жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
«Ана-біздің күніміз, біз –Ананың гүліміз!»
Жамбыл облысы,Шу қаласы
«Ыбырай Алтынсарин атындағы орта мектебі»КММ
Джиембекова Бибігул Несипкелдиевна
Тақырыбы:«Ана-біздің күніміз, біз –Ананың гүліміз!»
Мақсаты: Балаларды аналарын құрметтеп, сыйлауға тәрбиелеу. Балаларға көтеріңкі көңіл күй сыйлау.
Керекті кейіпкерлер: «Түймеқыз бізде қонақта»
Жүргізуші ,көктем, түймеқыз, бақа , қоңыз, қарлығаш
Балалар музыка әуенімен залға кіреді
.Жүргізуші: Сәлеметсіздер ме, құрметті қонақтар! Қымбатты да, сүйкімді, аяулы аналар, әжелер, ұстаздар бүгінгі көктемнің алғашқы шуақты күндерімен бірге келген 8- Наурыз аналар мерекесі құтты болсын! Алғашқы көктем мерекесі Жер бетіне өмір сыйлаушы нәзік, ақылды, сымбатты, мейірімді жандарға арналғаны қандай тамаша ! Әлемдегі ең асыл жан ол – Ана десек, жүрегімізде сүйікті жанға деген махаббат сезімі оянады. Ана бұл аяулы да мейірімді жан. Құрметті аналар сіздерге арналған Алтынсарин мектебінің мектепалды сыныбының ««Ана-біздің күніміз, Ананың біз гүліміз!» «Түймеқыз бізде қонақта» атты мерекелік ертеңгілігімізге хош келдіңіздер.
Құттықтау сөзі: «Ыбырай Алтынсарин»атындағы орта мектептің мектеп директоры Сейдахметова Гүлбағила Бектібай қызына беріледі Жүргізуші:
Армысың ару қыздар, абзал ана,
Анаға тең келетін барма дана
Мерекең бүгінгі күн құтты болсың,
Қуанышпен құшағың гүлге толсын!
Сіздер-Күнсіз аспанда жарқыраған,
Сіздер-өзен,тау суы сарқыраған.
Сіздер –жаңбыр, ақ нөсер нұрын төккен
Қуанышқа бөлейік өздерің
Мұң шалмасын күлім қақан көздерін, дей отырып –ертеңгілігімізді бастаймыз
Жүргізуші: Олай, болса асыл аналар, Ақжаулықты әжелер мерекелеріңіз құтты болсын! Балалардың тақпақтарын қабыл алыңыздар.
Жүргізуші:
Жер әлемді жайнатып,
Әнші құстарды сайратып,
Гүлге бөлеп даланы,
Әнге бөлеп қаланы,
Көрікті көктем келді
(Ортаға музыкамен көктем кіреді)
Көктем:
Мен көңілді көктеммін,
Былтырда келіп кеткенмін
Құшағым гүлге толсын деп
Нөсерімді төгемін
Жүргізуші: Ару көктем, армысыз, қош келдіңіз, төрлетіңіз. Сіздің көктемгі жаңбырыңыздың арқасында айналамыз әсемдікке кенелді. Кең байтақ даламыз гүлге бөленді. Сондықтан ару көктем біз сізге ризамыз. Бүгін біз, 8 наурыз Халықаралық әйелдер күні мерекесін тойлап жатырмыз. Бұл әрине аналарымыздың, әжелеріміздің, гүл қыздарымыздың мерекесі. Осы мерекеге балаларымыз өздерінің тақпақтарын дайындады. Балалардың тақпағын қабыл алыңыздар
Жүргізуші: Ару көктем, біз сізді көп күттік, енді балалардың көктем туралы әнін қабыл алыңыз.
Ән: «Көктем келді »
Көктем: Жарайсыңдар балалар, мен сендерге риза болып ойын ойнағым келіп тұр.
Ойын: «Анамыздың дауысы»
Ойын шарты:Анамыз еркелетеді кімнің анасы екенің баласы табу керек.
Көктем: Жарайсыңдар балалар, сендердің әндерің де, тақпақтарыңда тамаша екен. Маған қатты ұнады. Ал, мен сендерге ризашылығымды білдіріп, өзімнің ертегі әлеміндегі әдемі, сиқырлы гүлімді сыйлаймын. «Сыйқырлы гүл» музыкасы қойылады
Көктем: Балалар, менің де қайтатын уақытым болды. Келесі жылы кездескенше сау болыңдар!
Жүргізуші: Көктем бізге қандай өзінің әдемі гүлін сыйлап кетті, қане хош иісін иіскеп көргім келіп тұр. (гүлден Түймеқыз шығады)
Жүргізуші: Сәлеметсізбе, сіз кімсіз? Қайдан келдіңіз? Түймеқыз: Сәлеметсіңдер ме, балалар. Мен Түймеқызбын, мен ертегілер әлемінен келдім
Жүргізуші: Түймеқыз, сенің неге көңілің түсіп кеткен?
Түймеқыз: Мен анамды жоғалтып алдым. Қанша іздесем де таппай жүрмін.
Жүргізуші: Балалар, Түймеқызға анасын табуға көмектесеміз ба?
Олай болса ана жүрегі сезінсін деп «Ана жүрегі» атты би билеп беріп Түймеқыздың анасын табуға көмектесейік
Би: «Ана жүрегі»
.Ерзат:
Армандарға жетерміз,
Құстай ұшып кетерміз.
Ыстық құшақ анашым,
Сізді бақытты етерміз.
Әділет:
Өмірдің иесі сен ғафу Ана
Келтірген дүниеге нелер дана
Анасыз батырда жоқ ақында жоқ,
Өмірдің алтын кілті сонда ғана .
Жансезім:
Маму нежно обниму,
Крепко поцелую.
Потому что я люблю,
Мамочку радную.
Милая мама,тебя посвещаю,
Нежные эти слова
Ән: «Сағындым әже, сағындым»
Жүргізуші: Сәлеметсіздер ме, сіздер кімсіздер?
Ана бақа: Сәлеметсіздер ме, мен бақамын. Түкке түсінбедім. Сендер көлшікте неге жүрсіңдер?
Жүргізуші: Біз Түймеқыздың анасын іздеп жүрміз.
Ана бақа: Бақ-бақ-бақ-бақ, Түймеқызға мен ана боламын. Бізбен бірге көлшікте қалсын. Мұнда өте көңілді. Сенбесеңіздер менің менің көлшігімдегі гүлдер биін тамашалап Елеу Інжудің орындауындағы «Ертегілер» әнінің қабыл алыңыздар.
Ана бақа: Бақ-бақ-бақ, қалай Түймеқыз. Менің көлшіктегі гүлдерімнің биі ұнады ма? Қаласыңба біздің көлшікте?
Түймеқыз: сендердің билерің ұнады. Бірақ мен өз анамды көргім келеді. Жүргізуші: Жарайсыңдар билерің өте тамаша болды. Бірақ Түймеқыздың өзінің анасы бар, ол анасын өте жақсы көреді. Біз Түймеқыздың анасын ары қарай іздейміз.
Ана бақа: Түймеқыздың анасын тезірек табуға тілектеспін. Сау болыңдар.(музыкамен бақалар шығып кетеді)
( ж-ж-ж деген дыбыс шығады. Қоңыз келеді) Қоңыз: Жж-жж-жж мұнда не болып жатыр-р? Мен, түрлі түсті көздің жауын алып тұрған гүлдер екен деп келсем, мұнда әдемі киінген балалар отыр екен гой. Сәлеметсіңдер ме, балалар, сендер қайдан келдіңдер, мұнда не істеп жүрсіңдер?
Жүргізуші: Сәлеметсізбе, Қоңыз мырза! Біз балабақшадан келдік. Түймеқыздың анасын іздеп жүрміз. Сіздің қанатыңыз бар, ұшып жүргенде Түймеқыздың анасын көрмедіңіз бе?
Қоңыз: Ж-ж-ж-жоқ, мен көрмедім. Мүмкін балалар жақсылап тақпақтарын айтып, би билеп, ән айтып берсе,Түймеқыздың анасы естіп, өзі де кеп қалар.
Ән: «Аяулы анашым»
Қоңыз: Жарайсыңдар балалар, сендердің өнерлеріңді тамашалап, қуанып қалдым, маған қатты ұнады. Бірақ Түймеқыздың анасы естімеді-ау деймін. Мен ары қарай тәтті шырынды гүлдерді іздеймін, жолда Түймеқыздың анасын кездестірсем сендердің іздеп жүргендеріңді айтармын. Сау болыңдар! (музыка әуенімен қоңыз шығып кетеді)
(Музыка әуенімен Қарлығаш ұшып келеді)
Қарлығаш: Сәлеметсіңдер ме, балалар. Мұнда не істеп жүрсіңдер?
Жүргізуші: Сәлеметсіз бе, біз Түймеқыздың анасын іздеп жүрміз. Сіз аспанда қалықтап ұшып жүргенде көрмедіңіз бе?
Қарлығаш: Жоқ. Мен көрмедім, бірақ осында менің кішкентай балапан қарлығаштарым отыр екен. Мүмкін, бәріміз бірге іздесек, тауып қалармыз. Кәне, кішкентай қарлығаштар, қалықтап ұшып, би билеп Түймеқыздың анасын іздеп көрейік.
Би: «Қалықтаған вальс»
Қарлығаш: Аспанда қалықтап ұшсақта Түймеқыздың анасын таппадық. Мүмкін келген қонақтардың арасынан іздерміз. Кәне, Түймеқыз анаңды шақыршы.
Түймеқыз: Анашым.Анашым. Анашым. (Түймеқыз бен анасы кездеседі. «Ана» әнінің музыкасы қойылады)
Бүкіл әлемді шарласаңда, Есіңде сақта әрқашан. Ананың аялы алақанынан, Таппайсың артық жылуды.
Қарлығаш: Түймеқыз біз сенің анаңды тапқаныңа өте қуаныштымыз. Сау болыңдар!
Жүргізуші:
Құтты болсын осы шаттық күніңіз
Бақыттыда ұзақ өмір сүріңіз
Қуанышты жүзіңізбен әр дайым
Бұл өмірде күліп қана жүріңіз
Жарқыраған қызыл гүлдей
Болсын әсем өміріңіз
Сәуле шашқан әсем күндей
Көтерілсін көңіліңіз- дей отырып , «Айналайын ақ мамам әнін» барлық аналарға арнаймыз.
Осымен біздің ертегімізде аяқталды. Барлық аналар мен әжелерді, қыздарды шын жүректен аналар мерекесімен құттықтаймыз. Дендеріңіз сау болсын, жүздеріңізден күлкі кетпесін. Балаларыңыз әрдайым сіздерді қуантып жүрсін.
Ал,енді балалар, барлығымыз өз аналарымызға арнайы қолмен жасаған сыйлығымызды сыйлаймыз.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген