Алматы облысы білім басқармасының Қарасай ауданы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Сандуғаш" бөбекжай-балабақшасы" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны
Ана біздің
күніміз,
Ана біздің
гүліміз
(Аналар мерекесіне арналған ертеңгілік сценраийі)

Тәрбиеші Базарбаева
Шынар
Ибадуллаевна
Ана біздің
күніміз,
Ана біздің
гүліміз
Мақсаты: 8 Наурыз –Аналар мерекесіне орай бүлдіршіндерді шығармашылыққа баулу,сұлулықты сезіне білуге,мейрімділікке, үлкенді құрметтеуге , аналарды қадірлей білуге тәрбиелеу.
Музыка ойналып, балалар музыка залына кіреді.
Балалар:
Ана-ана жалғыз ғана,
Жарық өмір сыйлаған,
Жамандыққа қимаған.
Ана-ана деген ғана,
Маңдайыннан сипаған,
Жылы киіп жүр балам.
«Жүрекше» ортаға билеп шығады.
«Ана»
Бәрі де, Ана,
Бір өзіңнен басталды.
Сен деп жаздым алғаш өлең-дастанды.
Қуандым ба,
Өзің бар деп қуандым.
Жыладым ба,
Өзің жоқ деп жас тамды.
Бәрі де, Ана,
Бір өзіңнен басталды.
Жанарыңнан көрдім алғаш аспанды.
Еркелесем, бір өзіңе еркелеп,
Жасқандым ба,
Тек өзіңнен жасқандым.
Алғашқы дәм, ол да сендік сүт еді,
Ақ сүт берген қашан да үміт күтеді.
Отанымның өзі сенен басталып.
Жауларыма жеткен жерден бітеді.
Бір ғана емес,қадір тұтқан бабалар,
Аналардан небір туған даналар.
Ана деген тіршіліктің тірегі,
Армысыздар,құрметті
аналар!
Құрметтейік балалар аналарды
Бізді өмірге әкелген даналарды
Себебі ана деген асыл жан ғой
Ойлауменен істелік әр
қадамды.-деп
Бүлдіршіндердің аналарына арналған әсем әндерін қабыл алыныздар.
Ән: Анам-әкем
Жанашырым - ана, дара шыңым - ана
Бар асылым - ана, шуағымсың.
Бағбанымсың - әке, зор бағымсың - әке
Қорғанымсың - әке, шырағымсың.
Қайырмасы:
Ана, аяулым өзіңмен мақтанамын
Ана, мен сені меккеге апарамын
Ана, баланың қолдағың бақ талабын, бұлағымсың.
Әке, бір жылы сөзіңе шаттанамын
Әке, мен сені меккеге апарамын
Әке, биікке самғайды баптағаның, шынарымсың әке
Өмір берген маған, көңіл бөлген маған
Сенім берген маған айкүнімсің.
Қамқорларым дана, сүйенішім дара,
Әке менен ана байлығымсың.
Барлығы:
Сегізінші
наурызда,
Құттықтаймыз
ананы.
Теңеп оны
жұлдызға-
Сый тартамыз
бағалы!
(Балалар аналарына сыйлықтарын ұсынады да,
отырады)
Баурап алар бірақ ауыз
сәлемі,
Қазақ қызы әдепті де
әдемі.
Қазақ қызы –ақылына көркі
сай,
Тұнып тұрған сұлулықтың әлемі
-деп келесі сүйкімді ару
қыздарымыздың көбелектер биін қабыл
алыңыздар.
Би: «Көбелектер» (қыздар)
Бәрімізге анасың, —
Біз үшін күн боп жанасың.
Құтты болсын мейрамың
Құттықтаймын анашым!
Алақаны ақ самал,
Мәпелеген жан анам.
Көкте күнім батса да,
Өзің күнсің балаға
Көңілің Алатаудың ақ
қарындай,
Мейірімің күннің шуақ
шақтарындай
Қалайша аяулы ана тына
алармын,
Жыр болып сағыныштан
ақтарылмай!
Болатбек Айсұлтанның орындауында «Анашым» әні
Кішкентайдан мені мәпелеп өсірген
Осы күнге мені
Еңбекпен жеткізген
Осы күнге мені
Ұйқысыз жеткізген
АЯУЛЫ АНЫШЫМ
Қ-сы
Аяулы анашым
Ақ сүт берген маған
Бұл өмірде жоқ қой
Сенен артық адам
Анам бар деп мәңгі ән айтып мақтанам
АЯУЛЫ АНАШЫМ
Міне менде өстім
Осы жасқа келдім
Анамның ақ сүтін ақтар жасқа келдім
Ұлым өсе бір қайтарар деген
АЯУЛЫ
АНАШЫМ
Бал бөбегін баптаған.
Анам үшін мақтанам!
Аялайтын біздерді,
Көп жасасын жақсы адам.
Аналар ақ тілекті, сөз көп
дейін,
Жылытар жүрегіңді көз көп
дейін
Аналар ақ жаулықты бұл
сіздерге
Қол соғып қарсы алайық «Қуыршақ
биін»
-Айзере мен Жанияның орындауында «Қуыршақтар» биі
«Үш ана» көрінісі
Ойыннан келген Дания
Қуыршағын іздейді.
Столдың астынан тапты да,
Хал сұрауды көздеді.
Қызым, менің қалайсың
Томсырайып қарайсың.
Қарның ашып отырмай,
Тамақ ішсең жарайсың.
Егер тамақ ішпесең
Қу сүйек боп қаласың.
Отыр қане қасыма,
Тамақтанып аласың
(Қуыршағын алдына алып отырады)
Данияның осы сәт,
Анасы үйге кіреді.
Тағат таппай қызының
Қалын сұрап біледі
Данияжан, бүгін сен,
Тамақ ішіп көрдің бе?
Қызықтап әлде ойынды,
Кешке дейін жүрдің бе?
Күнде саған ұмытпай,
Тамағыңды іш деймін.
Тіл алмайсың қырсығып,
Осы сені не істеймін (отырады)
Анасының артынан,
Аптығып әже кіреді.
Ол – дағы өз қызының
Қалын сұрап біледі.
Айналайын, алтыным
Шаршадың ба, жарқыным.
Ішпедің – ау тамақ та,
Жайын ойлап жалпының.
Қарашығым, қарағым,
Түсіңкі ғой қабағың.
Сөткемен тұрып жұмыста
Болмай қалды – ау тамағын (отырады)
Аналардың елжіреп,
Ет бауыры барады.
Әрқайсысы сұқтанып,
Өз қызына қарады.
Үш ана:
Қандай қиын, қараңдаршы,
Қырсық мінез бала болу.
Бәрінен де оңай емес,
Білсеңіздер ана болу!
Армысың әжелерім,
аналарым.
Мейірбан аппақ көңіл даналарым
Гүл көктемнің алғашқы мейрамымен
Құттықтайды сіздерді балаларың.
Тәрбиеші:
Мерекеге арналады бүгін билер,
Көтерілсін канекей,көңіл күйлер
Алдарыңызға қазір ұлдар биі.
Қол соғып демеу берер көрермендер
-
Ұлдардың орындауында «Кір жуу» биі
Біздің балалар өнерпазға бай
тегі,
Әнші деп те, күйші деп те айт
оны.
Күлімдеген
әжелерге,
Жақсылып бір, әзіл ән шырқасақ
қайтеді.
Әзіл ән: «Әжелер әні»
Барлығы:
Келіннен қорқып саспайық,
Келіңдер өсек бастайық.
Немеренің әртүрлі,
Қылығын айтып тастайық.
Барлығы:
ойпырмай белім-ай,
Қайда кетті келін-ай.
Немерем менің блатной,
Күндіз тыным таппайды.
Видио көру керек-керек деп,
Кешкі ұйқыға жатпайды.
Барлығы:
Ойпырмай, сұмдық-ай,
Ұят екен масқара-ай
Немерем менің кір-кір боп,
Үйдің бетін көрмейді.
«Киндер» сатып әпер деп,
Еш тыныштық бермейді.
Барлығы:
Ойпырмай, сұмдық-ай,
Ұят екен масқара-ай
Немерем менің теңгеге,
Үйір болып алыпты.
Мың теңгені сағызға,
Аямай бере салыпты.
Барлығы:
Ойпырмай, сұмдық-ай,
Ұят екен масқара-ай
Немерем менің ән салса,
Махаббат-деп айтады.
Қызың барма деп едім,
«Жоқ»-деп басын шайқайды.
Барлығы:
Ойпырмай, сұмдық-ай,
Ұят екен масқара-ай
Барлығы:
Келіндер келіп қапты ғой,
Бізде үйге кетейік.
Немере шіркін тәтті ғой,
Барына шүкір етейік.
Ойпырмай белім-ай,
Қайда кетті келін-ай.
Осы кезде кенеттен әуен естіліп ортаға Сиқыршы өз қорапшасымен кіреді.
Сиқыршы:
-
Сәлеметсіңдер ме, балалар? Мереке құтты болсын. Мен бұл жерге әзер жеттім неге екенін білмеймін менің сиқырымның күші ештеңеге жетпей тұр. Мына қорапты аша алмай отырмын. Сендер маған көмектесе аласыңдар ма?
Балалар:
-
Әрине, көмектесеміз!
Сиқыршы:
-
Олай болса, мына сиқырлы сөзді айтайықшы.
Қуанышты өмір үшін
Жақсылыққа сенім үшін
Жол тартамыз сиқырға
Үлкендерге көмек үшін
Сим – салабим шок.
Қорап ашылып, ішінен гүлдер шығады.
Сиқыршы:
- Балалар бүгін мереке ғой, осы гүлді аналарыңа сыйлағыларың келе ме?
- Ендеше, ойын ойнайық, гүлді кім бірінші алса, сол бала жинаған гүлін анасына сыйлай алады.
Ойын: «Кім бірінші гүлді алады?»
Шарты: «Бас, көз, қол, гүл» дегенге гүл алу керек. Екі балаға бір гүл болады. Кім бірінші гүлді алса, сол бала гүлді анасына сыйлайды.
Тәрбиеші:
Мама, жанарың қандай сенің жып-жылы,
Мама, көзіңе малынғандай күн нұры.
Мама, жанымның мәңгі солмас бір гүлі
Мама, мама өзіңсің күн нұры, - деп Жания ән салады
-Жанияның орындауында «Мама» әнін қабыл алыңыздар
Ән: Мама
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Ана біздің күніміз
Ана біздің күніміз
Алматы облысы білім басқармасының Қарасай ауданы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Сандуғаш" бөбекжай-балабақшасы" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны
Ана біздің
күніміз,
Ана біздің
гүліміз
(Аналар мерекесіне арналған ертеңгілік сценраийі)

Тәрбиеші Базарбаева
Шынар
Ибадуллаевна
Ана біздің
күніміз,
Ана біздің
гүліміз
Мақсаты: 8 Наурыз –Аналар мерекесіне орай бүлдіршіндерді шығармашылыққа баулу,сұлулықты сезіне білуге,мейрімділікке, үлкенді құрметтеуге , аналарды қадірлей білуге тәрбиелеу.
Музыка ойналып, балалар музыка залына кіреді.
Балалар:
Ана-ана жалғыз ғана,
Жарық өмір сыйлаған,
Жамандыққа қимаған.
Ана-ана деген ғана,
Маңдайыннан сипаған,
Жылы киіп жүр балам.
«Жүрекше» ортаға билеп шығады.
«Ана»
Бәрі де, Ана,
Бір өзіңнен басталды.
Сен деп жаздым алғаш өлең-дастанды.
Қуандым ба,
Өзің бар деп қуандым.
Жыладым ба,
Өзің жоқ деп жас тамды.
Бәрі де, Ана,
Бір өзіңнен басталды.
Жанарыңнан көрдім алғаш аспанды.
Еркелесем, бір өзіңе еркелеп,
Жасқандым ба,
Тек өзіңнен жасқандым.
Алғашқы дәм, ол да сендік сүт еді,
Ақ сүт берген қашан да үміт күтеді.
Отанымның өзі сенен басталып.
Жауларыма жеткен жерден бітеді.
Бір ғана емес,қадір тұтқан бабалар,
Аналардан небір туған даналар.
Ана деген тіршіліктің тірегі,
Армысыздар,құрметті
аналар!
Құрметтейік балалар аналарды
Бізді өмірге әкелген даналарды
Себебі ана деген асыл жан ғой
Ойлауменен істелік әр
қадамды.-деп
Бүлдіршіндердің аналарына арналған әсем әндерін қабыл алыныздар.
