Материалдар / Ана бір қолымен бесікті , бір қолымен әлемді тербетеді
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ана бір қолымен бесікті , бір қолымен әлемді тербетеді

Материал туралы қысқаша түсінік
бұл мақаланы сынып сағатына қосымша арнадым
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
15 Қараша 2018
757
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

«Ана – бір қолымен бесікті, бір қолымен әлемді тербетеді» атты ашық тәрбие сағатының сценариі.

Мерекелік кештің басты мақсаты: Нәзік жанды аруларымыздың қоғамдағы рөлінің айтарлықтай екендігін дәлелдеп, оларға қуаныш сыйлау. Оқушылардың оларға деген ізгі ниеттерін көрсету.

Кештің көрнекілігі: Елбасы жолдауы, Жолдаудан үзінді жазылған қағаздар, ұлағатты сөздер, суреттер, шар, шақыру билеті, үнтаспа, гүл т.б.

Кештің барысы: Қонақтарды кешке шақыру, оларды қарсы алу, тілек білдіру, өнер көрсету, құттықтау сөздер, қорытынды сөз, жалпы қорытынды жасау. Асылбек Еңсеповтың «Детство» күйі қосылып тұрады. Сахнаға екіден жұптасқан үш жұп шығады.

1.-оқушысы

Армысыздар ақ шашты аналарым Ардақ тұтқан өзіңді бабаларым Бүгінгі мерекеңмен құттықтайды Өсіріп мәпелеген балаларың

2-оқушы Келеміз өзің басқан тек ізбенен Баласын дәретсіз кеп емізбеген Бүгінгі кеш, аналар сіздер үшін Қош келдің шақырамыз төріміз кең

3-оқушы

Қызықты қыздарымның қылықтары Тәрбиені ана берген ұлықтады Кешегі Құртқаның ізіменен Дәстүрін бабамыздың ұмытпады

4-оқушы

Пай, пай, пай сызылған Жібектер –ай Әлиядай батыр ғой жүректері –ай Ер жігітке демеу боп қорған болған Сыбаған екі қолда білектері –ай

5-оқушы

Айман- Шолпан жолымен тату өскен Махаббатты шынайы ғафу еткен Мен қазақтың қызымен мақтанамын Ізгілікті еліне тарту еткен

6-оқушы

Арулар еркектерден көп екенбіз Сендерсіз еркектер біз не етеміз? Аналар сіздер біздің берекеміз Ендеше құтты болсын мерекеңіз.



Сахнаның сыртынан Мұқағали Мақатаевтың «Ана» атты өлеңі оқылады

Ана Сен бақыттысың, Жыламағын! Жай түсіп жатқанда да құламадың Тәңіріңнен мен едім ғой сұрағаның Сондықтан жыламағын, жыламағын! Бармын ғой Тірімін ғой, Қасыңдамын. Өлмеймін, мен өзіңдей асылданмын. Таусылып, өз-өзіңнен шашылмағын, Байырғы берекеңді қашырмағын. Мен сенің қанықпын ғой көз жасыңа Өзім кепіл тот басып, тозбасыма. Екі жыр жазсам саған бірін арнап «Ана» деп жаздым ылғи сөз басына. Тәңірім кеше көрсін кесірімді Аспанға жазсам сенің есіміңді!!! Ана, Сен бақыттысың, тербете бер Құба талдан иілген бесігімді… (Өлең аяқталып болған соң і жүргізуші келіп тұрады).

1-жүргізуші: Армысыздар, аяулы аналар, құрметті ұстаздар, гүлдей құлпырған қыздар! Барлығымыз асыға күткен көктемнің алғашқы күндерімен бірге 8 наурыз Халықаралық әйелдер күні де келіп жетті. Бұл - бір қолымен бесікті, екінші қолымен әлемді тербеткен аналар мен нәзік жанды қыздар қауымының төл мерекесі.

Сенен өскен балалар, Батырлар мен даналар. Құттықтаймыз мейраммен, Құрметті, жан аналар! (жүргізуші сөзін аяқтай салысымен музыка ойнап тұрады сахнаға әже, ана, ұстаз, әкпе, қарындас кейіпкерлерінің қасында тақпақ айтушылар шығады)

Әжеге арналған тақпақ

Асыл әжем, ғасыр әжем, тауларым қойныңа ап немереңді баурадың Еркелетіп мәпеледің сая боп Әлі есімде сенен тәлім алғаным

Маңдайдағы әр сызықтың жолы бар Сені көрген немеренің бағы бар ертегіңді сенің айтқан әрдайым Немереңіз мәңгі бақи сағынар

Ордамызға менің әжем берекем үйретерің маған әлі көп екен жүзіңізде тек қуаныш орнасын құтты болсын құтты болсын мерекең.

Анаға арнау

Асыл анам ақ сүт беріп өсірдің Тентек болсам мейіріммен кешірдің мәпеледің түн ұйқыңды төрт бөліп киесі бар ана деген есімнің

Қарыздармын ана сенің алдыңда өзің барда жанар менің бағымда О адамдар қадірлеңдер ананы тәубе етіп аналардың барына

Әкпеге арнау

Ардақты да салмақты әкпелерім Өзіңе тек қуаныш ап келемін көктемнің шуағындай жарқырашы Жұлдызды аспандағы ап беремін

Бауырлық сезіміңмен мәпеледің Өзіңе іні болып еркеледім Алланың саған түссе шуақ нұры Бақытқа төбең сенің жеткені еді

Жеңгеге арнау

Су сұрасам сүт берген қайран жеңгем Өзің барда отбасым сайран көрген Ағамыздың түтінін түтететін Ақ пейілді ақ жеңгем қайдан келген Мерекең құтты болсын алтын жеңге Арта берсін әркезде даңқың елге Әулетімнің ұрпағын өсіре бер сақтай білген елімнің салтын жеңге.

Қарындасқа арнау

Қарындасым қарлығашым қылықтым жанарыңнан сенің әркез жыр ұқтым Ибалы да ізетті бол әрдайым Еліміздің ертеңісін мұны ұққын Жүзіңде тек жадырасын қуаныш Жолыңда тек бола берсін жұбаныш Көктемнің тек шуағында жайнашы Бұлбұл құстай армандарға құрақ ұш

Ұстазға арнау

Тәлім берген бойыма ұстаздарым Орындалсын әрдайым ізгі арманың Шәкірттерің әрдайым сені ұмытпай Жүрегімен өзіңе жыр арнады

Жана берсін елімде еңбегіңіз Біздер үшін аз қиындық көрмедіңіз Сенен шықты ғалым да даналарда Демек сіз биіктерге өрледіңіз Бас иіп өтем сізге аяулы ұстаз жана берсін тағы да еңбегіңіз.

 

2-жүргізуші: Қош келдіңіздер, құрметті аналар мен мектебіміздің ұстаз, қыздары! Бүгінгі мерекелеріңіз құтты болсын! Сіздерге сарқылмайтын денсаулық, ұзақ ғұмыр тілейміз. Осы күні өздеріңізге бағытталған тілектер періштенің құлағына шалынсын. Әрдайым біздердің жанымызда жүре беріңіздер.

Ана десем шешек ашып жанары, Өмірімнің бастау алар ажары. Ана деген тіршілікке пана боп, Әрбір үйде жұлдыз болып жанады, - дей отырып, алғашқы мерекелік құттықтау сөзді тәрбие ісінің меңгерушісі Айтуған ағайға береміз.

Шалқып, тасып әніміз Жадырасын жанымыз, Ана, сені құттықтап, Әндетеміз бәріміз.

Нұрдәулет пен Темірланның орындауында «Ана» атты әнін қол соғып қошеметтеп қарсы алыңыздар.

1-жүргізуші: Барша ана құтты болсын мерекеңіз, Әрқашан ана сізбен берекеміз. Ақтасақ ақ сүтіңді, асыл анам, Сонда біз кісілікке теңесеміз,-дей отырып, «Ананың көңілі балада»драмалық көрнісі ұсынамыз.

Ана –Гаухар

Балалары : оқушылар

Жүргізуші: «Екі ішектің бірін қатты ,бірін сәл-пәл кем бұра

Нағыз қазық қазақ емес, нағыз қазақ домбыра» домбырашылардың орындауында композитор Х.Тастановтың «Би күйі»

жүргізуші:  Құлақтан кіріп, бойды алар, Әсем ән мен тәтті күй. Көңілге түрлі ой салар, Әнді сүйсең, менше сүй, – деп, Абай атамыз айтқандай ...Рақым Дінмұхамедтің орындауындағы «Анам әкем » әнін қабыл алыңыздар.

Жүргізуші:

Көңілді әзілкештер ойынын тамашалайық

жүргізуші: Талай ренжітсек те, еркелігімізді көтеріп, туған анамыздай маңдайымыздан сипай білген ұстаздарымызға айтар алғысымыз шексіз. Олардың еңбегі ұлан-асыр мұхитпен тең. Сабақтарды әрдайым қызықты өткізіп, ойын ойнататындарыңыз әлі де есімізде. Сол себепті бүгін біз сіздерді ойнатамыз. Ойын: Қағазға алдын ала ерекше қылығы бар 3 ұстаздың және 3 оқушының есімі жазылады. Артынша бұл қағаздар таратылады. Ұстаздар қағазда есімі жазылған оқушыны, ал оқушылар ұстазына пародия салады. Барынша сыпайы жақсы мінездерін салуға тырысу керек.Ұстаздармен ойынымызды бастайық.

Жүргізуші:Көрініс «Анаңа қатты сөйлеме»

Жүргізуші: Ортаға әнші қызымыз Гаухарды «Қыздар ,қыздар сұлу қыздар» әнімен және биші қыздармен шақырамыз.

Жүргізуші:

«Суық күнде тоңбады ма деп,

Әлде жолы болмады деп

Жалғызсырап қалмады деп

Мені ойлап қамықпашы мама.» хор анаға хат .Дирижерлайтын сынып жетекшіміз Алма Әлімбекқызы.

1-жүргізуші:

Демеңіз біз өнерді аяп қалды,

Мезгіл де біраз жерге таяп қалды.

Қош болып тұрыңыздар көріскенше

Анамызды сыйлап, құрметтейік. Келесі кездескенше аман-сау болыңыздар!



















































Алматы қаласы Алатау ауданы

26 ЖББ мектеп









Тәрбие сағаты

Тақырыбы «Ана бір қолымен бесікті, бір қолымен әлемді тербетеді»

Сынып жетекшісі : Темирбаева А.А

05.03.2018ж













Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!