Материалдар / "Ана-Аса қымбатты жан"

"Ана-Аса қымбатты жан"

Материал туралы қысқаша түсінік
Ана-аса қымбатты жан тақырыбында мерекелік іс-шара
ЖИ арқылы жасау
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады

ЖШС «Кішкентай данышпан» бөбекжай-балабақшасы



Picture 10




Бекітемін:

«Кішкентай данышпан»

бөбекжай-балабақшасының

меңгерушісі: У.К.Ешенкулова




«Ана – аса қымбатты жан!»

«Жұлдыз» ересек тобы





Тәрбиеші: А.Ж.Қалдыбаева













Шымкент 2024-2025 оқу жылы

Тақырыбы: «Ана – аса қымбатты жан!»

Мақсаты: Ана жайлы тамаша сөздер, өлеңдер, әндер арқылы ақжаулықты әжелер мен аналарды, тәрбиешілерді, аруларды мрекемен құттықтау.Балаларға мерекелік көңіл күй сыйлау.

Білімділігі:Балаларды мейірімдііке, ұстамдылыққа үйрету.

Дамытушылығы: Қызздарды әсемділікке, іскерлікке баулу.

Тәрбиелігі: Қыз балаларға деген қамқорлыққа, сыйластыққа тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Гүлдер, шарлар, безендірілген зал

Жүргізуші:

Армысыздар, аяулы ата- аналар, ақ жаулықты әжелер, ұлағатты ұстаздар, тәрбиеші апайлар және қыздар! Міне, жыл аралатып көктемнің алғашқы күндерімен келетін 8-наурыз мерекесі де келіп жетті.Ана- өмірдің гүлі көңілдің жыры, әр отбасының алтын діңгегі. Бұл көктем сіздерге қуанышпен жақсылық әкелсін! Әрдайым мейірім шуағын шашып жүре беріңіздер.


Армысың ару қыздар, абзал ана,

Анаға тең келетін бар ма дана

Мерекең бүгінгі күн құтты болсын,

Қуанышпен құшағың гүлге толсын!

Сіздер — Күнсіз, аспанда жарқыраған,

Сіздер — өзен, тау суы сарқыраған,

Сіздер — жаңбыр, ақ нөсер сарқыраған

Қуанышқа бөлейікші өздерін

Мұң шалмасын күлім қаққан көздерін, -дей отырып

«Ана- аса қымбатты жан!» - атты мерекелік ертеңгілігімізге қош келдіңіздер! Залға әсем әуенмен жігіттер кіріп, жарты шеңберге тұрады.

Ж.Дінмұхаммед:

Құрметтейік балалар аналарды,

Бізді өмірге әкелген даналарды

Себебі ана деген асыл жан ғой

Ойлауменен істелік әр қадамды

Құрметті аналар мерекелеріңіз құтты болсын!!!

Сұлтан:

Баурап алар бірақ ауыз сәлемі

Қазақ қызы әдепті де әдемі

Қазақ қызы ақылына көркі сай

Тұнып тұрған сұлулықтың әлемі

Құрметті қыздар мерекелеріңіз құтты болсын!

Қайнар:

Гүлдей жайнап жүреді

Мейірлене күледі

Біздің барлық баланы

Өз ұлындай көреді

Құрметті апайлар мерекелеріңіз құтты болсын:

Т.Дінмұхаммед:

Баланың да тірегі

Дананың да тірегі

Ауырмасын ешқашан

Анамыздың жүрегі

Расул:

Сенен өскен балалар

Батырлар мен даналар

Құттықтаймыз мейраммен

Құрметті біздің аналар!

Димок:

- Жігіттер сендер білесіңдер ме? Бүгін біздің мерекеміз ерекше!

Ж.Дінмұхаммед:

- Неге? Сиқыршы келеді ме?

Расул:

Жоқ әлде Төреғали Төрәлі келеді ме?

Қайнар:

Әлде Ерке Есмахан келеді ме?

Димок:

Жоқ-Жоқ. Таппадыңдар!Біздің ардақты аналарымыз бен сұлу қыздарымыздың мерекесі.

Жүргізуші:

Жігіттер, сендердің сұлу қыздарың қайда?

Жігіттер:

Ойбууууу.

Сұлтан:

Қыздарымыз сыртта қалып қойыпты ғой,ендеше қошеметтеп ортаға шақырайық

Жігіттер кезекпен отырып, қыздарға гүл беріп қатарларына келіп тұрады.

Жүргізуші: Қандай өнегелі балаларсыңдар! Қане, жайғасып отыра қойыңдар! Көктемнің алғашқы мерекесі-Аналар күні. Сіздер аналарыңды бұл күні қалай қуантасыңдар?

Балалар:-Үй жинаймыз.

-Тентек болмаймыз.

-Ыдыс жуамыз.

-Еден сыпырамыз.

Жүргізуші:

Той пердесін ашайық

Тойға шашу шашайық

Аналарды құрметтеп

Ән маржанын шашайық – дей келе құрметті ата-аналар біздің балаларымыздың орыс тіліндегі әнін қабыл алыңыздар!

Хор: «Милая мама»

Жүргізуші: Балалар сендер осы жер бетінде бір керемет ел бар екенін естідіңдер ме? Ол «Аналар елі» деп аталады. Оған қалай баруға болады екен? Оның бір жолы бар, ол туралы маған бір сиқыршы айтты. Бірақ ұмытып тұрмын, Аналар еліне қалай жетуге болатынын... Осы кезде жүргізушінің көзі Кувшинға түседі. Ой! Мына құмыра мында неге тұр екен?! Өзі әп-әдемі, бірақ ескі сияқты көрінеді, шаң екен өзі...

Құмыраның шаңын сүртейін десе, әуен ойналып, арт жағынан Джинн шығады.

Жүргізуші: Ой, сен кімсің? Шошытып жібердің ғой мені!..

Джинн: (Тұрып, керіледі....) Ооо, Мен әйгілі Джиннмын! Мына құмыраның ішінде мың жыл отырдым. Рахмет сіздерге мені босатқандарыңызға! Әміріңізге құлдық! Айтқаныңызды бұлжытпай орындаймын!

Жүргізуші: Онда Джинн бізді Аналар еліне алып баршы! Бүгінгі мейрамда балалар аналарын қалай қатты жақсы көретінін айтып, көрсеткісі келеді.

Джинн: Құп болады! Біз қазір тез-ақ сол жерге жетеміз. Менде Аналар елінің картасы бар. (картаны көрсетеді) Сақалынан кішкене үзіп алып, сиқырлы сөздер айтады.

Кенет көкпардың дыбысы шығып,көкпаршы залға кіреді

Жүргізуші: Джинн! Бұл аналар елі емес сияқты ғой! Біз қай жерге келіп қалдық?

Көкпаршы:

Ассалаумағалейкум ағайын ел

Батырлық пен беделді бағалаған!

Қазақтың ұлттық ойынын балаларға!

Дәріптеуші көкпаршы ел боламыз!-көкпаршылар ауылына қош келдіңіздер!

Жүргізуші:

- рақмет.Қандай керемет! Біздің балаларымыз көкпар ойынын өте қатты жақсы көреді.Ауылдарыңызға келіп тұрған соң, сіздерге керемет биін тарту етсе қалай болады.

Көкпаршы:

  • Әрине,әрине

Би: «Бәйге»

Жүргізуші: Көкпаршы біздің балаларымыз керемет билеп қана қоймай, өлең шумақтарын да біледі.Балалар аналарына арнап өлең шумақтарын тарту етеді. Қабыл алыңыздар!

Әл-Фараби:

Ананың біз гүліміз

Ана біздің гүліміз

Бізді ана қуантып

Ұзақ өмір сүріңіз.

Нұрдәулет:

Келді көктем күнің

Күлімдейді гүлің

Алтын ойлы анам

Мерекеңіз бүгін

Демеу:

Қандай бала болмайық

Анамызға гүлдейміз

Көтерейікші көңілін

Ән салайық бәріміз

Алинұр:

Әр сөзімді жаттаған

Жүрегімде сақтаған

Анашым деп мақтанам

Айналайын ақ мамам

Ибрахим:

Үн қатасың бал тілмен

Еркелеймін әр күн мен

Құттықтаймын анашым

Сегізінші наурызбен!

Хантөре:

Еркелетсе «Күнім» дейді

Ұрысқаны білінбейді

Маңдайымнан иіскеп мені

«Құлыншағым», «Күнім» дейді

Көкпаршы:

Қандай керемет: Сіздердің балаларыңыз биді жақсы билейді екен. Жасттаулары керемет.

Ендеше білектегі күштерін тексеріп көрейік

Ойын: «Қошақан көтеру»

Жарайсыңдар жігіттер! Осы қалыптарыңнан таймаңдар!Ал ендеше мен көкпарыма барайын!

Жүргізуші: Рахмет Көкпаршы жігіт! Қош, сау болыңыз! Джинн бізді Аналар еліне жеткізіп салшы...

Джинн: Қазір.... Сақалынан бір үзіп алып, сиқырлы сөзін айтады.

Көктемге арналған әдемі әуен ойналады. Алдарына Көктем шығады.

Жүргізуші: Джинн! Бұл аналар елі емес сияқты ғой! Біз қай жерге келіп қалдық?

Көктем: Армысыздар, аяулы аналар,

Армысыздар, кіршіксіз таза балалар!

Тіршілікке сән берген,

Көктем еліне қош келдіңдер!!!

Біз сіздерді күтіп отырғанбыз!

Джинн: Ой, біз Көктем еліне келіп қалыптық қой!

Жүрг: Қош келдік, Ару көктем!!! Біз Көктем еліне келіп қалған екенбіз, ендеше біздің балалардың саған арнаған әдемі әні бар. Қабыл ал!

Хор: «Нұрлы көктем»

Ару көктем: рақмет балалар! Әнді керемет орындайды екенсіңдер!Балалар сендер білесіңдер ме?Көктемнің алғашқы күндерінде барлық адамдар ауыл аймақты тазалап, бұлақтардың көзін ашып, талдар отырғызады.Себебі бұлақтардың суы мөлдір және таза табиғи.

Жүргізуші:

Ару көктем,есіме түсті, ендеше осы бұлақтардан су тасып жүрген біздің сұлу қыздарымыз бар еді? Билерін керемет биін тамашаласақ қалай болады?

Ару көктем:

  • Әрине

Би: «Су тасушы қыздар мен жігіттер»

Жүргізуші: Біздің балаларымыз тек билеп, су тасып қана қоймай, керемет аналарына арнаған өлеңшумақтарын айтып берсе қалай болады?

Айару:

Жанымызды жайнатқан

Өзіңіз ғой аналар

Зор денсаулық, мол бақыт

Тілейміз біз балалар!

Айнұр:

Бүгін наурыздың сегізі

Сұлулықтың егізі

Әдемі сөз адамның

Анаға айтар лебізі

Айнамкөз:

Менің анам ақылшым

Күн секілді білгенге

Шашырайды шуағы

Үйімізге кіргенде

Айым:

Әже деген көп шығар

Әжемдей кісі жоқ шығар

Мейірімді ол кісі

Қандай ғажап күлкісі

Әмір:

Әжем менің әйбат

Ешкім оған жетпейді

Күні бойы бірге ойнап,

Жанымнан бір кетпейді

Жүргізуші: Ой рахмет балалар!

Көктем: Аналар еліне тез жетулеріңе тілектеспін! Жолдарың болсын!

(Көктеммен қоштасады)

Жүргізуші: Рахмет Көктем! Қош, сау болыңыз! Джинн бізді Аналар еліне жеткізіп салшы...

Джинн: Қазір.... Сақалынан бір үзіп алып, сиқырлы сөзін айтады.

Әже туралы әуен ойналады.

Жүргізуші: Ой қандай әдемі әуен... біз Әжелер өлкесіне келіп қалған сияқтымыз ғой... Біз бұл жерге бекер келмедік. Балалар бұл біздің аналарымызбен бірге әжелеріміздің де мерекесі

Ой,ой, ой

Балалар біз әжелеріміздің мерекесіне гүл ала келмептік қой,енді қайттік

ДЖИНН:

  • мүмкін сұлы қыздар әдемі бір би білетін шығар

Жүргізуші:

  • Әрине, біздің қыздарымыз гүлдер биін билей алады.Есіме түсіргенің үшін рақмет

Ендеше гүлдер биін қабыл алыңыздар!

Би: « Гүлдер»
Қазына:

Біз доспыз гүлдермен

Текке оны жұлмаймыз

Мейрам күні бір-бірден

Анамызға сыйлаймыз

Айлин:

Әлпештеген аялаған

Ақ сүт берген апатайым

Сәлем жазып бүгін саған

Мейрамыңмен құттықтаймын!

Ажар:

Жүзімізге қараңыз

Бал күлкілі баламыз

Бізге қымбат күн шуақ

Бізге қымбат аналар

Таңшолпан:

Ақ қабақты анашым
Күн сәулелі анашым.
Әлпештеген баласын,
Айналайын анашым.

Аяла:

Шашымды өріп тараған

Қабағыма қараған

Үлкен кіші демейді

Сыйлайды оны бар адам

Айназым:

Әжем менің ақ әжем

Аппақ әжем, пәк әжем

Басқалардай емессіз

Сүйкімдісіз ақ әжем

К.Айым

Ана біздің күніміз

Ана біздің гүліміз

Анамыздан тарайды

Біздің ана тіліміз

Айша:

Көктем келді жадырап,

Күн нұрымен таласып

Жайнай берші жарқырап

Жаны жайсаң аналар

Жүргізуші:

Джин әжелер еліне келіп қалған екенбіз, әжелерімізге керемет би тарту етіп қуантып қойдық, бірақ әже туралы ән шырқап бермесек әжелеріміз ренжіп қалатын сияқты?

Джин: -Ия,ия.Ал балалар сендер әже туралы ән білесіңдер ме?

Жүргізуші: -Әрине, біздің сұлу Жандарбек Айнамкөз қызымыз әже туралы ән біледі. Қошеметтеп қабыл алыңыздар!

Ән: «Жақсы көрем әжемді»

Жүргізуші: Жарайсыңдар балалар! Біз Аналар еліне жақындап қалған сияқтымыз!!! Қане, көрейік, Джинн бізді енді қайда алып келетінін!

Джинн тағы да сақалынан үзіп сиқырлы сөздерін айтады...

Карусельдің әуені ойналады, балалардың күлкісі естіледі.

Джин: Тү-у-ух! Мен тағы да шатасып кетіппін! Менің кәрі басым-ай! Барлығын ұмытып кетіппін ғой! Біз «Ойын-сауық, демалыс аралына» келген сияқтымыз.

Жүргізуші: Ой, қандай тамаша! Осы жерге тоқтайықшы, біздің балалар осы аралда серуендеп, серігіп алсын!

Джин: Айтқаныңыз болсын!

Жүргізуші: ДЖИНН сен біздің балаларды бір қызық ойынмен ойнатсаң қалай болады?

Ойын: «кір жаю»

Жүргізуші:

ДЖИНН, рахмет саған. Балалар біраз сергіп алды. Ал енді әрі қарай саяхатымызды жалғастырайық!

Джин: Ой, қандай өнерлі балалар! Қане, уақытымыз тығыз, балалар көздеріңді жұмып аналарыңды елестетіңдерші. Мүмкін біз сол кезде ғана Аналар еліне келетін шығармыз! Қане көзімізді жұмайық.... (Балалар көздерің жұмады, ашса - аналарының суреттері турады, Ана туралы әуен ойналады)

Джин: Міне, біздің саяхатымыздың соңғы аялдамасы – «Аналар еліне» келдік. Бұл жер махаббатқа толы. Өздерің білесіңдер, адамның не туралы армандайтынын білу оңай емес. Міне құрметтім, сіз жер бетіндегі бүкіл аналар не туралы армандайтынын білесіз бе?

Жүргізуші: Бұл сұраққа жауап беру үшін сиқыршы болудың қажеті жоқ. Әрбір ана өз баласының бақыты туралы армандайды, өз баласының дені сау, ақылды және мейірімді болып өскенін қалайды.

Жүргізуші: Құрметті Джин! Саған айтар алғысымыз шексіз. Сенің арқаңда көптеген жерлерді араладық. Саяхатымыз көңілді болды!!!

Джин: Сендерге де рахмет балалар! Ал мен әрі қарай саяхатымды жалғастырайын. Қош, сау болыңдар балалар! Мерекелеріңіз құтты болсын ардақты аналар!

(Джин шығып кетеді)

Жүргізуші: Аналар біздің балаларымыздың өнерлерін, билерін, өлең шумақтарын тамашаладыңыздар! Ал, енді біздің балалардың актерлік шеберін сынап көргілеріңіз келеді ме?

Ата-аналар: -ИЯЯЯ

Көрініс: Балалар үйі

Балалар үйінің терезесінен үнемі бір қыз сыртқа қарайды да отырады. Сол сырттан әлдекімді күтеді. Әлдекім деген ол оның анасы.Үнемі орындығын осында әкеліп күтіп отырады. Анашым, мен сені сондай қатты сағындым. Ал кейде ...түсінде шашы ұзын әйелдің сұлбасын көреді. Оны өзінің анасы деп, артынан жүре бергенінде, сұлба ғайып болады.  Кейін оның жай ғана түс екенін біліп, жылап та алады. Білесіздер ме? Кеше мені тәрбиеші апайы қатты ұрды. Жо жоқ, ол ештеңе істегенім жоқ. Тек жай ғана дәл осы жерде анасын күтіп  отырған еді, кенет сырттан жүзі жылы әйел бейнесін көріп, оны өзінің анасы екен деп, мені алып кетуге келді деп, менің осы жерде отырғанымды қаламадыйды ғой деп:

-МАМА! МАМА!МАМА! Мен мұндамын, мама! – деп айғайлай бергенінде терезе алдындағы гүл жерге құлап қалды. Тәрбиеші апай көріп қоймасыншы деп тез тез жинай бастағанымда тәрбиеші апай келіп қалды да ұра жөнелді!

-Апай, кешіріңізші, байқамай қалдым дегеніме қарамастан ұра берді. Мама, білесің бе сол апайдың маған не дегенін?

-Әй қыз , сен әке шешеңе керек болмағанда, маған қайдан ғана керексің? деді де ұра берді... сол апайдың ұрғаны мына жер, мына жерім...көгеріп ауырып барады, мама....

Мама,мені мына жетімдер үйінен қатты қиналып кеттім. Өтінемін! Кел де мені алып кетші, мама! Уәде берем. Бұзық болмаймын, мама!

Адам емес, хайуан да өз баласын қорғаштай береді емес пе? Сен хайуан емес, адамсың ғой ,мама! Сен менің анамсың ғой, мама!

Тәңірім, кішкентай ғана бала жүрегіммен  жалынып сұраймын! Менің анашыма титтей болса да мейірім шуағын төкші! Сөйтсін де бұл жерден құтқарсыншы.... Осы тірлігімді қабыл алшы, анашым....Анашым,  анашым , мен сені сооондай қатты сағындым, анашым-деп қыз күні –түні тәңірден сұрай берді

Кенет есік ашылып, анасы ішке кіре келеді.

Жоқ,жоқ бұл балаға елес емес, түсі де емес.Анасы жасаған қателіктеріне өкініп, қызын өзімен алып кетуге келген болатын.

Жаным, қызым, алтыным, кешірші мені.

Кешірші! Сені тағдырдың тәлкегіне қарай осылай жасауға мәжбүр болдым.Енді сені ешқашан тастамаймын.Мен де сені қытты сағындым, жаным қызым!

Жүргізуші:

Құрметті қонақтар аналарды баласынан, баланы анасынан айырмасын! Осындай кішкентай ғана періштелеріміз аман болсын!Әрқашан тілеген тілектері қабыл болып, елімізде жетімдер үйі азайып, орнына балабақшалар, мектептер көбейе берсін!

Би: «Танго»

Омар:

Апатайым анашым

Ақылы мол данасың

Қамқоршысы баланың

Гүлі сенсің әр үйдің

Абдурахман:

Достықты біз сыйлаймыз

Бірге күліп ойнаймыз

Қыздарды да құттықтап

Мерекесін тойлаймыз!

Мұхаммед:

Апатайым анашым

Сені жақсы көремін

Мерекемен бүгінгі

Құттықтаймын мен сізді

Әміре:

О, Алақай балалар

Шақырады далалар

Көктем келді гүл алып,

Құстар келді жыр алып

Жүргізуші: Ана бірге жүрсе – сәби бақытты!

Сәби бірге күлсе – ана бақытты!

Ән: «АНА»

Жүргізуші: Бөбегіңнің сыйлығын,
Қабыл алшы анашым
Ұзақ өмір жүз жасап
Ауырмашы анашым
Бүгінгі аналар мейрамында аналарымызға қандай сыйлық жасасақ та жарасымды. Өйткені, бізді өмірге алып келген, әлемнің жарығын сыйлаған - анамыз емес пе? Құрметті аналар балалардың сіздерге арнаған тосын сыйлары бар. Балалар аналар мерекемен құттықтап, аналарына гүл сыйлайды.

балалар аналарына сыйлықтарын сыйлайды

Жүргізуші: Аналар, қалқып бақыт аралына,

Лайым мұң қонбасын жанарыңа!

Осымен ертеңгілігімізді аяқтайық,

Гүл бітсін келген қадамдарыңызға!!! – деп, бүгінгі ертеңгілігімізді аяқтаймыз. Келесі кездескенше сау болыңыздар!!!


























































































































ЖИ арқылы жасау
12 Наурыз 2025
127
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі