400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

"Ана біздің күніміз"

Материал туралы қысқаша түсінік
8 наурыз аналар күніне арналған мерекелік ертеңгілік
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ертеңгіліктің тақырыбы: «Ана-біздің күніміз!»

Мақсаты: 8 наурыз мерекеге байланысты көңіл-күйді сезінуге үйрету, анаға, әжеге деген сүйіспеншілікті қалыптастыру, музыкалық қабілеттерін дамыту.

Репертуар: Әндер: «Менің әжем», «Ақ мамам».

Билер: «Көбелектер» биі (қыздар), «Аралар» биі. (ұлдар), Флешмоб (бәрі).

Кейіпкерлер: Көктем ханшайымы, Бал арасы.

Музыка әуенімен балаларға залға кіреді, биге қатарға тұрады.

Би: Флешмоб.

Жүргізуші: Армысыздар, қымбатты аналар, әжелер, құрметті қонақтар! Бүгін біздің «Еркетай» тобымен «8-наурыз» аналар мерекесіне арналған «Ана-біздің күніміз» атты мерекелік кешімізді бастауға рұқсат етіңіздер.

Тақпақтар:

1.Аналарды сүйеміз! 
Сөзін ойға түйеміз.
Әрқашан біз ардақтап,
Әжеге бас иеміз!

2.Сенен өскен балалар-
Батырлар мен даналар.
Құттықтаймыз мейраммен

Кұрметті апа, аналар!


4 бала: Анамды мен жақсы көрем

Айтқан тілін алып жүрем

Қасымда апам жүргенде

Шаттанып ойнап күлем

Жұргізуші: Біздің бүлдіршіндер сіздерге арнап бар өнерлерін салмақшы, олай болса аяулы әжелерімізге арнап «менің әжем» әнін орындап берсін.

Ән: «Менің әжем»

Музыка естіліп залға Көктем ханшайымы келеді.

Көктем ханшайымы: Мен көңілді көктеммін,

Былтырда келіп кеткенмін

Құшағым гүлге толсын деп

Нөсерімді төккенмін. Амансыңдарма балалар, амансыздарма қонақтар?

Жүргізуші: Ару көктем, қош келдің, төрге шық. Біз сені күттік.

Көктем ханшайымы: Балалар сендер маған шашылып жатқан гүлдерімді жинауға көмектесесіңдерме?

Балалар: Йа:

Ойын: «Гүл жинау» (ұлдармен)

Көктем ханшайымы: Жарайсыңдар, балалар. Шапшаң екенсіңдер.

Жүргізуші: Көктем ханшайымы, біздің өнерпаз балаларымыз бүгінгі мерекеде аналар мен әжелерін қуанту үшін бар өнерлерін ортаға салмақшы, олай болса кезекті биге берейік. Біздің топтың кішкентай сүйкімді қыздары «көбелектер» биін билеп берсін.

Би: «Көбелектер» биі (қыздар)

Көктем ханшайымы: Керемет, қыздар. Аналарың сендерді көріп марқайып отырған болар. Өнерлерің үстем болсын!

Сырт жақтан ызылдаған дыбыс естіліп, залға Бал арасы келеді.

Бал арасы: Амансыңдарма тәтті балапандар? Қалдарың қалай? Мен сендердің әсем үндердіңді естіп қуанып тез ұшып келдім. Мұнда не болып жатыр?

Жүргізуші: Амансыңба Бал арасы, біз аналар мейрамын тойлап жатырмыз. Бізге қонақ бол, өнерімізді тамашала.

Бал арасы: Ой, қандай керемет. О, әлемдегі ең асыл адамдар, мейірімді аналар, аяулы апалар,сіздерджі мейрамдарыңызбен шын жүректен құттықтаймын.

Жүргізуші: Құрметті қонақтар ендігі кезекті кішігірім көріністелген биге берейік, Біздің ұлдарымыз бен қыздарымыз болашақ нағыз әртістер.

Көріністелген би: «Пупсик»

Жүргізуші: Біздің балалар, дарынды,өнерлі, олай болса балаларымыз өз тақпақтарын ортаға шығып айтып берсін.

Тақпақтар:

1 бала: Ақ анашым, аппағым,

Өзің жайлы тақпағым,

Арналады сіздерге

Бар баланың тақпағы.


2 бала: Мәпелейсің мені анам
Қолыңдағы құсыңдай
Құлпыра өсіп дем алам.

Құшағында қысылмай.


3 бала: Әлпештеген аялаған.

Ақ сүт берген апатайым.

Салем жазып бүгін саған.

Мейрамыңмен құттықтайымын

Бал арасы: Бәрекелді балалар, жарайсыңдар.

Көктем ханшайымы: Құрметті қонақтар, мен сіздерге бір ойын ала келдім. Менімен ойын ойнаңыздар.

Ойын: Ата-аналармен және қыздарымен (Дастархан жасау)

Жүргізуші: Бал арасы, енді біздің көріп тұрғандарыңыздай кішкентай араларымыз да бар, олар аналарына арнап би дайындаған еді. Соны тамашаласақ қайтеді?

Бал арасы: ООО, қандай керемет. Менде билесем болама балалар сендермен?

Балалар: Йа!

Би: «Көңілді аралар» (ұлдар).

Көктем ханшайымы: Жарайсыңдар аралар. Балалар біздің енді қайтатын уақытымыз келді. Басқа балаларға барып Көктем келгенінен хабардар етуіміз керек. Сендерді көргенімізге өте қуаныштымыз.

Бал арасы: Йа, балалар. Өнерлі екенсіңдер. Бірақ қоштасатын уақытта келіп қалыпты. Мен мұндай кештің куәсі болғаныма қуанып тұрмын. Қош, сау болыңдар балалар, аман болыңыздар ата-аналар.

Музыка әуенімен Көктем мен Бал арасы залдан шығып кетеді.

Жүргізуші: Құрметті ата-аналар енді балапандарымыз ән тартуын арнайды.

Ән: «Ақ мамам»

Жүргізуші: Тамаша, міне көрдіңіздерме біздің балалар өнерлі, әнші, биші.

Біз сыйлықты дүкеннен сатып алмаймыз,

Өз өнерімізді қолдан жасймыз,

Аналар күніне бір-бірден сыйлаймыз демекші балалардың сыйлықтарың ұсынуға рұқсат етіңіздер.

Сыйлықтарын аналарына береді. Орындарына тұрады.

Жүргізуші: Күндеріңіз толсын гүлге, желекке

Отбасында болсын ырыс-береке

Құттықтаймыз шын жүректен сіздерді

Өмір-думан, бақ әкелсін мереке -дей отыра бүгінгі мерекеге арналған ертеңгілігіміз аяқталды, келіп тамашалағандарыңызға көп рахмет.


Көңілді музыка ырғағымен балалар топқа қайтады.











Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
20 ақпан
419
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі