15 890₸ үнемдейсіз
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Ана-біздің нұрымыз,ананың біз гүліміз
Тақырыбы: «Ана-біздің нұрымыз, ананың біз гүліміз»
Мақсаты: Аналарға деген құрмет,адамгершілік қамқорлық,үлкеді сыйлауға тәрбиелеу.
Көрнекілігі:Музыка әуенімен балалар мерекеге арналған әшекейленген
залға екі екіден қол ұстасып кіреді де екі үш қимыл жасап
Жарты шеңбер болып тұрады.
Жүргізуші:
Шуақты көктем келді гүлін алып
Көктемнің мерекесі бүгін анық.
Өмірдің көктемі де, гүлі – Аналар
Ана деп бас иеді күллі халық.
Біз ғана емес, қадір тұтқан бабалар
Аналардан туған небір даналар.
Ана деген тіршіліктің тірегі,
Армысыздар, қасиетті аналар!
Қош, келдіңіздер! Аяулы аналар, қызғалдақ қыздар, қадірлі ұстаздар! Көңілдеріңізге көктем шуағындай сезім мен нұр құйып, 8 – наурыз Халықаралық әйелдер мерекесі де келіп жетті. Көктемнің шуақты күндерімен қатар келіп жатқан төл мерекелеріңіз құтты болсын! Осынау көркем мерекесін қай кезде де орны бөлек. Олай болатыны, аналарға ыстық сезім, алғыс пен құрмет ешқашан сөнбек емес. Олар - өмірдің гүлі, көңілдің жыры, әр отбасының алтын діңгегі. Осы мерекеге орай "аялы алақан" орталығының ұйымдастыруымен өткелі отырған «"Ана-біздің нұрымыз, ананың біз гүліміз» атты ертеңгілігімізге қош келдіңіздер!
Сөз бөбекжай директорының уақытша міндетін атқарушы: М.Гарифоллаевнаға береміз.
Армысыздар әжелер
Армысыздар бөбектер мен аналар
Құшақ жая қарсы аламыз сіздерді
Би биленіп, әнде бүгін шырқалар.
Сіздерге деген балаларыңыздың жылы лебіздерін қабыл алыңыздар!
Мирас: Теңдесі жоқ данасың,
Арқа тұтар панасың.
Еңбегіңді ақтаймын,
Аман болшы, анашым.
Раяна: Әлпештеген баласын,
Ана-бақыт, ана-күн.
Әркім сүйер өзінің,
Мақтан етер анасын.
Ералы: Бал бөбегін баптаған,
Мамам үшін мақтанам.
Аялайтын біздерді,
Көп жасасын ақмамам.
Жүргізуші:Көңілің Алатаудың ақ қарындай,
Мейірімің күннің шуақ шақтарындай.
Қалайша аяулы ана тына алармын,
Ән болып сағыныштан ақтарылмай,
Ән: «Құттықтаймын мама, туған күніңмен»
Жүргізуші; Балалар көктем мезгілдерінің қандай ерекшіліктерін білесіңдер
Балалар ; Күн жылынады.
Қар ериді.
Құстар ұшып келеді,
Ағаштар бүршік жарады,
Жүргізуші ;Дұрыс балалар Көктем мезгілінде табиғат шаттанып жыл құстары
Қайта оралып малдар төлдеп тіршілік жаңарып қалады.
Жүргізуші: Аналар ақ тілекті, сөз көп дейін,
Жылытар жүрегіңді көз көп дейін
Аналар ақ жаулықты бұл сіздерге
Қол соғып қарсы алайық «Өзбек» биін..
Би: «Өзбек» «Ақкөгершін» ортаңғы топ қыздары.
Жүргізуші: Дүниеде ең кемеңгер ананы,
Ана табады, аялайды бағады.
Сол үшін де құдіретіңе бас иіп,
Құрметтейік қасиетті ананы.
Жанбатыр: Әйбат анам, әй анам,
«Ботам» деген дауысыңнан.
Мен мәз болып оянам,
Періштеңіз жолдайды,
Алғысын сізге арнаған.
Жанерке: Шашымды өріп тараған,
Қабағыма қараған.
Үлкен, кіші демейді,
Сыйлайды оны бар адам.
Бекнұр: Сенен өскен балалар,
Батырлар мен даналар.
Құттықтаймыз мейраммен,
Құрметті біздің аналар.
Жүргізуші: Анам менің-жарқыраған шырағым!
Анам менің-айтылмаған жыр- әнім!
Анам менің-күлемдеген нұрлы-аспан!
Анам менің-оқылмаған жыр-достан!
Өлең: «Анашым»
Жарасхан: Жарқын жүзді жан анам,
Сендей болсын бар адам.
Сендей болса бар адам,
Шаттық кетпес баладан.
Айша: Еркелесем күлімдейтін,
Ұрысқаны білінбейтін.
Маңдайымнан сипап менің,
Құлыншағым күнім дейтін.
Радим:Тәттілерін сақтайды,
Ақеркеме берем деп.
Мен тілеймін әрқашан,
Әжем аман болсын деп.
Әжемді жақсы көремін,
Өлең айтып беремін.
Үлкен болып өскенде
Бәрін алып беремін.
Би: «Жігіттер»
Жүргізуші: Құтты болсын аналардың мейрамы,
Ана табады, аялайды бағады.
Мерекесі бұл көктемнің алғашқы,
Бақыт берсін әр көктемнің айлары.
«Сыйлайыншы гүлімді»
Балалар аналарына гүлдерін ұсынады.
Балалар бүгінгі Мерекемізге арналған ертеңгілігіміз аяқталды.
Сау болыңыздар.
«Ұзынкөл» бөбекжайы
«Ана-біздің нұрымыз,
ананың біз гүліміз»
«Ақкөгершін» ортаңғы топ тәрбиешісі: Рахметова.А.Қ

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген