Материалдар / "Ана бәріде сіз үшін!"

"Ана бәріде сіз үшін!"

Материал туралы қысқаша түсінік
ІІ кіші топ тәрбиешілеріне
ЖИ арқылы жасау
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады

«Ана бәріде сіз үшін...!»

Жүргізуші:Сәлеметсіздер ме?! Құрметті ата-аналар,әжелер сіздерді әйел жанымен байланысты тамаша көктем мерекесі 8- наурызбен шын жүректен құттықтаймыз!Алғашқы көктем мерекесі жер бетіне өмір сыйлаушы нәзік,ақылды,сымбатты,мейірімді жандарға арналғаны қандай тамаша мереке!Әлемдегі ең асыл жан ол-Ана. Ана -бұл аяулы да мейірімді жан баланың тілі шыққаннан- ақ,бірінші сөзін«Ана» деп айтады.Осы бір «Ана» деген үш әріптің аясында, адамзат баласын қуаныш сыйлар, қаншалықты қасиет бар десеңші!Ару-ана,ару асыл жар.Ару-көңілдің гүлі тіпті айта берсек сөз жетпейді.Олай болса аналарға,әжелерге арналған «Балапан» тобының бүлдіршіндері «Ана бәріде сіз үшін...!» ертеңгілігіне шақырады. Қош келдіңіздер!

Баланың тілі де тәтті, өзі де тәтті.Тәтті қылығымен ортаға«Балапан» тобының балаларын шақырамыз.(әуенмен кіреді)

Жүргізуші:

Той пердесін ашайық,

Тойға шашу шашайық

Аналарды құрметтеп,

Ән маржанын шашайық

Балаларымыздың аналарына арнаған өлеңі бар қабыл алыңыздар.

Хор: «Анашым Ана»

(көктем әуенмен кіреді)

Сәлеметсіздер ме?! Мен көктеммін!Көктемде күн жарқырап, қар еріп, ағаштар бүр жарып, жерге гүл шығып,адамдар әдемі бір көңіл күйде болады. Дәп сіздер сияқты. Сіздердің көңіл-күйлеріңіз қалай? Сіздер

әп-әдемі киініп алыпсыздар. Мереке тойлап жатырсыздар ма?

Қандай мереке? А-а Аналар мерекесі екен ғой!Мен қалай ұмытып кеткенмін!

Жүргізуші: Көктем! Балалар,аналарына көмектесіп кір жуып береді,айтатын өлеңі шумақтары да бар, тыңдап көріңіз! Төрге шығып отырыңыз. Балаларымызды қарсы алыңыздар! (Ұлдар Бағдәулет, Нариман, Азат, Дәулет шығады)

Би: «Анама көмектесемін» биін қарсы алыңыздар!

Бағдаулет:

Наурыздың сегізі

Сұлулықтың негізі

Әдемі сөз баланың

Анаға айтар лебізі

Нариман:

Анам менің анашым

Сені жақсы көремін

Мерекеңмен бүгінгі

Құттықтаймын мен сізді




Азат:

Аналарды сүйеміз

Ақылын ойға түйеміз

Әжелерді де ардақтап

Әдеппен бас иеміз

Дәулет:

Ана біздің күніміз

Ананың біз гүліміз

Балаларды қуантып

Ұзақ өмір сүріңіз

Көктем:Қандай әдемі биледіңдер! Өлеңдеріңде әдемі, аналарыңа ұнайды деп ойлаймын. Менде келе жатқанда, дүкенге кіріп сыйлық алдым, аналарға көрсетейін, қарсы алыңыздар!

Қыздар : «Қуыршақ» биі

(Сыйлық қорапшасынан шығады)

Көктем:Балалар өнерлерің әдемі екен! Көктем мезгілінде ағаштар бүр жарып,ағаштарға жапырақ шығады. Мен сіздермен ойын ойнағым келіп тұр.Мына ағаштардың жапырақтары әлі шықпаған екен, мен жапырақ берейін, соны орналастырып беріңдер.

(Балалар 2топқа бөлініп орындайды)

Ой жарайсыңдар!Жақсы орындадыңдар.

Тәрбиеші:Көктем сіз шаршап қалған шығарсыз, балалар мен ойын ойнаймын деп отырып демалып алыңыз, төрге шығып отырыңыз. Аянаның әжесіне арнаған өлеңі бар екен.соны тыңдап алайық

Аяна: «Әже»

Көктем: Жарайсың! Даусың қандай әдемі! Бұлбұлдың даусындай екен.

Жүргізуші: Біздің мерекеміз әлі жалғасып жатыр, ұлдар да би билеп беріп,сіздердің көңілдеріңізді көтереміз деп ортаға шығуға дайын тұр!

Ұлдар: « Сәбилер» биімен ортаға Дінмұхаммедті, Нұрмұхаммедті, Бекарысты, Әбілмансұрды, Алинұрды, Ералыны, Шоқанды шақырамыз қарсы алыңыздар!

Көктем: Ал, онда көрейік

Көктем: Қандай биші балалар! Өнерлерің керемет екен, мен наурыз, сәуір,мамыр айларында қонақта жүремін. Даланы, қаланы, ауылды аралап қарап жүремін. Мен басқа балабақшаға барып мерекелерін көрейін!Сіздер менің көңіл күйімді көтеріп тастадыңыздар!Сіздерге рахмет!Мені қонақ етіп, төрге шығардыңдар. Балалар аналар мерекесінде ананы қуанту үшін не беру керек? Менің себетімде аналарға арналған сыйлықтар бар, соны аналарыңа беріп, жақсы көретіндеріңді айтыңдар.Мен себетті апайға беріп кетемін. Сіздерге апай береді. Мен кетейін. Сау болыңыздар!

(сыйлықты беріп кетемін)





Тәрбиеші: Көктем жадыраған көңіліңмен, күлімдеген көзіңмен, мейірімге толы жүрегіңмен қуантып кеттің бәрімізді. Балалар көңіл күйлеріңді түсірмеңдер. Ендеше барлығымыз өлең айтып берейік! Көңілді ән «Топ-топ балақан»қарсы алыңыздар!

Хор: «Топ-топ балақан»

Тәрбиеші: Балалар жақсы өнер көрсеттіңдер. Ән айтып , би билеп бердіңдер. Бізге қандай мезгіл келді?

Жарайсыңдар! Дұрыс айтасыңдар.

Балалар бізге көктем келіп сыйлық беріп кетті.Сол сыйлықты аналарымызға әдемі өлең шумағымен тапсырайық!

(Өлең шумағын хормен айтады)

Анаң болса қасыңда

Басқа бақыт не керек?!

Аналардың жүрегі

Мейірімге толы

Ортамызда сендердің өнерлеріңді тамашалап отырған Балабақшамыздың меңгерушісі:Амангүл Өтешовнаға сөз берейік!








ЖИ арқылы жасау
23 Мамыр 2018
405
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі