Ана біздің
күніміз.
Мақсаты:Балаларға 8-наурыз халықаралық
мейрамы екенін ұғындыра отырып,аналарын ешқашан
ренжітпеуге,қолғанат болуға,әрқашанқұрметтей білуге
тәрбиелеу.
Жүргізуші.Қымбатты балалар,сүйікті
аналар.Бүгін біз көктемнің алғашқы мерекесі күні 8-наурыз аналар
мерекесін тойлауға жиналып отырмыз.Мерекелеріңіз құтты
болсын.
Қазіргі де,бұрынғы өткен
замандарда,
Ананы қадірлемес адам
барма?
Аналар—ардақтылар жасай
берсін,
Әрқашан бақыттысың анаң
барда!
Жыл аралатып,көктемнің алғашқы
күндерімен келетін 8-наурыз мерекесі құтты болсын. «Ат биеден
туады,алып анадан туады»-дейді ғой халқымыз.Дүниеде анасыз адам
жоқ.Қаламы жүйрік жазушы да,данышпан ғалым да,күміс көмей әнші мен
мың бұралған биші де анадан жаратылған.
Той тойлап дала мен
қалаларым,
Мерекең құтты болсын
аналарым!
Қаракөз қыз,абзал ана
мерекесін,
Құттықтауға келе жатыр
балаларың.
Олай болса,ардақты да әрі
сүйікті аналарына арнаған тақпақтарына назар
аударайық.
Айару:Анам менің
сүйіктім,
Тек зіңе
табынам.
Қасымда жүрсең
биікпін,
Алыстасаң
сағынам.
Ермек:Ана біздің
күніміз,
Ана біздің
гүліміз.
Бізді ана
қуантып,
Ұзақ өмір
сүріңіз.
Ерасыл:Сененөскен
балалар,
Батырлармен
даналар.
Құттықтаймыз
мейраммен,
Құрметті
аналар.
Әлия:Біз доспыз
гүлдермен,
Текке оны
жұлмаймыз.
Той күні
бір-бірден,
Аналарға
сыйлаймыз.
Қарақат:Анам
болсақасымда,
Өзіңіз ғой
аналар.
Зор денсаулық,мол
бақыт,
Тілейміз біз
балалар.
Есік қағылып көк көйлек
киген Ару көктем кіріп келеді.
Ару
көктем:
Мен көңілді
көктеммін,
Былтыр келіп
кеткенмін.
Көзін ашып
бұлақтың,
Түбіне тал
еккенмін.
Гүл боп қырда
егілем,
Дән боп жерге
себілем.
Жаңбыр болып
жауамда,
Нұр боп көктен
төгілем.
Шуағын төгіп
әлемге,
Жылуын күннің
әкелем.
Жүргізуші:Амансың ба,Ару көктем?Ұлан
байтақ жерімізге қош келдіңіз.Шуағыңды шаттандырып,нұрыңды мол төге
бер.Ал Ару көктем біздің балаларымыздың өнерін
тамашалаңыз.
«Қызыл телпек» ертегісін
сахналау.
Жүргізуші:Ертеде Қызыл телпек деген қыз
болыпты.
Анасы:Бірде оған анасы:
-Қызым,Әжеңе барып,бір себет базарлық апарып
бер,
Жүргізуші:-деп,Әжесінің үйіне жібереді.
Қызыл телпек орман арқылы созылып жатқан соқпақпен жолға
шығады.Ал бұл орманда қатігез Сұр Қасқыр мекендейтін.Қыз бұл туралы
ештеңе білмегендіктен,қорықпай жолға шыққан
болатын.
Жолда Қызыл телпектің алдынан Сұр Қасқыр кезіге
кетеді.
Қасқыр:-Қайда,не үшін бара жатсың?
Қызыл телпек:Әжеме бәліш апара жатырмын.Әжем орманның ар жағында
тұрады.
Жүргізуші:Қыз оған бар мән жайды баяндап береді.Оның Әжесінің қайда
тұратынын сұрап алып,Қасқыр асығыс қоштасып,орман ішімен жорта
жөнеледі.
Қызыл телпек:Қандай сыпайы Қасқыр.Елдің бәрі бұдан неге сонша қорқады
екен а?Қызық?
Жүргізуші:-деп ойлайды қыз.Ал Қасқыр осы кезде қысқа жолмен жолын
қысқартып,Әжейдің үйіне жетіп,есігін
қағады.
Қасқыр:Тук,тук,тук.
Әже:Әжей қаққан есіктің дыбысын естіп:
-Бұл кім?
Қасқыр:-Мен,сенің немерең Қызыл
телпекпін.
Әже:-Кішкентайым менің,жіпті тартсаң,есік
ашылады.
Жүргізуші:Жіпті тартқаны сол еді,есік ашылды да кетті.Сұр Қасқыр үйге
баса көктеп кіріп,Әжейді қылғытып жұтып алады.Өзі оның төсегіне
шығып,көрпені бүркеніп жамылып,Қызыл Телпектің келуін күте
бастады.
Бір шама уақыттан соң Қызыл телпек келіп,есікті
қағады.
Қызыл телпек:тук,тук,тук.
Қасқыр:Бүлдіршінім менің,жіпті тартсаң,есік
ашылады.
Жүргізуші:Қасқыр қырылдап,қарлыққан
дауысымен.
Қызыл телпек үйге кіріп:
Қызыл телпек: Әжетай,дауысың өзгеріп кетіпті
ғой.
Қасқыр:Салқын тиіп ауырып қалдым,оған көңіл
аударма.
Қызыл телпек:Әжетай,сенің көзіңе не болған.
