған.
Аңшы: Кәне, асықпай Қасқыр туралы айтшы.Өзі үлкен бе?
Қызыл Телпек: Бойы үлкен. Пілге ұқсас .Тісі қолтырауындікі сияқты!
Аңшы: Өзімді жеп қоймасын! Қолымнан келгенін істейін. Көмегімді көрсетейін.
Жүрг: Міне ,бәрекелді, жақсы болды, біз сенің көңіл-күйіңді көтерейік.
Балалармен бір қызықты ойын ойнап жіберейік.
Ойын « Анаңа гүл жина» жүрг-і жүргізеді
Аңшы:Мындай батыл және көңілді көмекшілерім тұрғанда , біз Қасқырды тез жеңеміз, тез әжені мында алып келейін, сендер мында оған қамқор боласыңдар ғой.
Жүрг: Ал әжеміз келгенше, аспаптарымызда ойнайық
Оркестр халық әні «Күміс құмған - ай»
Әже: Сәлеметсіңдер ме, балалар және қонақтар!
Сәлеметсің бе ,сүйікті немерем,Қызыл Телпек!
Әжелер мейірімді және ақылды ,
Әжелер сияқты адамдар,
Жоқ мына дүниеде.
Шашымызға ақ түссе де,
Жаспыз біз әлі,
Сендерге шын айтайын,
Әжелер деген ғажап адамдар ғой!
Жүрг: Қымбатты әжелер,сіздерді мерекемен құттықтаймыз.Біздің әнімізді қабыл алыңыздар.
Әже туралы тақпақтар
Әже туралы ән «Әже, әжетайым»
Қызыл Телпек:Әжетай, бізге қауіп төніп тұр,біздің ізімізбен Қасқыр келе жатыр, ол өте ашулы, аш және қауіпті.
Әже: Қобалжыма, немерем, Қасқырдан қорықпа,біз оған көрсетеміз, оны алдап кетеміз, одан да көңілімізді көтерейікші
Жүргізуші: Әжетай біздің қыздарымыздың тамаша биі бар, қабыл алыңыз.
Би «Гүлдер вальсі»
Есікті біреу қағады.
Жүрг: Қағып тұрған Қасқыр ғой, Әже сіз орындыққа ұйықтаған сияқты отырыңыз.
Әже орындыққа отырып,ұйықтайды.
Қасқыр есікті тағы қағады.
Әже : Балақай, есіктің жібін тарт, сонда есік ашылады.
Қызыл Телпектің киімін киген Қасқыр келеді.
Қасқыр: Сәлеметсің бе, Әже, мен сенің немереңмін, сені мерекемен құттықтауға келдім.
Әже: Сәлеметсің бе, немере, қалың қалай?
Сені ұзақ тостым ,
Қандай сүйкімді болып кеткенсің,
Шалбарың қандай сәнді.
Ернің – бантикке ұқсас, мұрның тәмпіш.
Қасқыр: Ал сен , әжетай, жүдеп қалыпсың,
Сен өзің ауырып қалған жоқсың ба?
Әже : Иә, күні бойы төсекте жатырмын,
Әзер шыдап жатырмын
Тынысым тарылып жатыр,
Күні бойы нәр татпадым,
Мен мүлдем тәтті емеспін.
Қасқыр : Әжетай, не, не айттың, түсінбедім?
Әже: Мен бақытсызбын деймін.
Ал енді іске кірісейік ,
Сен менің көмекшімсің ғой.
Міне, күректі ал,
Жерді барып қаз.
Қасқыр: ( сыбырлап) Мына ісімді тындырайын, сосын оны жеп қоямын!
Жерді қазады, жұмысын аяқтағаннан кейін, орындыққа отырады.
Қасқыр: Ох, мен қатты шаршадым .
Әже: Отыратын уақыт жоқ,
Су алып келші.
Қасқыр шелектермен бірнеше рет суға барады. Сосын шаршағаннан тізесіне құлайды.
Қасқыр: (шаршағаннан құлайды) Мен шаршадым!
Күшім жоқ!
Мен одан да қашайын!
Музыка ойнайды , Аңшы келеді
Аңшы ( Қасқырды тоқтатады): Тұр! Орныңнан қозғалма!
Әже: Ол әбден шаршады,
Ешқайда кетпейді.
Қасқыр: Берілдім,берілдім ! Аяңдаршы,кешіріңіздерші!
Қызыл Телпек: ( Қасқырды қорғайды) Қасқыр, жаман емес жақсы. Мінезі оның мейірімді. Тек тәрбиесі онша емес .
Қасқыр: Иә, тәрбием онша емес,
Мінезім менің мейірімді.
Достар, мені кешіріңдер,
Гүлді меннен қабылдаңдар.
Қолтығынан гүлдерді алып, бір-бір гүлден Қызыл Телпекпен әжеге береді.
Жүрг: Мындай мереке үшін біз Қасқырды кешіруге дайынбыз.
Мерекеміз жалғасады
Әже: Мерекелеріңіз бізге қатты ұнады.
Қиындықта көмектестіңдер,
Рахмет сендерге.
Осы керемет көктемгі күнде
Сендерге сый тартқым келеді
( Жүргізушіге береді )
Қасқыр: Балалар, енді мен әрқашан,
Мейірімді боламын!
Орманға кететін уақытым келді!
Енді бәрімен достасамын.
Қызыл Телпек: Қоштасатын кез келді,
Аспандарың ашық болсын!
Әже: Аналарыңды құрметтеңдер, сыйлаңдар!
Келесі кездескенше,сау болыңдар, балалар!
Музыкамен кетеді.
«Бар жақсылық, күллі әлемге
тараған
Арулардың ақ нұрынан жаралған»
Құтты болсын мерекеміз бүгінгі,
Ардақты аруыларға арналған.,
Ән «Аяулы анашым»
Жүргізіші: Бөбегіңнің сыйлығын,
Қабыл алшы анашым
Ұзақ өмір жүз жасап
Ауырмашы анашым!
Жүргізіші: Бәріміздің де анамыз бар,
әжеміз, әпкеміз бар, қарындастарымыз бар. Жылына бір рет келетін
осы аналар мейрамында аналарымызға қандай сыйлық жасасақ та
жарасымды. Өйткені, бізді өмірге алып келген, бізге әлемнің жарығын
сыйлаған – анамыз!
Жүргізіші: Аналар, қалқып бақыт
аралында,
Лайым мұң қонбасын жанарыңа
Осымен кешімізді аяқтайық
Бірге: Гүл бітсін бәріңіздің қадамыңа
– дей Ардақты аналар мерекелерініз құтты
болсын!
Сау
болыңыздар!
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Ана аса қымбат жана

шағым қалдыра аласыз