Ән: Анам-әкем
Жанашырым - ана, дара шыңым - ана
Бар асылым - ана, шуағымсың.
Бағбанымсың - әке, зор бағымсың - әке
Қорғанымсың - әке, шырағымсың.
Қайырмасы:
Ана, аяулым өзіңмен мақтанамын
Ана, мен сені меккеге апарамын
Ана, баланың қолдағың бақ талабын, бұлағымсың.
Әке, бір жылы сөзіңе шаттанамын
Әке, мен сені меккеге апарамын
Әке, биікке самғайды баптағаның, шынарымсың әке
Өмір берген маған, көңіл бөлген маған
Сенім берген маған айкүнімсің.
Қамқорларым дана, сүйенішім дара,
Әке менен ана байлығымсың.
Барлығы:
Сегізінші
наурызда,
Құттықтаймыз
ананы.
Теңеп оны
жұлдызға-
Сый тартамыз
бағалы!
(Балалар аналарына сыйлықтарын ұсынады да,
отырады)
Баурап алар бірақ ауыз
сәлемі,
Қазақ қызы әдепті де
әдемі.
Қазақ қызы –ақылына көркі
сай,
Тұнып тұрған сұлулықтың әлемі
-деп келесі сүйкімді ару
қыздарымыздың көбелектер биін қабыл
алыңыздар.
Би: «Көбелектер» (қыздар)
Бәрімізге анасың, —
Біз үшін күн боп жанасың.
Құтты болсын мейрамың
Құттықтаймын анашым!
Алақаны ақ самал,
Мәпелеген жан анам.
Көкте күнім батса да,
Өзің күнсің балаға
Көңілің Алатаудың ақ
қарындай,
Мейірімің күннің шуақ
шақтарындай
Қалайша аяулы ана тына
алармын,
Жыр болып сағыныштан
ақтарылмай!
Болатбек Айсұлтанның орындауында «Анашым» әні
Кішкентайдан мені мәпелеп өсірген
Осы күнге мені
Еңбекпен жеткізген
Осы күнге мені
Ұйқысыз жеткізген
АЯУЛЫ АНЫШЫМ
Қ-сы
Аяулы анашым
Ақ сүт берген маған
Бұл өмірде жоқ қой
Сенен артық адам
Анам бар деп мәңгі ән айтып мақтанам
АЯУЛЫ АНАШЫМ
Міне менде өстім
Осы жасқа келдім
Анамның ақ сүтін ақтар жасқа келдім
Ұлым өсе бір қайтарар деген
АЯУЛЫ
АНАШЫМ
Бал бөбегін баптаған.
Анам үшін мақтанам!
Аялайтын біздерді,
Көп жасасын жақсы адам.
Аналар ақ тілекті, сөз көп
дейін,
Жылытар жүрегіңді көз көп
дейін
Аналар ақ жаулықты бұл
сіздерге
Қол соғып қарсы алайық «Қуыршақ
биін»
-Айзере мен Жанияның орындауында «Қуыршақтар» биі
«Үш ана» көрінісі
Ойыннан келген Дания
Қуыршағын іздейді.
Столдың астынан тапты да,
Хал сұрауды көздеді.
Қызым, менің қалайсың
Томсырайып қарайсың.
Қарның ашып отырмай,
Тамақ ішсең жарайсың.
Егер тамақ ішпесең
Қу сүйек боп қаласың.
Отыр қане қасыма,
Тамақтанып аласың
(Қуыршағын алдына алып отырады)
Данияның осы сәт,
Анасы үйге кіреді.
Тағат таппай қызының
Қалын сұрап біледі
Данияжан, бүгін сен,
Тамақ ішіп көрдің бе?
Қызықтап әлде ойынды,
Кешке дейін жүрдің бе?
Күнде саған ұмытпай,
Тамағыңды іш деймін.
Тіл алмайсың қырсығып,
Осы сені не істеймін (отырады)
Анасының артынан,
Аптығып әже кіреді.
Ол – дағы өз қызының
Қалын сұрап біледі.
Айналайын, алтыным
Шаршадың ба, жарқыным.
Ішпедің – ау тамақ та,
Жайын ойлап жалпының.
Қарашығым, қарағым,
Түсіңкі ғой қабағың.
Сөткемен тұрып жұмыста
Болмай қалды – ау тамағын (отырады)
Аналардың елжіреп,
Ет бауыры барады.
Әрқайсысы сұқтанып,
Өз қызына қарады.
Үш ана:
Қандай қиын, қараңдаршы,
Қырсық мінез бала болу.
Бәрінен де оңай емес,
Білсеңіздер ана болу!
Армысың әжелерім,
аналарым.
Мейірбан аппақ көңіл даналарым
Гүл көктемнің алғашқы мейрамымен
Құттықтайды сіздерді балаларың.
Тәрбиеші:
Мерекеге арналады бүгін билер,
Көтерілсін канекей,көңіл күйлер
Алдарыңызға қазір ұлдар биі.
Қол соғып демеу берер көрермендер
-
Ұлдардың орындауында «Кір жуу» биі
Біздің балалар өнерпазға бай
тегі,
Әнші деп те, күйші деп те айт
оны.
Күлімдеген
әжелерге,
Жақсылып бір, әзіл ән шырқасақ
қайтеді.
Әзіл ән: «Әжелер әні»
Барлығы:
Келіннен қорқып саспайық,
Келіңдер өсек бастайық.
Немеренің әртүрлі,
Қылығын айтып тастайық.
Барлығы:
ойпырмай белім-ай,
Қайда кетті келін-ай.
Немерем менің блатной,
Күндіз тыным таппайды.
Видио көру керек-керек деп,
Кешкі ұйқыға жатпайды.
Барлығы:
Ойпырмай, сұмдық-ай,
Ұят екен масқара-ай
Немерем менің кір-кір боп,
Үйдің бетін көрмейді.
«Киндер» сатып әпер деп,
Еш тыныштық бермейді.
Барлығы:
Ойпырмай, сұмдық-ай,
Ұят екен масқара-ай
Немерем менің теңгеге,
Үйір болып алыпты.
Мың теңгені сағызға,
Аямай бере салыпты.
Барлығы:
Ойпырмай, сұмдық-ай,
Ұят екен масқара-ай
Немерем менің ән салса,
Махаббат-деп айтады.
Қызың барма деп едім,
«Жоқ»-деп басын шайқайды.
Барлығы:
Ойпырмай, сұмдық-ай,
Ұят екен масқара-ай
Барлығы:
Келіндер келіп қапты ғой,
Бізде үйге кетейік.
Немере шіркін тәтті ғой,
Барына шүкір етейік.
Ойпырмай белім-ай,
Қайда кетті келін-ай.
Осы кезде кенеттен әуен естіліп ортаға Сиқыршы өз қорапшасымен кіреді.
Сиқыршы:
-
Сәлеметсіңдер ме, балалар? Мереке құтты болсын. Мен бұл жерге әзер жеттім неге екенін білмеймін менің сиқырымның күші ештеңеге жетпей тұр. Мына қорапты аша алмай отырмын. Сендер маған көмектесе аласыңдар ма?
Балалар:
-
Әрине, көмектесеміз!
Сиқыршы:
-
Олай болса, мына сиқырлы сөзді айтайықшы.
Қуанышты өмір үшін
Жақсылыққа сенім үшін
Жол тартамыз сиқырға
Үлкендерге көмек үшін
Сим – салабим шок.
Қорап ашылып, ішінен гүлдер шығады.
Сиқыршы:
- Балалар бүгін мереке ғой, осы гүлді аналарыңа сыйлағыларың келе ме?
- Ендеше, ойын ойнайық, гүлді кім бірінші алса, сол бала жинаған гүлін анасына сыйлай алады.
Ойын: «Кім бірінші гүлді алады?»
Шарты: «Бас, көз, қол, гүл» дегенге гүл алу керек. Екі балаға бір гүл болады. Кім бірінші гүлді алса, сол бала гүлді анасына сыйлайды.
Тәрбиеші:
Мама, жанарың қандай сенің жып-жылы,
Мама, көзіңе малынғандай күн нұры.
Мама, жанымның мәңгі солмас бір гүлі
Мама, мама өзіңсің күн нұры, - деп Жания ән салады
-Жанияның орындауында «Мама» әнін қабыл алыңыздар
Ән: Мама
шағым қалдыра аласыз