Қасқыр:Сені жақсы көру үшін.
Қызыл телпек:Ал тістерің неге үлкейіп кеткен.
Қасқыр:бұл сені тез жеп қою үшін.
Жүргізуші:деп Қасқыр Қызыл телпекті бір ақ жеп қояды.Сол кезде жақын
маңда жүрген аңшы у-шуды естіп Әжейдің үйіне жүгіріп кіреді
де,қасқырдың қарнын жарып,Әжесі мен қызын алып шығады.Аман-есен
қалған Әжесі мен қызы аңшыға алғыс айтады.Осыдан кейін Қызыл телпек
бейтаныстарға сене бермей,сақ жүретін
болыпты.
Қызыл телпек рөлін
сомдаған:Болатов Марлен
Анасының рөлін
сомдаған:Абай Шоқан
Әжейдің рөлін
сомдаған:Тулегенов Ермек
Қасқырдың рөлін
сомдаған:Сағынов Ерасыл
Аңшылардың рөлін
сомдаған:Маралбек және де Ерсұлтан
Би:Балапандар биі.
Елнат:Анаң болса
қасыңда,
Басқа бақыт не
керек.
Аналардың
жүрегі,
Мейірімді ғой
керемет.
Нұрай:Анамды мен жақсы
көрем,
Айтқан тілін алып
жүрем.
Қасымда анам
жүргенде,
Шаттанып ойнап
күлем.
Айбек:Әр сөзіңді
жаттаған,
Жүрегіңде
сақтаған.
Анашым деп
мақтанам,
Айналайын ақ
мамам.
Нұрсерік:Жанымызды
жайнатқан,
Сіздерғой ол
аналар.
Зор денсаулық,мол
бақыт,
Тілейміз біз
балалар.
Наргиза:Ақ
анашым,аппағым
Өзің жайлы
тақпағым.
Өзің жайлы әнім
де,
Арнадым саған бәрін
де.
Марлен:Жанымыздыя
жайнатқан,
Өзіңіз ғой
аналар.
Зор денсаулық,мол
бақыт,
Тілейміз біз
балалар.
Ойын:
«Өз балаңды тап».(Бір
ата-ананы ортаға шығарып,бірнеше балаларды да ортаға шығарып анасы
баласын тауып алуы тиіс.)
Ерсұлтан:Жарқын жүзді жан
анам,
Сендей болсын бар
адам.
Сендей болса бар
адам,
Шаттық кетпес
баладан.
Айша:Әлпештеген
аялаған,
Ақ сүт берген
апатайым.
Сәлем жазып бүгін
саған,
Мейрамыңмен
құттықтаймын.
Нұрмұхаммед:Бал бөбегім
баптаған,
Мамам үшін
мақтанам.
Ақ бетіңнен
сүйейін,
Келші,келші ақ
мамам.
Алтынбек:Жүзімізге
қараңыз,
Бал күлкілі
баламыз.
Бізге қымбат күн
шуақ,
Бізге қымбат
аналар!
Арман:Анашым жүрегім,
Өмірлік
тірегім.
Аман боп жүрші
тек,
Алладан
тіледім.
Салауат:Құтты болсын
анашым,
Құтты болсын
мерекең.
Әр кез саған
тілеймін,
Ұзақ өмір
жолдарын.
Келесі кезекті
«Ақ
мамам» әніне берейік.
Ақ
мамам
1.Еркелесем
күлімдейтін,
Ұрысқаны
білінбейтін.
Маңдайымнан иіскеп
менің,
Құлыншағым күнім
дейтін.
Қ-сы:
Ақ мамам,ақ
мамам,
Құлыншағым күнім дейтін. 2
рет
2.Әлемдегі ақылды
адам,
Бәрінен сол жақын
маған.
Ол жанымда жүрсе мен
де,
Батырларша
батылданам.
Қ-сы:
Ақ мамам,ақ
мамам,
Батырларша батылданам. 2
рет
3.Жамандықтан
сақтандырып,
Жақсы ісімді мақтан
қылып.
Мәпелеген ақ
мамамды,
Жүрсем деймін
шаттандырып.
Қ-сы:
Ақ мамам,ақ
мамам,
Жүрсем деймін шаттандырып. 2
рет
Жүргізуші: Бүгінгі мереке әжелеріміздің де мерекесі.«Қариясы бар үйдің
қазынасы бар»-деп бекер айтылмаған.Келесі құттықтауларымыз сіздерге
арналады құрметті әжелер.
Мұстафа:Менің әжем,гүл әжем,
Алтын әжем,күн әжем.
Апам үшін,мен үшін,
Нағыз ана-тіл әжем.
Інжу:Әже деген көп шығар,
Әжемдей жоқ шығар.
Мейірімді бұл кісі,
Қандай ғажап күлкісі.
Көркемай:Аналарды сүйеміз,
Сөзін ойға түйеміз.
Әжені де ардақтап,
Әдеппен бас иеміз.
Жүргізуші:Өмірдегі иесі сен Ғазиз-Ана,
Келтірген дүниеге нелер дана.
Анасыз батыр да жоқ,ақын да жоқ,
Өмірдің алтын кілті сенде ғана.
Өмірге бізді келтіріп,
Жарық дүние сыйлаған.
Жамандыққа баласын,
Ешқашан да қимаған.
Көрмесін қайғы балалар,
Аман болсынаналар!-деп бүгінгі ертеңгілігімізді
аяқтаймыз.
Ана біздің
күніміз.
Шағын орталық
тәрбиешісі:Мукашева Г.Т.
2016-2017 оқу
жылы